«Жастармен жұмыс жасау орталығы»



жүктеу 100,68 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі100,68 Kb.
#6799



«Жастармен жұмыс жасау орталығы»

ММ-сі аудан әкімінің 03.01.2008 жылғы №01/01 ««Жастармен жұмыс жасау орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысының негізінде құрылды.

Негізгі мақсаты: аудан жастарының проблемаларын шешу үшін мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының белсенділігін ынталандыру, жас азаматтың қалыптасуына және дамуына, қоғам мүддесі үшін оның шығармашылық әлеуетін неғұрлым толыққанды жүзеге асыруына саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық жағдай жасау.

«Бұқар жырау ауданының жастармен жұмыс жасау Орталығы» мемлекеттік мекемесі ауданның жастар саясатының белсенді өткізушісі болып отыр. Орталық жұмысының негізгі бағытына «Бұқар жырау ауданының жастары – 2008-2010 ж.ж.» аймақтық бағдарламаны орындау болып табылады.

2010 жылдың 26 ақпанында Ботақара кенті Гагарин ат.орта мектебінің негізінде оқушылар арасында Ұлы Жеңістің 65 жылдығына, Ауған жерінен әскерлерді шығарудың 21 жылдығына арналған, «Жастар және әскер» акциясы аясында «Жас сұңқар» әскери-патриоттық өлеңдер жарысы өткізілді.

Жарысты ұйымдастырғандар: аудандық жастармен жұмыс жасау Орталығы, БЖСМ және аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемелері.

Жарыстың мақсаты: жастарды жоғары патриоттық сезімге, өз Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, өз азаматтық борышын өтеуге және Отан мүддесін конституциялық міндеті бойынша қорғауға дайындығына мақсатты бағытталған жүйемен патриоттыққа тәрбиелеу.

Жарысқа ауданның 8 орта мектебінің (Гагарин ат.ОМ, №1АҚОМ, Шешенқарка ОМ, Петровка ОМ, Кузнецк ОМ, Көкпекті ОМ, Керней ОМ, Ботақара ОМ) 10-11 сынып оқушылары қатысты. Жарыстың бағдарламасы 5 сайыстан тұрды: 74-АК дүкенін тарату, 74-АК дүкенін жинау, газға қарсы киімді кию, пневматикалық атқыштан ату және Қазақстанның патриоттық өлеңін жақсы орындау.

Жарыс ҚР мемлекеттік Гимнің орындалуымен және Мемлекеттік Тудың көтерілуімен ашылды. Қатысушыларды аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Ш.Р.Такирова, қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Д.Б.Алтайбаев құттықтады.

Жарыстың жеңімпаздары Гагарин ат.ОМ – 1 орын, №1АҚОМ – 2 орын, Петровка ОМ- 3 орынды иеленді. Жеңімпаздарға орталық атынан диплом мен сыйлықтар берілді. Өткізілген шараға 70 адам қатысты.

Жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында 2010 жылдың 7 сәуірінен 7 мамырына дейін бұқаралық – қорғаныс жұмысы және әскери – патриоттық айлығы өткізілді. Айлық аясында 2010 жылдың 23.04. Көкпекті орта мектебінің негізінде Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Ұлан», 30.04. Ростовка орта мектебінің негізінде «Қалқан» атты әскери-спорттық ойындар өткізілді. Ойынның мақсаты аудан мектептеріндегі әскери-патриоттық жұмысының жағдайы, жастарды жоғары патриоттық сезімге, өз Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, өз азаматтық борышын өтеуге және Отан мүддесін конституциялық міндеті бойынша қорғауға дайындығына мақсатты бағытталған жүйемен патриоттыққа тәрбиелеу. «Ұлан» ойнына 13 мектеп қатысса, «Қалқан» ойнына 18 мектеп қатысты.

Жалпы ойындарға 300 аса адам қатысты. Сонымен қатар айлық аясында 2010 жылдың 7 мамырында Ботақара кенті аудандық мәдениет үйінің алаңында №1 АҚОМ және Гагарин ат.ОМ, Кузнецк ОМ, Ботақара ОМ, Петровка ОМ арасында Отан қорғуашылар күніне арналған «Солдат всегда солдат» атты әскери-спорттық жарыс және «Ән шырқаймын, туған жер!» атты аудандық әскери өлеңдер фестивалі өткізілді. Шараға барлығы 70 адам қатысты.


2010 жылдың 13 сәуірінде аудандық мәдениет үйі және музыка мектебімен бірлесе «Бабалар ерлігі - мәңгі есімізде» 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 65 жылдығына арналған аудандық жастар дельфийлік ойындары өткізілді. Ойындардың мақсаты - дарынды талантты жастарды қолдау және таныту, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерліктер негізінде жас буынның патриоттық санасын қалыптастыру және өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстанның мәдени құндылығын сақтау және арттыру, жастарды төзімділік рухта тәрбиелеп, басқа да елдердің мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру. Ойынға фортепиано, дәстүрлі ән айту, эстрадалық ән айту, баян, флейта, ұлттық аспаптар: қобыз, домбыра номинациялары бойынша 31 үміткер қатысты. Аудандық ойындарда бас жүлдеге ие болған жеңімпаздар облыстық ойындарға жолдама алды. Олар, эстрадалық ән айту бойынша Үштөбелік Сапан Фархат, ұлттық аспап домбырадан Ботақара кенті Гагарин ат.ОМ мектебінің оқушысы Алибеков Алтай, қобыз номинациясы бойынша Шибаева Мадина мен Сембаева Жанель.

2010 жылдың 21 сәуірінде №1 аудандық қазақ орта мектебінде «12 жылдық оқу моделі – бүгінгі күннен бастап жүзеге асыру» атты жастар арасында Елбасының Жолдауын насихаттау бойынша дебаттық турнир өткізілді. Барлығы 50 адам қатысты.

Орталық жұмысының бағыттарының бірі болып «Қазақша КВН» ойындарын түсіндіріп тарату.Ойынның мақсаты аудан мектептерінде КВН ойындарын түсіндіріп тарату, жастарды патриоттық сезімге және Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілдің беделін көтеру.

2010 жылдың 20 сәуірінде Ботақара кентінің мәдениет үйінде «Елім менің Қазақстан» атты тақырыбында аудандық «Алға ауыл жастары!» атты қазақша КВН ойындарының ¼ финалы өткізілді. Ойынға ауданның 8 мектебінен келген топтар қатысты. Олар. Үштөбе ОМ «Жас қыран», №1АҚОМ «Бес бармақ», Көкпекті ОМ «Елден қаламыз ба?», Токаревка ОМ «Бал даурен», Керней ОМ «Ақ берен», Қушоқы ОМ «Қушоқы тарландары», Петровка ОМ «Бастау», Тұзды ОМ «Әзілің жарасса». Шараға барлығы 120 адам қатысты. 2010 жылдың 3 маусымында «Ерлік елге мұра – ұрпаққа өнеге» атты тақырыпта ойынның ½ финалы өткізілді. Оған Үштөбе ОМ «Жас қыран», №1АҚОМ «Бес бармақ», Көкпекті ОМ «Елден қаламыз ба?», Токаревка ОМ «Бал даурен», Керней ОМ «Ақ берен», Петровка ОМ «Бастау» топтары қатысты. Шараға барлығы 95 адам қатысты. 2010 жылдың 15 маусымында «Жаздағы қызықты сәттерім» атты тақырыпта финалдық ойын болып өтті. Оған Үштөбе ОМ «Жас қыран», №1АҚОМ «Бес бармақ», Токаревка ОМ «Бал даурен», Керней ОМ «Ақ берен» топтары қатысты. Ойынның жеңімпазы болып Керней ОМ «Ақ берен» тобы атанды. Шараға барлығы 95 адам қатысты.

2010 жылдың 15 мамырында ішкі саясат бөлімі, жастармен жұмыс жасау Орталығы, әділет басқармасы және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен Конституцияның 15 жылдығына арналған акция аясында, «Келісті жұп» атты Халықаралық отбасылар күніне арналған аудандық байқау өткізілді. Байқауға ауданымыздан 6 жұп, барлығы 100 астам адам қатысты.

2010 жылдың 26 мамырында жастармен жұмыс жасау Орталығы және Қарағанды облысы жастар бастамашылдығы орталығының қатысуымен №16 Көкпекті кәсіптік лицейінде «Ауыл жастары» атты жалпыұлттық бастамасын, Қазақстан халықтарының бірлігі доктринасын, мемлекеттік рәміздерді түсіндіру және насихаттау және конфликтология бойынша семинар өткізілді. Семинарға 70 адам қатысты.

2010 жылдың 4 маусымында Ботақара кентінде мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Бейбітшілік пен бірліктің тәуелсіздік рәміздері» атты жастардың патриоттық акциясы өткізілді. Акцияда ауданның орталық көшесінен мәдениет үйінің алаңына дейін шерумен өтті, митинг және концерт өткізілді. Шараға 80 адам қатысты.
2010 жылдың 11 маусымында жастармен жұмыс жасау Орталығы және Қарағанды облысы жастар бастамашылдығы орталығының қатысуымен тәрбиесі қиын балаларға арналған Керней кәсіптік лицейінде «Ауыл жастары» атты жалпыұлттық бастамасын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау, діни экстремизмді алдын-алу және конфликтология бойынша семинар өткізілді. Семинарға 35 адам қатысты.

2010 жылдың 7 шілдесінде «Бірлігіміз жарасқан!» - «Мы одна команда!» атты біркелкі әлеуметтік ақпараттық кампания аясында «Нұра» өзенін тазалау бойынша экологиялық шара өткізілді. Шараға Ботақара кентіндегі мекеме және ұйымдарда жұмыс істейтін жастар қатысты. Шараның мақсаты, ел игілігі үшін жасалып жатқан игі істерге командалық жұмыстарды көрсету, түсіндіріп тарату, «Нұра» өзенінің жағалауын санитарлық тазалау. Нәтижесінде 0,5 га аумақ жинастырылып, 7 жүк көлігі қоқыс шығарылды Шараға 80 адам қатысты.

2010 жылдың 26 шілдесінде Доскей ауылында аудандық ауыл жастарының IV Форумы өткізілді. Форумға ауданның кенттер мен селолық округтерінен белсенді жастар мен әкім аппараттарының бас мамандары қатысты. Форум бағдарламасында «Ауыл жастары» бағдарламасының орындалғаны туралы қорытынды жасалып, белсенді жастарды марапаттау рәсімі өткізілді, бағыттар бойынша секциялық жұмыстар жүргізілді.

«Ауыл жастары» жалпыұлттық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, биыл біздің ауданымызда ең алғаш рет жастар бригадасы (қосын) құрылған болатын. Жастар бригадасы «Медео» агро-өнеркәсіптік комплексте Диденко Александр Викторовичтің жетекшілігімен құрылған.

Секциялық жұмыстарды облыстық жастар бастамашылдығы орталығының мамандары жүргізді, онда олар «Жастарды патриоттық тәрбиелеу», «Дипломмен ауылға», «Жастар арасында діни экстремизм және терроризм» және «Жастарды әлеуметтік қолдау» тақырыптары бойынша жобаларды әзірледі. Шара соңында әр топ өз жобаларын қорғап номинациялар бойынша сертифакаттармен марапатталды. Шараға 100 астам адам қатысты.

2010 жылдың 6 тамызында Ботақара кентінің аудандық мәдениет үйінде ауданның белсенді жастарын оқыту мақсатымен жазғы лагерь өткізілді. Лагерь жұмысына облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығы қатысты. Лагерь бағдарламасы екі бөлімнен тұрды, бірінші бөлімде облыстық СӨС қалыптастыру Орталығының ұйымдастырушылары жастарда салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастарамен семинар-тренингтерді қалай өткізу туралы түсіндірілді. Лагерьдің екінші бөлімінде қатысушыларға жастармен қалай жұмыс жасау қажет екіндігі туралы айтылды. Жалпы шараға 50 адам қатысты.

2010 жылдың 26 тамызында Ботақара кентінің аудандық мәдениет үйінде ҚР Конституциясының 15 жылдыған арналған «Конституция кемел келешектің кепілі» атты аудандық дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында Конституцияның кейбір баптары талқыланды, шара соңында «Дипломмен ауылға» атты аудан жастары арасында ең жақсы корреспонденттік жұмыстар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауда 1 орынды Березняки орте мектебінің мұғалімі Владимир Левченко, 2 орынды Ростовка орте мектебінің мұғалімі Гүлжан Сұраубай мен 3 орынды аудандық жүйелендірілген кітапхана библиографы Жанұзақ Мақышев алды. Шараға 30 адам қатысты.

Жастардың толық мәнді дамуының басты аспектісі болып салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері болып отыр.

2010 жылдың 16 ақпанында Центральное орта мектебінің негізінде Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған, аудандық қысқы спорт түрлерінен жарыс өткізілді.

Жарысты ұйымдастырғандар: аудандық жастармен жұмыс жасау Орталығы және аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемелері.

Жарыстың мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастарды үнемі спортпен шұғылдануға тарту; қысқы спорт түрлерін дамыту және насихаттау; ауданның кенттер мен селолық округтерінде қоғамды- спорттық жұмысты белсендіру.

Жарысқа Центральное селолық округінен 2 топ, Гагарин, Белағаш және Ростовка селолық округтерінен келген топтар қатысты. Жарыстың бағдарламасына пневматикалық атқыштан ату, тартылу және шаңғыдан жарысы кірді. Жарыс ҚР мемлекеттік Гимнің орындалуымен ашылды. Қатысушыларды Центрльное ОМ директоры Ющенко Л.М., аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы А.Б.Накеев, округ әкімі В.В. Еркович құттықтады.

Жарысты өткізу барысында Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына арналған «Ардагерлерді ардақтаймыз» атты акция аясында Керин А.В., Курташкина М.А., Михальцов И.Н.,Гудович А.В. орталық атынан кішігірім сыйлықтар тапсырылды.

Жарыстың жеңімпаздары Центральное -1 тобы I орын, Ростовка тобы –II орын, Центральное – 2 тобы III орынды иеленді. Жеңімпаздарға орталық атынан диплом мен сыйлықтар берілді. Өткізілген шараға 60 адам қатысты.

2010 жылдың 27 сәуірінде Қарағанды қаласында Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Жастар-Доскей» Доскей а. және «Жастар» Қарағанды қ. командаларының серіктестік кездесулері өтті.

2010 жылдың 20 мамырында Ботақара кенті аудандық медицина бірлестігінің мәжіліс залында ішкі саясат бөлімі, жастармен жұмыс жасау Орталығы және аудандық медицина бірлестігімен бірлесе №1АҚОМ оқушыларына темекіні және ЖИТС/АҚТҚ алдын – алу бойынша семинар өткізілді. Семинарға 30 адам қатысты.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру аясында жастар арасында нашақорлықты алдын-алу бойынша айылық өткізілді.

2010 жылдың 17 маумысында Ботақара кенті «Нұр Отан» ХДП мәжіліс залында Ульянов аумағы бойынша; 25 маусымында Тельман аумағы бойынша «Дені сау жастар – дені сау қоғам» атты салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша семинарлар өткізілді. Семинар аудан мектептеріндегі мед.бикелер мен белсенді жастардың қатысуымен өтті. Семинарларға 60 адам қатысты.

2010 жылдың 6 шілдесінде атты біркелкі әлеуметтік ақпараттық кампания аясында, Астана және жастар күндеріне арналған Ботақара кентінің жұмыс істейтін жастары арасында спорттық эстафета өткізілді. Эстафетаға салық басқармасынан, аудандық телекоммуникациялар торабынан, білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінен, аудандық поштадан, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімнен, ішкі істер басқармасынан және медицина бірлестігінен 7 команда қатысты. Шараға барлығы 70 адам қатысты.
А.ж. 2 тамызында Ботақара кентінің мектептері жанындағы лагерьлер балаларына “Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы аясында балаларға арналған спорттық жарыс өткізілді. Шараға 50 адам қатысты.

06.08.10 ж. Ботақара кентінің «Нұр Отан»ХДП мәжіліс залында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша кенттер мен селолық округтер жастарына семинар өкізілді. Шараға 30 адам қатысты.

2010 жылдың 14 тамызында ҚР Конституциясының 15 жылдығына және спор күніне арналған Ботақара кентінің «Сары-Арқа» спорткешенінде жыл сайынғы аудан әкімінің мини-футболдан аудандық турнир өткізілді. Турнирге Ботақара, Қушоқы мен ҒМұстафин кенттерінен, Ботақара, Алабас селолық округтерінен және Нұра станциясынан командалар қатысты. Жыл сайынғы ауыспалы Кубокты Қушоқы кентінің командасы алды. Жалпы шараға 70 астам адам қатысты.

2010 жылдың 17 тамызында Ботақара кентінің « ҚР Конституциясының 15 жылдығына және «Ардагерлерді ардақтаймыз» атты акция аясында аудан ардагерлеріне бильярдтан турнир өткізілді. Турнирге 15 адам қатысты.

2010 жылдың 24 тамызында облыстық салауатты өмір салтын насихаттау Орталығымен Елтай, Көкпекті және Петровка орта мектептерінде ауылды мектептерде денсаулық клубтарын ашу туралы интерактивті семинарлар өткізілді. Семинарларға 150 адам қатысты.

ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған Ботақара кентінің «Сары-Арқа» спорткешенінде 2010 жылдың 21 тамызында баскетбодан және 26 тамыз күні волейболдан жарыстар өткізілді. Жалпы шараларға 150 адам қатысты. Және аталмыш мерекеге орай, Конституция бойынша 26 тамыз күні аудандық модельді кітапханада ауданның белсенді жастарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.



2010 жылдың 11 қыркүйегінде аудан бойынша «Байыппен тамақтан, спортпен өмір сүр. Денсаулықты сақта» девизі бойынша «Денсаулық фестивалі 2010» акциясы өтті. Акция кезінде шеру, спорттық жарыстар, викториналармен басқа да мәдени іс-шаралар болды.. Аталмыш акцияға аудан бойынша 5000-н астам адам қатысты.

2010 жылдың 17 қыркүйегінде аудандық «Нұр Отан» ХДП үлкен залында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты» заңның талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
жүктеу 100,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау