№ 1 дәріс Биохимияға кіріспе. Белоктардың атқаратын қызметтері. Белоктардың жіктелуі. Күрделі белоктар: хромо-, гликопротеиндер.
Биологиялық ғылымдардың кандидаты, доцент Киргизбаева Арай Асканбаевна
Дәріс жоспары: - Биохимияға кіріспе.
- Белоктардың атқаратын қызметтері.
- Белоктардың жіктелуі.
- Хромопротеиндер, құрылысы, ролі, өкілдері.
- Гликопропротеиндер, құрылысы, ролі, өкілдері.
Биохимия тірі организмнің химиялық құрамын және тіршілік негізіне жататын химиялық реакцияларды зерттейді.
Белоктар - амин қышқылының қалдықтарынан тұратын жоғары молекулалы биологиялық полимерлер.
Протеин (“protos” – грек тілінен аударғанда) алғашқы, маңызды деген мағына береді.
Табиғатта шамамен 1010 – 1012 белок бар, осы белоктар вирустардан бастап адамға дейінгі тірі организмдердің 106 түрінің тіршілік етуін қамтамасыз етеді.
- 1. Құрылымдық :
- белоктар микроорганизмдердің, өсімдіктердің, жануарлардың денесінің құрылымын анықтайды;
- жасуша мен органелла мембраналарының құрамына кіреді;
- коллаген, кератин, эластин тіндердің беріктігі мен құрылымын қалыптастырады.
- 2. Катализдік (ферменттер)
Реттеуші (көптеген гормондар химиялық табиғаты бойынша белоктар) Қоректік (ұрық үшін қорек көзі болып табылатын белоктар – жұмыртқа белогы, казеин) Жиырылу (бұлшық ет белоктары – актин, миозин; цитоқаңқа белоктары) Тұқым қуалаушылық Электротрансформациялау - 3. Тасымалдау:
- альбуминдер бос май қышқылдарын, гормондарды, бос билирубинді, дәрілік заттарды, т.б.;
- глобулиндер Ғе, Cu;
- гемоглобин О2, СО2.
- 4. Қорғаныштық (белок-антидене , иммуноглобулин, фибриноген организмді қансыраудан сақтайды, альбуминдер токсиндерді байланыстырады, тері белоктары)
- 5. Реттеуші (көптеген гормондар химиялық табиғаты бойынша белоктар, гомеостазды, орта рН - н, онкотикалық қысымды реттеу)
- 6. Қоректік (дамып келе жатқан организм үшін қорек көзі болып табылатын белоктар – уылдырық, жұмыртқа, сүт белоктары)
- 7. Жиырылу (бұлшық ет белоктары – актин, миозин; цитоқаңқа белоктары – митоз кезіндегі хромосоманың ажырауы)
- 8.Тұқым қуалаушылық (генетикалық ақпаратты тасымалдау)
- 9.Электротрансформациялау (электрлік және осмостық энергияны макроэргтердің энергиясына айналдырады)
Достарыңызбен бөлісу: |