|
Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы 51-шығарылым§ 1. Эфир майларын өңдеу аппаратшысы
|
бет | 11/20 | Дата | 27.11.2017 | өлшемі | 4,95 Mb. | | #1990 |
| § 1. Эфир майларын өңдеу аппаратшысы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Эфир майын өңдеу процесін бірнеше кезекті сатыларда жүргізу (тұндыру, фазаларды бөлу, кептіру, сүзу). Дайын майды жинағышқа құю және тараға өлшеп орау. Шикізат пен дайын өнімнің деңгейлерін өлшеу, есебін алу. Сынама алу және талдауға тапсыру. Технологиялық журналды жүргізу. Тұндырғыштарға, бөлу воронкаларына, кептіру және сүзу қондырғыларына қызмет көрсету. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын бақылау.
Білуге тиіс: эфир майын өңдеу технологиясын; эфир майын өңдеу процестерін реттеу ережесін; эфир майларының ассортиментін, олардың физикалық-химиялық қасиеттерін; эфир майларының сапасына қойылатын талаптарды.
2. Эфир май шикізатын ферментациялау аппаратшысы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Эфир май шикізатын ферменттеу процесін ферментатор-аппараттарда біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу. Шикізатты консервілеу үшін аппараттарға салу. Ферментатор-аппараттарға тұзды ерітінді беру, массаны араластыру, қыздыру, ерітіндіні байпас арқылы қайта айдау, массаны гидродистилляцияға беру. Шикізатты, консервілеу аппараттарын, бактарды, насостарды, көлкі құралдарын сақтауға арналған алаңға қызмет көрсету. Жабдықтың жұмысын қадағалау. Аппараттарды толтыру, қосу, тоқтату және жуу.
Білуге тиіс: эфир май шикізатын ферменттеудің технологиялық процесін; пайдаланылатын шикізат ассортиментін және оның қасиеттерін; эфир май шикізатын сақтаудың ережесі мен тәсілдерін; қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс принципін.
3. Эфир май шикізатын ферментациялау аппаратшысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Эфир май шикізатын ферменттеу процесін бос күйінде хош иісті заттардың жиналуы және бөлінуі үшін ферментатор-аппараттарда ас тұзы ерітіндісімен жүргізу. Тұзды ерітіндіні тұзеріткіштерде дайындау. Шикізатты қабылдау. Келіп түскен шикізат есебін жүргізу. Талап етілетін концентрациядағы ерітіндіні дайындауға қажетті ас тұзын есептеу. Технологиялық нұсқаулықта көзделген технологиялық режимді ұстау. Шикізаттың келіп түскен уақытына және оның сапасына қарай ферментациялау шарттарын сақтау, ферментациялау процесінің басталуы мен аяқталуын бақылау. Шикізат массасындағы температура режимдерін бақылау. Технологиялық журналды жүргізу.
Білуге тиіс: эфир май шикізатын ферменттеу технологиясын; жабдықтың белгіленген режимнен ауытқу себептерін және оларды жою тәсілдерін; қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын; шикізаттың және өнімнің сапасына қойылатын талаптарды.
2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі
Р/с№
|
Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы
|
Разряд
тар диапазоны
|
2004 жылы шығарылған
БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулар
|
Разрядтар диапазоны
|
БТ
БА
шығарылым
№
|
Бөлімнің қысқартылған атауы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1.
|
Эфир майларын өңдеу
аппаратшысы
|
3
|
Эфир майларын өңдеу
аппаратшысы
|
3
|
51
|
Эфир май
|
2.
|
Эфир май шикізатын ферментациялау аппаратшысы
|
3-4
|
Эфир май шикізатын ферментациялау аппаратшысы
|
3-4
|
51
|
-"-
|
«ШӘЙ ӨНДІРІСІ» бөлімі
§ 1. Шәйді суырушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дайын шәйді шәй суырғыштарда суыру. Шәйді жеткізу және суыру бункеріне салу. Машиналарды іске қосу және ажырату, процесс барысын қадағалау. Суырғыш валцылары арасындағы саңылауды реттеу. Суырылған шәйді жинастыру және салу. Суырғыштарды кезеңдеп тазалау және майлау. Байха шәйінен бөгде қоспаларды, жарамсыз шәй қиындысын алу. Купаждалған лао-чаны пеш арқылы алу және оны қарау үстелінде мұқият сұрыптау, бөгде қоспаларды, жарамсыз шәй қиындысын алу. Тазартылған лао-ча материалын үлестеуге беру.
Білуге тиіс: суырудың процесі технологиясын; шәй суырғыштардың құрылымы мен жұмыс принципін; дайын байха шәйінің түрлерін; шәйді қолмен алу ережесін; лао-ча материалының сыртқы және ішкі қаптамасының айырмашылығын; шәйдің сапасына және одан бөгде қоспалардан, жарамсыз шәй қиындысынын тазалауға қойылатын талаптарды.
§ 2. Шәй жәшіктерін жасаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шәй жәшіктерін шикізатқа, жартылай шикізатқа және дайын өнімге арналған пакет-салмасыз дайындау. Циркулярлы арамен үйеңкі мен планкаларды іріктеу және кесу. Планкалар мен тақтайларды сүргілеу станогында өңдеу. Қағазды, темірді кесу. Планкалар мен дайын өнімге арналған жәшік қабырғаларын ораама қағазбен, фольгамен және подпергамент қағазымен орау. Жәшіктерді қиыстыру. Жәшіктерді орамдауға арналған бұрыштар мен таспаларды жасау. Жәшіктерді орамдау. Кесуші құралдарды кезеңдеп тазалау, майлау және қайрау.
Білуге тиіс: шикізатқа, жартылай шикізатқа және дайын өнімге арналған жәшіктерге қойлытан талаптарды; шәй жәшіктерін жасау үшін қолданылатын материалдардың түрлерін; циркулярлы араның, кесу және сүргілеу станогының құрылымын, пайдалану ережесін және оларды күтіп ұстау ержесін.
Қаптаманы қажет етпейтін жәшіктерді жасау кезінде - 2-разряд.
§ 3. Шәй жәшіктерін жасаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шәй жәшіктері мен дайын өнімге арналған пакет-салмаларды дайындау. Циркулярлы арамен үйеңкі мен планкаларды іріктеу және кесу. Планкалар мен тақтайларды сүргілеу станогында өңдеу. Сым мен болат таспаны белгіленген мөлшер бойынша кесу. Пакет-салмаларды дайындау үшін орама қағазды фольга мен подпергамент қағазын кесу. Жәшіктерді құрастыру және қиыстыру. Кесуші құралдарды кезеңдеп тазалау, майлау және қайрау. Пневмопистолеттерді, шеге қағатын, тігетін және басқа да қызмет көрсететін жабдықтарды тазалау, майлау және ақауларын жою.
Білуге тиіс: дайын өнімге арналған жәшіктер мен пакет-салмаларға қойылатын талаптарды; шеге қағатын, тігетін және басқа да қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымын, пайдалану ережесін және оларды күтіп ұстау ережесін; пакет-салмаларға жасау тәсілдерін; жәшіктерді болат сыммен бекіту тәсілдерін; қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін.
§ 4. Шәйді купаждаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тақта көк шәйға арналған купажды дайындау. Қаптама және ішкі лао-ча материалын санаттар мен түрлері бойынша қолмен араластыру. Органолептиялық зертхананың акті-наряды бойынша шикізатты іріктеу. Лао-чаны люктерге белгілі бір қабаттармен жеткізу және түсіру, шағын үлеспен іріктеу, араластыру және люктер арқылы булауға жіберу. Транспортерлерді кезеңдеп тазалау. Белгіленген есепті жүргізу.
Білуге тиіс: лао-чаға арналған купажды дайындау технологиясын; органолептиялық зертхананың купажға арналған акті-нарядын; паптама және ішкі лао-ча материалының санаттары мен түрлері арасындағы айырмашылықтарды.
§ 5. Шәйді купаждаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тақта немесе байхы қара шәй өндірісіне арналған купажды дайындау. Купаж барабандарына қызмет көрсету. Барабандарды ашу және олардың шәй шикізатымен толтырылуын қадағалау. Купаж барабандарын қосу және ажырату. Араластыру процесінің барысын бақылау және купаждау процесінің аяқталу сәтін анықтау. Барабандарды босату және шәй қоспасын автоматты таразы бункерлеріне механикаландырылған беру. Бункерлердің түсірілуін қадағалау. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою.
Білуге тиіс: тақта немесе байхы қара шәйға арналған купажды дайындау технологиясын; купаж барабандарының құрылымын, жұмыс принципін және толтыру нормасын; автоматты таразы бункерлерін толтырудың ережесі мен тәртібін; қара шәйдің сұрыптылығы мен маркаларын.
§ 6. Шәйді купаждаушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өлшеп оралмаған байхы қара шәй өндірісіне арналған купажды дайындау. Дайын өнімнің стандартты түрлерін алу үшін сұрыпталған байхы шәйін араластыру. Шәйді купаж барабандарына белгіленген шекке дейін толтыру. Купаж барабандарын қосу және ажырату. Шәйді барабаннан түсіріп алу және дайын өнімді жәшіктерге салу. нығыздау машинасын қосу және ажырату және жәшіктегі шәйді белгіленген нетто салмағына дейін толтыра отырып нығыздау. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою.
Білуге тиіс: өлшеп оралмаған байхы қара шәйі өндірісіне арналған купажды дайындау технологиясын; нығыздау машинасының құрылымын, жұмыс принципін және купаж барабандарын толтыру нормасын, олардан дайын өнімді түсіріп алу ережесін; байхы шәйдің сұрыптылығы мен маркаларын.
§ 7. Фиксационды машиналардың машинисі
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көк жапырақты фиксациялау процесін фиксационды машиналарды жүргізу. Көк шәйді сұрыптары мен партиясы бойынша іріктеу, оны машина бункеріне жеткізу және біркелкі толтыру. Қабаттың қалыңдығы мен машинаға берілетін жапырақтың санын, берілетін ауаның немесе будың температурасы мен көлемін реттеу. Фиксациялау процесінің барысын, машинаның босатылуын бақылау. Жапырақты фиксациялаудың сапасын кезеңдеп тексеру. Желдеткіштер мен ауа жолдарының жұмысын бақылау. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою. Қызмет көрсететін жабдықты майлау және кезеңдеп тазалау. Белгіленген есепті жүргізу.
Білуге тиіс: көк шәй жапырағының сұрыптарын; фиксациялау процесі технологиялық режимі параметрлерін; шәй жапырағын фиксациялаудың сапасын анықтапу әдістерін; фиксационды машинаның, қолданылатын желдеткіштер мен ауа жолдарының құрылымын, оларды тазалау мен майһлау ережесін; белгіленген есепті жүргізу ережесін.
§ 8. Шәй қақтау машиналарының машинисі
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көк шәй жапырағын қақтау процесін конвейерлі типтегі шәй қақтау машиналарында біліктілігі анағұрлым жоғары шәй қақтау шәй қақтау машинасы машинисінің басшылығымен жүргізу. Шәй жапырағын сұрыптары мен партиясы бойынша іріктеу, оны қақтау машиналарына жеткізу және біркелкі толтыру. Жапырақтардан бөгде қоспаларды алу. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақауларды жоюға қатысу. Қызмет көрсететін машиналарды шашылған шәйдан кезеңдеп тазалау.
Білуге тиіс: қақтау технологиясы негіздерін және белгіленген технологиялық режимді; қызмет көрсететін конвейерлі типтегі шәй қақтау машиналарынын жұмыс принципін.
§ 8. Шәй қақтау машиналарының машинисі
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көк шәй жапырағын қақтау процесін конвейерлі типтегі шәй жапырағын таспалы тарспортерден қолмен алынатын шәй қақтау машиналарында жүргізу. Қақтау машиналарын босату. Температура режимдерін, ауаның берілуін және қақтау процесінің ұзақтығын реттеу. Процестің барысын, жапырақтың қақталу сапасын кезеңдеп бақылау. Желдеткіштер мен ауа жолдарының жұмысын бақылау. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы жекелеген ұсақ ақауларды жою, оны майлау және тазалау. Белгіленген есепті жүргізу.
Білуге тиіс: көк шәй жапырағының сұрыптарын; қақтау процесі технологиялық режимі параметрлерін және оларды реттеу жолдарын; қақталған шәй жапырағының сапасын анықтау әдістерін; конвейерлі типтегі шәй қақтау машинасының құрылымын.
§ 10. Шәй қақтау машиналарының машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көк шәй жапырағын қақтау процесін конвейерлі типтегі шәй жапырағын салу мен түсіру механикаландырылған шәй қақтау машиналарында жүргізу. Толтыру каретасын және оның шәй жапырағымен толтырылуын басқару пультінен басқару. Шәй жапырағын қақтаудың температура режимін, ауаның берілуін зертханалық талдау нәтижелері бойынша реттеу. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы жекелеген ұсақ ақауларды анықтау және жою.
Білуге тиіс: көк шәй жапырағының сұрыптарын; қақтау процесі технологиялық режимі параметрлерін және оларды реттеу жолдарын; қақталған шәй жапырағының сапасын анықтау әдістерін; конвейерлі типтегі шәй қақтау машинасының құрылымын.
§ 11. Шәй қақтау-фиксационды машиналардың машинисі
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шәй жапырағын қақтау және фиксациялау процесін конвейерлі типтегі шәй қақтау-фиксационды машиналарда жүргізу. Машиналарды қосу және тоқтату. Каретаның толтырылуын басқару пультінен басқару. Шәй қақтау-фиксационды машиналарын босату. Толтыру алдында жылу режимін белгілеу. Температура режимдерін, ауаның берілуін және қақтау процесінің ұзақтығын реттеу және сақтау. Желдеткіштер мен ауа жолдарының жұмыс режимін сақтау. Машинаның жұмысын реттеу және авариялық жағдайда оны баптау. Жабдықтың жұмысындағы жекелеген ұсақ ақауларды жою және оны тазалау, майлау. Белгіленген есепті жүргізу.
Білуге тиіс: көк шәй жапырағының сұрыптарын; қақтау және фиксациялау процесі технологиялық режимі параметрлерін және оларды реттеу жолдарын; қақталған және фиксацияланған шәй жапырағының сапасын анықтау әдістерін; конвейерлі типтегі шәй қақтау-фиксационды машинаның және толтыру каретасының құрылымы мен пайдалану ережесін.
§ 12. Шәй ширату машинасының машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қақталған немесе фиксацияланған шәй жапырағын бірінші ширату процесін қара және көк байхы шәйін өндіретін шәйді ширатушымашинах-роллерлерде жүргізу. Роллерлерді қақталған немесе фиксацияланған шәй жапырағымен белгіленген толтыру нормасына сәйкес толтыру. Роллерлерді қосу және тоқтату. Ширату процесінің барысын бақылау, ширату процесінің аяқталу сәтін анықтау. Ширатылған шәй жапырағын роллерден түсіріп алу және оны түйірлерін жаза отырып көк сұрыптау машианаларында біркелкі елеу. Температура режимі мен салыстырмалы ылғалдылықтың сақталуын бақылау. Роллерлердің жұмысындағы ұсақ ақауларды жою және оны кезеңдеп тазалау, майлау.
Білуге тиіс: қақталған немесе фиксацияланған шәй жапырағын бірінші ширату процесінің технологиялық режимі параметрлерін; роллерлердің құрылымы мен жұмыс принципін; шәй жапырағының ширатылу сапасын тексеру әдістерін; салыстырмалы ылғалдылықты психрометр мен арнаулы кестередің көмегімен анықтау ережесін; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою тәсілдерін.
§ 13. Шәй ширату машинасының машинисі
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қақталған немесе фиксацияланған шәй жапырағын екінші және үшінші ширату процесін қара және көк байхы шәйін өндіретін шәйді ширатушымашинах-роллерлерде жүргізу. Ширату процесінің барысын бақылау. Ширату процесінің аяқталу сәтін анықтау. әр ширатудан кейін шәйді роллерден түсіріп алу, сұрыптау және елеу. Шәйдің әр партиясының ширатылу сапасын тексеру. Температура режимі мен салыстырмалы ылғалдылықтың сақталуын бақылау. Қызмет көрсететін машиналардың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою және оны кезеңдеп тазалау, майлау. Белгіленген есепті жүргізу.
Білуге тиіс: қақталған немесе фиксацияланған шәй жапырағын екінші және үшінші ширату процесінің технологиялық режимі параметрлерін; шәй қақтау машиналарының құрылымдық ерекшеліктерін шәй жапырағының ширатылу сапасына қойылатын талаптарды; ширатудың технологиялық процесінің барысын реттеу ережесін және тәсілдерін.
§ 14. Шәйді кептіру машинасының машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Фиксацияланға лао-ча мен кофеинді материал шикізатын шәйді кептіру машиналарында кептірмелеу және кептіру процесін жүргізу. Шәйді жеткізу, оны машинаға қолмен салу, кептіргеннен кйеін шәйді жәшіктерге салу, кептірілген шәй салынған жәшіктерді қатарлап жинау. Машинаға берілетін шәйдің қалыңдығын реттеу. Кептірудің белгіленген температуралық режимінің сақталуын бақылау. Кептіру процесінің ұзақтығын конвейер жылдамдығы вариаторының көмегімен реттеу. Кептірудің сапасын бақылау. Қызмет көрсететін машиналарды кезеңдеп тазалау, майлау.
Білуге тиіс: фиксацияланға лао-ча мен кофеинді материал шикізатын кептіру технологиясын; температуралық режим мен кептірілген және кептірмеленген шәйдағы ылғал нормасының белгіленген параметрлерін; шәйді кептіру машиналарының құрылымы мен жұмыс принципін; берілетін шәйдің қалыңдығы мен кептіру процесінің ұзақтығын реттеу тәсілдерін; кептіру сапасын анықтаудың практикалық жолдарын; кептірілген және кептірмеленген материалдың сапасына қойылатын талаптарды.
§ 15. Шәйді кептіру машинасының машинисі
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ширатылған, ферменттелген және фиксацияланған шәй жапырағын қара және көк байхы шәйін өндіру кезінде шәйді кептіру машиналарында кептіру процесін жүргізу. Ферменттелген және фиксацияланған шәйді жеткізу, оны машинаға салу. Кептірілген шәйдің фракциясын анықтау, тараға салу, қатарлап жинау. Машинаға берілетін шәйдің қалыңдығын, кептіру процесінің ұзақтығын конвейер жылдамдығы вариаторының көмегімен, ферменттелген шәйдің фракциясына және ылғалдылық деңгейіне қарай реттеу. Кептірудің белгіленген температуралық режимінің сақталуын бақылау. Кептірудің сапасын жүйелі бақылау. Шәй кептіру машиналарын жұмысындағы ақауларды жою. Қызмет көрсететін машиналарды кезеңдеп тазалау, майлау. Белгіленген есепті жүргізу.
Білуге тиіс: ширатылған, ферменттелген және фиксацияланған шәй жапырағын кептірудің технологиялық процесін; кептірілген жартылай шәй шикізатындағы ылғалды ұстау нормасын; ширатылған, ферменттелген және фиксацияланған шәйді кептірудің температуралық режимін реттеудің тәсілдері мен ережесін; шәйді кептіру машиналарының құрылымы мен пайдалану ережесін; ширатылған, ферменттелген және фиксацияланған шәйді кептіру процесінің ұзақтығын, машинаға берілетін шәйдің қалыңдығын, ферменттелген шәйдің фракциясына және ылғалдылық деңгейіне қарай реттеудің ережесі мен тәсілдерін; кептірілген жартылай шәй шикізатының сапасын анықтаудың практикалық жолдарын және оның сапасына қойылатын талаптарды.
§ 16. Шәйді қайта өңдеу желісінің операторы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кірпіш шәйді престеу, көк қара байхы шәйін өлшеп орауды басқару пультінен басқару. Механикаландырылған желінің жекелеген тораптарын, механизмдері мен схемаларын қосу, тоқтату, реттеу және баптау. Қысымды, шәйдің автоматты таразыға біркелкі түсуі мен өлшемдердің дәлдігін қадағалау. Таразы рефлекторындағы жарық фокусының дәл белгіленуін кезеңдеп тексеру және қажет кезінде оны реттеу. Желіні қосу кезінде пресс-қалыптарды престеу жағдайындағы шәйдің болуын тексеру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен бақылау шамдарын қадағалау. Желі жұмысындағы ұсақ ақауларды жою. Белгіленген есепті жүргізу.
Білуге тиіс: кірпіш шәйді, көк қара байхы шәйін шәйді престеу желісінде престеудің технологиялық процесін; желінің құрылымы мен жұмыс схемасын; бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштерінің мәнін; автоматты таразыны реттеу ережесін; желінің жекелеген тораптарының жұмысын бақылау ережесін.
§ 17. Шәйді қайта өңдеу желісінің операторы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қақталған және фиксацияланған шәй жапырағын ширату және көктей сұрыптау (қара және көк байхы шәйін алу үшін) жөніндегі механикаландырылған желіні басқару пультінен басқару. Кірпіш шәйді престеу, көк қара байхы шәйін өлшеп орауды басқару пультінен басқару. Желінің тораптарын, механизмдері мен схемаларын қосу, тоқтату, реттеу және баптау. Шәйді кесу машиналарының, шығару транспортерлерінің, ылғалдау қондырғыларының, көктей елекпен сұрыптау машинасының, желінің басқа да машиналары мен механизмдерінің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету. Монорельсті тельферлердің желінің барлық секциялары бойынша, шәй жапырағын ширату процесінің ұзақтығына сәйкес қозғалуын қамтамасыз ету. Желінің жұмыс режимін таңдау және реттеу. Машиналарды авария жағдайларында қосу және тоқтату. Шәйді кесу машиналарының, роллерлердің, шығару транспортерлерінің, тельфер механизмдерінің, электр желісінің, дабыл құралдарының, басқару пультінің техникалық жай-күйін кезеңдеп тексеру, олардың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою.
Білуге тиіс: шәй жапырағын ширату технологиясын; байхы шәйін алу үшін қақталған және фиксацияланған шәй жапырағын ширату және көктей сұрыптау мәртелілігі ережесін; желінің құрылымы мен кинематикалық және электр схемаларын; желінің жекелеген тораптары жұмысының дәлдігін бақылау ережесін және олардың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою жолдарын.
§ 18. Кірпіш шәйді престеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көк кірпіш шәйді престеудің конвейерлік желісіне қызмет көрсету. Пресс-қалыптарды қыздыру камераларынан шығару, оларды сүрту және майлау. Пресс-қалыптарға негативтерді салу. Пресс-қалыптарды преске, гидровыбойға және қыздыру камераларына беру. Пресс-қалыптарды престелгеннен кейін қадамен бекіту. Пресс-қалыптарды гидровыбойға беру алдында қадаларды алу.
Білуге тиіс: пресс-қалыптардың құрылымын, оларды тазалау, майлау және бекіту ережесін; пресс-қалыптарды қыздыру камераларынан шығару және оларды преске беру ережесін.
§ 19. Кірпіш шәйді престеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кірпіш шәйді престеу процесін жүргізуге қатысу. дің конвейерлік желісіне қызмет көрсету. Лао-ча қаптама және ішкі материалдарының буландырылған өлшемдерін белгіленген кезектілікпен пресс-қалыптарға салу. Пресс-қалыптағы лао-чаның әрбір қабатын тегістеу және тығыздау. Пресс-қалыптарды тазалау және майлау сапасын тексеру. Қағылғаннан кейін жоғарғы негативтерді салу.
Білуге тиіс: кірпіш шәйді престеу технологиясы негіздерін; шәй кірпіштерінің сырты түріне қойылатын талаптарды; буландырылған лао-чаны пресс-қалыптарға салудың ережесі мен кезектілігін.
§ 20. Кірпіш шәйді престеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Лао-чаны гидравликалық престе престеу процесін жүргізу және шәй кірпіштерін гидровыбойдағы прес-қалыптардан түсіріп алу. Престі, гидровыбойды қосу және ажырату. Престегеннен кейін қаданы бекіту. Шығару ұясындағы прес-қалыптарды тегістеу. Шәй кірпішін негативтен ажырату. Престеу сапасын тексеру. Прес пен гидровыбойдың қысымын қадағалау, қажетіне қарай олардың жұмысын реттеу. Оларды кезеңдеп тазалау және майлау. Белгіленген есепті жүргізу.
Білуге тиіс: кірпіш көк шәйді престеу технологиясын; шәй кірпіштерін прес-қалыптан қағып алу ережесін; прес пен гидровыбойдағы қысымның белгіленген режимі параметрлерін; гидравликалық прес пен выбоядың құрылымын, және олардың жұмысын реттеу жолдарын; дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды.
§ 21. Тақта шәйді престеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тақта шәйді гидравликалық престе престеу процесін жүргізу. Прес-қалыптардың шәймен толтырылуын қадағалау. Престі қосу және ажырату. Қысым режимін бақылау және қажет кезінде оны реттеу. Шәй тақталарының перстелу сапасын кезеңдеп тексеру. Ықтимал брактың, шәйдің артық ылғалдануы мен шашылуының алдын алу. Гидравликалық прес жұмысындағы ұсақ ақауларды жою.
Білуге тиіс: тақта көк шәйді престеу технологиясын; тақта шәйдің салмағы мен сыртқы түріне қойылатын талаптарды; гидравликалық престің құрылымы мен жұмыс принципін; белгіленген қысым режимінің параметрлерін.
§ 22. Лао-чаны үлестеп бөлуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Лао-чаны үлестеп бөлу. Лао-ча қаптама және сытрқы материалы үлестерін стандартта белгіленген көлеммен таразылау. Өлшемелерді орау және булауға жібері. Таразыны кезеңдеп тазалау және майлау.
Білуге тиіс: көк кірпіш шәйдің лао-ча қаптама және сытрқы материалының салмақ нормаларын; таразының құрылымы мен оларды тексеру ережесін; таразыны тазалау және майлау тәсілдерін.
§ 23. Лао-чаны булаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Лао-ча қаптама және сытрқы материалы өлшемелерін (үлестерін) булау қазандарында булау. Сулыққа оралған лао-ча өлшемелерін булау қазанының торына салу. булаудың барысын қадағалау, оның аяқталуын анықтау және буланған өлшемелерді престеуге беру. Булау қазанындағы будың температурасы мен қысымының сақталуын бақылау. Лао-ча өлшемелерінің булану сапасын кезеңдеп бақылау. Булау қазанындағы будың температурасы мен қысымының режимін реттеу.
Білуге тиіс: лао-чаны булаудың технологиялық процесін; будың температурасы мен қысымының және булау ұзақтығының белгіленген режимі параметрлерін; лао-ча өлшемелерінің булану сапасын анықтаудың тәжірибелік жолдарын; буланған лао-ча сапасына қойылатын талаптарды.
§ 24. Шөмелеуші
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ашығаннан кейін кептірілген немесе кесілген және қуырылған шәй жапырағы шөмелелерін термиялық өңдеуден кейін бөлшектеу. Жапырақты тараға салу және кептіруге беру.
Білуге тиіс: лао-ча қаптама және сытрқы материалдарының арасындағы айырмашылықты; кептіргеннен немесе термиялық өңдеуден шәй жапырағы бөлшектеу ережесін.
§ 25. Шөмелеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жапырақты жеткізу және термиялық өңдеу үшін белгілі бір тығыздыққа дейін нығыздай отырып қалыптарға салу. Ашыту процесі біркелкі жүр үшін шөмеленің ішкі және сыртқы қабаттарын кезеңдеп вцыстырып салу. Салқындаудан сақтау үшін шөмелені брезентпен жабу.
Білуге тиіс: лао-чаны әзірлеу кезінде кесілген және қуырылған жапырақты ашыту және термиялық өңдеу процесі технологиясының негіздерін; шөмеле салудың ережесін, мөлшері мен нысанын.
§ 26. Шәйді сұрыптаушы-бөлшектеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қара және көк шәй жапырағын сұрыптау машиналарында сұрыптау. Тараны дайындау. Шәй жапырағының сұрыптау машиналарына біркелкі берілуін қадағалау. Сұрыпталған шәй жапырағының фракцисын сыртқы түрі мен органолептикалық әдіспен айқындау және оны транспортерге беру. Желдеткіштер мен ауа жолдарының белгіленген жұмыс режимін сақтау. Машиналардың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою, олаорды тазалау және майлау.
Білуге тиіс: көк шәй жапырағын сұрыптау технологиясын; шәй жапырағының сұрыптарын; қызмет көрсететін машинаның құрылымын.
§ 27. Шәйді сұрыптаушы-бөлшектеуші
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ширатылған көк жапырақты қара байхы шәйін өндіру кезінде сұрыптау машиналарында сұрыптау. Тараны дайындау. Ширатылған жапырақтың сұрыптау машиналарына біркелкі берілуі мен сұрыптау сапасын қадағалау. Сұрыпталған шәй жапырағының фракцисын айқындау және оны фракциясына қарай ферментациялау жәшіктеріне орналастыру. Сұрыпталған шәйді ферментациялау орнына жеткізу және жәшіктерді партиялары мен фракциялары бойынша қою. Көктей сұрыптау машиналарын кезеңдеп тазалау және майлау. Белгіленген есепті жүргізу.
Білуге тиіс: ширатылған көк жапырақты сұрыптау технологиясын; көктей сұрыптау машиналарының құрылымын; сұрыпталған шәйді ферментациялау жәшіктеріне орналастыру кезінде жекелеген фракцияларға арналған қабат қалыңдығының белгіленген технологиялық нормаларын; көктей сұрыптаудың сапасын анықтау жолдарын; көктей сұрыптау машиналары торларын тазалау ережесін.
§ 28. Шәйді ферменттеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қара байхы шәйін өндіріндегі ферменттеу процесін жүргізу. Сұрыпталған шәй жапырағының партиялары мен фракциялары бойынша ферментациялау орнына орналастырылуы мен қойылуын қадағалау. Ферментациялау жәшіктеріне салынған шәй қабатының қалыңдығын тексеру. Шәйдің әрбір партиясы мен фракциясына арналған ферментациялау процесінің аяқталғанын анықтау. Ферментацияланған шәйді кептіруге беру. Ферментациялау орнындағы температура мен салыстырмалы ылғалдылық режимінің сақталуын бақылау. Белгіленген есепті жүргізу.
Білуге тиіс: шәйді ферментациялау технологиясын; жәшіктерге орналастырылған шәй қабатының қалыңдығының белгіленген технологиялық нормаларын; температуралықо режим параметрлерін және орынжайдағы температура мен салыстырмалы ылғалдылық режимін анықтау әдістерін; бақылау-өлшеу аспаптарының түрлерін, нысаны мен қолдану ережесін, оларды күтіп ұстау ережесін.
2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі
Р/с№
|
Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы
|
Разряд
тар диапазоны
|
2004 жылы шығарылған
БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулар
|
Разрядтар диапазоны
|
БТ
БА
шығарылым
№
|
Бөлімнің қысқартылған атауы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1.
|
Шәйді суырушы
|
1
|
Шәйді суырушы
|
1
|
51
|
Шәй
өндірісі
|
2.
|
Шәй жәшіктерін жасаушы
|
2-4
|
Шәй жәшіктерін жасаушы
|
2-4
|
51
|
-"-
|
3.
|
Шәйді купаждаушы
|
3-5
|
Шәйді купаждаушы
|
3-5
|
51
|
-"-
|
4.
|
Фиксационды машиналардың машинисі
|
5
|
Фиксационды машиналардың машинисі
|
5
|
51
|
-"-
|
5.
|
Шәй қақтау машиналарының машинисі
|
2-4
|
Шәй қақтау машиналарының машинисі
|
2-4
|
51
|
-"-
|
6.
|
Шәй қақтау-фиксационды машиналардың машинисі
|
5
|
Шәй қақтау-фиксационды машиналардың машинисі
|
5
|
51
|
-"-
|
7.
|
Шәй ширату машинасының машинисі
|
4-5
|
Шәй ширату машинасының машинисі
|
4-5
|
51
|
-"-
|
8.
|
Шәйді кептіру машинасының машинисі
|
4-5
|
Шәйді кептіру машинасының машинисі
|
4-5
|
51
|
-"-
|
9.
|
Шәйді қайта өңдеу желісінің операторы
|
4-5
|
Шәйді қайта өңдеу желісінің операторы
|
4-5
|
51
|
-"-
|
10
|
Кірпіш шәйді престеуші
|
2-4
|
Кірпіш шәйді престеуші
|
2-4
|
51
|
-"-
|
11
|
Тақта шәйді
престеуші
|
3
|
Тақта шәйді
престеуші
|
3
|
51
|
-"-
|
12
|
Лао-чаны үлестеп бөлуші
|
2
|
Лао-чаны үлестеп бөлуші
|
2
|
51
|
-"-
|
13
|
Лао-чаны булаушы
|
3
|
Лао-чаны булаушы
|
3
|
51
|
-"-
|
14
|
Шөмелеуші
|
1-2
|
Шөмелеуші
|
1-2
|
51
|
-"-
|
15
|
Шәйді сұрыптаушы-бөлшектеуші
|
4-5
|
Шәйді сұрыптаушы-бөлшектеуші
|
4-5
|
51
|
-"-
|
16
|
Шәйді ферменттеуші
|
4
|
Шәйді ферменттеуші
|
4
|
51
|
-"-
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|