Бастауыш мектептегі әлеуметтік жетімдік мәселесін шешудегі пәнаралық байланыстар. Біздің қарастырып отырған «пәнаралық байланыс»



жүктеу 21,45 Kb.
Дата06.12.2022
өлшемі21,45 Kb.
#40492
әлеуметтік жетімдік соөж 4




Бастауыш мектептегі әлеуметтік жетімдік мәселесін шешудегі пәнаралық байланыстар.
Біздің қарастырып отырған «пәнаралық байланыс» мәселесіне бару үшін оның өмірмен байланысы неде және әлемді танудағы ғылымилығына яғни, философиялық мазмұнына жалпы негізде мән беріп қарайық. Адам – сананың ең жоғарғы деңгейіне ие болған тіршілік иесі. Адам өзін қоршаған әлемді тануы мен меңгеруде, түрлі ой операцияларын өз бойынан өткізе отырып, сол кезең мен жағдайға байланысты өзінің білім мен тәжірибесі және түсінік, танымы деңгейінен баға береді немесе іс-әрекетін жасайды. Бұндай танымдық жүйенің орын алуының бір қыры, ол – өзін қоршаған орта мен әлемнің өзара байланыстығын тану мен олардың өздеріне тән ерекшелік заңдылықтарының болуын ескере отырып, оларды біртұтастық жүйені құрайтынын және олардың бөлігі немесе бөлшегі ретінде қызмет атқаратынын ұғына білуде туындайды. Яғни, әр құбылысты танып білуге бағытталған және оның қыр-сыры мен заңдылықтарын түсіндіретін ғылымдардың пайда болуы заңдылық болса, адамның өмірді, қоршаған ортаны игеріп, білудегі танымдық жолында ғылыми білімдерді өзара байланыстыра меңгеруі де танымдық үдерістердің тұтастық жүйесіне негізделу болып табылады. Ғылыми білімдерді беруде білім алушының немесе игерушінің жас ерекшеліктері мен танымдық болмысының деңгейіне қарай лайықты және олардың білім алу деңгейлеріне үйлесімді түрде берілуін пәнаралық байланыстар негізінде жүзеге асатын танымдық үдеріс деп түсінуіміз керек. Қазіргі уақытта ғылымда, жеке пәндерді оқытуда қамтылған оқу материалдарының жүйесінде пәнаралық байланыс негізінде білім беру мен тәрбиенің түрлі салаларын /түрлерін/ жүзеге асыруда ұйымдастырылатын педагогикалық үдерістер кешенділік сипатқа ие болуының қажеттілігі орын алып отыр. Мәселен, Ж.Аймауытұлы ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ, кешенді оқыту мәселесіне мән беріп, төмендегідей ой-тұжырымдарын мұғалімдер қауымына ұсынған болатын: «Пәлен күнге бір тақырып алынсын, одан артық та, кем болмасын» .... 1. Материал тізгенде, тұрмыс пен ғылым айқасып, астасып тізілсін. 2. Жұмыстайтын материалдар даяр түрінде емес, балалар тәжірибе қылып, зерттеп, өз бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсін. 3. Жұмыстау негізінде баланың бұрынғы өз тәжірибесі, перне қоры, мағлұматы салынсын; дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен басталсын» – деп негіздеп берген [25]. Ғалым, педагог-психологтың пайымдауынша, пәнаралық байланыс белгілі бір жүйемен кешенді түрде жүзеге асырылуы қажет екендігі негізделеді. Оқу пәндері мен ондағы материалдардың мазмұндық, құрылымдық жүйесін 13 өзара байланыстыру мен қабыстыру және олардың өзара айырмашылықтары мен ерекшеліктерін ескере отырып жақын немесе ортақ тақырыптар жүйесімен бағытталған білімдерді ұйымдастыру, беру қажеттілігін айта келе, пәндерді оқытудың әдістемелік жағын басшылыққа алынып, өмірлік тәжірибемен байланысты болуын ескертеді. Жеке пәндерді оқытуға негізделген әдістеме атаулының бәрі білімдерді толығырақ, тереңірек меңгертуге септігін тигізетін амалдардың жиынтығы болып табылса, осы амал-тәсілдер оқу материалдарының мазмұндық құрылымын өмірлік тәжірибемен және басқа да білімдер жиынтығымен ұштастыруға негізделген қызметтерді атқаруы да тиіс және соған бағытталуы керек. Бұл өз кезегінде оқушыға әлемді және қоршаған ортаның бейнесін біртұтастықта ойлай білуге, логикалық ой жүгіртуге, алғы шарттардан белгілі бір қорытындылар жасай білуге бағыттайды және үйретеді. Яғни, пәндер арасындағы байланыстылық белгілі бір алғы шарттарды тірек етеді. Сондықтан пәнаралық байланыс педагогика ғылымында білім философиясы, психологиялық, дидактикалық және жеке пәндерді оқытудың әдістемесі тұрғысынан қарастырылатын күрделі мәселе. Психология ғылымы тұрғысынан пәнаралық байланыстың мазмұндық сипатын ашуға классикалық педагогиканың негізін қалаушылардың бірі И.Ф.Гербарт ұмтылыс жасаған болатын. И.Ф.Гербарт еңбектерінде тәрбиелеудегі ауқымдылықты және білім беруде пәндердің өзара және пәнішілік күрделі байланыстар бар екендігін айта келе, оларды біртұтастықта қарау қажеттілігін айтқан. Сондай-ақ, оқытудың негізгі жолдарын төмендегідей үлгіде көрсетеді: - көрсету; - байланыстыру; - үйрету; - философиялық негіздеу; Сезімге әсер етуі жағынан мына үлгіде болуын айтады: - көрнекілік; - байланыстылық; - көтеріңкілік; - қызығушылығын арттыру [26]. Классикалық педагогика көрнекті өкілдерінің бірі – И.Г.Песталоцци білім беру мен оқытуды жүзеге асыруда пәнаралық байланыстың өзіндік орны бар екендігіне мән берген және оның тәжірибелік жақтарына басымдық беріп, «өмірлік жағдайда жүзеге асыру маңызды, себебі оқушы алған білімін күнделікті іс-әрекетінде пайдалана білуге тиіс» деген ойларын білім беру мен оқытудағы дидактикалық заңдылықтардың бірі ретінде түсінгеніміз жөн. Себебі, ол «Өз санаңызға пәндердің арасындағы шын мәніндегі табиғи байланысты көрсетіңіз», – деп түйіндеуі оқу пәндерінің мазмұндық және құрылымдық жүйелерінде өзара байланыстардың болуын, әрі олар өмірлік тәжірибеде іске асыруға боларлықтай оқушының жас және жеке танымдық болмысына үйлесімді болуын басшылыққа алып отыруды негіздейді. Мәселен, 14 бастауыш сынып оқушыларына геометриялық фигураларды таныстырып, білім беру барысында тіл пәнімен байланысты орнату қажет, себебі, оқушы таныған және білген геометриялық фигуралардың бейнеленуі мен суреттелуін, олардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтып бере отырып, сөз байлығының қоры артады, түрлі фигураларды сыза отырып, өлшем бірліктердің аталуын өз сөзімен түсіндіріп жазып отыруы арқылы бастауышта оқылатын пәндердің өзара байланыстарының қарапайым үлгісін көрсеткен болатын [27]. Ал, Джон Локтің пікірінше, «оқушының алған білімдері құрғақ жаттандылық тұрғысында болмауы керек. Алған білімін өмірде пайдалана білуге үйретіп, дағдыландыру оқытудың басты бағыты мен мақсаты болу қажет», – деген ой-пікірін айта келе, ол үшін бір пәннің мазмұнындағы оқу материалдарында кездесетін деректер және оның негіздемелік үлгілері келесі бір пәнді оқытуда толықтырушы құрамалық бөліктер ретінде пайдалануы қажет екендігін алға тартқан болатын. Джон Локтің пәнаралық байланыстар негіздегі ой-пікірлері И.Г.Песталоццидің пікірлерімен астасып, ұштасып жатыр. Мәселен, оқушы өзінің ана тілінен басқа шет тілін меңгеруде ауызекі сөйлеу мен тілдік қарымқатынасты дамыту үшін, оқылатын басқа пәндердің мысалы, география және тарих пәндерінің оқу материалы бойынша оқушымен сөйлесу, пікір алысу, әңгіме өткізу қажет екендігін айтады. Д.Локк өзіндік ой-түйіндеуін төмендегідей: «Шындықты табатын ақыл ғана – барлық бөліктерді жеке-жеке анық, ажырата біліп және қажеттіздерге мән бермей, бар мәліметтерге сүйене отырып, өзіндік қорытынды жасап, қайткенде де оған ықпал жасайды», – деп негіздеген болатын [28]. Неміс педагогі Адольф Дистерверг пәндердің оқу материалдарын өзара араластырып оқытуға келіспеді. Оның көзқарасында әрбір жеке пән өзіндік ерекше тәрбиелігімен, өз мазмұнында беретін оқу материалдарының жекелігін сақтай отырып, оқытылуы керек. Бірақ, А.Дистерверг пәнаралық байланысты мүлдем жоққа шығармайды, тегі бір, ұқсас пәндерді, мазмұны жақын пәндерді оқыту барысында аталған құбылысты толық қолдануға болатындығын айтады: мәселен, «Оқу материалдары жақын немесе туыстығы басым пәндерді байланыстыру керек...» – деп /аударған С.Ж./ дидактикалық талап қояды [29]. XIX ғасырдың соңында Отто Вильманның «Дидактика как теория образования в ее отношениях к социологии и истории образования» еңбегі жарық көрді. Автор еңбегінде ұлы дидактик ғалымдардың пәнаралық байланыс туралы айтқан құнды пікірлерін қолдай келе, арнайы «оқыту пәндері» арасындағы байланыс деген параграфта пәнаралық байланысқа ерекше тоқталады. О.Вильман философия оқу пәндерін бір-бірімен тығыз байланыстыра алатын ғылым екендігін көрсетеді. Философияны оқыту барысында оны тарихпен, астрономия, географиямен байланыстырып оқытудың өте тиімді екендігін айтады [30]. Я.А.Коменский өз еңбектерінде оқушыларда тиянақты білімнің қалыптасуының кейбір себептерін ашып, көрсетеді. Мәселен, ол оқушылардың мазмұндас пәндерден алған білімдеріне сүйенбейтініне, оқушы әр пәннен алып 15 отырған білімдерінің бір-бірімен байланысты екендігіне назар аудармайтынына арнайы тоқтала келіп, жалпы дидактикалық мынадай ереже шығарады: «Всегда и везде брать то, что связано одно с другим». Мұнан әрі Я.А.Коменский оқушыларға берілетін білім міндетті түрде оларға бұрыннан таныс, түсінікті материалдармен ұштастырыла жүргізілу қажеттігін, бұл талап тек бастауыштағы білімге ғана емес, жоғары сыныптағы оқушылардың алатын біліміне де қойылатындығын айта келе, грамматика мен философия, философия мен әдебиет бір-бірімен байланысты оқытылуы тиіс екендігін айтады. Сондай-ақ оқытудағы кейбір схоластикалық әдістердің ізімен қажетті, қажетсіз көптеген фактілерді, олардың арасындағы байланыстылықты түсінбей, бір жерге жинақтай берудің кері нәтиже беретіндігін ескертеді [31]. К.Д Ушинский әр мұғалімнің өз оқушыларының алған білімі түсінікті, жан-жақты толық болуы үшін сыртқы қоршаған ортамен, өмірмен оқытылып отырған пәндер арасындағы тығыз байланыс болуы керектігін айтады. Смольный институтының оқу жоспарында пәнаралық байланыс ерекше орынға қойылған. Әр оқу пәні бір-бірімен байланысына қарай белгілі бір жүйеде жүргізіліп отырған. Мәселен, география, жаратылыстану, тарих пәндері бірбірімен байланыстырылған. Жоспар бойынша, география, тарих пәндерінен бұрын өтіліп отырған, себебі география сабағында алынған түсініктер тарих сабағында әңгімеленетін тарихи фактілер оның уақытын, белгілі бір орнын дәл көрсету үшін қажет болады.
жүктеу 21,45 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау