23
ИАДСЖ білім беру мен медициналық қызметтерді жақсарту үшін қазақстандық
денсаулық сақтау жүйесінің басқа да қатысушыларымен жұмыс істейтін болады.
Ұлттық медициналық холдинг
Ұлттық
медициналық
холдинг
Президент
Назарбаевтың
Қазақстан
Республикасының азаматтарына өңірлерде денсаулық сақтаудың жоғары сапасын
қамтамасыз ету үшін әлемдік деңгейдегі медициналық ұйымдарды құру жөніндегі
пайымдауын қолдау мақсатында құрылған. Қазіргі уақытта ҰМХ-ның құрамына
алты медициналық мекеме кіреді, олар: Республикалық нейрохирургия ғылыми
орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық
диагностикалық орталық, Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы, Республикалық
жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы, Ұлттық кардиохирургия ғылыми
орталығы. Олардың барлығы базаларында оқу, клиникалық практика жүзеге
асырылатын, заманауи медициналық мекемелерге сай болу үшін міндетті шарт
болып табылатын озық халықаралық медициналық аккредиттеуден өтуге
ұмтылады. 2014-2015 жылдары ҰМХ-ның жетінші клиникасы – Ұлттық
онкологиялық орталық құрылатын болады.
Ауруханалық басқарудағы халықаралық озық тәжірибені енгізу мақсатында ҰМХ
Питтсбург Университетінің Медициналық орталығымен тығыз ынтымақтастықта
жұмыс істейтін болады. Аталған ынтымақтастық консультациялық қызметтердің,
клиникалық және білім беру, оның ішінде қызметтерді көрсетудің бірыңғай
стандарттарын
белгілеу
қызметінің
кең
ауқымын
қамтитын
болады.
Клиникалардың өндірістік қуатын тиімді пайдалануды арттыру және өндірістік
көрсеткіштерді әлемдік стандарттарға сәйкестендіру үшін ауруханалық басқарудың
заманауи әдістері енгізілетін болады.
3-ендірме: ИАДСЖ басқару бойынша құнды ұсыныстар
Зерттеуші және дәрігер рөлдерін біріктіріп, сала бойынша ғылыми
сараптаманы қоса атқаратын , клиникалық диагностика мен
емдеудегі серпіліске қол жеткізу.
Медициналық көмек көрсетуге, оқыту мен зерттеулерге, сондай-ақ
озық ақпаратты қолдануға негізделген көпқырлы миссиямен бірге,
экономикалық тиімді медициналық қызмет көрсету саласындағы
жетістіктерді алға жылжыту және қызмет көрсету сапасын жақсарту
Көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру және ол
арқылы халық денсаулығын барынша жақсарту үшін ауруханалық
ақпаратты пайдалану және талдау.
Дәрігерлердің жаңа буынын, сондай-ақ іргелі және клиникалық
медицина саласында жұмыс істейтін ғалым-дәрігерлерді оқыту және
кадр әлеуетін қалыптастыру
Дарынды зерттеушілер мен клиникалық дәрігерлерді жұмысқа
тарту, нәтижесінде бренд күшейтіледі, осы арқылы ИАДЖ басқа
медициналық орталықтардан ерекшеленетін болады.
24
Жаңа корпоративтік мәдениет пен менталитетті дамыту жолымен қызметтің
айқындылығын арттыруға елеулі көңіл бөлінеді.
ҰМХ пациенттің тұлғасына, әлеуметтік
жауапкершілікке, халықаралық сапа
стандарттарына
жетуге,
жаңа
технологияларды
енгізуге,
тиімді,
толыққанды және жоғары өнімділікке;
үздіксіз
білім
алуға;
жаһандық
интеграцияға,
қолайлылық
пен
жайлылыққа
негізделген
даму
стратегиясының 8 тармағын қабылдады.
ҰМХ-ның мақсаттары:
і. ең жоғары сапалы халықаралық
аккредиттелген медициналық көмекті
қамтамасыз ету (4-ендірме), сонымен
қатар
болашақ
қазақстандық
медициналық
көшбасшылықты
қамтамасыз
ететін
медициналық
мектепті құру;
іі. ҰМХ
ИАДСЖ-ның
құрамдас бөлігі бола
тұрып,
өңірлік
және
жаһандық
деңгейде
танымал
болу
үшін
инновациялық
технологиялар
мен
ғылыми жетістіктерді клиникалық
практикаға енгізудің негізінде өзін
жоғары сапалы, тиімді және қауіпсіз
медициналық көмекті қамтитын озық,
пациентке бейімделген жүйе ретінде
көрсетуге тиіс.
VI.
Инновациялар және ғылымды өндіріске енгізу
Президент Назарбаев 2012 жылдың қаңтарында Назарбаев Университеті
төңірегінде интеллектуалдық-инновациялық кластерді (ИИК) дамытудың бастапқы
тұжырымдамасын негіздеді. ИИК Қазақстан Республикасының инновациялық
дамуының негізгі элементі болып табылады және Назарбаев Университеті
зерттеулерінің инновациялық нәтижелерін коммерциялауға арналған негізгі жүйеге
айналады.
ИИК-тің ең әуелгі мақсаты – білімді іздестіруге, алмасу мен коммерциялауға
арналған тірі эко-жүйе ретінде қызмет ету. Осы мақсатқа жетуге мына іс-шаралар
мүмкіндік туғызады:
• білім мен бизнестің арасындағы байланысты дамыту;
• білім процесі, жаңа жоғары технологиялық жобалар мен компанияларды
жұмысқа тарту және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
• білім мен нақты секторға қажетті жаңа технологияларды іздестіру;
• елде инженерлік әлеуетті дамыту;
4-ендірме: Ұлттық медициналық
холдингті сертификаттау
бағдарламасы
Әлемдегі танымал тәуелсіз органның
сертификаттауы
денсаулық
сақтау
ұйымы көрсететін медициналық көмек
сапасының жақсарғандығының нақты
көрінісі болып табылады. Халықаралық
аккредиттеу жөніндегі америкалық
бірлескен
комиссия
клиникаларды
халықаралық сертификаттаудың алтын
стандарты ретінде танылған. ҰМХ-ның
Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы
2012 жылғы ақпанда JCI сертификатын
алып, ТМД елдері арасындағы алғашқы
кең
мамандандырылған,
көлемі
бойынша үлкен (500 орынды) жоғары
мамандандырылған
медициналық
көмек көрсету мекемесіне айналды.
ҰМХ-ның барлық қалған клиникалары
денсаулық сақтау клиникаларында
озық халықаралық практиканы іске
асыру мақсатында 2014-2015 жылдары
JCI аккредитациясын алуға ұмтылуда.
25
• жаңа технологияларды трансферттеу және коммерциялау;
• Назарбаев Университеті төңірегінде жоғары технологиялық компаниялардың
"белдеуін" дамыту;
• Назарбаев Университетінің түлектері үшін жаңа жұмыс орындарын құру.
ИИК-тің негізгі элементтері: коммерциялау офисі, бизнес-инкубатор, инженерлік
орталық, технопарк, ғылыми парк және венчурлық қорлар.
VII.
Назарбаев Университеті 2020 жылда
2020 жылға қарай Назарбаев Университеті бакалавриат бағдарламасы бойынша 6
шығарылым немесе 3000-нан астам түлекті оқытып шығарады. 2000-ға жуық
студент Университетті магистр дәрежесінде бітіреді және 300 түлек PhD дәрежесін
алады. Сан жағынан қарағанда 2020 жылы білім алушылардың контингенті
бакалавриат бағдарламасы бойынша 4000-ға жуық студентті және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім бағдарламасы бойынша 2000-нан астам студентті құрайды,
оның ішінде олардың 15 пайызға жуығы докторантурада білімдерін жалғастырады.
Халықаралық студенттердің бөлігі студенттер контингентінің 1/5 құрайтын болады
деп күтілуде. Бакалавриат бағдарламасы түлектерінің 2/3 астам бөлігі оқу бітірген
соң үш жылдың ішінде жоғары оқу орнынан кейінгі халықаралық үздік
бағдарламалар бойынша оқуды жалғастыратын болады. Жұмысқа орналасқысы
келетін түлектер үшін Назарбаев Университеті халықаралық корпорациялар,
қазақстандық компаниялар, мемлекеттік мекемелер, сабақ беру, ғылыми зерттеу,
жеке бизнес немесе әріптестік саласындағы қызмет, коммерциялық емес ұйымдар,
бұқаралық ақпарат құралдары мен саясат сияқты санаттарда олардың өсу жолын
бақылап отыратын орналастыру жүйесін құрастыратын болады.
ОПҚ-ны жұмысқа жалдау, дамыту және жұмысқа тарту Университеттің
халықаралық танымал зерттеу университеті ретінде қалыптасуы барысында
тұрақтандырылатын болады. Сабақ беру сапасы саласында тұтас емес көрсеткіш
бола тұрып, индикативтік мақсат ОПҚ-ның үштен бір бөлігін Университеттің
әріптес университеттерінде теньюр позициясында мамандандыруға бейімделетін
болады.
Назарбаев Университетінің мектептері ұсынатын барлық бағдарламалар
«халықаралық алтын стандарттармен» танылған тиісті аккредиттеу ұйымдарымен
аккредиттелетін болады немесе жоғары басымды академиялық стандарттарды
қамтыған болып танылады. Назарбаев Университеті сапаны бақылау жөніндегі
сыртқы агенттіктердің тиісті сертификат(тар)ын алумен бірге Болон процесінің
белсенді қатысушысы болады, сондай-ақ өз жетістіктерін халықаралық
қаржыландыру мүмкіндіктері арқылы барынша пайда түсіретін болады. Жалпы
Назарбаев Университеті институционалдық аккредиттеуді алады немесе оны
алудың соңғы кезеңінде болады.
Ғылыми зерттеулер саласында Назарбаев Университетінің мектептері мен бейінді
ғылыми
орталықтары
арасындағы
интеграция
аяқталады.
Назарбаев
Университетінің ғылыми орталықтары өздерін Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерде көшбасшы орталық ретінде таныстырады. Кез келген уақытта 1000-ға
жуық зерттеушілер Назарбаев Университетімен байланыса алады. Оқытушы-
профессорлар құрамының әртүрлі мүдделерін білдіретін Назарбаев Университетінің
зерттеулері Қазақстанның негізгі стратегиялық басымдықтарына, мысалы,
26
энергетика саласында, атап айтқанда, жаңартылатын және балама энергия көздері,
био-медициналық зерттеулер мен технологиялар, есептеу ғылымдары мен
робототехника, сондай-ақ коммуникациялық технологиялар саласында ықпал ете
алады. EXPO 2017 энергетикаға байланысты зерттеулер мен тұжырымдамаларда
Қазақстанға серпіліс берумен қатар, Назарбаев Университетіне инновациялық
энергетикалық технологиялар мен шешімдердегі трансляциялық/қолданбалы
зерттеулердің алғашқы нәтижелерін беретін платформаны ұсынатын болады.
Назарбаев Университетінің төңірегіндегі технологиялық және ғылыми парктер
кәсіпкерлік саладағы консультациялармен бірге тәжірибелі үлгілерді зерттеу мен
әзірлеу қызметтерінен бастап қаржыландыруға рұқсат беруге дейін зерттеушілерге
қолдау көрсету үшін толық эко-жүйені құрастырады. Климаттың өзгеруі және
тұрақты даму/жасыл экономика Астананың зерттеулер мен әзірлемелер орталығы
ретінде танылуына ықпал ете отырып, Университеттің ғылыми қауымдастығы үшін
мета-тақырып түрінде көпшіліктің назарына алынады.
Назарбаев Университетінің Медицинасы, Университеттің интеграцияланған
академиялық денсаулық сақтау жүйесі дәрігерлердің, медбикелердің, зерттеушілер
мен клиникаларды басқарушылардың жаңа буынын құра отырып, өзін ұлттық
бренд ретінде танытатын болады. Медициналық қызметтер мен зерттеулердің
жоғары сапасы медициналық туристерді Еуропадан Астанаға тартуға мүмкіндік
береді.
Назарбаев Университетінің тәжірибесін трансляциялаудың арқасында Қазақстан
университеттерінің 1/3 жуығы академиялық еркіндікке, институционалдық
дербестікке және нақты тұжырымдалған есеп беруге негізделген Университеттің
моделі бойынша институционалдық және сапалы реформаларға кірісетін болады.
Назарбаев Университеті жасайтын білім беру және ғылыми-зерттеу эко-жүйесі
жалпы Қазақстандағы білім беру мен ғылыми жүйені мәнді түрде өзгертеді, осы
арқылы он жыл бұрын басталған алғашқы тұжырымдаманың дұрыстығын
растайды.
Түйіндеме: Университет өзінің өсіп-өркендеуі мен дамуында қарымды қадамдарды
жасауына байланысты, Назарбаев Университеті 2020 жылға қарай әртүрлі
халықаралық университеттердің рейтингісінде жоғары орынды алатын болады.
Жоғарыда баяндалғанның барлығы Назарбаев Университетінің алға қарай
ұмтылысы болып табылады.
VIII.
Қорытынды
Назарбаев Университеті дамудың әлемдегі бірегей жаңа даму моделі болып
табылады, ол терең ойластырылған және бүгінгі таңда іске асырылуда. Оның
негізінде академиялық еркіндік пен институционалдық дербестікті көздейтін,
заманауи және бәсекеге қабілетті білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу
мекемесінің іргетасы болып табылатын, тиісті заңнамамен бекітілген заманауи
басқару құрылымы жатыр.
Назарбаев Университеті мен интеллектуалдық-инновациялық кластер – бұл
Қазақстанның жаңарту және әртараптандыру бойынша ұмтылыстарының негізі
болып табылатын басымды, бірегей ұлттық жобалар. Университет пен кластер
экономиканың барлық салаларындағы өзгерістер мен инновациялардың негізгі
27
ұйтқысына және Қазақстанның Еуразиядағы ғылыми зерттеулер мен білім беру
орталығы ретінде қалыптасуының қозғаушы күшіне айналады.
Осы уақытқа дейін Назарбаев Университеті дарынды, кәсіпқой, өз ісіне адал және
мақсатқа ұмтылған әріптестер тобының арқасында көп жетістіктерге жетті,
дегенмен Назарбаев Университетінің әлемдік деңгейдегі білім беру және ғылыми-
зерттеу орны ретінде қалыптасу жолы ұзақ әрі қиын болмақ. Жас университеттің
дамуына үлкен ықпал ететін төрт міндет: (I) осы университетке салынатын
қомақты инвестициялардың іс жүзінде Қазақстанның дамуына ықпал ететіндігін
Қазақстан қоғамдастығына дәлелдеу; (II) Қазақстан көшбасшыларының келешек
ұрпағы Университетке адалдығын шын мәнінде растайды; (III) Университеттің тек
қана заңды түрде емес, сонымен қатар шын мәнінде дербес академиялық мекемеге
айналуы; (IV) халықаралық бәсекелестік ортада табысқа жету.
28
Қосымша: Назарбаев Университетінің жетістіктері
Назарбаев Университетінің 2010-2012 жж. жетістіктері
23-24 сәуір 2009 ж.
-
Астанадағы жаңа халықаралық университеттің
презентациясына арналған семинар өткізу.
Қатысушылар: ҚР Білім және ғылым министрі
Ж.Түймебаев, Кембридж университетінің вице-
канцлер орынбасары А. Лонсдейл, Стэнфорд
университетінің
Қамқоршылық
кеңесінің
хатшысы Дж. Юхтел, Лондон Университеті
Колледжінің вице-проректоры М. Уартон, басқа
университеттердің профессорлары. Семинарда
Қамқоршылық
және
консультативтік
кеңестерді қалыптастыру жөніндегі ұсынымдар
әзірленді,
сондай-ақ
университеттер
арасындағы
ынтымақтастық
туралы
келісімдерге қол қойылды.
17 қазан 2009 ж.
-
Қазақстан
Республикасының
Премьер-
Министрі
К.
Мәсімовтің
басшылығымен
«Астананың Жаңа университеті» Директорлар
кеңесінің
бірінші
кеңесін
өткізу.
Университеттің 2010-2012 жылдарға арналған
Даму стратегиясы бекітілді.
7 маусым 2010 ж.
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне
сәйкес «Астананың Жаңа университеті» өз
атауын «Назарбаев Университеті» (бұдан әрі –
Университет) деп өзгертті.
Қыркүйек 2010 ж.
-
Университет
Дайындық
орталығының
«Foundation»
бағдарламасына
алғашқы
студенттерді қабылдады.
5 қазан 2010 ж.
-
Энергетикалық
зерттеулер
орталығының
ашылуы
16 қазан 2010 ж.
-
Білім беру саясаты орталығының ашылуы
6 желтоқсан 2010 ж. -
Қазақстан Республикасы Президентінің тұңғыш
ректорды (Шигео Катсу) тағайындауы
7 желтоқсан 2010 ж. -
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев
Университет
студенттеріне
алғашқы лекциясын оқыды
8 желтоқсан 2010 ж. -
Өмір туралы ғылымдар орталығының ашылуы
19 қаңтар 2011 ж.
-
Қазақстан
Республикасы
Президентінің
«Назарбаев
Университеті»,
«Назарбаев
Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры»
29
мәртебесі туралы» Заңға қол қоюы
3-4 наурыз 2011 ж.
-
Энергетикалық
зерттеулер
орталығы
ұйымдастырған Халықаралық энергетикалық
агенттікпен бірлескен экологиялық таза
технологиялар симпозиумының өтуі
Наурыз 2011 ж.
-
Алғашқы студенттік үкімет құрылды
15 маусым 2011 ж.
-
Университеттің құқықтық мәртебесінің «дербес
білім беру ұйымы» болып өзгеруі
16 маусым 2011 ж.
-
Жоғары
Қамқоршылық
кеңес
пен
Қамқоршылық кеңестің бірінші отырысын
өткізу. 2012-2020 жылдарға арналған негізгі
стратегиялық бағыттар мақұлданды
Маусым 2011 ж.
-
Дайындық
орталығында
«Foundation»
дайындық бағдарламасының бірінші жылының
аяқталуы
31 тамыз 2011 ж.
-
Foundation бағдарламасын табысты аяқтап,
сертификат алған студенттерге арналған
3 бакалавриат мектебінің ашылуы.
Қыркүйек 2011 ж.
-
Университеттің алғашқы ғылыми еңбектерінің
жариялануы
21 қыркүйек 2011 ж. -
Ұлттық медициналық холдинг пен оның
ауруханалар жүйесінің Өмір туралы ғылымдар
орталығымен
және
болашақ
Медицина
мектебімен
қоса,
интеграцияланған
академиялық білім беру жүйесін құрудағы
маңызды қадам ретінде Университетке берілуі
Қараша 2011 ж.
-
Білім беру саясаты орталығы ұйымдастырған
«Білім берудегі қазіргі заманғы бағыттар»
бірінші халықаралық конференциясы
11-12 қараша 2011 ж. -
Өмір
туралы
ғылымдар
орталығы
ұйымдастырған «Регенеративтік медицина
және ұзақ өмір сүрудің жоғары сапасы» атты
бірінші халықаралық конференция
22 желтоқсан 2011 ж. -
Бас жоспардың инфрақұрылымы – екінші
кезеңнің басталуы
28 желтоқсан 2011 ж. -
Ғылым жөніндегі орталық кеңсенің іске
қосылуы
30
27 ақпан 2012 ж.
-
Алғашқы
зерттеу
гранттарының
берілуі
(Ғылым жөніндегі орталық кеңсесімен)
2 наурыз 2012 ж.
-
Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығының
(ҰМХ клиникасы) ТМД елдері арасынан бірінші
болып Біріккен халықаралық комиссияның
аккредиттеуінен өтуі
Наурыз 2012 ж.
-
ҰМХ-ның 2012 – 2020 жылдарға арналған Даму
стратегиясын бекіту
29 наурыз 2012 ж.
-
Алғашқы мемлекеттік грантты алу (Білім және
ғылым министрлігінен)
5 қыркүйек 2012 ж.
-
Жоғары білім беру мектебінің ашылуы.
Президент Интеллектуалдық-инновациялық
кластерді ұйымдастыру мен іске асыруға
мандат берді
Достарыңызбен бөлісу: |