13
оқытуды ұсынады. Бұл пәндерді таңдау «Қазақстан – 2030» және Қазақстан – 2050»
стратегияларында басты мақсаттар ретінде айқындалған Қазақстан мен Орталық
Азия өңірінде тұрақты даму мен экономикалық ілгерілеуге жету үшін қажетті
кәсіптік мамандарға деген қажеттілікке байланысты.
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі әлеуметтік және гуманитарлық
ғылымдарда жан-жақты білім беруді қамтамасыз етіп, қоғамның барлық
салаларында
көшбасшыларды
даярлауды
жүзеге
асыруға
бағытталған.
Университеттің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебін дамыту
Висконсин-Мэдисон Университетімен әріптестікте жүзеге асырылады. Мектеп
басынан бастап мемлекеттік басқару мен халықаралық қатынастардағы,
экономикадағы, антропологиядағы, әлеуметтанудағы, тарихтағы, әлем тілдері мен
әдебиетіндегі мамандықтар бойынша білім алуға мүмкіндік береді.
Мектеп студенттерді мамандықты таңдауына қарамастан, олардың өмірде және
мансапта кезіктіретін зияткерлік мәселелерді шешуге дайын болуға үйретеді.
Бүгінгі күні гуманитарлық ғылымдарға оқыту сыни ойлау дағдылары мен
мәселелерді шешу қабілеттілігін талап ететін бизнестегі, мемлекеттік басқарудағы,
білім берудегі, әскери қызметтегі немесе кез келген басқа да кәсіптегі мансапқа
даярлаудың ажырамас бөлігі болып саналады. Қазақстанның бірегей тарихы мен
мәдениетін, сондай-ақ басқа да өңірлік мүдделерді паш ету үшін Еуразиялық өңірлік
зерттеулер институтының дамуында басты рөл аталмыш Мектепке берілетін
болады.
Ғылым және технологиялар мектебі
Бас кезінен Карнеги-Меллон Университетінің ықпалымен құрылған Ғылым және
технологиялар мектебі Қазақстанда, одан әрі Орталық Азия мен Еуразия өңірінде
жетекші ғылым және технологиялар орталығына айналады. Мектеп студенттерге
әлемдік деңгейдегі білімді ұсына отырып, еш асырусыз, Қазақстанның болашағын
жасайтын студенттерді даярлайды, сондай-ақ оларды үздіксіз оқу үдерісіне тарта
отырып, экономиканың нақты секторындағы жұмысқа дайындайтын болады. Осы
кезеңде Мектеп бағдарламасы химия, биология, физика, робототехника мен
мехатроника, математика, информатика мен биомедицина ғылымдары саласын
қамтиды.
Мектептің білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу жұмыстары
студенттерге әлемдік нарықта бәсекеге түсуге, сондай-ақ әлемдік үздік
стандарттарға сәйкес келетін ғылым мен технологияларға және Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.
Келешектегі бағыттар
Үш мектепке қосымша ретте, Университет өз миссиясы мен пайымдауының
орындалуына бағытталған бірқатар жаңа бастамаларды жүргізуде. Бакалавриат
мектептерінің тізімін бұдан әрі Инженерия мектебімен қатар Қазақстанның кен
өндіру өнеркәсібі салалары үшін ұлттық кадрларды дамытудағы күштерді
қуаттайтын Тау-кен ісі мектебі толықтырады. Университеттің студенттер
контингентін интернационалдауға ұмтылысын басқа да күш-жігерлермен қоса,
үздік шетелдік студенттерге гранттар беру, сондай-ақ студенттер үшін тартымды
оқу бағдарламалары мен студенттік тәжірибені жасау жолымен жүзеге асыру
ұсынылады. Шетелдік студенттер әлемдік қоғамдастықтың жаһандануына
14
байланысты туындаған міндеттерді шешуге біздің студенттерімізді дайындауда
көмектесетін болады. Университет те Назарбаев Зияткерлік мектептері сияқты
алдыңғы қатарлы мектеп бағдарламалары түлектерінің өсіп отырған санына сәйкес
болу үшін студенттердің жылдық қабылдау көлемін ұлғайтатын болады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар
Қазақстанның өсіп-өнуі мен дамуы үшін біліктілігі жоғары инженерлер мен
ғалымдар қажет, алайда техникалық дағдылардың бір өзі қазақстандықтар
қалайтын және оларға лайықты болатын болашақты қалыптастыра алмайды.
Идеялар түпкілікті өнімдерге айналуы тиіс; кәсіпкерлер қазақстандықтарды жаңа
жұмыс орындарымен қамтамасыз ете отырып, коммерциялық кәсіпорындарды
құруы тиіс, ал мемлекетке бұдан әрі дамуды демеу үшін тиімді экономикалық және
әлеуметтік саясатты әзірлеп енгізу қажет. Университет осы міндеттерді шешуге өз
үлесін қосады және бастапқы кезеңде құрылған үш бакалавриат мектебінің жоғары
оқу орынан кейінгі бағдарламаларға қосымша ретте төрт кәсіптік жоғары мектепті
ашады.
Мұнда
«Болашақ»
бағадарламасының
түлектерін,
қазақстандық
университеттердің үздік студенттерін, сондай-ақ Назарбаев Университетінің
түлектерін қоса алғанда, бакалавриат бағдарламаларының дарынды түлектері
оқитын болады.
Бизнес мектебі
Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі Дьюк Университетінің Фукуа
Бизнес мектебімен әріптестікте EMBA Фукуа әріптесінің көрнекті бағдарламасы мен
дәстүрлі МВА бағдарламаларының үлгісінде арнайы EМВА бағдарламасын ашуымен
2013 жылдың наурыз айында іске қосылды. Бакалавриат бағдарламалары бойынша
өзінің алғашқы студенттерін шығарған кезде Мектеп Қазақстанның басқарушылық
және кәсіпкерлік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өте қажет болып табылатын
мамандықтар бойынша Университет қабырғасында классикалық МВА бағдарламасы
бойынша білім беруді бастайды. Бүгінгі күні энергетика секторын қоса алғанда,
кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы басшы
қызметкерлерді оқыту жүргізілуде.
Мемлекеттік саясат мектебі
Университеттің Қазақстанның елордасы, оның әкімшілік орталығы – Астанада
орналасуы мемлекеттік сектордың болашақ көшбасшыларын даярлау мен қазіргі
мемлекеттік
басқарушылардың
біліктілігін
арттыру
бойынша
ерекше
міндеттемелерді жүктейді. Университетке сондай-ақ елдің ертеңін айқындайтын
саяси мәселелер бойынша диалогтың қатысушысы болу қажет. Осы мақсаттарға
жету үшін қазіргі уақытта Жоғары мемлекеттік саясат мектебін дамыту Ли Куан Ю
атындағы Сингапур Ұлттық университетінің Жоғары мемлекеттік саясат
мектебімен ынтымақтастықта жүзеге асырылуда. Жоғары бизнес мектебінен басқа
Университеттің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі 2013 жылдың күзінде
мемлекеттік саясат саласында студент-магистранттардың алғашқы тобымен өз
жұмысын бастайды. Қазіргі кезеңде мемлекеттік қызметшілердің жоғары буынын
арнайы даярлау жұмыстары жүргізілуде.