бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, дайындау (медициналық техникадан
басқасын), көтерме және бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында
жүзеге асырылатын, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы сатып алуға (алуға), сақтауға, әкелуге, әкетуге, сапасын
бақылауға, ресімдеуге, таратуға, пайдалануға және жоюға, сондай-ақ олардың
қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз етуге байланысты қызмет;
113) халықтың денсаулығына қауіп төндіретін өнім - уәкілетті
орган белгілеген, қолданылуы немесе тұтынылуы кезінде адамның денсаулығына зиянды
әсер етуі мүмкін өнім түрлері;
114) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы - мекендеу ортасы
факторларының адамға зиянды әсері болмайтын және оның тыныс-тіршілігіне қолайлы
жағдайлар қамтамасыз етілетін кездегі халық денсаулығының жай-күйі;
115) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет
- мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының
азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған, мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық қадағалауды, гигиеналық оқытуды, санитариялық-карантиндік
бақылауды, радиациялық бақылауды, санитариялық-эпидемиологиялық нормалауды,
тәуекелді бағалауды, санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті, санитариялық-
эпидемиологиялық сараптаманы қамтитын қызметі;
116) хирургиялық стерилизациялау - нәтижесінде әйел немесе еркек ұрпақты болу
қабілетін жоғалтатын хирургиялық операция;
117) шарананың тірі тууы немесе өлі тууы - жаңа туған баланың (шарананың)
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тірі туу мен өлі туудың тиісті халықаралық
критерийлері бойынша айқындалатын жай-күйі;
118) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин - инфекциялық аурулардың
таралуын болғызбауға бағытталған әрі кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің
ерекше режимін көздейтін шаралар;
119) эвтаназия - аурудың беті бері қарамайтын жағдайларда дауасыз науқастың
өз өлімін жеделдету туралы өтінішін қандай да бір іс-әрекетпен немесе құралдармен,
оның ішінде дәрілік немесе өзге де заттарды енгізу арқылы, сондай-ақ оның өміріне
дем беріп тұрған жасанды шараларды тоқтату арқылы қанағаттандыру;
120) эпидемия - инфекциялық аурулардың әдетте тіркелетін науқастану
деңгейінен айтарлықтай жоғары деңгейде жаппай таралуы;
121) эпидемиологиялық мәні бар объектілер - өндіретін өнімі және (немесе)
қызметі Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде халық арасында
тағамнан уланудың және инфекциялық аурулар таралуының белең алуына әкеп соғуы
мүмкін объектілер;
122) ядролық медицина – онкологиялық ауруларды қоса алғанда, адам ағзасы мен
жүйесiнiң әртүрлi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу
мақсатында радиоактивтi элементтер мен иондандырушы сәулелену қолданылатын медицина
саласы.
2. Өзге терминдердің мазмұны осы Кодекстің жекелеген баптарында айқындалады.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30
№ 297-IV
(2011.07.01
бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29
N 372-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.19
N 395-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi), 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі),
2012.04.27
N 15-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10
№ 31-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013
№ 107-V
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен; 03.07.2013
№ 121-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
2-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы
1. Осы Кодекс азаматтардың денсаулық сақтауға конституциялық құқығын іске
асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
2. Тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету жөніндегі
қызметтер берушіні таңдау және денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын өтеу,
сондай-ақ тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде дәрілік
заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бөлігінде Қазақстан
Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында реттелген құқықтық
қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының
күші қолданылмайды.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.06.28
№ 22-V
(2012.07.01 бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс
пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы
Кодексте қамтылғандағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың
қағидалары қолданылады.
2-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
РЕТТЕУ МЕН БАСҚАРУ
4-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат
принциптері
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат:
1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алу
құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету;
2) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық
денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі;
3) ана мен баланы қорғау;
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;
5) денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы;
6) медициналық көмектің қолжетімділігі;
7) медициналық көмектің сапасын ұдайы арттыру;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;
9) медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметінің
сабақтастығы;
10) медициналық және фармацевтикалық білім берудің үздіксіздігі мен
сабақтастығын қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып қамтамасыз
ету;
11) отандық медицина ғылымын мемлекеттік қолдау, денсаулық сақтау саласындағы
ғылымның, техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін және әлемдік тәжірибені енгізу;
12) ерікті өтемсіз донорлықты көтермелеу;
13) отандық әзірленімдерді және бәсекеге қабілетті медициналық және
фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуды мемлекеттік қолдау;
14) азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық
бірлестіктердің қатысуы;
15) денсаулық сақтаудың халықтың сұранысын, мұқтажын қанағаттандыруға және
Достарыңызбен бөлісу: |