Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі



жүктеу 361,05 Kb.
Pdf просмотр
бет8/11
Дата16.02.2018
өлшемі361,05 Kb.
#9841
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

17 


 

басқа да студенттік ұйымдардың дамуына ықпал етеді. Назарбаев Университетінде 

қызыққа  толы  студенттік  өмірді  қамтамасыз  ету  үшін  оқытушы-профессорлар 

құрамы  мен  қызметкерлер  студенттік  ұйымдармен  белсенді  жұмыс  істеуге 

тартылады.  Студенттер  қоғамдастықпен  өзара  іс-қимыл  жасасып,  Университеттен 

тысқары қоғамдық аясы кең іс-шараларға тартылуы тиіс. 



Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қызметтер  

Студенттер  мүмкіндіктерді  зерттеу  және  өздеріне  қажетті  қосымша  дағдылар  мен 

тәжірибені  алу  үшін  ресурстарға  қолжетімділікке  ие  болады.  Университетте 

Студенттерді  кәсіптік  бейімдеу  және  дамыту  орталығы  құрылған,  ол  студенттерге 

әлеуетті  жұмыс  берушілермен  кездесуге  мүмкіндік  береді,  мансапты  дамыту 

мәселелері  бойынша  консультация  берілуін  қамтамасыз  етеді,  жұмыс  іздеу 

дағдыларын  үйрету  жөнінде  семинарлар  өткізеді  және  студенттерге  нарықтың 

қажеттіліктеріне  сай  келетін  дағдылары  мен  мүмкіндіктерін  бағалауда  көмек 

көрсетеді.  

Кампус 

Университеттің академиялық көшбасшылыққа жетуі тек студенттерге, оқытушылар 

мен  зерттеушілерге  ғана  байланысты  емес,  сонымен  қатар  оның  материалдық 

жабдықталуына,  оқу  ғимараттарына,  кітапханасына,  зертханаларына,  демалу 

орындарына, жатақханаларына, сондай-ақ қызметкерлерге арналған үй-жайларына 

да  байланысты.  Университеттің  бас  жоспары  халықаралық  стандарттарға  жауап 

беретін білім алу ортасы мен ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын құруды көздейді. 

Университеттің Бас жоспары  

Назарбаев  Университетінің  Бас  жоспарының  жобасы  әріптес  университеттер  мен 

ғылыми-зерттеу орталықтарының ұсыныстарынан басталады. Университеттің өсіп 

отырған қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылыс 4 кезекке бөлінген. Бірінші 

кезек  2010  жылдың  қыркүйек  айында  аяқталды.  2013  жылдың  желтоқсан  айында 

аяқталады  деп  жоспарланып  отырған  екінші  кезекте  оқытушыларға  арналған 

тұрғын үй, зертханалар мен мектептер құрылысы кеңейтілетін болады. Үшінші және 

төртінші  кезектер  оқытушылар  мен  студенттерге  арналған  тұрғын  үй  құрылысын 

кеңейтуден,  сондай-ақ  ғылымды  дамыту  мен  интеллектуалдық-инновациялық 

кластерді  құрудың  негізін  салатын  зертханалар  мен  оқу  үй-жайларының 

құрылысын инвестициялауды жалғастырудан тұрады.   

Кітапхана 

Заманауи,  қолжетімді,  инновациялық  кітапхана  кез  келген  университеттің  сапасы 

мен  өсуіне  негіз  болатын  талап  болып  табылады.  Назарбаев  Университетінің 

кітапханасында  оны  Еуразия  өңіріндегі  жетекші  университет  ретінде  көрсететін 

Университет  пайымдауы  мен  оның  миссиясын  қолдау  үшін  біліктілігі  жоғары 

кітапханашылар  мен  ресурстардың  бірегей  жиынтығы  бар.  Кітапхана  өзінің  баспа 

және  электрондық  ақпараттық  ресурстар  жиынтығын  дамыту  мен  кеңейту 

жұмыстарын жалғастыратын болады. Электрондық ресурстарды дамытуға, сондай-

ақ,  олардың  пайда  болуына  қарай,  жаңа  технологиялардың  интеграциясына  да  

үлкен  көңіл  бөлінетін  болады.  Электрондық  ресурстардың көрнекті  жиынтықтары 

мен  жаңа  технологияларды  енгізу  Назарбаев  Университеті    кітапханасының 

Орталық  Азияның  жетекші  кітапханасына  айналуына  мүмкіндік  береді.  Кітапхана 

сондай-ақ  Қазақстан аумағында  және  Еуразия  өңірінде  кәсіпқой-кітапханашыларға 

арналған оқу орталығы ретінде қызмет ететін болады. 




 

18 


 

Үйрететін технологиялар 

Назарбаев Университеті соңғы шығарылған білім өнімдерін ұсыну үшін ең жаңа оқу 

және ақпараттық технологияларды енгізуге ұмтылады. Университеттің студенттері  

алдыңғы  қатарлы  педагогикалық  әдістемелерге  сай  және  ең  озық  білім  беру 

ресурстарын  пайдалана  отырып,  білім  алады.  Бұдан  әрі  Университет  танымал 

халықаралық 

университеттердің 

бағдарламаларымен 

қатар, 

Университет 



бағдарламаларының  бәсекелестік  артықшылықтарын  қамтамасыз  ету  үшін  өз 

технологиялық инфрақұрылымын дамытатын болады. 



IV. 

Ғылыми көшбасшылық  

Университеттің  табысты  болуы  үшін  басымды  және  жоғары  сапалы  ғылыми 

бағдарламалар  өте  қажет.  Ғылыми  зерттеулерді  жүргізу  университет  бойынша 

оқытушыларды,  сол  сияқты  ғылыми  орталықтарды  тарта  отырып,  бағдарламалар 

мен  жобаларды  үйлестіру  арқылы  жүзеге  асырылады.  Жетекші  зерттеу 

университеттерінің  үлгісі  бойынша  Университеттің  оқытушылары  ғылыммен 

айналысады,  ғылыми  зерттеулер  бағдарламаларына  тұрақты  түрде  қатысады,  өз 

зерттеулерінің  қорытындыларын  жария  етеді,  сондай-ақ  Университеттің 

қолдауымен  әлемдегі  зерттеу  институттарымен  және  олардың  қызметкерлерімен 

байланыс  орнатады  деп  көзделуде.  Оқытушылар  Университеттің  ішкі  ғылыми 

гранттарының  қолдауымен,  сырттан  гранттар  тартуға  жәрдемдесудің,  сондай-ақ 

зерттеу  басымдықтарының  шеңберінде  пәнаралық  зерттеулер  жүргізеді  деп 

танылған  бірқатар  ғылыми  зерттеу  орталықтарының  туындаған  құрылымына 

негізделіп,  олардың  пәндеріне  неғұрлым  сай  келетін  тәсілдермен  ғылыми 

зерттеулер жүргізе алады.  

 

Ғылыми көшбасшылыққа қол жеткізу және Қазақстанның салған инвестицияларын 



ақтау үшін Университетке мына екі бағыттағы табысты зерттеулерді дамыту қажет: 

Университетке  халықаралық  деңгейде  бәсекелесуге  мүмкіндік  беретін  үлгілі 

зерттеулер, сондай-ақ қысқа мерзімді перспективада  Қазақстанға және бүкіл әлемге 

өте  пайдалы  нәтижелер  әкелетін  зерттеулер.  Университетте  екі  бағыт  бойынша  

ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мен қолдау тетігі қарастырылған. 

 

Университеттің  ғылыми  зерттеулері  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 



жанындағы 

Жоғары 


ғылыми-техникалық 

комиссия 

айқындаған 

негізгі 


басымдықтарға  сай  келетін  болады.  Оқытушылар  мен  ғалымдар  осы 

басымдықтардың  шеңберінде  нәтижелерді  іске  асыру  мақсатында  зерттеу 

гранттарын алу үшін бәсекелеседі. 

Назарбаев  Университетінің  оқытушылары  мен  зерттеушілері  сыртқы  көздерден  

гранттар,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің 

гранттарын  да  алуға  өтінімдер  бере  алады.  Сыртқы  гранттарға  барлық  өтінімер 

университеттік  деңгейде  қарауға  ұсынылуы  тиіс.  Назарбаев  Университетінің 

ғылыми  кеңесі  ұсыныстардың  сапасын  қамтамасыз  ету  және  Университеттің 

қалыптасатын  ғылыми  беделін  қолдау  мақсатында  халықаралық  сараптамалық 

бағалаудан  өткізу  үшін  сыртқы  қаржыландыруға  қатысты  барлық  ұсыныстардың 

берілуіне  кепілдік  береді.  Университет  ұсыныстарын  тәуелсіз  сараптауды 

америкалық сараптамалық бағалау агенттігі жүргізеді. 

Кейіннен  Назарбаев  Университеті  институционалдық  даму  және  Университеттің 

ОПҚ мен зерттеушілері үшін "бір терезе" қағидаты бойынша қызметтерді көрсететін 




жүктеу 361,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау