ҚР ҚН 02-30-2018 Қазакстан республикасы қҰрылыс нормалары қҰрылысые нормалары республики казахстан



жүктеу 184,5 Kb.
Дата11.01.2020
өлшемі184,5 Kb.
#26152

ҚР ҚН 3.02-30-2018

ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ

ҚҰРЫЛЫСЫЕ НОРМАЛАРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ҚҰРҒАҚ МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР МЕН ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОЙМАЛАРЫ
СКЛАДЫ СУХИХ МИНЕРАЛЬНЫХ УДОБРЕНИЙ И ХИМИЧЕСКИХ СРЕДСТВ ЗАЩИТЫ РАСТЕНИЙ


Енгізілген күні - 2018-ХХ-ХХ
1 Қолданылу саласы

    1. Осы нормалар құрғақ минералды тыңайтқыштар және өсімдіктерді қорғау химиялық құралдарын сақтауға арналған қойма ғимараттарының бөлмелерін жаңадан салуды¸ қайта жөндеуді және техникалық қайта жабдықтауды жобалау кезінде сақталуы қажет:

- агрохимикаттар, оның ішінде құрғақ минералды тыңайтқыштар және химиялық мелиоранттар(сиымдылыққа шек қойылмайды);

- ыдыстағы қатты және сұйық пестицидтер (бұдан әрі - пестицидтер) сыйымдылығы 4000 т артық емес;

- ауыл шаруашылығына бос күйінде берілетін азық- жем химиялық консерванттары (бұдан әрі - консерванттар);

- тыңайтқыш және химиялық реагент ретінде қолданылатын сұйық аммиак.


    1. Осы нормалар мына қоймалар үшін қолданылмайды:

- сиымдылығы 4000 т артық рельстер жанындағы пестицидтер қоймалары,

- резерв мақсатындағы базалар құрамындағы қоймалар,

- завод қоймалары,


- қатты әсер ететін улы заттар қоймалары (бұдан әрі - ҚӘЕУЗ);

- аммиак баллондар қоймалары үшін.


  1. Нормативтік сілтемелер

Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін мынадай нормативтік құжаттар қажет:

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актiлердің мемлекеттiк тiзiлiмiнде № 15501 болып тіркелді) (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі бойынша техникалық регламенті);

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидалары (бұдан әрі - ЭҚҚ) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген).



Ресми басылым


Ескертпе - Осы мемлекеттік нормативті пайдаланған кезде сілтеме құжаттардың әрекетін ағымдағы жылғы жағдай бойынша жыл сайын құрастырылатын «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілер тізбесі» ақпараттық тізімдеме және ай сайын шығарылатын тиісті ақпараттық бюллетень-журнал бойынша тексерген жөн. Егер сілтеме құжат ауыстырылса (өзгерсе), онда осы нормативті пайдаланған кезде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтеме құжат ауыстырусыз күшін жойса, онда оған сілтеме жасалған ереже осы сілтемеге қатысы жоқ бөлігіне қолданылады.

3 Терминдер мен анықтымалар

Осы құрылыс нормаларында мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:



3.1 Агрохимикаттар: химиялық немесе биологиялық текті тыңайтқыштар, химиялық мелиоранттар, өсімдіктерді қоректендіруге, топырақтың құнарлығын реттеу және жануарларды бордақылауға арналған жем азық қоспалары;

Бұл түсініктеме торф, көң және құстың қиына таралмайды;



3.2 Қоймалар бөлігі: Пестицидтер, агрохимикаттар, консерванттар сақтау қоймаларының тұрақты перегородкалармен бөлініп оқшауланған азғана бөлігі;

3.3 Пестицидтер: Өсімдіктердің зиянкестері және ауруларымен, арам шөптермен, сақтаудағы ауыл шаруашылық өнімдерінің зиянкестерімен, тұрмыстық зиянкестер мен жануарлардың сыртқы паразиттерімен күресу үшін, сонымен бірге өсімдіктердің өсуін реттеу, жиын-терін алды жапырақтарды жою (дефолианттар), өсімдіктерді кептіру(десиканттар) үшін қолданылатын химиялық немесе биологиялық препараттар;

3.4 Рельс жанындағы қоймалары: Темір жол вагондарынан түсірілген жүктерді сақтайтын қоймалар;

    1. Уақытша қоймалар : Автокөліктерден түсірілген жүктерді сақтайтын қоймалар;

    2. Қоймалар секциясы: Бірнеше отсектерден тұратын қойма бөлігі;

3.7 Силос: Биіктігі диаметрінен бір жарым еседен артпайтын, көбінесе цилиндр формалы өздігінен түсірілетін сиымдылықты имараттар, сусымалы материалдарды ұзақ сақтауға және қайта тиеуге арналған;

3.8 Пестицидтер қоймалары: Пестицидтерді қабылдауға, сақтауға, жұмыс ерітінділерін дайындауға және олар мен олардың жұмыс ерітінділерін технологиялық және автокөлік құралдарына беруге арналған ғимарат пен имарат(оның бөлігі);

3.9 Қатты агрохимикаттар: Өсімдіктерді дамытуға, топырақтың құнарлығын арттыруға арналған және құрамында минералды қоректі элементтері бар түйіршіктелген, кристалл және ұнтақ(шаң күйде) түрдегі заттар;

3.10 Тукараластырғыш қондырғылар: Тыңайтқыштардың (туктер - тыңайтқыштар синонимі) әр түрін араластыруға арналған қондырғылар;

3.11 Химиялық мелиоранттар: Қышқыл, сортаң және тағы да басқа топырақтың физико-химиялық қасиеттерін жақсартуға және құнарлығын артыруға арналған өндірістік немесе қазба заттар;

3.12 Тыңайтқыштар: Өсімдіктерді қоректендіру элементтері бар органикалық және минералды заттар.
4 Мақсаты және функционалдық талаптары

4.1 Нормативтік талаптардың мақсаттары



Осы нормативтік талаптардың мақсаттары болып табылады тұрғындар мен территорияларды, ғимараттар мен имараттарды, қоршаған табиғи ортаны өте қауіпті және зиянды әсері бар құрғақ минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді химиялық заттармен қорғаушы мелиоранттардан қорғау үшін оларды ұзақ уақыт сақтайтын қойма имараттары мен бөлмелерді жобалау, кеңейту, техникалық қайта жабдықтау мен жаңарту; қойма бөлмелері мен имараттардың тірек конструкцияларының беріктілігі мен олардың химиялық зиянды әсерлерге төзімділігін арттыру, тыңайтқыштар, пестицидтер мен мелиоранттардың қоршаған ортаға шашылуы мен таралуын болдырмау, ұзақ уақыт сақтаған кезде олардың сапасын бастапқы түрінде сақтау; қойма бөлмелеріндегі микроклиматты ұстап отыру .

4.2 Функционалдық талаптар



Құрғақ минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғайтын химиялық заттардың қоймалары техникадық, технологиялық және экологиялық параметрлері бойынша оларды жобалаған және құрылысын салған кезде келесі функционалдық талаптар орындалатындай болуы қажет:

  • қойма имараттары мен бөлмелерінің механикалық беріктігі мен мызғымастығы оларды пайдаланған кезде жобада ескерілген барлық мүмкін механикалық және технологиялық әсерлерді апатсыз және бүлінбей көтеруі қажет ;

  • нысанның өрт қауіпсіздігі – өртті болдырмау, тұтануды шектеу, от пен түтіннің таралуына жол бермеу, түтін жойғыштарды қолдану, отқа төзімділігі жағынан нормативтік уақыт аралығында құрылыс конструкцияларының көтеру мүмкіндігін жоймауы, Өрт қауіпсіздігі бойынша техникалық регламенті мен «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарына сай;

  • қойма имараттары мен бөлмелері солай жобалануы және салынуы қажет:

а) құрылысын салу не пайдалану кезінде мүмкін болатын қауіпті бүлінулер мен апаттық жағдайлардың дамуын болдырмауын конструк­тивтік-технологиялық шешімдер арқылы қамтамасыз ету;

б) тыңайтқыштар мен пестицидтерді тиеу мен түсіру үшін, оларды қойма ішінде тасу кезінде барлық қауіпсіз жағдайлар жасалуы;

в) пайдалану кезінде қауіпсіз санитарлық-гигиеникалық жағдайлар жасалуы, зиянды заттардың бөлінуі мен таралуынан болуы мүмкін адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіпті болдырмау, сулардың ластануын болдырмау, аңдар мен қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбеуді қамтамасыз ету.

  • өрт техникасы, техникалық қондырғылар, құтқару мен жедел медициналық жәрдем машиналары келе алатындай өткелдер, жолдар мен жақын келетін жерлер қарастырылуы қажет;

  • құрғақ минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғайтын химиялық заттардың қоймаларының жобасында тыңайтқыштар, пестицидтер мен химиялық мелиоранттарды тасымалдау үшін автомобил мен темір жолдар қарастыру қажет.

5 Жұмыс сипаттарына талаптар


    1. Жалпы талаптар

5.1.1 Құрғақ минералды тыңайтқыштар және өсімдіктерді қорғайтын химиялық заттарды сақтау қоймалары ауыл және шаруа шаруашылылықтарда қолданылатын ҚӘЕУЗ басқа тыңайтқыштар мен пестицидтерді уақытша және ұзақ сақтауға арналған.Қоймаларға бейімделген бөлмелер құрғақ минералды тыңайтқыштар және өсімдіктерді қорғайтын химиялық заттарды тиеу, жинау және түсіру үшін транспорттық құрылымдармен жабдықталуы қажет.



5.1.2 ҚӘЕУЗ бар пестицидтерге арналған қоймаларды жобалау шешімдерін мемлекеттік санитарлық бақылау орындарымен бекітілген тәртіппен келісілуі керек

      1. Аммиакты селитраға арналған қоймаларда басқа заттар мен материалдар сақталмауы тиіс.

      2. Жылы жерде сақталуды қажет ететін пестицидтер үшін жылытатын қоймаларды жобалау керек.

      3. Агрохимикаттар, пестицидтер және консерванттар үшін қойма ғимараттарын жобалағанда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарын сақтау жөнінде нұсқаулар болуы керек

      4. Агрохимикаттар, пестицидтер және консерванттар қойма ғимараттарының құрылыс конструкциялары мен негіздерінің беріктігі қалыпты деңгейдегі жауапкершілікке жатады.

      5. Қойма ғимараттары мен бөлмелерді жобалаған кезде қажет:

  • тұтас ғимараттарды және де олардың жеке элементтерін тұрғызу(құрастыру) және пайдалану кездерінде олардың беріктігін, қаттылығын және кеңістікте өзгермеуін қамтамасыз ететін конструктивті сызбаларды қабылдау

  • бір алаңда орналасқан ғимараттар құрылыстарына арналған конструкцияларды, құрылыс бұйымдары және материалдарын таңдағанда ортақ алаңдық унификация талаптарын сақтау

  • қоймалардың архитектуралық шешімдері жоғарғы сапада орындалуы және олардың кәсіпорынның жалпы архитектуралық болмысымен үйлесуі қажет.

      1. Қоймалардың жарылу, жарылысөрт және өрт қауіпті категориялары технологиялық жобалаудың нормалары немесе қоймаларлардың категориялары көрсетіліп бекітілген арнайы тізіммен қабылдануы керек.




    1. Көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдерге талаптар




      1. Жұмыс алаңдары, келу және өту жолдарының беті қатты болуы, салынбаған учаскелер жасылдандырулары қажет.

      2. Агрохимикаттар, пестицидтер және консерванттар сақталатын ғимараттар мен имараттар қоймалары тұрғын және қоғамдық ғимараттардан санитарлық қорғау аймақтарымен оқшаулануы қажет.

      3. Санитарлық қорғау аймақтарының өлшемдерін санитариялық кағидалау бойынша қабылдау қажет.

      4. Қойма ғимараттарын көлемді жобалау шешімдерін дайындау кезінде олардың қайта жөндеу, кеңейту және пестицидтерден басқа өнімдер сақталатын қойма ғимараттарымен оқшаулау мүмкіндіктерін ескеру қажет.

      5. Тікбұрышты жүйелі модульді координатты(пролет өлшемдері, бағана адымдары, қабат биіктігі) каркасты ғимараттардың геометриялық параметрлері кәсіпорын ғимараттарының параметрлерлеріне сәйкес келуі қажет.

      6. Тыңайтқыштарға арналған сүрлем және сүрлем корпустарының параметрлері өндіріс кәсіпорындар имараттарын жобалау нормативті құжаттарының талаптарына сәйкес қабылдануы қажет.

      7. Рельске жақын қоймалардың қабылдау және беру орындарының (алаңдардың, рампалардың,теміржолдардың) үсті жанбайтын қалқалармен жабылуы қажет

      8. Жарылыс өртқауіпті және өртқауіпті пестицидтер сақтайтын қойма бөлмелері басқа бөлмелерге қарағанда өртенбейтін шегі EI 45 ден кем болмауы және өртқауіпті класы КО, бөлмелердің арасындағы есіктердің өртенбейтін шегі EI 30 болуы қажет.

      9. Селитраның барлық түрлерін сақтау бөлмелерінде ағаштан жасалған тіреу межелер мен тіреу қабырғалар болмауы тиіс.

      10. Агрохимикаттарға арналған (аммиак селитрадан басқа) ғимараттардағы плиталар коррозияға төзімді материалдардан жасалуы керек.Арка және рама плиталы каркастар жабындыларында салмақ түсу және гидроизоляция(жауын шашыннан) фунцияларын біріктіру қажет;плитаға қосымша қабаттау керек етілмейді.

      11. Аммиак селитраларға арналған қойма бөлмелерінде шұңқырлар, каналдар, науалар және де басқа үңгулер болмауы керек.

      12. Пестицидтер сақтайтын қойма бөлмелеріндегі едендер қышқыл және сілтілердің ерітінділері әсеріне төзімді, ал жарылыс өртқауіпті заттар бөлмелерінде еден ұшқынсыз болуы қажет; пестицидтер сақтайтын қойма бөлмелеріндегі едендер асфальт бетоннан бола береді, ал қышқыл ерітінділері әсері болмаса еден бетоннан бола береді.

      13. Агрохимикаттар, пестицидтер және консерванттардың қойма ғимараттарының еден деңгейі құрылыс учаскесідегі жерасты су котерілуінің қауіпті деңгейінен жоғары және ғимараттарға жанасып жатқан жерлердің жоспарланған белгілерден жоғары болуы керек.

      14. Пестицидтер сақтайтын қойма бөлмелеріндегі едендер деңгейі жүк платформалы ғимараттардағы платформалар деңгейінен нормаланған шамаға жоғары болуы керек.

      15. Рельске жақын сұйық агрохимикаттар қоймаларының жоғарыдан ағызу пунктері бекітілген нормаға сәйкес геометриялық өлшемді эстакадамен жабдықталуы қажет.

      16. Эстакаданы жабдықтау кезінде құрылыстың теміржолға жақындық өлшемдерін және теміржол цистерналарын қауіпсіз пайдалану талаптарын ескеру керек.

      17. Қойма ғимараттарының қабырғасын цемент құм ерітіндісімен және табақша гидроизоляция материалдармен су өткізбейтіндей етіп жасау керек.

      18. Агрохимикаттар, пестицидтер және консерванттардың қойма ғимараттарының қақпасының размері жүк тиелген транспорттық құралдардың көрінген размерлерінен жоғары болуы керек.

      19. Агрохимикаттар, пестицидтер және консерванттардың қойма ғимараттарының бөлмелерін жобалау кезінде түтінтартқыш шахталар болуы қажет.

      20. Қалыпты жағдайдағы су қайнау температурасынан төмен жалындау мен ұшқындау температурасымен сипатталатын пестицидтер қойма бөлмелерінде терезелер болмауы тиіс.

      21. Рельске жақын жоғары ұшпалы пестицидтер (фумиганттар) қоймаларының секцияларының герметикалы терезелері мен арасы тығыздалған қақпалары болуы қажет.

      22. Сұйық аммиактар қойма ғимараттарының қабырғасының резервуар паркі жағынан есіктер мен ашылатын терезелер болмауы тис.

      23. Жер транспорттары жиі жүретін жерлердегі қойма ғимараттары қақпаларының бағандары мен жақтау көмкерулері механикалық бүлінуден ұшқындамайтын материалдармен қапталуы тиіс.

      24. Қойма ғимараттардағы құрал жабдықтарға қызмет көрсету алаңшалары техникалық талаптарға сәйкес пайдалану қажет;аммиак селитраға арналған қойма бөлмелеріндегі алаңшалардың тұтас жабындысы және биіктігі нормаға сай борты болуы қажет.

      25. Аммиак селитраға арналған қойма бөлмелеріне теміржол енгізуге болмайды

      26. Жер транспорттық құралдары жүретін пандустар ені жүк тиеген транспорттың максимальды енінен жоғары болуы тиіс.

      27. А және Б категориядағы қойма бөлмелерін подвал және астыңғы қабатта орналастыруға болмайды. Жертөле және астыңғы қабаттағы В категориядағы бөлмелер автоматты өртсөндіру қондырғысымен жабдықталуы қажет және ол бөлмелердің ауданы бекітілген нормалардан аспауы керек.

      28. Агрохимикаттар, пестицидтер және консерванттардың қойма ғимараттарын жобалау кезінде сақталатын жүктердің қосымша жүк-салмағын ескеру керек және оларды уақытша ұзақ жүктеме мен әсерлерге жатқызу керек.

      29. Агрохимикаттар, пестицидтер және консерванттардың қойма ғимараттары мен имараттарын жобаларында қабырғаларға өнімдерді үюдің ұйғарынды шекті биіктігін көрсететін жазуларды ашық түсті сызықтар мен жазбалармен жазуға нұсқаулар болу керек.

      30. Аммиакты селитралар қойма ғимараттарына ағаш құрылымдар қолдануға болмайды, ал кальций мен натрийлік селитралар үшін егер бұл тыңайтқыштар ағаш құрылымдарға жабдықталмай тиіп жатпаса қолдануға болады.

      31. Жарылыс өртқауіпті және өртқауіпті пестицидтер сақтау қойма бөлмелерін бөліп тұрған қалқа және оның есіктері отқа төзімдлік шегі белгіленген нормадағы жанбайтын болуы қажет.

      32. Пестицидтер сақтайтын қойма бөлмелеріндегі едендер қышқыл және сілтілердің ерітінділері әсеріне төзімді, ал жарылыс өртқауіпті заттар бөлмелерінде еден сонымен бірге ұшқынсыз болуы қажет; пестицидтер сақтайтын қойма бөлмелеріндегі едендер асфальт бетоннан бола береді, ал қышқыл ерітінділері әсері болмаса еден бетоннан бола береді.

      33. Аммиакты селитраларға арналған қойма бөлмелерінде шұңқырлар, каналдар, науалар және де басқа үңгулер болмауы керек.

      34. Жер транспорттары жиі жүретін жерлердегі қойма ғимараттары қақпаларының бағандары мен жақтау көмкерулері механикалық бүлінуден қорғайтын металл емес материалдармен қапталуы тиіс.

      35. Қойма ғимараттардағы құрал жабдықтарға қызмет көрсету және қауіпсіз жұмыс жүргізу үшін алаңшалар мен мостиктер болуы қажет, ал аммиак селитраға арналған қойма бөлмелерінде олардың тұтас жабындысы және биіктігі нормаға сай борты болуы қажет.

      36. Тыңайтқыштар қойма ғимараттары мен имараттарын жобаларында қабырғаларға өнімдерді үюдің ұйғарынды шекті биіктігін көрсететін жазуларды ашық түсті сызықтар мен жазбалармен жазуға нұсқаулар болу керек.

      37. Тыңайтқыштар мен пестицидтердің қойма имараттарының жобасында оларды сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер көрсетілуі қажет.



  1. Су құбырлары мен кәріз жүйелеріне талаптар

6.1 Құрғақ агрохимикаттар үшін қойма бөлмелерінде өндірістік суқұбыр қарастырылмайды.



    1. Агрохимикаттар, пестицидтер және консерванттардың қойма ғимараттарында ішкі өртсөндіру суқұбыры қарастырылмайды.

    2. Пестицидтерге арналған қойма имараттары мен бөлмелерінде өндірістік қажеттіліке керек сыртқы суқұбырлары мен кәріз жүйесі қарастырылуы қажет.

    3. Сұйық аммиактар және консерванттар қоймаларында жұмысшылардың үстіне агрессивті сұйықтар тиген жағдайда жуыну үшін орнатылған апаттық душ қызмет көрсетуші жұмысшыларға агрессивті сұйықтардың авариялық тиіп кетуі мүмкін жерлерден бірдей қашықтықта болу керек.

    4. Пестицидтер сақтау бөлмелеріндегі еден және сөрелерді жуған, транспорттық жабдықтар мен тараларды жуып және залалсыздандырған өндірістік суларды сыртқы канализацияға жіберместен бұрын жергілікті тазарту имараттарында нейтралдау және залалсыздау қажет.




  1. Жылыту және желдету жуйелеріне талаптар

7.1 Жылыту және желдету жүйелерін дайындағанда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарын басшылыққа алған жөн.



    1. Мұз еру температурасынан жоғары жағдайда сақталатын пестицидтер мен консерванттар қойма бөлмелері, сапа тексеру лаборатория бөлмелері, пестицидтерді өлшеп орау және қайта салу бөлмелері, авариялық душ бөлмелері жылыту жүйесімен жабдықталады.

    2. Құрғақ агрохимикаттар мен тыңайтқыштар қойма бөлмелері жылытылмайды.

    3. Сақтау бөлмесінде дүркін газ бөліну және қышқыл бу шығу жағдайында авариялық желдету жүйесін басқаруды қолдан іске қосатын құрылғылары болуы керек; негізгі авариялық желдету жүйесі автоматты түрде іске қосылатынын қарастыру қажет.

    4. Тек үнемі зиянды заттар бөлінетін (тиеу-түсіру кезінде, іштен жану двигателі жұмыс істегенде және т.б.), қойма бөлмелерінде үнемі істеп тұрған желдетуден басқа, жұмыс зона ауасында зиянды заттар ұйғарынды концентрациясын шектеп, сағатына бірдүркін ауа алмасуды қамтамасыз ету үшін зиянды заттар бөліну кезінде ұдайы жұмыс істейтін механикалық желдетуді жобалау керек.

    5. Қойма бөлмелерінде жылы кезде метеорологиялық жағдай нормаланбайды.




  1. Электротехникалық құрылғыларға талаптар

8.1 Электротехникалық құрылғылар электрқондырғылар құрылғылары ережелеріне сәйкес, өндіріс кәсіпорындарын электрмен жабдықтауды, электр күш және жарық жабдықтарын жобалау, ғимараттар мен имараттарды жайдан қорғау құрылғыларын жобалау нұсқауларымен жобалануы тиіс.



    1. А, Б, және В категориядағы қойма бөлмелерінде орналасқан электрқабылдағыштар ғимараттар сыртында жанбайтын қабырғада немесе жеке діңгекте қондырылған пломбаланатын металл шкафтың ішінде жалпы ағыту аппаратымен (ажыратқыш) ажыратылуы тиіс.

    2. Электр қондырғылардың металл бөліктері мен жерге тұйықтау сымдары минералды тыңайтқыштар мен пестицидтермен жанаспауы тиіс.

    3. Сұйық агрохимикаттар мен консерванттар қоймаларындағы электржелісі таралымдары түтіктермен өту керек.

    4. Электр шамдарының ажыратқыштары мен желдеткішті қосқыштар бөлмелердің сыртқы қабырғасында металл шкафтың ішінде орналасуы керек.

    5. Қоймашылардың жұмыс орнындарында қосымша жарық болуы тиіс.

    6. Аммиакты селитралар мен жанғыш пестицидтер сақталатын ауданы қалыпты өлшемдегі қоймалар автоматты өрт хабарлағыштармен жабдықталуы тиіс.

    7. Электр қауіпсіздігімен қамтамасыз ету үшін электр жабдықтарын, насостарын, технологиялық ыдыстарды, металл және темірбетон силостарды нөлдеу және жерге тұйықтау, статикалық зарядтан қорғау қажет.

    8. Жобаға енгізілген қоймалардың электр сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес келуі керек.


9 Құрылыс конструкцияларын коррозиядан қорғауды жобалауға талаптар
9.1 Минералды тыңайтқыштардың құрылыс конструкцияларына зиянды әсерінің деңгейі ауаның ылғалдылығы артқан сайын арта береді, сондықтан минералды тыңайтқыштар қоймаларының салмақ түсер конструкцияларына және оның жеке элементтеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер сәйкес коррозияға қарсы қорғаныс қолдану керек.

9.2 Қоймаларды жобалау кезінде олардың пайдалану мерзімін ұзарту мәселесін келесі кешенді шешімдер арқылы орындау қажет:



  • қоймалардың және олардың жеке конструкцияларын конструктивті жобалау шешімдерін жетілдірумен,

  • конструкциялардың тыңайтқыштармен жанасу ауданын қысқартумен,

  • конструкциялардың беттерін тыңайтқыштар әсеріне төзімді жабындылармен қорғаумен,

  • конструкцияларды механикалық булінуін болдырмау,

  • құрылыс конструкциялары үшін коррозияға төзімді материалдарды қолданумен жасалуын қарастырады.

    1. Минералды тыңайтқыштар қоймаларын проектілік пайдалану мерзімін қамтамасыз

ету үшін конструкцияларды құрылыс конструкцияларын төзімді материалдармен және жабындылармен қорғау керек. Қоймалардың құрылыс конструкцияларына коррозияға төзімділік беру конструкциялардың беттерін қорғау материалдарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер таңдаумен шешіледі. Ең бірінші конструкциялардың төзімділігін арттыру оларды агрессивті ортаға төзімді материалдардан жасау мүмкіндігін қарастыру керек.

    1. Қоймалардың конструкцияларын қорғауды жобалағанда сақталатын тыңайтқыштардың ең зиянды түрлерінің әсері немесе бірнешеуінің біріккен әсерлері есепке алынуы тиіс.

    2. Қоймалардың құрылыс конструкцияларын қорғау минералды тыңайтқыштардың әр түрлі зоналардағы агрессивті әсерлерін саралап отырып белгіленеді.

    3. Минералды тыңайтқыштар қоймаларын жобалауда конструктивті шешім ашық беттің периметрінің қиылу ауданына ең аз қатынасының, ортаның агрессивтік әсерін және шаң қонуды жою немесе азайту мүмкіндігі бар пішінді тұтас қиындысы элементтерін қолдану талап етіледі.

    4. Құрылыс конструкцияларының элементтері коррозиядан қорғауды ұдайы жандандыруға қолжетімді болуы керек. Мұндай талаптарды орындау мүмкін болмаған жағдайда конструкцияның проектілік пайдалану мерзімі материалдар төзімділігін және конструкция элементтерінің қима өлшемдерін арттырумен, ал арматураланған конструкцияларда бетон тығыздығымен, қорғаныс қабаттың қалыңдығымен қамтамасыз етіледі.

    5. Конструкциялардың беттерінде интенсивті жылумен өңдеуден болған шөгу сызаттары және де басқа дефектілер (жарылулар, қуыстар, жалаңаш арматуралар и т.б.)болмауы керек.

    6. Қоймалардың бетон және темірбетон конструкциялары ортаның агрессивті әсерінің деңгейіне байланысты жоғары тығыздықта немесе айрықша тығыздықтағы және суөткізбеу талаптарына сай бетоннан жасалуы керек.

    7. Темірбетон элементерінің түйісулері және түйіндерінің шешімі метал жалғауларының аз мөлшерде болуын, коррозиядан қорғау немесе оларды тығыздығы конструкциядағы бетоннан кем емес бетонмен бітеу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.

    8. Қоймалардғы агрессивті ортада жатқан жабдықтар астындағы бетон және темірбетон фундаменттері еден деңгейінен шығып тұруы керек.

Минералды тыңайтқыштар қоймаларының темірбетон конструкцияларын жобалауда конструктивті шешім сызбаларда немесе олардың түсіндірме жазбаларында көрсетіледі: бетонның тұтқырлығы мен маркасын, төсейтін және жалғайтын деталдарды дәнекерлеуден кейін қорғау және лакпен бояу немесе мастика жағу варианттары.

    1. Салмақ түсетін желімдеп жасалған ағаш конструкциялар массивті тұтас қиынды болу керек. Фанерадан желімдеп жасалған қорапша конструкцияларды жобалағанда олардың ішіне минералды тыңайтқыштар шаңы кіретінін ескеру керек.

    2. Қуыс металл конструкцияларды жобалағанда олардың ішіне минералды тыңайтқыштар шаңы кіретінін ескеру керек.

    3. Қоймалар қабырғасын жай балшық және силикат кірпіштен жасағанда кірпіштің маркасы 100 ден төмен болмауы, цемент-құм растворының маркасы 100 ден төмен болмауы, жіктері екі жағынан сылануы тиіс. Силикат кірпішін төменгі қабат қабырғасын қалауға қолдануға болмайды.

    4. Минералды тыңайтқыштар қоймаларының фудаменттерін және басқа жерасты конструкциялар элементтерін жобалағанда топырақтың фильтрация деңгейін, тыңайтқыштардың агрессивті әсерінің деңгейін және жерасты суларының деңгейін есепке алу керек.

    5. Әлсіз және орташа агрессивті жерасты суларының бар деңгейінен төмен орналасқан фундаменттердің етегін, жерасты суларының деңгейінен жоғары орналасқан, бірақ деңгейінің фундаменттердің етегіне дейін көтерілу мүмкіндігі болса, оларды қорғау үшін қышқылға төзімді асфальтпен қаптама жасалуы және екі қабат орама гидрооқшаулау жасалуы керек

    6. Имараттардың фундаменттеріне қолданған материалдар және де астына төселген қиыршық тас пен ұсақ тастар коррозияға төзімді болуы қажет.

    7. Астыңғы қабаттың бүйір бетін гидроизоляциялау биіктігі кірпіш, ағаш және армоцемент қабырғалардың конструкцияларына битум мен қарамай негізінде жасалған орама және жапсырма материалдармен, гидроизоляцияның үздіксіз болуын(деформациялық сызатсыз) сақтай отырып жасалған көлденең гидроизоляцияға дейін жеткізілуі тиіс.

    8. Ерігенде қышқыл реакцияға түсетін бос жатқан минералды тыңайтқыштармен тікелей тиісетін жер бетіндегі салмақтүсер және қоршау конструкцияларын өте төзімді қорғаныштармен жобалау қажет.

    9. Қоршау қабырғаларына асбестоцемент, армоцемент және асбофанера панельдерін қолданғанда оларға минералды тыңайтқыштардың салмағын түсірмеу керек. Мұндай жағдайларда сақталып отырған минералды тыңайтқыштардың салмағынан қорғау үшін темірбетоннан, кірпіштен және ағаштан тіреу қабырға қойылады және олардың бетіне қорғаныш қабат жағылған болуы керек.

    10. При сақтағанда аммиачной селитры затаренные тыңайтқыш не қажетқоймаларыироваться непоқұралдарыенно к құрылысым конструкциям, а қажетсақталуы штабелями на ара қашықтық от конструкций и укладываться на поддоны.Аммиакты селитраларды сақтағанда бөліп салынған тыңайтқыштар құрылыс конструкцияларына тигізіп жиналмауы керек, олардан қашық және поддондарда жинап сақталуы тиіс.

    11. Минералды тыңайтқыштар коррозияға қарсы қорғанышы бар әсіресе лакбояу жағылған конструкцияларға тікелей тиіп жатса тыңайтқыштардың нығыздалу деңгейін есепке алу керек.

    12. Лакбояу жағылған конструкциялардың қорғаныш қабатын сақтау үшін олардың қатты нығыздалған тыңайтқыштармен тікелей тиісуін болдырмау керек және орташа нығыздалған тыңайтқыштармен де тікелей тиісуінің болмағаны жөн.

    13. Тыңайтқыштар и пестицидтерді ыдыстарда сақтағанда конструкцияның периметрі бойынша ағаш не басқа қалқан қажет емес.Нығыздалмаған және бос жатқан тыңайтқыштарды сақтағанда қалқандар қою міндет емес.

    14. Аммиак, калий, кальций және натрий селитраларын сақтағанда ағаш қалқандарды қолдануға болмайды, өйткені олар өздігінен жанып кетуі мүмкін.

    15. Армоцемент қоршау конструкцияларын қолданғанда олар ортаның агрессивті әсеріне байланысты ішкі жағынан жарылмайтын қаптамалармен түгел қорғалған, ал сыртқы жағы түгелдей гидрофобты немесе флюатты құраммен өңделуі тиіс.

    16. Қалыпты немесе ылғалды климат аймақтары үшін ағаш конструкцияларын ортаның әсерінен қорғаныш қабатпен өңдеу қажет.

    17. Ағаш конструкцияларын қорғаныш қабатпен өңдеу заводтарда дайындалу кезінде жасалуы керек.

    18. Минералды тыңайтқыштар қоймаларын жобалауда барлық металл конструкциялар, конструкция элементтері, жеке бөліктері коррозиядан лакбояулармен қорғалуы тиіс. Металл конструкцияларды және металдан жасалған конструкция элементтерін қорғаусыз қолдануға болмайды.

Болаттан жасалған детальдар мен байланыстары коррозиядан қорғалуы тиіс.

Қорғанышы қалпына келмейтін бетондалмаған свальді заклад детальдары және қосатын элементтер металл -лакбояу аралас қорғалуы тиіс. Болттар мен гайкалар және т.б. коррозиядан металл қабаттармен қорғалуы керек. Кірпіш қалауларындағы, ағаш және тағы басқа құрылыс конструкциялары мен материалдағы металл байланыс детальдары да коррозиядан қорғалуы тиіс.



    1. Металл конструкциялардың беттері бояуға алдын ала дайын болуы керек.

    2. Бұрандалы бөліктерге завод жағдайында бірінші қабат бояу жағылады, құрастыру кезінде тағы үстінен жағылады.

    3. Шатырды жабуға ағаш және фанераны қолданғанда олар бактерияларға және коррозияға қарсы препараттармен өңделуі тиіс.

    4. Шатырды жабуға битум мен қара май негізінде жасалған жұмсақ орама төсенішті қолданғанда гидроизоляция қабаты үшеуден кем болмауы керек.

    5. Шатырды жабуға және рампа мен парапеттердің үстінен қалқа жасауға қаңылтырды қолдануға болмайды.

    6. Бос жатқан минералды тыңайтқыштар қоймаларындағы еденді гидрооқшаулау жасағанда міндетті түрде желімдеп жапсыру гидрооқшаулау қолдану және астау құрылғылары керек.

    7. Ыдыстағы тыңайтқыштар сақтайтын қоймалардың еденін дымқылды жиыстыру жүргізу үшін орама материалдармен гидрооқшаулау жасау керек.

    8. Еден мен қабырғалардың, бағандардың, фундаменттердің тиіп тұрған жерлерін шаю суларының конструкцияларға және жерге кіріп кетпесі үшін плинтустар мен борттар қарастырылады.

    9. Құрамында SO 4 2- (күкірт қышқылды тұздар) бар тыңайтқыштарды артық тиегенде сульфатқа төзімді портландцементтен жасалған аса тығыз бетон қолдану керек.




  1. Қоршаған ортаны қорғау




    1. Құрамында агрохимикаттар бар өндірісте және жерүсті пайдаланған сулары саралаудан өткен соң сұйық тыңайтқыштар есебінде егіске жіберіледі (агрохимиялық қызметтің келісімімен) немесе белгіленген жерге ағызып жіберіледі (тиісті органдармен келісім бойынша)

    2. Пестицидтермен ласталған машиналар, механизмдер, құрал-жабдықтар және пестицидтер шашылған не төгілген жерлер нейтралдаушы реагенттермен залалсыздандырылуға жатады. Пайдаланған сұйықты ластанған сарқын су жүйесіндегі жинаушы-резервуарға ағызып жіберіледі.

    3. Пестицидтерге арналған қоймаларда автокөліктер мен технологиялық машиналарды жуу мен залалсыздандыру үшін қойма жанында жеке ғимаратты қарастыру қажет.

    4. Тазалаушы кәріз жүйесін жерастында орналастырған кезде оларды тірегіштерге орналастыруды қарастыру қажет, ал өте терең орналастырған кезде лас ағындардың жер асты суларына қосылуын болдырмау қажет.

    5. Механикалық желдеткіштермен ауаны атмосфераға жіберу арқылы тазалау сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сай орындалуы қажет.



  1. Өртке қарсы талаптар




    1. Өрт шыққан жағдайда барлық желдету жүйесі автоматты түрде ағытылады, сонымен бір уақытта автоматты өрт сөндіргіш жүйесі немесе автоматты өрт дабылы қосылады.

    2. Ауданы белгіленген нормалардағы түйіршік және кристал агрохимикаттар қоймаларында ыдыстағы агрохимикаттарды, оның ішінде аммиакты селитраларды сақтағанда автоматты өрт дабылымен жабдықталуы қажет. Ауданы үлкен қоймалар автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықталуы қажет.

    3. Сұйық агрохимикаттар қоймаларында жарылыс қауіпті газдар жиналуы мүмкін подвалдар, тоннелдер, жерасты каналдар болмауы керек

    4. Насос станциясының бөлмелерінде екі шығар есік болуы керек, оның біреуі эвакуация есігі болуы керек.

    5. Сұйық аммиактардың оқшауланбаған резервуарларын өрт кезінде жылу сәулесінен қорғау үшін суыту қажеттілігі, қоймаларды жеңіл тұтанғыш немесе жанғыш сұйықтар нысаналарына жақын орналастыру жағдайларын жобалағанда анықталады. Резервуарлардың жылумен сәулелендірілу мүмкіндігі есептеліп тексерілуі қажет.

    6. Қоймалардың территорияларында нормаларға сәйкес өртке қарсы қолданылатын алғашқы құрал саймандар орналасқан жер қарастылуы қажет.


ӘӨЖ 725.195 МСЖ 91 040.20, 91.080, 13.300, 55.220, 65.080, 65.100
Негізгі сөздер: қатты минералды тыңайтқыштар, мелиоранттар, қоймалар, номенклатура, аудан нормалары, технологиялық талаптар, конструктивті шешімдер, қоршаған ортаны қорғау.



жүктеу 184,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау