заттардың, медициналық мақсаттағы
бұйымдардың тізімін айқындау;
69)
алынып тасталды - ҚР
13.01.2014
N 159-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
70) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу
тәртібін бекіту;
71) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканың айналысы саласындағы инспекциялауды жүргізу қағидаларын бекіту;
72) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық
есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
73) көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарға медициналық
тексеріп-қарау жүргізу тәртібін бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган осы Кодексте, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы
Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де
функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30
№ 297-IV
(2011.07.01
бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13 бастап қолданысқа
енгізіледі), 2011.07.15
N 461-IV
(2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі),
2012.06.28
№ 22-V
(2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10
N 34-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10
№ 31-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі), 2012.07.10
N 36-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08
N 64-V
(2013.01.01 бастап
қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013
N 102-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013
№ 107-V
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
03.07.2013
№ 124-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014
N 159-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-бап. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері бар
орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық
мемлекеттік органдардың құзыреті
Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар
мен өзге де орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің қызметіне басшылық жасауды
жүзеге асырады;
3) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде әскери-медициналық
(медициналық) қамтамасыз
ету тәртібін бекітеді;
4) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің басшыларын лауазымға
тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстардың және
ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді;
6) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде медициналық көмек көрсету
тәртібін
бекітеді;
7) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердегі ұйымдар мен бөлімшелердің
құрылымын, олардың қызметі туралы ережелерді, үлгілік штаттарды және штат
нормативтерін әзірлейді
және бекітеді;
8)
алып тасталды - ҚР 03.07.2013
№ 124-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9) уәкілетті органға әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің аумағында
шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (оны тоқтату) туралы ұсыныстар
енгізеді;
10) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде тиісті контингентке
медициналық тексеріп-қарау жүргізудің тәртібі мен кезеңділігін белгілейді;
11) Әскери-дәрігерлік комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекітеді.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013
№ 124-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және
астананың жергілікті мемлекеттік басқару
органдарының құзыреті
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті
өкілді органдары:
1)
алып тасталды - ҚР 03.07.2013
№ 124-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін
әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен
әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерлерін айқындайды;
3) денсаулық сақтау мен медициналық білім берудің жергілікті бюджеттерін және
олардың атқарылуы
туралы есептерді бекітеді;
4) азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет
қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы шешім
қабылдайды;
5) азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін
және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді,
медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы шешім қабылдайды;
6) денсаулық сақтау ұйымдарының дамуы мен жұмыс істеуіне бағытталған іс-
шараларды бекітеді;
7) донорларға қосымша көтермелеу беру туралы шешім қабылдайды;
8) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын уәкілетті орган бекіткен ең төменгі
нормативтерден артық қосымша кадрмен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
туралы шешімді оларды толық көлемінде орындау шартымен қабылдайды;
9) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдеседі;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен
заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті
атқарушы органдары:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте денсаулық сақтау саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асырады;
2)
алып тасталды - ҚР 03.07.2013
№ 124-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер
көрсетуді
қоса алғанда, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемін алу құқығын іске асыруын қамтамасыз етеді;
4) қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі
шаралардың іске
асырылуын қамтамасыз етеді;
5) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын құрады;
6) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін
бақылауды ұйымдастырады;
7) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту мен оларды қаржылық және