Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет8/58
Дата07.02.2020
өлшемі0,79 Mb.
#28564
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58

 
тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, 
сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының 
аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар 
(рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібін айқындау;
 
      29-6) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканы (оның ішінде тіркелмегендерін) гуманитарлық көмек немесе төтенше 
жағдайлар кезіндегі көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге 
қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруді жүзеге асыру;
 
      30) халықаралық және шетелдік фармакопеялардың стандарттарын, сондай-ақ шет 
мемлекеттердің дәрілік заттарына, медициналық мақсаттағы бұйымдары мен медициналық 
техникасына арналған стандарттау жөніндегі фармакопеялық мақалаларды 
(монографияларды) және басқа да нормативтік құжаттарды тану;
 
      31) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, олардың тіркеу деректеріне өзгерістер 
енгізу, мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу, Дәрілік заттардың, 
медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімін 
жүргізу;
 
      32) Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттарды, медициналық 
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелуді келісу;
 
      33) шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің және халық тұрмысының ерекше 
шарттары болатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу;
 
      34) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті 
химиялық, биологиялық заттардың тіркелімін жүргізу;
 
       35) 
алынып тасталды - ҚР
 
13.01.2014 
N 159-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
 
      36) балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті 
қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, сумен және тамақ өнімдерімен 
жанасатын материалдар мен бұйымдарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация 
құралдарын, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген 
түрлерін мемлекеттік тіркеу;
 
       37) 
алып тасталды - ҚР 03.07.2013 
№ 124-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
 
      38) денсаулық сақтау саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру;
 
       39) 
алынып тасталды - ҚР
 
13.01.2014 
N 159-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
 
      40) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына 
қанағаттанушылық дәрежесін айқындау;
 
      41) жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі 
өтініштерін қарау;
 
      42) гигиеналық оқытуды ұйымдастыру, салауатты өмір салты мен дұрыс 
тамақтануды қалыптастыру;
 
       43) 
алынып тасталды - ҚР
 
13.01.2014 
N 159-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
 
      44) тағамнан улану, инфекциялық және басқа да аурулар кезінде өз құзыреті 
шегінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру 
және жүзеге асыру;
 
      45) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың 
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық 
актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы 
санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру;
 
       46) 
алынып тасталды - ҚР
 
13.01.2014 
N 159-V
 Заңымен (алғашқы ресми 


 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
 
      47) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге 
асыру;
 
       48) 
алынып тасталды - ҚР
 
13.01.2014 
N 159-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
 
      49) медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысуға арналған 
стандарттардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
 
      50) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы 
есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды 
жүзеге асыру;
 
      50-1) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық 
мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізуге мемлекеттік 
бақылауды жүзеге асыру;
 
      51) инфекциялық ауруларға эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;
 
      52) денсаулық сақтау саласындағы сараптамалардың жүргізілуін бақылау;
 
      53) медициналық қызметтер көрсетуді, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы 
бұйымдар мен медициналық техниканы, тағамға биологиялық активті қоспаларды, сондай-
ақ профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістерін жарнамалауды 
бақылау;
 
      54) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына 
сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар 
қолдану;
 
      55) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
 
      56) халықты профилактикалық егудің ұйымдастырылуы мен жүргізілуін бақылауды 
жүзеге асыру;
 
      57) жобалардың мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын 
жүргізу;
 
      58) аумақты немесе оның бір бөлігін ауру таралмаған немесе аурудың таралуы 
төмен деңгейде деп айқындау;
 
       59) 
алынып тасталды - ҚР
 
13.01.2014 
N 159-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
 
      60) кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-
карантиндік пункттер құру;
 
      61) эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту;
 
       62) 
алып тасталды - ҚР 2012.07.10 
N 36-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
 
      63) тәуекелге бағалау жүргізуге құқығы бар барлық ұйымдар үшін бірыңғай 
әдіснаманы айқындау және тәуекелге бағалау жүргізу тәртібін белгілеу;
 
       64) 
алынып тасталды - ҚР
 
13.01.2014 
N 159-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
 
      65) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясын әзірлеу және бекіту;
 
      66) денсаулық сақтау, оның ішінде медицина және фармацевтика ғылымы, 
медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты 
жүзеге асыру;
 
      67) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың ұтымды 
тағайындалуын, сондай-ақ медициналық техниканың тиімді пайдаланылуын бақылау;
 
      68) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және 
олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын Дәрілік 


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау