1-бөлім. Жалпы ережелер



жүктеу 3,66 Mb.
бет1/12
Дата25.11.2017
өлшемі3,66 Mb.
#1576
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12



Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2013 жылғы «9» қаңтардағы

№ 13-ө-м бұйрығымен бекітілген

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (45-шығарылым)




1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (45-шығарылым) «Жеңіл өнеркәсіп өндірістерінің жалпы кәсіптері», «Былғары және тері шикізаты өндірісі», «Былғары аяқ киім өндірісі», «Былғары өндірісі», «Былғары галантерея өндірісі», «Қайыс-ер бұйымдары өндірісі, «Былғарыдан техникалық бұйымдар жасау өндірісі», «Қыл-щетка өндірісі», «Тері илеу-экстракты өндірісі» бөлімдерінен тұрады.

2. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігі бойынша белгіленді.

3. Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар.

4. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың сипаттамасын қамтиды.

5. «Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.

6. Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажет болған жағдайларда, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға орындалу күрделілігі бойынша сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады және бекіте алады.

7. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.

8. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережелерін, орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды, жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін, өндірістік дабылдатқышты, жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

9. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында саналмаған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.

10. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмыстарды тарификациялаған және жұмысшылардың біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

11. Қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

12. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар жеті разрядтық тарифтік кестеге орай әзірленді.

13. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш (қосымша) көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

14. «Жеңіл өнеркәсіп өндірістерінің жалпы кәсіптері», «Былғары және тері шикізаты өндірісі», «Былғары аяқ киім өндірісі», «Былғары өндірісі», «Былғары галантерея өндірісі», «Қайыс-ер бұйымдары өндірісі, «Былғарыдан техникалық бұйымдар жасау өндірісі», «Қыл-щетка өндірісі», «Тері илеу-экстракты өндірісі» бөлімдерінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2004 жылғы редакциясында берілген.



2-бөлім. Жеңіл өнеркәсіп өндірістерінің жалпы кәсіптері

1. Май шыжғыру аппаратшысы

Параграф 1. Май шыжғыру аппаратшысы, 3-разряд
15. Жұмыс сипаттамасы:

шелқабаттан тон және тері кесінділерінен, қиықтан және басқа өндіріс қалдықтарынан шикі майды шыжғыру және пісіру арқылы алу технологиялық процесін жүргізу;

пісіру аппараттарына шикі майды немесе өндіріс қалдықтарын тасымалдау, салу;

пісіру қазандары мен аппараттарына қажетті қойыртпада күкірт қышқылы мен суды құю;

технологиялық тәртіпке сәйкес қиынды мен басқа қалдықтарды пісіру;

пісіру қазандары мен аппараттардың қызуын реттеу, қажетті материалдарды мөлшерлеу;

шикі майды алу, жуып шаю және күбілер мен бөшкелерге түсіру;

техникалық майды тұздау;

пісіру аппараттарынан шыжықтарды кетіру;

шикі майды өткізу алаңшасына тасымалдау;

бөшкелерді таңбалау;

техникалық май шығымының есебін жүргізу;

жүнді жуып шаю және оны пісіру қазандары мен аппараттарынан түсіру, сығу, кептіру және буып түю;

пісіру қазандары мен аппараттарын тазалау.

16. Білуге тиіс:

пісіру қазандары мен аппараттарының құрылысын, оларды пайдалану ережелерін, пісіру қазандары мен аппараттарын тазалау тәсілдерін, шикі майды пісіру мен шыжғырудың технологиялық режимінің параметрлерін, тері және тон қиындылары мен басқа қалдықтардың түрлерін, техникалық май шығымының нормаларын және шикі майдың сапасын сипаттайтын көрсеткіштерді.

2. Майсыздандыру аппаратшысы
Параграф 1. Майсыздандыру аппаратшысы, 3-разряд
17. Жұмыс сипаттамасы:

техникалық талаптарға сәйкес ванналарда қылшық пен қыл түйіндерін жуғыш құралдармен, бензинмен, күкірт қышқылы және басқа химиялық материалдармен майсыздандыру мен бейтараптандырудың технологиялық процесін жүргізу;

қылшық пен қылды салу және түсіру, белгіленген концентрация мен температурадағы майсыздандыру ерітінділерін әзірлеу және құю.

18. Білуге тиіс:

қылшықты, қылды майсыздандырудың технологиялық процесін жүргізу ережелерін, қылшық пен қылдың қасиеттерін: майсыздандырудың технологиялық режимін, майсыздандыру материалдарының шығыс нормаларын, майсыздандырудан соң жартылай фабрикаттарға қойылатын талаптарды, қызмет ету жабдығының әрекет ету принципі мен техникалық пайдалану ережелерін.

Параграф 2. Майсыздандыру аппаратшысы, 4-разряд


19. Жұмыс сипаттамасы:

техникалық талаптарға сәйкес сода, бензин, керосин, скипидар, органикалық еріткіштер мен басқа материалдар сынды әр түрлі заттарды қолдану арқылы арнаулы аппараттарда майсыздандыру ерітінділерімен былғары шикізатын, шикі теріні, жартылай фабрикаттарды, былғары матаны және терілердің жамылғы түгін майсыздандырудың технологиялық процесін жүргізу;

операцияларды орындауға шикізатты, жартылай фабрикаттарды және аппараттарды дайындау;

майсыздандыру мен жуу ерітінділерін мөлшерлеу;

кейіннен қолдану үшін пайдаланылған ерітінділерді айдау;

қолданылатын жабдықтың жұмысын бақылау;

технологиялық тәртіпке сәйкес майсыздандыру процесін реттеу;

жартылай фабрикаттардың түсіруге дайындығын анықтау;

тасымалдау және стеллаждарға жартылай фабрикаттарды қаттап қою.

20. Білуге тиіс:

арнаулы аппараттарда былғары шикізатын, шикі теріні, жартылай фабрикаттарды, былғары матасын, аң терілерінің жамылғы түгін майсыздандыру процесінің технологиясын, былғары матасының, жамылғы түктің, майсыздандыру материалдарының құрылымы мен қасиеттерін, майсыздандыру ерітінділерін әзірлеу рецептурасын, майсыздандырудан соң жартылай фабрикаттардың даярлығын анықтау тәсілдерін, қолданылатын жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының, коммуникацияның құрылысы мен техникалық пайдалану ережелерін және арнаулы аппараттардың жұмысшы сыйымдылықтарының жөнділігі мен пайдаланылуын бақылау әдістерін, арнаулы аппараттарда шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және ерітінділердің айналу жылдамдығын реттеу ережелерін, материалдарды майсыздандыру үшін қолданылатын және өңделетін жартылай фабрикаттарды тасымалдау ержелері мен тәсілдерін.

Параграф 3. Майсыздандыру аппаратшысы, 5-разряд


21. Жұмыс сипаттамасы:

өндіріс технологиясына сәйкес бензинмен, уайт-спиритпен және басқа белсенді еріткіштермен арнаулы аппараттарда былғары мен теріден істелген жартылай фабрикаттарды майсыздандырудың технологиялық процесін жүргізу;

технологиялық режимге сәйкес майсыздандыру процесін реттеу, экстракцияны (майды сілтісіздендіру) органикалық еріткіштер рекуперациясын және бу-ауа үрлеуін көрсетілген жартылай фабрикаттар мен дайын өнімнің майлылық дәрежесіне байланысты алмастыру.

22. Білуге тиіс:

арнаулы аппараттарда былғары және теріден жасалған жартылай фабрикаттарды майсыздандыру процесінің технологиясын, майсыздандыру материалдарының қасиеттері мен олардың шығыс нормаларын, майсыздандыру аппараттарының, қолданылатын көмекші жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының, арматура мен коммуникацияның құрылысы мен оларды пайдалану және реттеу ережелерін.

3. Былғары жартылай фабрикаттар мен үлбір терілерін жұмсарту аппаратшысы


Параграф 1. Былғары жартылай фабрикаттар мен үлбір терілерін жұмсарту аппаратшысы, 2-разряд
23. Жұмыс сипаттамасы:

барабанда немесе езгіште үлбір терілерін, қайыс, күдері, былғары терілерін, қиынды мен кесікті жұмсарту мен бөлудің технологиялық процестерін жүргізу;

жұмыс орнына жартылай фабрикаттарды тасымалдау;

барабанға немесе езгішке тері, былғары мен материалдарды салу, оларды түсіру және төсеу;

қызмет ету жабдығын іске қосу және тоқтату.

24. Білуге тиіс:

былғары жартылай фабрикаттар мен терілерді барабан немесе езгіште жұмсарту, бөлу ережелері, тәсілдері мен жолдарын, тері, былғары түрлері мен олардың қолданылу мақсаттарын, барабан мен езгіштің құрылысы мен пайдалану ережелерін, қолданылатын материалдардың қасиеттерін.

Параграф 2. Былғары жартылай фабрикаттар мен үлбір терілерін жұмсарту аппаратшысы, 3-разряд


25. Жұмыс сипаттамасы:

барабан-жартылай автоматтарда қайыс, күдері, былғары терілерін, қиынды, кесіндіні жұмсарту, бөлу технологиялық процестерін жүргізу;

салу кезінде терінің ылғалдығын, қаттылығын, салмағы мен мөлшерін анықтау;

технологиялық процесті жүргізудің терілерді өңдеу және барабандардың айналу уақыты, берілетін ауаның ылғалдығы, температурасы, көлемі сынды қажетті параметрлерін қамтамасыз ету үшін барабандардың автоматикалық жүйелерін жөндеу және реттеу;

барабан-жартылай автоматтардың жұмысын, автоматтық режимде химиялық материалдарды мөлшерлеуді бақылау;

келесі операцияда өңдеуге бөлудің сапасы мен терінің әзірлігін анықтау;

велюрді сұрыптау және екінші бояуға өндірістік партияларды жинақтау.

26. Білуге тиіс:

теріні жұмсарту, оны барабан-жартылай автоматтарда бөлу технологиясын, жұмсартуға дейінгі және одан кейінгі былғарының сапасына қойылатын талаптарды, былғары жартылай фабрикаттар мен терілерді жұмсарту, бөлу технологиялық режимінің параметрлерін, бөлу, жұмсартудан соң былғарының даярлығын анықтау тәсілдерін, былғарының болуы мүмкін кемістіктерін, автоматикалық режимде жұмыс істейтін барабандардың әрекет ету принципін, барабандардың автоматикалық жүйесін жөндеу, реттеу ережелерін, велюрді сұрыптау және екінші бояуға партияларды жинақтау ережелерін.

4. Шел желімін әзірлеу аппаратшысы


Параграф 1. Шел желімін әзірлеу аппаратшысы, 4-разряд
27. Жұмыс сипаттамасы:

мемлекеттік стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес пісіру аппараттарында кесінді мен шелден желімді пісіру (дайындау) технологиялық процесін жүргізу;

шел мен кесіндіні дайындау, сұрыптау, кесу жұмыстарын орындау, оларды күлдеуге күбілерге, баркастарға немесе аппараттарға салу;

шел мен кесіндіні күлдеу, жуып шаю және күлсіздендіру процестерін жүргізу;

аппараттарға желімді пісіру үшін дайындалған шел мен кесіндіні салу;

аппараттарда белгіленген концентрация мен тұтқырлыққа дейін желім сорпасын пісіру және булау;

пісіру және булау процестерінің әр түрлі сатыларында температураны реттеу;

сорпаны пісіру процесінде майды (тоң майды) алу;

арнаулы қалыптарға дайын желім сорпасын бөліп құю;

жанышқыш және басқа кептіргіштерде сорпадан плитка, ұсақталған, қабыршақты және ұнтақ түрінде құрғақ желім алу;

даяр шел желімін сорттау, таңбалау, салмағын өлшеу;

әрбір өндірістік партияның шығуына қарай зертханалық талдауға сынама тапсыру;

қоймаға даяр желімді тапсыру;

қолданылатын жабдықты реттеу, жөндеу және оған қызмет көрсету;

мұқалған пышақтарды алу және қайралғандарын шелкескішке орнату;

колибрлі пышақ барабанына пышақтар қыспасын реттеу;

аппараттарды, қалыптарды және торларды желімнен тазалау;

торларды жөндеу.

28. Білуге тиіс:

шел желімін пісіру технологиялық процесін, шел желіміне қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды, қолданылатын жабдықтың құрылысын, оны техникалық пайдалану мен реттеу ережелерін, шел желімін сорттау, буып түю, таңбалау ережелерін, пісіру аппараттарын, қалыптарды, торларды желімнен тазарту тәсілдерін.

Параграф 2. Шел желімін әзірлеу аппаратшысы, 5-разряд
29. Жұмыс сипаттамасы:

техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарға сәйкес айналымы бар вакуумдық булау қондырғысында әр түрлі шикізаттан шел желімін әзірлеу технологиялық процесін жүргізу;

желімді пісіру үшін шикізатты дайындау, шел желімін әзірлеу үшін компоненттерді рецептуралық есептеу;

күлдеу үшін күбілерге, барабандарға немесе аппараттарға салу;

күлдеу, шаю, күлсіздендіру процесін жүргізу;

пісіру аппараттарына желімді пісіру үшін дайындалған шикізатты салу;

вакуумдық аппараттарда сорпалардың концентрациялану процесін жүргізу, олардың герметикалдығын және оларда вакуум жасалуын тексеру;

сорпалардың келіп түсу процесі мен олардың концентрациялануын бақылау және өлшеу құралдарының көрсеткіштеріне қарай бақылау және реттеу;

температураны, бу, су берілуін, вакуум күйін бақылау және реттеу;

шел желімінің әзірлігін анықтау;

сорпаларды пісіру процесінде майды алу;

кептіргіштерде сорпадан құрғақ желім алу;

кептірудің температуралық режимін, құрғақ желімнің концентрациясын, қалыңдығын, кептіргіштің ауа тазартқыш құрылғыларының жұмысын бақылау және өлшеу құралдары бойынша бақылау және реттеу;

дайын шел желімін сорттау, буып түю, салмағын өлшеу;

шел желімінің әрбір өндірістік тобының шығуына қарай зертханалық талдауға сынама тапсыру, даяр желімді қоймаға тапсыру;

қолданылатын жабдықты реттеу, жөндеу және оған қызмет көрсету;

пісіру аппараттарын, қалыптар мен торларды желімнен тазарту;

торларды жөндеу.

30. Білуге тиіс:

қызмет ету жабдығы мен қолданылатын бақылау және өлшеу құралдарының құрылысы мен әрекет ету принципін, шел желімін пісіру технологиялық процесін және оның параметрлерін бақылау тәсілдерін, шел желіміне қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды, шел желімін сұрыптау, буып түю және таңбалау ережелерін, пісіру аппараттарын, қалыптарды, торларды тазалау тәсілдерін, вакуумдық қондырғыларды техникалық пайдалану ережелерін.

5. Бұйымдар бөлшектері мен фурнитураны қоюшы
Параграф 1. Бұйымдар бөлшектері мен фурнитураны қоюшы, 1-разряд
31. Жұмыс сипаттамасы:

арнаулы машиналарда немесе қолмен бұйымдарға бөлшектерді, әр түрлі сәндік әшекейлерді, фурнитураны қою;

жұптап теріп алынған дайындама мен аяқ киімді тиісті үлгі, өлшем мен толықтықтағы тартпа және өңдеу қалыптарына кигізу;

өкше машинасына шегелерді төгу.

32. Білуге тиіс:

фурнитура мен бұйымдардың бөлшектерін қою тәсілдерін, бұйымдар бөлшектерінің, аяқ киім дайындамасының, қалыптардың түрлерін, үлгілерін және өлшемдерін, фурнитура мен әшекейлердің түрлерін, олардың орналасу орындарын, қолданылатын жабдықты пайдалану ережелерін.

33. Жұмыс үлгілері:

1) антабкалар – бұйымдарға қондыру;

2) түзеткіштер – туфлилерге қондыру;

3) тоғалы ілмектер – былғарыға қолдан өткізу;

4) биялай мен қолғаптар үшін астарлар – түзеткішті іріктеумен, түзеткіштерге астар мен үстін кигізумен және тігістерді қиыстырумен қою;

5) астарлар және басқа бөлшектер – бұйымның үстіне қатысты дұрыс орналасуын сақтай отырып, желімдеусіз және астарларды жазумен бұйымдарға қондыру;

6) тоғалар – ілмектерге қолдан өткізу;

7) түймелер – былғарыға қолмен қадау;

8) белдіктер - төсетектердің тесіктеріне, муфтылы қапсырмаларға және айылбасқа;

9) сәндік әшекейлер: жолақтар, ұстағыштар және басқалар – бөлшектер теліктеріне қою (тартқылау);

10) фурнитура – қайыс-ер бұйымдарына қондыру;

11) хольнитендер – бұйымдарға қолдан қондыру;

12) металл шегелер – табанға қондыру;

13) бастырмалар – бұйымдарға қондыру.

Параграф 2. Бұйымдар бөлшектері мен фурнитураны қоюшы, 2-разряд
34. Жұмыс сипаттамасы:

қызмет ету машинасында немесе қолмен жазу және тегістеумен, желім жағумен, бұйымдарға желімдеп жабыстырумен бірге бөлшектерді, фурнитураны, астарларды қою.

35. Білуге тиіс:

қою, жазу, тегістеу, желім жағу тәсілдерін және бұйымдарға бөлшектерді желімдеп жабыстыруды, берцыларға шығыршықтар мен ілгектерді қоюға техникалық шарттарды, бөлшектерді жұмсарту, илеу, желімдеу және кептіру технологиялық режимдерін, бөлшектерді қондырғанда қолданылатын желімдер мен материалдардың қасиеттерін, гуж бен қамыттың нөмірлерін, қызмет ету машинасын пайдалану ережелерін.

36. Жұмыс үлгілері:

1) шығыршықтар және ілгектер – берцыларға қолмен қою;

2) сәндік әшекейлер – ыстық әдіспен қою;

3) қалыптанғандардан басқа аяқ киім сірісі мен қатты ұш бөлігі астының барлық түрлері – правилде жазумен аяқ киім дайындамасына қою және текспен бекіту;

4) гранитоль сірілер – оларды алдын ала жұмсартып және күнге қақтағаннан соң аяқ киім дайындамасына қондыру;

5) ұлтанша және басқа бөлшектер – желім жағумен, желімдеп жабыстырумен, жазумен және тегістеумен бұйымдарға қондыру;

6) мофорин және гранитоль ұш бөлік астылары – алдын ала жұмсарту мен күнге қақтаудан соң аяқ киім дайындамасына қондыру;

7) түймелер – машинада қадау;

8) белдіктер – өту, селдір дайындаманың тесіктеріне кіргізу;

9) хольнитендер – машинада бұйымдарға қондыру.

Параграф 3. Бұйымдар бөлшектері мен фурнитураны қоюшы, 3-разряд
37. Жұмыс сипаттамасы:

аяқ киім дайындамасына қалыпталған және жартылай қалыпталған бөлшектерді қолмен, дайындама берцыларына фурнитураны – арнаулы машиналарда қондыру;

бақылау лекалолары бойынша оларды хольнитендермен бекіту арқылы аяқ киім дайындамасы бөлшектерін құрастыру;

қаптал таяныштың тұрған қалпын, қызмет ету машиналарының бұйымдарды беру қадамын реттеу.

38. Білуге тиіс:

аяқ киім дайындамасына қалыпталған және жартылай қалыпталған бөлшектерді, қызмет ету машиналарында дайындама берцыларына фурнитураны қондыру тәсілдерін, аяқ киім бөлшектерін құрастыруға қойылатын технологиялық талаптарды, бөлшектер мен дайындамалардың түрлерін, конфигурациясын, өлшемдерін, фурнитура түрлерін, оның орналасу орындарын, аяқ киімнің сірісі мен ұш бөлігі астының үлгілері мен өлшемдерін, қызмет ету машиналарын пайдалану және реттеу ережелерін.

39. Жұмыс үлгілері:

1) шығыршықтар және ілгектер – машинада аяқ киім дайындамасының берцыларына қондыру;

2) құлақбаулар – бүктелген ұшын жапқыштың тесігіне біркелкі қоюмен қамыт қысқашына және қамыт қысқашы ойықтарына, оның бөліктерін бекіте отырып тарту;

3) қалыптанған және қалыптанбаған сірісі мен ұш бөлігі асты – аяқ киім дайындамасына қондыру;

4) белдік жұлық – өкшелік, айылбастық және белкөтерме белдіктермен.

6. Бөлшектердің қалыңдығы мен жартылай фабрикаттарды тегістеуші


Параграф 1. Бөлшектердің қалыңдығы мен жартылай фабрикаттарды тегістеуші, 2-разряд
40. Жұмыс сипаттамасы:

делюжкалардың, қатты былғары бөлшектерінің қалыңдығын арнаулы машиналарда немесе қолмен тегістеу, киіз бөлшектерін тегістеу;

тіліндінің қажетті қалыңдығын орнату және оны екіге тілу процесінде ұдайы тексеру.

41. Білуге тиіс:

тегістеу ережелерін және қатты былғары мен киіздің қасиеттерін, бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың түрлері мен өлшемдерін, қатты былғары мен киізге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, қызмет ету машиналарын пайдалану және реттеу ережелерін.

Параграф 2. Бөлшектердің қалыңдығы мен жартылай фабрикаттарды тегістеуші, 3-разряд


42. Жұмыс сипаттамасы:

арнаулы машиналарда немесе қолмен жұмсақ былғары бөлшектерінің қалыңдығын тегістеу және резеңкелік тілімшелерді, делюжкаларды және олардың бөлшектерін екіге тілу;

тіліндінің қажетті қалыңдығын белгілеу және оны екіге тілу процесінде ұдайы тексеру;

қызмет ету машиналарын жөндеу.

43. Білуге тиіс:

тегістеу ережелерін және жұмсақ былғарының қасиеттерін, бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың түрлерін, үлгісін, өлшемін, жұмсақ былғары мен резеңкелік тілімшелерге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, қызмет ету машиналарын пайдалану және жөндеу ережелерін.

7. Бөлшектерді кесуші
Параграф 1. Бөлшектерді кесуші, 3-разряд
44. Жұмыс сипаттамасы:

престерде жасанды былғары кесіндісінен фанерадан, фибрадан, қабықтан, қатырма қағаздан, арнаулы қатырма қағаздан, қағаздан, целлулоидтан, резеңке қоспасы мен басқа материалдардан түрі, фасоны, өлшемі, саны бойынша бөлшектерді кесу кезінде материалдарды ұтымды пайдалануды, бөлшектердің комплектілігін, берілген аудан мен сұлбада таза және тегіс кесікті қамтамасыз ете отырып кесу;

әр түрлі материалдардан ойыншықтардың бөлшектерін кесу.

45. Білуге тиіс:

бөлшектерді кесу ережелерін, бөлшектерді кесу үшін қолданылатын материалдардың қасиеттерін, кесілетін бөлшектердің, бұйымдардың түрлерін, фасондарын, өлшемдерін, қолданылатын жабдықты пайдалану ережелерін.

Параграф 2. Бөлшектерді кесуші, 4-разряд


46. Жұмыс сипаттамасы:

престерде қайыс-ер бұйымдары және былғары галантерея бұйымдары үшін қатты былғарыдан бөлшектерді, резеңке тілімшелерден, гранитоль, эластикалық, термоиілімді және басқа материалдардан аяқ киімнің төменгі бөлігінің бөлшектерін кесу;

машинада қайып тігілген және желімделген аяқ киімнің бортшалары үшін етікті, бәтеңкені және гранитольді көмкеру үшін тоқыма және жасанды материалдарды бөлшектеп кесу;

белгіленген енде қиықты кесу үшін машинаны реттеу;

кіші және орта престерде фасонына, көлеміне, санына қарай техникалық бұйымдардың бөлшектерін кесу.

47. Білуге тиіс:

бөлшектерді кесу ережелерін, қолданылатын материалдардың пайдалану нормаларын, ұтымды пішудің жүйесі мен әдістерін, пайдаланылатын материалдар мен кесілген бөлшектерге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, қолданылатын жабдықты пайдалану және реттеу ережелерін.

Параграф 3. Бөлшектерді кесуші, 5-разряд


48. Жұмыс сипаттамасы:

престерде жағашықтан, етектен, шошқа терісінен, жылқы ұлтанынан аяқ киімнің төменгі бөлігінің бөлшектерін, тоқыма төсемінен аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектерін, техникалық бұйымдар бөлшектерін түрі, фасоны, өлшемі, саны бойынша кесу;

қолданылатын жабдықты жөндеу.

49. Білуге тиіс:

жағашықтан, етектен, шошқа терісінен, жылқы ұлтанынан, аяқ киімінің төменгі бөлігінің бөлшектерін кесу ережелерін, аяқ киімнің төменгі бөлігіне қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, тоқыма төсемінен бөлшектерді кесу әдістерін, қызмет ету жабдығын жөндеу және ұсақ ауқауларды жою тәсілдерін.

Параграф 4. Бөлшектерді кесуші, 6-разряд


жүктеу 3,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау