Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы 51-шығарылым


§ 36. Иісті махорка мен темекіні бөліп салушы



жүктеу 4,95 Mb.
бет10/20
Дата27.11.2017
өлшемі4,95 Mb.
#1990
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
§ 36. Иісті махорка мен темекіні бөліп салушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Иісті махорканы немесе темекіні автоматта қораптарға бөліп салу. Автоматқа этикеткалар мен желімдерді толтыру. Автоматты күрделі емес реттеу, тазалау және майлау. Қораптарды ішінара өлшеу арқылы қораптардың массасын бақылау. махорканы және темекіні алдын ала дайындалған тараларға қатарлау. Тараға паспорттарды, этикеткаларды жабыстыру. Автоматты іске қосар алдында барлық тораптарды тексеру.

Білуге тиіс: иісті махорка мен темекіні бөліп салу нұсқаулығы; махорка мен темекі тозаңы сапасының негізгі белгілері; қаптау және тараға қатарлау құрылғысы; қызмет көрсететін автоматтың құрылғысы және тораптары мен бөлшектерінің өзара әрекеттесуі; тараға қойылатын талаптар.
§ 37. ТЕМЕКІНІ БӨЛІП САЛУШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шегетін темекіні қолмен қораптарға бөліп салу. Дайын талшықты массасы, саны бойынша – этикеткаларды, қағаздарды, желімдерді қабылдау. Талшықтарды формаларға қатарлау, оны тығыздау және бандерольмен жабыстыру. Талшықты өлшеу. Сорттар бойынша шегетін темекі қораптарының белгіленген массасын қамтамасыз ету. қораптарды тараларға қатарлау. Шегетін темекілерді нығыздау нұсқаулығын, этикеткалардың тазалығын және қораптардың стандартты массаларын сақтау. Бөгде қоспаларды алып тастау.

Білуге тиіс: бөліп салуға қолданылатын темекінің сапалы көрсеткіштері; темекіні қораптарға бөліп салу тәртібі туралы нұсқаулық; темекіні бөліп салуда қолданылатын этикеткалардың, бандероль мен қағаздың сапа белгілері.
§ 38. Сигар жапырағын сұрыптаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сигар жапырақтарын сигар өндіруге дайындау, шикізатты массасы бойынша қабылдау, ылғалдау және оны қолмен немесе машинада түту. Жапырақтардан орталық тамыршықтарын жұлу. Жартылай дайын өнім (жапырақ, жарты жапырақ, тамыршық, үзіктер) бойынша жартыларды бөлу. Жарты жапырақты дайындау. Стандартты емес жапырақтарды алып тастау. Жарты жапырақтарды бірқалыпты ұзындығы және қалыңдығы бойынша үйінділерге қатарлау. Үйіндіні жарты жапырақтың екі жағынан белгіленген мөлшер бойынша кесу және оларды машинаға беру үшін жәшіктерге салу. Жарты жапырақтың стандартты ылғалдылығын сақтау. Түту машиналарына қызмет көрсету, оның жұмысындағы ұсақ кінәраттарды жою, майлау және тазалау.

Білуге тиіс: технологиялық нұсқаулық; түтуге келіп түсетін темекінің және алынатын жартылай өнім сапасына қойылатын талаптар; жапырақты және жарты жапырақтың белгіленген пайызы; жапырақты кесу ережесі; жарты жапырақ үшін белгіленген ылғалдылық; темекінің ботаникалық және тауарлық сорттары; темекіні сигар өндіру үшін пайдалануға болмайтын аурулардың белгілері; машинаны тазалау, майлау және шағын жөндеу ережесі.
§ 39. Темекіні сұрыптаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темекі немесе махорка партиясын кесуге дайындау. Темекінің, махорканың барлық ботаникалық сорттарын түту және мешкаға кіретін барлық компоненттерді біркелкі араластыру. Үстелдерге көтеру және ылғалды тюктарды ашу. Үстелде немесе тасымалдағышта темекіні, махорканы қолмен түту. Сәйкес келмейтін сорттағы, ақау жапырақтарды және бөгде қоспаларды іріктеу. Түтілген темекіні, махорканы гарманға немесе жәшікке, ал ағынды желіде – тасымалдағыш барабанына қатарлау. Қажетіне қарай темекіні немесе махорканы белгілі кондицияға дейін ылғалдау, тиісті матамен жабу. Темекіні ленталы тасымалдағышқа және ағынды желі қосқыштарына тоқтаусыз берілуін қамтамасыз ету. Темекі жапырағын технологиялық процеске сәйкес араластыру бойынша технологиялық процесті жүргізу, тамыршықты темекі жапырағының негізгі массасына бірқалыпты себу.

Білуге тиіс: темекі мен махорканы қолмен түтудің және темекі жапырағын араластырудың технологиялық нұсқаулығы; темекі жапырағын, махорканы маркалау ережесі; гарманға немесе тасымалдағышқа қатарлау кезінде араластыру ережесі; түту кондициясы; қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс істеу принципі; барабан жұмысының құрылғысы және технологиялық режимінің параметрлері.
§ 40. Темекіні сұрыптаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темекі жапырақтарын папироспен жоғары сортты шылым жасау үшін қайта өңдеуге дайындау. Темекілерді сапа белгілері мен тауар сорттары бойынша айқындау. Жоғары сортты партиялар үшін – жапырақтап сұрыптау және темекінің мешкаға кіретін барлық ботаникалық сорттарын түту. Мешка рецептурасы мен кондицияға сәйкес партияларды құрау.

Білуге тиіс: темекі жапырағын қайта өңдеу технологиясы; әрбір тауарлық және ботаникалық сорттарға тән ферменттелген темекілердің сыртқы белгілері; темекі жапырақтарының ақаулары, ауру белгілері, үзіктері және түту кондициясы.
§ 41. Темекіні сұрыптаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ағынды желіде темекіні дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Бумаларды түтуге арналған пневмомеханикалық қондырғылардың, темекі жапырақтарын қосымша ылғалдау қондырғыларының, араластырғыш бункерлердің, темекіні, силосты кептіру барабанының тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету. Тюктар мен бумаларды қаптамалардан босату; ряднаны, шпагатты, қағазды алып тастау, оларды белгіленген жерге қатарлау. Темекіні 10 см қалыңдық қабатына бөліп сұрыптау, темекіні түту үшін қондырғыға беру. Ақау жапырақтарды алып тастау, темекіні қондырғы тасымалдағышына бірқалыпты берілуін қамтамасыз ету. Темекіні осы сортқа арналған ылғалдау параметрлерін сақтау отырып ылғалдау. Темекіні гумиктанттармен өңдеу. Темекі ылғалдылығын органолептикалық бақылау. Темекі кесетін машиналардың тиегіш шахталары алдында вибротасымалдағыштың ленталарына темекі жапырақтарын жаю. Темекіні металл және басқа да қоспаларды бөліп, металл детектордан сұрыптау. Тазартылған темекіні тасымалдағыш лентасына себу. Кесілген темекінің брактарын, одан бөгде қоспаларды алып тастап іріктеу және сұрыптау, кесілген темекі брактарын темекі жапырақтарының массасына еселеу. Кесілген темекінің силосын бірқалыпты тиеуді және түсіруді қамтамасыз ету, силостарды тиеу және түсіру тасымалдағыш ленталарының жылдамдығын және барабан айналымының санын реттеу. Кептіргеннен кейін темекінің ылғалдылығын органолептикалық бақылау. Қызмет көрсететін жабдықты дайындау және іске қосар алдында тексеру. Жұмыстағы кінәраттарды анықтау және жою, қызмет көрсететін жабдықты тазалау және майлау. Жабдықты және учаскені қажетті деңгейдегі санитарлық жағдайда ұстау.

Білуге тиіс: темекі шикізатының нормативтік-техникалық құжаттамасы; өңделетін шикізаттың негізгі сапалық сипаттары; шикізатты өңдеудің технолгиялық режимі; қызмет көрсететін жабдықтың конструкциясы, құрылғысы және пайдалану ережесі; технологиялық процестің негізгі параметрлерін реттеу тәсілдері.
§ 42. Ферментациялау өндірісіндегі

темекі сұрыптаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Маркалау деректеріне сәйкес белгілеу және сортты айқындау мақсатында тюктарды, бумаларды, темекі жапырақтарын сұрыптау. Тюкты немесе буманы тексеру орнына жеткізу, станокқа (тіреуішке) орнату, ұштамалар мен белдіктерді шешу, бумадағы бауларды босату. Темекі жапырақтарының ботаникалық, тауарлық сорттары мен кіші сорттарын айқындау үшін тюк, бума қабатын, ылғалдылығын және басқа да сапа көрсеткіштерін тексеру. Сусымалы жапырақтар мен қыртыстарды жинау, оларды тюктарға немесе бумаларға қатарлау. Тюк пен буманың бұзылуын түзету. Тексерудің соңында – ряднаны тарту, бумадағы ұштамалар мен белдіктерді байлау. Тюктарды немесе бумаларды таразыға салу, фарматураны іріктеу және оларды белгіленген жерге тасу. Темекі жапырақтарын сұрыптау кезінде – жапырақтарды жаю, оларды тюк немесе бумаларды қалыптастыру үшін тюк жәшіктеріне сорт бойынша қатарлау. Сорттау процесінде ақау жапырақтарды бракқа шығару.

Білуге тиіс: әрбір ботаникалық және тауарлық сорт үшін нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген көрсеткіштер; темекі жапырақтары ақауларының атауы мен сипаттары; ұштамаларды, белдіктерді белгіленген созылымға дейін тарту ережесі мен тәртібі; байлау тәсілдері; тюктарды, бумаларды қатарға қатарлау ережесі.
§ 43. Ферментациялау өндірісіндегі

темекі сұрыптаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Стандарт бойынша ағынды немесе бумалы сұрыптау арқылы ферментацияланған немесе ферментацияланбаған темекіні іріктеу. Бумаларды немесе тюктарды тауарлық сорттар мен кіші сорттар бойынша сұрыптау кезінде бөлу. Ферментациялау камерасына тиеу үшін ботаникалық және тауарлық сорттар бойынша ферментацияланбаған темекінің бірыңғай партияларын, олардың ылғалдылығы бойынша іріктеу. Сортталған және тюктелген темекіні қоймалау және сақтау нұсқаулығына сәйкес қоймалау.

Білуге тиіс: ферментацияланған немесе ферментацияланбаған темекіге нормативтік-техникалық құжаттамасы; темекінің ботаникалық және тауарлық сорттарының белгілері; темекі жапырақтарының ауру белгілері, ақаулары, үзіктері; темекі жапырақтарының материалдығын айқындау тәсілі; темекі жапырақтарын қоймалау және сақтау ережесі.
§ 44. Ферментациялау өндірісіндегі

темекі сұрыптаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ферментацияланған немесе ферментацияланбаған темекінің сортын ботаникалық сорттары, өсу аудандары, тауарлық сорттары және кіші сорттары бойынша, экспортқа арналған стандарттар бойынша айқындау процесін жүргізу. Тюк немесе бума сапасы бойынша негізгі сортқа сәйкес келмейтін жапырақ қаптамаларын тюктардан немесе бумалардан алып тастау. Темекіні ботаникалық, тауарлық сорттар, кіші сорттар және басқа да сапа белгілері бойынша экспортқа сұрыптау. Темекінің бірыңғай партияларын ферментациялау камераларына тиеу үшін ылғалдылығы, ботаникалық және тауарлық сорттары бойынша іріктеу. Одан әрі темекі жасайтын фабрикаларға жіберу, экспортқа шығару үшін немесе кептіруге салу үшін бөлу. Сұрыпталған темекіні қоймалау және сақтау тәртібін қамтамасыз ету. Белгіленген есепті жүргізу.

Білуге тиіс: ферментацияланған немесе ферментацияланбаған темекіге нормативтік-техникалық құжаттама; темекіні экспортқа және өнеркәсіпке қайта өңдеу кезінде темекі партиясын жасау ережесі;темекінің ботаникалық және тауарлық сорты, кіші сорты және өсу ауданы; жапырақтардың сыну белгілері; ылғалды пайызын, есептеу пайызына ескере отырып, физикалық массаны қайта есептеу ережесі; өнеркәсіп және экспорт темекілерін қоймалау және сақтау ережесі; есеп жүргізу ережесі.
§ 45. Темекі бұйымдарын сұрыптаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қаптаманы бірыңғай бояуының белгілері бойынша сигарларды қабылдау және іріктеу. Техникалық шарттарға сәйкес келмейтін сигарларды бракқа шығару. Қаптау бірлігінде бірыңғай түс белгілері бойынша сигарларды сұрыптау. Тондардың бір түстілігін қатаң сақтау.

Білуге тиіс: сигарға нормативтік-техникалық құжаттама; сигар пайдаланушылардың талаптарына жауап беретін сапа белгілері; сигар жасау кезінде туындайтын ақаулар және олардың пайда болу себептері; сигарларды престеу үшін қатарлау ережесі; темекі түсін және оның тондарын айқындау тәсілдері; темекі ауруларымен және механикалық зақымдалуымен байланысты темекідегі ақауларды айқындау тәсілдері.
§ 46. Темекінің вагонды партияларын құрастырушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ботаникалық және тауарлық сорттары бойынша сұрыпталған ферментацияланған темекіні темекі жасайтын фабрикаларға дайындау үшін сұрыптау. Тюктарды немес бумаларды таразыларға беру, өлшеу, ботаникалық сортын, типін, тауарлық сортын және физикалық массасын жазу. Тюктың, буманың физикалық массасын есептік ылғалдылыққа ауыстыру (кесте бойынша), осы көрсеткіштерді этикеткаларға жазу, оларды тюктарға жабыстыру, этикетканың екінші нұсқасын салу. Тиеу нарядына сәйкес тюктарды немесе бумаларды вагон партияларына тасымалдау және қатарлау. Темекі тюктарын, бумаларын дұрыс маркалауды қамтамасыз ету. Вагон партияларын құрастыру. Темекінің нақты және есептік массасын белгілеу, жүк құжаттарын толтыру.

Білуге тиіс: жапырақты темекілерді өңдеу технологиясы; ботаникалық сорттары, типтері және кіші типтері, тауарлық сорттары мен кіші сорттары; тиеу нарядына сәйкес ботаникалық және тауарлық сорттар бойынша вагон партияларын іріктеу ережесі; темекіні есептік ылғалдылыққа ауыстыру нұсқаулығы, кестесі; тюктарды, бумаларды таразыда өлшеу және оларды вагон партияларына қатарлау ережесі.
§ 47. Махорка қиқымын кептіруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі жүйелердің кептіру қондырғыларында махорка түйіршігі мен массасын кептіру процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптарын пайдаланып, технологиялық нұсқаулыққа сәйкес кептіру режимін реттеу. Кептіру пештеріне қызмет көрсету. Кептіргішке келіп түсетін шикізаттың ылғалдылығына қарай газдың қондырғыға келуін реттеу. Қондырғыға басқа учаскеден шикізаттың келіп түсуін реттеу. Шикізат пен махорка түйіршігін қондырғыдан түсіру.

Білуге тиіс: шикізат пен махорка түйіршігін кептіру бойынша технологиялық нұсқаулық; кептіру қондырғыларының құрылғысы және оны пайдалану ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; кептіру пештерін пайдалану нұсқаулығы.
§ 48. Махорка шикізатын ылғалдаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Махорка гамузын, чухр жапырағын, сабағын және құрғақ махорка түйіршіктерін белгілі ылғалдылыққа дейін арнайы қондырғыларда ылғалдау процесін жүргізу. Ылғалдау алдында махорка шикізатынан бөгде қоспаларды алып тастау. Технологиялық нұсқаулықта көзделген тәсілмен ылғалдау үшін гамузды, чухр жапырағын және сабағын қатарлау. Ылғалдау процесін реттеу. Қондырғылардың, таза елейтін аппараттарының, тасымалдағыштардың жұмысын, махорка шикізаты мен жартылай дайын өнімнің бірқалыпты ылғалдануын көзбен бақылау. қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы кінәраттарды жою, майлау және тазалау.

Білуге тиіс: шикізат пен жартылай дайын өнімді ылғалдау, жартылай дайын өнімді елеу бойынша технологиялық нұсқаулық; ылғалдаушы қондырғылардың және таза елейтін аппараттардың құрылғысы, оларға күтім жасау ережесі; өлшеу аспаптарының жұмыс істеу принципі; махорка шикізаты мен махорка түйіршігіне қойылатын талаптар.
§ 49. Темекі шикізатын ылғалдаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темекі шикізатын арнайы алаңшада немесе қондырғыларда ылғалдау процесін жүргізу. қолданыстағы рецептураға сәйкес темекінің ботаникалық және тауарлық сорттарынан мешкалар жасау. Технологиялық нұсқаулыққа сәйкес тұздық жасау және оны темекіге шашу. Тұздықталған темекіге хошиісті қоспаларды технологиялық нұсқаулықта көзделген мөлшерде шашу. Бөгде қоспаларды және сыртқы түрі бойынша сапасыз шикізатты алып тастау. Темекі шикізатын ылғалдауға бірқалыпты берілуін және қатарлануын бақылау.

Білуге тиіс: темекінің ботаникалық және тауарлық сорттарының сыртқы белгілері, олардың жапырақтарындағы ақау түрлері; тұздықты, хошиісті қоспаларды дайындау және темекіні ылғалдау нұсқаулығы; аспаптарды және жабдықтарды пайдалану ережесі; шикізаттың ылғалдылығын органолептикалық әдіспен айқындау ережесі және тәсілі.
§ 50. Темекі шикізатын ылғалдаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Темекіні барлық жүйедегі темекі ылғалдағыш қондырғыларда ылғалдаудың технологиялық процесін жүргізу. белгілі мешкада әкелінген темекінің сорттылығын тексеру. Темекі тюктарын ылғалдылығы бойынша органолептикалық әдіспен сұрыптау. темекі тюктарын немесе бумаларды арбаларда немесе қолмен ылғалдау қондырғыларының камераларына тиеу. Қажетіне қарай темекіні жәшіктерге немесе кассеталарға салу. Басқару пультінен жұмыс істеу. Ылғалдау процесін технологиялық нұсқаулыққа сәйкес реттеу. Ылғалдаудан кейін камерадан темекілерді шығару. Темекіні белгіленген жерге ауыстыру және қоймалау. Ылғалдағыш қондырғылардың жұмысын реттеу, тазалау және майлау. Темекі ұсақтарын жинау және тараны тазалау. Тюктардан арқандарды түсіру және тазалау. Ылғалдылық қажеттігін айқындау үшін тюктарды ашу.темекі партияларын ылғалдауды тіркеу журналын жүргізу.

Білуге тиіс: темекі шикізатын ылғалдауға нормативтік-техникалық құжаттама және технологиялық нұсқаулық; жапырақты темекіні маркалау; мешкаға кіретін жапырақты темекінің ылғалдылығын және құрамын органолептикалық әдіспен айқындау ережесі; темекіні арбаларға, жәшіктерге немесе кассеталарға және қондырғыларға тиеу ережесі; темекіні ылғалдау дәрежесі, ылғалдау процесінің температуралық режимінің параметрлері; ылғалдағыш қондырғылардың конструкциясы, технологиялық схемасы және аспаптары, оны пайдалану ережесі.
§ 51. Жабдықты тазалаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қызмет көрсетілетін учаскеде қондырғы мен аппараттардың жұмысын қадағалау. Желдеткіштерді, желдеткіш қондырғыларын, тозаңдатқыш темекі камераларын, кесілген темекіні қопсыту және пневматикалық түту қондырғыларының сапты үрлемелі фильтрлерін уақытында тазалау. Қондырғылар мен аппараттарды түсіріп және оларды бөлшектеп темекі тозаңынан, қоқыстан және кірден тазалау, жуу. Аппаратураны, машиналар мен жабдықтарды жинау, арнайы механизмдердің көмегімін немесе қолмен тазалау. Құралдарды, аспаптарды және сүрту материалдарын дайындау. қалдықтарды ыдыстарға салу. Қондырғылар мен жабдықтар бойынша темекі тозаңының қолдықтарына есеп жүргізу.

Білуге тиіс: қондырғыларды, аппараттар мен жабдықтарды технологиялық пайдалану тәртібі; тазаланатын жабдықтар мен қондырғыларды технологиялық пайдаланудың тәртібі; тазаланатын жабдықты тазалау ережесі, бөлшектеу және құрастыру тәртібі; қалдықтарды ыдыстарға салу тәсілі; темекі тозаңының қалдықтарына есеп жүргізу ережесі.

2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,

осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі


Р/с№

Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы

Раз

ряд


тар диапазоны

2004 жылы шығарылған

БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулар



Раз

ряд


тар диапазоны

БТ

БА

шығарылым






Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Хош иістендіруші

2

Хош иістендіруші

2

51

Темекі

2.

Біліктеуші

2

Біліктеуші

2

51

-"-

3.

Ферментациялау камераларын тиеуші-түсіруші

4

Ферментациялау камераларын тиеуші-түсіруші

4

51

-"-



4.

Сигар жасаушы

2-3

Сигар жасаушы

2-3

51

-"-

5.

Темекі купаждаушы

4-6

Темекі купаждаушы

4-6

51

-"-

6.

Кесу машиналары виброелегінің машинисі

2

Кесу машиналары виброелегінің машинисі

2

51

-"-


7.

Жармалау машинасының машинисі

3

Жармалау машинасының машинисі

3

51

-"-


8.

Темекіні үздіксіз ферменттеу желісінің машинисі

4

Темекіні үздіксіз ферменттеу желісінің машинисі

4

51

-"-



9.

Темекіні ферменттеуге дайындау желісінің машинисі

2-4

Темекіні ферменттеуге дайындау желісінің машинисі

2-4

51

-"-


10.

Махорканы нығыздаушы машинаның машинисі

2-3

Махорканы нығыздаушы машинаның машинисі

2-3

51

-"-



11.

Пневматикалық қондырғы машинисі

2

Пневматикалық қондырғы машинисі

2

51

-"-

12.

Ағынды-автоматтандырылға темекі өңдеу желісінің машинисі

4

Ағынды-автоматтандырылға темекі өңдеу желісінің машинисі

4

51

-"-


13.

Ағынды-механикаландырылған темекі-сигарет желісі мен машиналарының машинисі

2-4

Ағынды-механикаландырылған темекі-сигарет желісі мен машиналарының машинисі

2-4

51

-"-

14.

Машинист-реттеуші

5-6

Машинист-реттеуші

5-6

51

-"-


15.

Темекі кесу машинасының машинисі

4-5

Темекі кесу машинасының машинисі

4-5

51

-"-



16.

Фильтр жасау машинасының машинисі

2-3

Фильтр жасау машинасының машинисі

2-3

51

-"-



17.

Ағынды-автоматтандырылға темекі өндіру желісінің баптаушысы

5-7

Ағынды-автоматтандырылға темекі өндіру желісінің баптаушысы

5-7

51

-"-



18.

Ағынды-автоматтандырылға темекі өндіру желісінің операторы

5

Ағынды-автоматтандырылға темекі өндіру желісінің операторы

5

51

-"-



19.

Махорка тозаңын престеуші

2

Махорка тозаңын престеуші

2

51

-"-


20.

Темекі асты ряднасын престеуші

2

Темекі асты ряднасын престеуші

2

51

-"-


21.

Иісті махорка мен темекіні жасаушы

2

Иісті махорка мен темекіні жасаушы

2

51

-"-


22.

Фарматура мен қалдықты елеуші

2

Фарматура мен қалдықты елеуші

2

51

-"-

23.

Темекіні қопсытушы

2

Темекіні қопсытушы

2

51

-"-


24.

Темекі жапырағын жайып салушы

2

Темекі жапырағын жайып салушы

2

51

-"-

25.

Себуші

2

Себуші

2

51

-"-

26.

Иісті махорка мен темекіні бөліп салушы

2

Иісті махорка мен темекіні бөліп салушы

2

51

-"-



27.

Темекіні бөліп салушы

1

Темекіні бөліп салушы

1

51

-"-

28.

Сигар жапырағын сұрыптаушы

2

Сигар жапырағын сұрыптаушы

2

51

-"-


29.

Темекіні сұрыптаушы

2-4

Темекіні сұрыптаушы

2-4

51

-"-


30.

Ферментациялау өндірісіндегі темекі сұрыптаушы

2-3;

5


Ферментациялау өндірісіндегі темекі сұрыптаушы

2-3;

5


51

-"-



31.

Темекі бұйымдарын сұрыптаушы

2

Темекі бұйымдарын сұрыптаушы

2

51

-"-


32.

Темекінің вагонды партияларын құрастырушы

3

Темекінің вагонды партияларын құрастырушы

3

51

-"-



33.

Махорка қиқымын кептіруші

3

Махорка қиқымын кептіруші

3

51

-"-


34.

Махорка шикізатын ылғалдаушы

2

Махорка шикізатын ылғалдаушы

2

51

-"-


35.

Темекі шикізатын ылғалдаушы

3-4

Темекі шикізатын ылғалдаушы

3-4

51

-"-


36.

Жабдықты тазалаушы

3

Жабдықты тазалаушы

3

51

-"-



«ЭФИР-МАЙ ӨНДІРІСІ» бөлімі

жүктеу 4,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау