Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі



жүктеу 361,05 Kb.
Pdf просмотр
бет4/11
Дата16.02.2018
өлшемі361,05 Kb.
#9841
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

 



орталықтарымен  әріптестік  орнатты.  Шетелдік  әріптестер  әлемдік  деңгейдегі 

академиялық және зерттеу университеттерінің маңызды тұстарын дамыту жолында 

Университетке  жан-жақты  көмек  көрсетуде.  Әріптестердің  Университетке  берген 

алғашқы  ұсынымдарының  бірі  Назарбаев  Университетінің  жұмыс  істеуі  үшін 

қажетті құқықтық ортаны реформалау қажеттігі болды.  

Құқықтық негіз 

Назарбаев  Университетінің  қалыптасу  кезеңінде  әлемдік  деңгейде  бәсекелесе 

алатын  Университетті  ашу  үшін  оған  әлем  университеттеріне  сай  озық  басқару 

құрылымы  бар  құқықтық  ортада  жұмыс  істеу  қажет  деп  айқындалды.  Елбасы 

Нұрсұлтан  Назарбаев  2011  жылғы  19  қаңтарда  «Назарбаев  Университеті», 

«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  және  «Назарбаев  Қоры»  мәртебесі  туралы» 

заңға  қол  қойды,  осыған  сәйкес  заманауи  университетке  сай  құқықтық  база 

құрылды. 

Заң  Университетті  басқарудың  жаңа  нысандарын  көздейді.  Президент  Нұрсұлтан 

Назарбаев  басқаратын  Жоғары  Қамқоршылық  кеңес  Назарбаев  Университетінің, 

сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және Назарбаев Қорының қызметін 

бақылауды  жүзеге  асырады,  олардың  ұзақ  мерзімді  стратегияларын  бекітеді, 

Қамқоршылық 

кеңестердің 

мүшелерін 

тағайындайды 

және 

Назарбаев 



Университетінің,  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінің  және  Назарбаев  Қорының 

құрылуы 


жөнінде 

шешімдер 

қабылдайды. 

Назарбаев 

Университетінің 

Қамқоршылық  кеңесі  Университеттің  саясатын  айқындайды,  оның  бюджетін 

бекітеді,  сондай-ақ  Университеттің  негізгі  басшыларын  қызметке  тағайындайды. 

Шешімдерді қабылдау кезінде барабар үйлесімділікті және бақылауды жүзеге асыру 

мақсатында  Университеттің,  Мектептер  мен  Қордың  Қамқоршылық  кеңестерінің 

құрамына  ғалымдар,  академиялық  әлемнің,  қоғам  және  мемлекеттің  танымал 

өкілдері  енеді.  Бұл  жаңа  құқықтық  жүйе,  жаңа  заңда  белгіленген  оның 

институционалдық  дербестік,  академиялық  еркіндік  қағидаттары  мен  басқару 

жүйелері басқа қазақстандық университеттерге үлгі ретіндегі модель болуы тиіс. 

Әріптестік моделі 

Назарбаев  Университетінің  әріптестері:  Кэмбридж  Университеті,  Карнеги-Меллон 

Университеті,  Колорадо  Тау-кен  ісі  университеті,  Дъюк  Университеті,  Сингапур 

Ұлттық  Университеті,  Лондон  Университет  Колледжі,  Пенсильвания  Университеті, 

Питтсбург  Университеті,  Висконсин-Мэдисон  Университеті  және  ғылыми 

зерттеулер саласындағы әріптестері: Берклидегі Лоуренс ұлттық зертханасы, Аргон 

Ұлттық  Зертханасы,  Питтсбург  Университеті,  Дьюк  университетінің  академиялық 

медициналық  орталығы,  жапондық  Ұлттық  онкология  институты  және  басқалар. 

Университеттің  әріптестері  жоғары  білім  мен  ғылыми  зерттеулердің  ең  жоғарғы 

әлемдік  стандаттарына  жауап  беретін,  осыған  сай  бірегей  қазақстандық 

университет  болатын  жоғары  оқу  орнын  құруға  атсалысады.  Әріптестерімен  өзара 

қарым-қатынастарда  Назарбаев  Университеті  өзара  іс-қимыл  жасасудың  негізгі 

сәттерін белгілейді. 

Әлемдегі озық тәжірибені пайдалану  

Зерттеу университетін жаңадан құрудың қиыншылықтырымен қатар айтарлықтай 

артықшылықтары  да  бар.  Назарбаев  Университеті  озық  тәжірибелерді  қабылдап 

қана  қоймай,  басқа  университеттердің  бұрынғы  және  қазіргі  уақытта  жіберіп 

отырған  қателіктерінен  сабақ  алуға  мүмкіндігі  бар.  Университеттің  әріптестері 



 

10 


 

оқшаулылыққа  және  оқу  бағдарламаларында  сабақтастықтың  болмауына  жол 

бермеу  қажеттігіне  ерекше  көңіл  бөлді,  себебі  бұл  көптеген  аяғына  тұрған 

университеттердің  күрделі  мәселесі  болды.  21-ші  ғасырдың  сын-қатеріне  жауап  

ретінде қойылған проблемаларды шешу және инновацияларды енгізу үшін оқытуда 

пәнаралық  тәсіл  қажет.  Университет  студенттер  мен  оқытушылардың  осы 

міндеттерді  шешуде  бәсекелестік  артықшылыққа  ие  болуы  үшін  ғылыми-зерттеу 

қызметтегі,  әсіресе  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  бағдарламалары 

бойынша пәнаралық тәсілге ерекше көңіл бөлетін болады. Назарбаев Университеті 

сыртқы  ортамен  өзара  қарым-қатынастарда  ашықтықты  жақтаушы  бола  тұра, 

әртүрлі  білім  беру  және  ғылыми  мекемелермен  белсенді  түрде  өзара  іс-қимыл 

жасасады. 



Мәдениет және құндылықтар  

Мәдени  әралуандылық  жетекші  университеттер  дамуының  ажырамас  бөлігі  болып 

табылады. Мәдени әралуандылық пен толеранттылық университеттік мәдениеттің 

бөлігі ретінде білімнің, ғылым мен қоғамдастықтың барлық салаларына енгізілетін 

болады.  Университеттің  негізін  қалаушы  қағидаттардың  бірі  нәсілдік,  діни, 

гендерлік,  әлеуметтік  мәртебесіне  немесе  физикалық  мүмкіндіктеріне  қарамастан, 

барлығы үшін тең қолжетімділік болып табылады. Назарбаев Университеті, ондағы 

іріктеу үміткерлер жетістіктерінің негізінде жүзеге асырылып, барлық дарынды әрі 

қабілетті  жастар,  оқытушы-профессорлар  құрамы  мен  зерттеушілер  үшін  әрдайым 

ашық.  


Тұтастық  Университеттегі  оқу,  зерттеу,  басқарушылық  салалар  мен  студенттік 

өмірдің  барлық  аспектілерінде  негіз  құраушы  құндылықтардың  бірі  болып 

табылады. Студенттер, оқытушылар мен зерттеушілер үшін

 

өз міндеттерін орындау 



кезінде  жоғары  этикалық  қағидаттар  мен  кәсіпқойлықты  сақтауы  негізгі 

талаптардың  бірі  болып  табылады.  Өзіндік  мәдениетін  жасағанда  ғана  Назарбаев 

Университеті  оқытушылық  пен  зерттеу  қызметінде  жоғары  сатыға  жеткен  бірегей 

қазақстандық  университет  ретінде  танымал  болады.  Назарбаев  Университетінің 

болашақ  түлектері  проблемаларды  шешуде  жоғары  дәрежелі  мамандандырылған 

білімі мен қабілеттері бар көшбасшы, жоғары деңгейдегі маман болып қана қоймай, 

өз 

елінің,  қоғамының 



алдындағы 

борышы, 


азаматтық 

жауапкершілік, 

толеранттылық  пен  түсінушілік  сезімін  бойына  терең  бойлатқан,  белсенді  қоғам 

мүшесі болады. 



Басқару жүйесі 

Барлық жетекші университеттердің негізгі өзегі басқару жүйесі болып табылады, ол 

университет  жұмысында  басшылыққа  алынатын  нұсқаулықтарға,  үрдістер  мен 

рәсімдерге негізделген

.

 Назарбаев Университетінің басқару құрылымы Университет 



өз дамуында басшылыққа алатын қағидаттарға (1-ендірме) негізделген.  

Осы  қағидаттарды  қамтамасыз  ету  үшін  Назарбаев  Университетінде  Университет 

басшылығынан,  академиялық  және  ғылыми  кеңестерден  бастап  алқалық  басқару 

құрылымы  құрылған.  Бұдан  басқа,  кейбір  арнайы  комитеттер  құрылуда, 

оқытушылар оқытушы-профессорлар сенатын ұйымдастырды. 

Назарбаев  Университеті  Мектептерінің  өзіндік  жеке  басқару  құрылымы  бар,  олар 

мектептің Комитетінен, оқу және, қажетіне қарай, тәртіптік комитеттерден тұрады.

 

Назарбаев  Университеті  Мектептерінің  өзіндік  жеке  басқару  құрылымы  бар,  олар 



мектептің Комитетінен, оқу және, қажетіне қарай, тәртіптік комитеттерден тұрады. 


жүктеу 361,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау