Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі



жүктеу 361,05 Kb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата16.02.2018
өлшемі361,05 Kb.
#9841
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

 



тиіс.  Қазақстанның  жұмысшыларын  жұмыс  берушілерге  қажетті  дағдылармен 

қамтамасыз  ету  үшін  ҚР  Үкіметі  Қазақстанда  кәсіптік-техникалық  білім  беру 

жүйесін жаңартуға бағытталған «Кәсіпқор» бағдарламасын енгізуге кірісті.  

Білім  беру  жүйесін  реформалауға  бағытталған  күштердің  нысанасында 

Қазақстанның  университеттері  тұр.  Егер  де  Қазақстан  ең  әуелі «Қазақстан  –  2030» 

Стратегиясын, одан кейін «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыруды көздесе, 

қазақстандық  университеттер  осындай  болашақты  құруға  қабілетті  түлектерді 

даярлауға тиіс. Қазақстанның жоғары оқу орындарының түлектері осы дағдыларды 

үнемі  өзгеріп  отыратын  экономикалық  жағдайда  шығармашылықпен  пайдалануға 

мүмкіндік  беретін  үздік  техникалық  дағдылар  мен  мүмкіндіктерге  ие  болуға  тиіс. 

Назарбаев  Университеті  Қазақстанның  жоғары  білім  беру  жүйесін  берілетін  білім 

сапасы бойынша әлемдік деңгейге ілгерілетудегі ел күш-жігерінің алдыңғы шебінде 

тұр. Арнайы заңға сәйкес академиялық еркіндік пен дербестікке, сондай-ақ ғылыми-

зерттеу  қызметі  мен  өндірісті  интеграциялаған  білім  беру  үдерісіне  ие  Назарбаев 

Университеті қазақстандық өзге университеттер үшін модель болып табылады.   

Назарбаев Университетіне қатысты шығарылған заң оның оқшау дамуы үшін емес, 

керісінше сыртқы араласулардан қорғайды. Назарбаев Университеті – бұл Қазақстан 

халқының өз болашағына жасаған инвестициясының көрнекті үлгісі. Табысқа жету 

үшін  Университет  Президент  Назарбаевтың  пайымдауына,  яғни  «жоғары 

халықаралық  стандарттарға  сай,  ғылыми  зерттеулерге,  білім  мен  ұлттық 

экономикаға үлес қосуға қабілетті түлектерді даярлауға» сәйкес болып қана қоймай, 

ол  сондай-ақ  Қазақстан  халқының  Назарбаев  Университетіне  деген  сенімі  мен 

инвестициясының  ақталғандығын  және  тиімді  болғандығын  қалай  болса  да 

дәлелдеуге  тиіс.  Зерттеулердің  қорытындылары,  олардың  саны,  сапасы  мен 

экономикаға  ықпал  етуі  олардың  маңызды  дәлелі  болады.  Назарбаев 

Университетінің  міндеті  әлемнің  таңдаулы  университеттерінің  қатарындағы  өз 

ұстанымына беріктігін дәлелдеу болып табылады. 

Қазақстан  Орталық  Азия  өңірі  мен  одан  тыс  жерлерде  зерттеу  және  білім  беру 

саласында көшбасшы болуды мақсат тұтады. Осы мақсатқа жету үшін Астана білім 

мен  инновациялардың  орталығына  айналуға  тиіс.  Астана  озық  ғылыми-зерттеу 

ұйымдарымен және институттармен желі құра отырып, халықаралық академиялық 

және ғылыми қоғамдастықтың белсенді мүшесіне айналып, танымал ғалымдар мен 

оқытушыларды тартатын болады.  

 

Шигео Катсу, Назарбаев Университетінің 



Ректоры/Президенті 

Сәуір 2013ж. 

 



 

 



НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ 

CТРАТЕГИЯ 



Пайымдауы 

Қазақстанға және әлемге олардың дамып, өркендеуіне қажетті 

ғалымдар мен мамандарды, менеджерлер мен кәсіпкерлерді даярлау 

Миссиясы 

Қазақстанда жоғары білім мен ғылым жүйесінде реформалар жүргізу 

моделі болып, Астананың инновациялар мен білімнің халықаралық 

орталығы ретінде қалыптасуына үлес қосу 



Стратегиялық мақсаттары 

I мақсат. Қазақстандағы білім беру жүйесін            

реформалаудағы көшбасшылық 

Назарбаев Университеті тәжірибесінің қазақстандық жоғары оқу 

орындары мен зерттеу орталықтарына таратылуын қамтамасыз ету. 

II мақсат. Академиялық көшбасшылық 

Академиялық көшбасшылықты дамыту және қолдау арқылы   

Назарбаев Университетінің миссиясына жету 

III мақсат. Ғылыми көшбасшылық 

Әлемнің танымал ғалымдарымен және зерттеу орталықтарымен 

әріптестікте әлемдік деңгейдегі ғылыми зерттеулер жүйесін 

қалыптастыру. 



IV мақсат. Денсаулық сақтау саласында                                          

қызмет көрсету моделін жасау 

Назарбаев Университетінің денсаулық сақтау жүйесін Қазақстанның 

денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсету моделі ретінде жасау. 

V мақсат. Инновациялар және ғылымды өндіріске енгізу 

Қазақстандағы инновациялардың негізгі қозғаушы күші болу және 

Астананың өңірлік инновациялар орталығына айналуы үшін негіз 

жасау.


 


 

 



I. 

Кіріспе 

Жетекші  әлемдік  университеттер  құрылымы,  көлемі  мен  академиялық  бағыттары 

бойынша  айтарлықтай  ерекшеленеді,  алайда  олардың  барлығы  белгілі  бір  ортақ 

іргелі  қағидаттарды  ұстанады.  Олардың  арасында  академиялық  және  ғылыми 

дамуға  ұмтылушылықты,  университеттер  салыстырмалы  түрде  артықшылыққа  ие 

болатын  салалардағы  көшбасшылықты  қамтамасыз  етуді,  сондай-ақ  жаңалық  ашу 

мен  инновацияларда  түрткі  болуды  атап  көрсетуге  болады.  Көптеген 

университеттер  олар  ұсынатын  идеялар  мен  білімді  адамдардың  өмірін  сапалы 

жақсартуға  септігін  тигізетін  өнімдер  мен  қызметтерге  айналдыратын  жаңа 

компанияларды  құру  жөнінде  өздеріне  айқындаушы  рөл  алады.  Назарбаев 

Университеті өз пайымдауы мен миссиясын нақты іске асыру үшін осы салалардың 

барлығында табысқа жетуі тиіс. 

Осы  стратегияда  Университеттің  даму  үдерісінің  бірінші  кезеңі  баяндалған,  бұл 

Университет 

қызметкерлерінің, 

оқытушыларының, 

студенттері 

мен 


зерттеушілерінің  бірлескен  күш-жігерінің  нәтижесі  болады.  Университет  дамыған 

сайын, қиындықтар еңсеріліп, өткеннен сабақ алынып, бұл стратегия сөзсіз өзгеріп 

отырады.  Стратегияны  тұрақты  бағалап,  түзетіп  отыру  Университет  миссиясының 

ұстанымына  беріктігімізді  сақтап,  ресурстарды  тиімді  әрі  жедел  пайдалануға 

мүмкіндік береді. 

II. 

Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалаудағы көшбасшылық

  

Университет құрылған сәтінен бастап күші республиканың барлық оқу орындарына 

бағытталған  білім  беру  саласын  реформалаудың  ауқымды  ірі  бағдарламасының 

бөлігі болып табылады. Реформалар білім беру жүйесінің әрбір деңгейінде жетекші 

білім  беру  мекемелерінің  тобымен  тестіленіп,  енгізіледі.  Қазақстанның  жоғары 

білімі  үшін  Университет  мемлекеттің  қазіргі  кездегі  университеттерді 

реформалауда  және  жаңа  институттарды  құруда  үлес  қосуына  мүмкіндік  беретін 

зертханасы, эксперименттік алаңы болып табылады. 

Бұл  рөл  Университетке  айрықша  жауапкершілік  пен  міндеттемелерді  жүктейді. 

Назарбаев  Университеті  жоғары  сапалы  білім  беретін  және  ғылыми  зерттеулер 

ұсынатын  зерттеу  университеті  ретінде  қалыптасып,  даму  нәтижесінде  алынған 

тәжірибе  қолжетімді  болатынына  және  Қазақстан  Республикасының  жоғары  білім 

беру  жүйесінің  дамуына  жан-жақты  ықпал  ететініне  кепілдік  беруі  тиіс.  Тіпті 

Назарбаев  Университеті  дамуынан  алынған  алғашқы  сабақтар  да  қазақстандық 

университеттердің  қызметіне  ықпал  етеді.  Өз  тәжірибесін  тарату  Назарбаев 

Университеті  үшін  негізгі  институционалдық  міндет  болады.  Атап  айтқанда, 

Университет Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыратын оқу семинарлары мен 

жұмыс топтарына қатысады, Жоғары білім көшбасшыларының еуразиялық форумы 

сияқты  жыл  сайынғы  конференцияларды  ұйымдастырады,  сондай-ақ  орта  білімді 

жаңартуда Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірігіп жұмыс істейді.   



Даму моделі 

Халықаралық  білім  беру  кеңістігінде  бәсекеге  қабілетті  деп  танылатын  зерттеу 

университетін дамыту өршіл міндет болып табылады. Осы күрделі міндетті орындау 

үшін  Назарбаев  Университеті  әлемнің  таңдаулы  университеттер

і

мен  және  зерттеу 




жүктеу 361,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау