Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі



жүктеу 361,05 Kb.
Pdf просмотр
бет2/11
Дата16.02.2018
өлшемі361,05 Kb.
#9841
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

 



Жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеулер .................................................................................. 19 

Энергетикалық зерттеулер орталығы .............................................................................................. 19 

Өмір туралы ғылымдар орталығы ................................................................................................... 20 

Әлеуметтік ғылымдардағы зерттеулер ............................................................................................... 20 

Білім беру саясаты орталығы ............................................................................................................ 21 

Ұлттық талдамалық орталық ............................................................................................................ 21 

Еуразия өңірлік зерттеулер институты............................................................................................. 21 

Бәсекеге қабілеттілік және өсіп-өну орталығы ............................................................................... 22 

V.  Денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету моделін жасау ...................................................... 22 

Заманауи академиялық денсаулық сақтау жүйесін құру .................................................................. 22 

Ұлттық медициналық холдинг ............................................................................................................. 23 

VI. 


Инновациялар және ғылымды өндіріске енгізу ......................................................................... 24 

VII. 


Назарбаев Университеті 2020 жылда .......................................................................................... 25 

VIII. 


Қорытынды .................................................................................................................................... 26 

Қосымша:  Назарбаев Университетінің жетістіктері ............................................................................... 28 

 



 

 

 





Кіріспе сөз 

1997  жылғы  10  қазанда  Қазақстан  халқына  ұсынылған  «Қазақстан  -  2030» 

Стратегиясында 

Елбасы 


Назарбаев 

Қазақстанды 

бәсекеге 

қабілетті, 

әртараптандырылған экономикасы мен халықтың жан басына шаққандағы табысы 

жоғары  және  ғаламдық  қоғамның  белсенді  мүшесі  болып  табылатын  ел  ретінде 

сипаттаған  болатын.  Осыған  жету  үшін  Қазақстанға  өзінің  ең  басты  байлығы  – 

адами  ресурсын  арттыра  түсу  қажет.  Бұл  –  білімді  жасайтын,  бизнесті 

қаржыландыратын  және  дамытатын,  жұмыс  күшінің  экономикасын  қамтамасыз 

ететін,  яғни    қазақстандық  экономиканы  әртараптандыруға  атсалысатын  және 

жаһандық  деңгейде  даму  үшін  бәсекеге  қабілеттіліктің  іргетасын  қалайтын 

ғалымдар, оқытушылар, инвесторлар, кәсіпкерлер мен жұмысшылар.  

Қазақстандық  азаматтарға  әлемдік  деңгейдегі  білім  мен  дағдыларды,  сыни  ойлау 

қабілеттерін  меңгеруге  мүмкіндік  беру  –  бұл    Президент  Н.  Назарбаевтың  

стратегиялық  басымдықтарының  бірі.  «Қазақстан  –  2030»  Стратегиясы  жария 

етілгеннен  кейінгі  15  жыл  ішінде  Қазақстан  Президенті  қойылған  мақсаттарға 

жетуге  бағытталған  бірқатар  жаңа  ұзақ  мерзімді  және  іргелі  реформаларға 

бастамашы  болып  отыр.  Бұл  реформалардың  ауқымы  кең  және  олар  білім  мен 

ғылым  жүйесінің  әрбір  аспектісін  «жоғарыдан-төменге»  деген  қағидат  бойынша 

жүйелі түрде жаңартуды көздейді. Президент Үкіметке мына салаларды: 

 

Қазақстандық  жастарға  әлемнің  жетекші  университеттеріне  түсу  үшін 



қажетті  білім,  атап  айтқанда,  қазақстандық  экономиканы  ілгерілету  үшін 

қажетті техникалық білім алуға мүмкіндік беретін орта білім жүйесін;  

 

Отандық  ғалымдарға  қазақстандық  және  жалпы  әлемдік  өзектілігі  өткір 



мәселелерді  шешуде  алдыңғы  шепте  болуға  мүмкіндік  беретін  ұлттық 

ғылыми-зерттеу бағдарламаларын;  

 

Қазақстанға  бәсекеге  қабілетті  және  табысты  экономикаға  қажетті 



техникалық  дағдыларды  меңгерген  жұмыс  күшін  дайындайтын  кәсіби-

техникалық білім жүйесін; 

 

Елдің әлеуметтік-экономикалық өсуі мен дамуына қажетті көшбасшылар мен 



мамандарды  даярлауға  мүмкіндік  беретін  жоғары  білім  беру  жүйесін 

дамытуға тапсырма берді. 

Бұл салаларды дамыту – өте күрделі міндет және ҚР Президенті оның шешіміне «іс  

жүзіндегі  реформалар»  арқылы  келіп,  аса  көрегендік  танытты.  Орта  білімді 

реформалау үшін «білім орталықтарында» үш тілде оқытып, даярлауға бүкіл елден 

әртүрлі  ұлттардың  арасынан  дарынды  оқушыларды  тартуға  бағытталған 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасы іске асырылуда.  

Қазақстандық экономиканың өсуі мен әртараптандырылуына қажетті білімді жасау 

үшін  Қазақстан  ғылымды  қаржыландыруды  елеулі  арттырды  және  ғылыми 

зерттеулерді  қаржыландыру  тетіктерін  реформалауды  жүргізіп  жатыр.  Бұл 

өзгерістер  ел  алдында  тұрған  ең  өзекті  ғылыми,  инженерлік,  экономикалық  және 

әлеуметтік  мәселелерді  шешу  үшін  қажетті  жүйелерді  қолдауға,  сондай-ақ  әлемнің 

жетекші ғалымдарымен және ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастықта 

жұмыс істеуге мүмкіндік береді.  

Білімнің  қайнар  бұлағына  ие  ел  болу  –  бұл  Қазақстанның  болашағы  үшін  өте 

маңызды  міндет.  Алайда  тек  білімнің  бір  өзі  жеткілікті  емес.  Қазақстандық 

кәсіпкерлер,  бизнес  көшбасшылары,  қаржыгерлер,  жұмысшылар  осы  білімді 

меңгеріп, оларды еліміздің экономикалық өсуі мен өркендеуі жолында пайдалануға 




жүктеу 361,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау