11
Қаржыландыру
Назарбаев Университетінің дамудағы
тұрақтылығы,
тәуелсіздігі
мен
тұтастығы
оның
дербес
және
жоспарланған қаржыландыру көздерін
тарту мүмкіндіктеріне байланысты
болады. Универсиеттің осы даму
сатысында
оны
қаржыландыру
негізінен
мемлекеттік
бюджеттен
жүзеге
асырылады.
Біртіндеп
мемлекеттік бюджеттен тәуелділік
Университет қоры (Назарбаев Қоры)
эндаументіне жарналар, халықаралық
және қазақстандық ғылыми гранттар,
сондай-ақ оқу ақысы сияқты басқа да
қаржыландыру
көздерін
тарту
есебінен бәсеңдейтін болады.
2009
жылдың
соңында
ел
Президентінің бастамасы бойынша
құрылған Назарбаев қоры Қазақстан
Республикасында
қор
эндаументі
қағидаты бойынша жұмыс істейтін
алғашқы қор болып табылады. Қордың қызметі дербестік, өзін-өзі басқарушылық,
шешімдер қабылдаудың алқалылығы, әлеуметтік жауапкершілік пен айқындық
қағидаттарына негізделеді. Қордың миссиясы – Назарбаев Университеті мен
Назарбаев Зияткерлік мектептеріне тұрақты әрі ұзақ мерзімді қаржыландыруды
қамтамасыз ету арқылы, іске қосылу және жұмыс істеу кезеңдерінде қолдау көрсету
болып табылады. Қордың негізгі бағыт-бағдары ғылыми-зерттеу бағдарламалары,
шәкіртақылар, гранттар мен басқа да жарғылық мақсаттар болады. Қор өз қызметін
инвестициялар саласындағы білікті халықаралық сарапшы-консультанттар мен
менеджерлердің басқаруымен озық халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге
асырады.
III.
Академиялық көшбасшылық
Академиялық көшбасшылық кез келген жетекші университеттің іргетасы болып
табылады. Академиялық көшбасшылыққа қол жеткізу үшін Университеттің жоғары
оқу орны және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі пәндердің кең аясы
бойынша сапасы жоғары көрнекті бағдарламалары болуы тиіс. Ол сондай-ақ өз
студенттеріне тиісті қолдау көрсетуді және академиялық емес іс-шаралардың
жүргізілуін қамтамасыз етуі тиіс. Назарбаев Университеті өз оқытушыларының
мамандану салаларында озық ғылыми зерттеулерін жүзеге асыруға ынталандырып,
оларға үнемі қолдау көрсететін болады.
Академиялық көшбасшылығының халықаралық танылуына қол жеткізу үшін
Университет әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестікте инженерия,
жаратылыстану ғылымдары және технологиялар, гуманитарлық және әлеуметтік
ғылымдар, сондай-ақ бизнес, мемлекеттік саясат, білім беру және медицина
1-ендірме:
Басқарудың
негізгі
қағидаттары
Дербестік және есеп берушілік:
Д
емократиялық
ұстанымдар
және
атсалысқан әрбір
қатысушының жеке
есеп беруіне
негізделген басқарудағы
және
шешімдерді
қабылдаудағы
тәуелсіздік пен алқалылық
Академиялық еркіндік:
Ғылыми, білім
беру және
к
линикалық қызметте
оқытушыларға, зерттеушілер мен
с
туденттерге академиялық еркіндік
беру кепілі
Транспаренттілік және айқындылық:
Университеттің
жедел
қызметінің
барлық
салаларында
толық
транспаренттілікті
және
жалпы
қ
олжетімділікті қамтамасыз ету
12
салаларында жоғары орны және жоғары орнынан кейіндегі озық бағдарламаларды
құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр (2-ендірме).
Бакалавриат бағдарламалары
Назарбаев
Университеті
мақсаттарының
бірі
Еуразияның
жетекші жоғары оқу орындарының
рейтингтеріне кіру болып табылады.
Университет
Қазақстанның
экономикалық
даму
саласындағы
қажеттіліктеріне сәйкес инженерлік
және жаратылыстану ғылымдарына,
сондай-ақ технологияларға айрықша
көңіл бөлуімен қатар, жоғарыда
аталған басымдыққа қол жеткізу үшін
барлық
түлектері
үшін
сапалы
гуманитарлық
білім
беруді
қамтамасыз етуі тиіс. Назарбаев
Университеті Қазақстан жастарына
үйреншікті
модельден
айрықша
ұстанымды сипаттағы өзге жоғары
білім беру моделі болып табылады. Оның сенімді көрсеткіші – студенттердің
оқытушылармен салыстырғандағы арақатынасының төмендігі және, тиісінше,
шағын сыныптардың болуы. Орта мектептен Назарбаев Университетінің жүйесіне
біртіндеп көшу үшін бакалавриат бағдарламаларына түскен студенттер
академиялық ағылшын тілі, сыни ойлау дағдылары мен негізгі пәндер бойынша
білімдерін жетілдіру мақсатында бір жылдық университеталды дайындық
бағдарламасынан өтеді.
2011 жылғы күзде бакалавриат бағдарламасы бар үш Мектеп іске қосылды, олар
университеталды дайындық бағдарламасының алғашқы түлектеріне есік ашты.
Мектептер (Инженерия, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, Ғылым және
технологиялар) Университеттің білім беру және зерттеу бағдарламаларын әзірлейді
және 2014 жылға қарай жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасының
толық тізбесін ұсынатын болады. Бұл – Университетінің дамуындағы маңызды
кезең.
Инженерия мектебі
Инженерия мектебі тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Еуразияда инженерия
саласындағы озық кәсіптік білім мен ғылымның жетекші орталығына айналады деп
күтілуде. Оқыту және зерттеулер жүргізу бағдарламасы студенттердің халықаралық
деңгейде бәсекеге түсуіне және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына
үлес қосуына мүмкіндік береді. Мектептің негізгі бағыттары жоғары халықаралық
стандарттарға қол жеткізіп, оларды ұлттық білім беруде, ғылым мен
технологияларда қолдануға бағытталған.
Инженерия мектебінің білім беру және зерттеу бағдарламалары әлемдегі жетекші
университет болып табылатын Лондон Университеті Колледжімен әріптестікте
әзірленген. Инженерия мектебі басынан бастап химиялық, құрылыс, электрондық
және электротехникалық инженерия, сондай-ақ инженерлік механика бойынша
2-ендірме: Университеттегі
аккредитациялау үдерісі
Аккредитациялау
университеттің
ғылыми-зерттеу және академиялық
бағдарламалары,
оның
ОПҚ
мен
түлектері сапасының маңызды белгісі
болып табылады. Өзінің дамуына қарай,
Университет халықаралық жетекші
аккредитациялау
органдарынан
университеттің
түгелдей
аккредитациялануына қол жеткізуге
тырысады. Кейбір мектептерде, атап
айтқанда, ең алдымен, Инженерия
мектебінде
жекелеген
аккредитациялаудан өту жоспарлануда.