4 жұмыс берушінің жеке қорғаныш құралдарын беруі



жүктеу 33,18 Kb.
Дата22.01.2022
өлшемі33,18 Kb.
#34684
№1 сабақ Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық


"Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 сәуірде № 16793 болып тіркелді.

190. Медициналық ұйымдарда мыналар қамтамасыз етіледі:

      1) биологиялық сұйықтықтармен немесе олармен ластанған беттермен тікелей жұмыс істеу алдында киілетін қолғаптармен. Бір рет қолданылатын қолғаптарды қайта пайдалануды, қолғаптар жасалған латексті бүлдіретін вазелин негізіндегі любриканттарды қолдануды болдырмау;

      2) халаттарда, хирургиялық қалпақта немесе телпектерде, ауысымдық аяқ киіммен жұмыс істеу;

      3) қанның және биологиялық сұйықтықтардың шашырауы мүмкін болатын манипуляциялар кезінде бетперделер, қорғаныш көзілдіріктерін немесе бетті иекке дейін жабатын экранды кию немесе қорғаныш көзілдіріктері бар, бүйір қалқаншаларымен жарақталған бетперделерді кию керек;

      4) жұмыс берушінің жеке қорғаныш құралдарын беруі;

      5) жеке қорғаныш құралдарын қолжетімді жерде сақтау;

      6) қанның және биологиялық сұйықтықтардың тері мен сілемейлі қабаттарға түсуімен персоналдың шағын жарақат алу жағдайларын, апат жағдайларын есепке алу.

      191. Биологиялық сұйықтықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтандыру шаралары:

      1) биологиялық сұйықтық теріге түскен кезде, қолғапты немесе жеке қорғаныш құралын шешкеннен кейін, дереу қолды сабынды сумен жуып, одан кейін ластанған жерді жуады. Қолды ағынды сумен жуады. Ағынды су болмаған жағдайда, қолға арналған антисептикалық ерітіндіні және бір рет қолданылатын қағаз орамалдарын немесе антисептикалық сулықтарды пайдалану қажет;

      2) инелері бар бір рет қолданылатын шприцтер пайдаланғаннан кейін алдын ала жуылмастан, дезинфекцияланбай, бөлшектелмей және деформацияланбай дереу қауіпсіз жинау және кәдеге жарату контейнерлеріне (бұдан әрі – ҚЖКЖК) тасталады;

      3) көп рет қолданылатын ластанған, кесетін және шаншитын аспаптар кейіннен өңдеу үшін қатты, ылғал өткізбейтін (түбі мен қабырғасы), таңбаланған контейнерлерге бірден салынады;

      4) пайдаланылған құрал-саймандарға арналған ҚЖКЖК және таңбаланған контейнерлер пайдалануға қолайлы жерде орналастырылады, олардың толтырылуына (төрттен үш бөлігіне дейін толтыру) жол берілмейді және тек мұқият жабық күйінде тасымалданады;

      5) биологиялық сұйықтықтардың үлгілері тиісті таңбасы бар герметикалық контейнерлерге салынады. Егер үлгілері бар контейнер ластанса немесе зақымдалса, оны екінші контейнердің ішіне салу қажет;

      6) биологиялық сұйықтықтармен ластанған жабдыққа техникалық қызмет көрсету және тасымалдау алдында дезинфекциялау қажет;

      7) ластанған төсек-орынға жанасуды барынша азайтады, оны таңбаланған қаптарға немесе контейнерлерге салады, ылғал заттарды ылғалданбайтын қаптар мен контейнерлерде тасымалдайды.

      192. Мыналарға:

      1) биологиялық сұйықтықтармен жанасу мүмкіндігі бар жұмыс орындарында тамақ ішуге, темекі шегуге, макияж жасауға, контактілі линзаларды шешуге немесе киюге;

      2) биологиялық сұйықтықтар мен тіндердің үлгілері сақталатын тоңазытқыштарда немесе орындарда тамақ және сусындар сақтауға;

      3) биологиялық сұйықтықтарды ауызбен тамшуырға соруға;

      4) биологиялық сұйықтықтармен ластанған сынықтарын қолмен көтеруге;

      5) шприцтерден пайдаланылған инелерді шешуге, майыстыруға, сындыруға, оларға қалпақшаларын кигізуге және ластанған өткір аспаптармен осындай әрекет жасауға;

      6) көп рет қолданылатын түйрейтін және кесетін аспаптарға арналған контейнерлерден қолмен бірдеңе алуға, қолмен ашуға, контейнерлерді босатуға жол берілмейді.

      193. Жеке қорғаныш құралдарына биологиялық сұйықтықтар түскен жағдайда, оларды тез арада шешу, терінің ластанған орындарын сабынды сумен жуу қажет. Жұмыс орнынан кету алдында барлық жеке қорғаныш құралдарын шешу және оларды бұл үшін бөлінген ыдысқа салу қажет.

      194. Медициналық ұйымдардың басшылары медицина персоналын ВВГ, ДВГ, СВГ және АИТВ инфекциясын кәсіби жұқтырудың алдын алу бойынша оқытуды қамтамасыз етеді.

      195. Медициналық ұйымдардың персоналы (медициналық та, медициналық емес те) жұмысқа қабылдану алдында және жыл сайын қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқамадан өтеді.

      196. Науқастарды емдеу кезінде кез келген қажетсіз инвазивті араласуды болдырмау қажет.

      197. Медициналық ұйымдар қажетті жабдықпен және шығыс материалдарымен (оның ішінде бір рет қолданылатын шприцтермен, катетерлермен, инелермен және инфузияға арналған жүйелермен, дезинфектанттармен, контейнерлермен, ҚЖЖҚ-мен) жеткілікті мөлшерде және ассортиментте қамтамасыз етіледі.

      198. Ауруды анықтау, емдеуді ұйымдастыру, АИТВ инфекциясына, ВВГ және СВГ маркерлеріне оң нәтижесі бар адамдар үшін еңбек режимін айқындау мақсатында жұмысқа кіру алдында және алты айда бір рет АИТВ инфекциясына, ВВГ және СВГ маркерлеріне мыналар зерттеп-қаралуға жатады:

      1) инвазивті емшараларды жүргізетін, қанды қайта өңдеуге қатысатын қан қызметі ұйымдарының медицина қызметкерлері;

      2) гемодиализбен айналысатын медицина қызметкерлері;

      3) хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндегі медицина қызметкерлері, сондай-ақ диагностика мен емдеудің инвазиялық әдістерін жүргізетін медицина қызметкерлері;

      4) клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалардың медицина қызметкерлері.

      199. Қан қызметі ұйымының қан және оның компонентін дайындау бөлімінің медицина қызметкерлері, хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндегі және гемодиализбен айналысатын медицина қызметкерлері, сондай-ақ диагностика мен емдеудің инвазиялық әдістерін жүргізетін медицина қызметкерлері ВВГ және СВГ маркерлеріне оң нәтижелері болғанда диагноз нақтыланғанға дейін жұмысқа жіберілмейді.

      Тері жамылғысы немесе сілемейлі қабықтың тұтастығы бұзылуымен байланысты АИТВ, ВВГ және СВГ жұқтырған медицина қызметкерлері тері жамылғысы немесе сілемейлі қабықтың тұтастығы бұзылуымен байланысты емес жұмысқа ауыстырылуға жатады.

      200. Инфекцияны анықтау, оның таралу қаупін төмендету мақсатында мыналар ВВГ және СВГ маркерлеріне зерттеп-қаралуға жатады:

      1) стационарларға емдеуге жатқызылу кезінде: жоспарлы және шұғыл операциялық араласуға жататындар, гемодиализ, гематология, онкология, транспланттау, жүрек-қан тамыры және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;

      2) гемодиализ, гематология және транспланттау бөлімшелерінің пациенттері стационарда бір айдан артық болған кезде - ай сайын;

      3) тіркеуге алынғаннан кейін және үшінші триместрдегі жүкті әйелдер.

      201. Ауруды анықтау, оны емдеуді ұйымдастыру мақсатында гемотрансфузия, транспланттау және ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, фетальды, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды алғанға дейін және одан кейін алты айдан соң пациенттер ВВГ және СВГ маркерлеріне зерттеп-қаралуға жатады.

      Адамдарда АИТВ инфекциясының болуын клиникалық көрсетілімдер бойыншы зерттеп-қарау Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11803 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 508 бұйрық) сәйкес жүргізіледі.

      202. АИТВ инфекциясына, ВВГ және СВГ маркерлеріне оң нәтиже болғанда медицина қызметкерлері қан және оның препараттарын дайындау процесіне жіберілмейді.

      203. Медициналық ұйымдарда оның басшымен белгіленген тәртіппен АИТВ және парентеральды жолмен берілетін вирустық гепатиттерді жұқтырудың алдын алуға бағытталған нұсқаманы және іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын жауапты адам тағайындалады.

      204. АИТВ жұқтырудың кәсіби қаупі бар медициналық ұйымдарда тәулік бойы қолжетімді жанасқаннан кейін профилактиканы жүргізу үшін антиретровирусты препараттар және экспресс-тесттер қоры болуы қажет.

      205. АИТВ/ЖИТС-тің денсаулық сақтау ұйымдары медициналық ұйымдарға жанасқаннан кейінгі профилактика мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетеді.

      206. Антиретровирусты препараттармен жанасқаннан кейінгі профилактиканы жүргізуді алғашқы екі сағат ішінде, бірақ биологиялық материалмен жанасқаннан кейін 72 сағаттан кешіктірмей бастайды.

      207. Авариялық жағдайлар туындаған жағдайда медицина қызметкерлері тез арада бұл жағдай туралы № 907 бұйрықпен бекітілген № 135/е нысан бойынша тіркеп, басшыға хабарлайды.

      208. АИТВ жұқтыру қаупіне ұшыраған медицина қызметкеріне бақылау кезеңінде мыналар ұсынылады:

      1) серіктестің жұқтыруының алдын алу үшін жыныстық қатынасты болдырмау немесе презерватив пайдалану;

      2) контрацепция әдістерін пайдалану;

      3) қан, оның компоненттері және препараттары, ағзалар (ағзалардың бөліктері), жыныстық, фетальды және дің жасушалары, тіндер доноры болмау;

      4) баланы емшекпен тамақтандыруды тоқтату.

      209. Авариялық жағдайға қатысушыда сероконверсия пайда болғанда бұл жағдайдың АИТВ және (немесе) парентеральды жолмен берілетін вирустық гепатиттерді кәсіби жұқтыру тұрғысынан тергеп-тексеру жүргізіледі.

      210. Бір рет қолданылатын медициналық құрал-саймандар алдын ала дезинфекцияланбай және бөлшектелмей жойылады.

      211. Көп рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдар пайдаланылғаннан кейін дезинфекциялауға, стерильдеу алдында тазартуға, кептіруге, қаптамалауға және стерилизациялауға жатады.

      212. Құрал-сайманды дезинфекциялау оны пайдаланған жерде дезинфекциялық ерітіндіге батыру немесе ультрадыбыстық және жуу машиналарына салу жолымен жүргізіледі.

      213. Медициналық бұйымдарды дезинфекциялау үшін екі сыйымдылық пайдаланылады. Бірінші сыйымдылықта құрал-сайман қанның, сілемейдің, дәрілік препараттардың қалдықтарынан жуылады, сосын экспозиция үшін екінші сыйымдылыққа батырылады. Алмалы-салмалы бөлшектер алынған күйінде өңделеді.

      214. Дезинфекциялық ерітінділер ластануына, түсінің өзгеруіне немесе тұнбаның пайда болуына, жарамдылық және сақтау мерзімінің өтуіне қарай ауыстырылады.

      215. Биологиялық сұйықтыққа қатысты бекіту реакциясы бар дезинфекциялық ерітіндіні пайдаланған кезде құрал-сайман алдын ала бөлек суы бар сыйымдылықта жуылады, кейіннен ол зарарсыздандырылады.

      216. Жуатын ерітінді егер ерітіндінің түсі өзгермесе, дайындалған сәтінен бастап тәулік бойы пайдаланылады. Стерильдеу алдында өңдеудің сапасы қан мен синтетикалық жуу заттарының сілтілі компоненттерінің қалдық мөлшеріне, сондай-ақ аспаптағы майлы дәрілік заттардың қалдықтарына оң сынаманың болмауымен бағаланады.

      217. Құрал-сайманды стерильдеу алдында тазарту және стерильдеу медициналық ұйымның әр бөлімшесіндегі арнайы бөлінген жерде немесе орталықтандырылған стерильдеу бөлімшесінде жүргізіледі.

      218. Дезинфекциялық құралдың құрамында жуу компоненті болған жағдайда стерильдеу алдында өңдеу жүргізілмейді.

      219. АИТВ инфекциясының берілу жолдары:

      1) қарым-қатынас (жыныстық);

      2) парентеральды (қан, құрамында АИТВ-ы бар қанмен ластанған шприцтер, инелер және кесу құралдары);

      3) вертикальды (анадан ұрыққа).

      220. АИТВ инфекциясы кезіндегі тәуекел факторлары:

      1) жыныстық жолмен берілетін аурулардың болуы;

      2) қорғалмаған жыныстық қатынастар;

      3) инвазивтік араласушылықтар кезінде залалсыздандырылмаған медицииналық және медициналық емес құралдарды пайдалану;

      4) тері бетінің және шырышты қабаттардың зақымдалуы кезінде АИТВ жұқтырған адамның биоматериалымен қатынаста болу;

      5) гемотрансфузиялар, ағзалардың, тіндердің, жасушалардың трансплантациясы;

      6) гестация, босану және емшек сүтімен тамақтандыру кезеңінде АИТВ жұқтырған анасының баласымен перинатальды байланысы.

      221. АИТВ жұқтырған адамдарды анықтау мақсатында зерттеуді меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдар жүзеге асырады.

      222. АИТВ инфекциясына тексерілу (соның ішінде құпия түрде) қатаң құпиялылық жағдайында пациенттің ақпараттық келісімі арқылы жүзеге асырылады, егер 14 жасқа дейінгі кәмелеттік жасқа толмағандарды тексерген жағдайда – оның заңды өкілінің өтініші бойынша немесе келісімімен жүргізіледі.

      223. Мәжбүрлеу арқылы медициналық тексеру прокуратура, тергеу және сот органдарының сұрауларының негізінде жүргізіледі.

      224. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ инфекциясына медициналық зерттеп-қарау № 508 бұйрыққа сәйкес жүргізеді.

      225. АИТВ инфекциясына зерттеп-қарау кезде тестіленетін адамдарға тестілеуге дейінгі және тестілеуден кейінгі консультацияға жататын ақпарат беріледі.

      226. Тестілеуге дейінгі консультация беру күту бөлмелерде көрсетілетін плакаттар, кітапшалар, веб-сайттар және қысқа бейнеклиптер сияқты көрнекі үгіт құралдары арқылы беріледі.

      227. Тестілеуге дейінгі консультация беруге жататын ақпарат:

      1) АИТВ-ға тестілеудің пайдасы;

      2) АИТВ-ға оң және АИТВ-ға теріс диагноздарының мағынасы;

      3) АИТВ-ға оң диагноз болған жағдайда АРТ-ны алу туралы түсіндіруді қоса алғанда, қолда бар көрсетілетін қызмет туралы түсіндіру;

      4) профилактика нұсқаларының қысқа сипаттамасы және серіктесті тестілеуге қатысты ұсынымдар;

      5) тест нәтижелерінің және кез келген ақпараттың құпиялылығына кепілдік беру.

      228. Тестілеуден кейінгі консультация беру кеңес алатын адамды тестілеу нәтижелерінен (теріс, оң және белгісіз), сол нәтиженің мағынасынан, АИТВ-ны жұқтыру қаупін төмендетуді қамтамасыз ететін мінез-құлықтың уәждемесінен хабардар ету мақсатында жүргізіледі.

      229. Тестілеуден кейінгі консультация беру мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) пациентке тестілеу нәтижелерін хабарлау және оның мағынасын түсіндіру;

      2) серонегативті терезеде болу ықтималдылығы жайлы (белгісіз және теріс нәтиже кезінде) және АИТВ инфекциясына қайта тестілеуден өтудің қажеттілігі жайлы ақпараттандыру;

      3) мінезінің өзгеруінен жұқтыру қаупін төмендету мүмкіндіктерін талқылау;

      4) халықтың негізгі топтары үшін қосымша медициналық көмек мүмкіндіктері, психологиялық-әлеуметтік көмек мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру;

      5) психологиялық көмек пен қолдау.

      230. АИТВ жұқтырған адамның ахуалы анықталған жағдайда, АИТВ/ЖИТС-тің денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігері, психолог тексерілген адамды жазбаша түрде АИТВ инфекциясының оң нәтижелері туралы хабарландырады, пациентке мыналардан тұратын дағдарыстық кеңес беруді жүргізеді:

      1) психологиялық көмек көрсету;

      2) АИТВ инфекциясының ерекшеліктері мен клиникалық сатылары туралы, антиретровирустық препараттармен емдеу мүмкіндіктері, АИТВ-ның үшінші адамға берілу жолдары мен оның алдын алу шаралары туралы ақпараттандыру;

      3) емдеуге жатқызуға, емделудің уақытылы басталуына уәждемелеу;

      4) денсаулық сақтау ұйымдарында қосымша медициналық-әлеуметтік көмекті, психологиялық-әлеуметтік көмекті, үкіметтік емес ұйымдардағы әлеуметтік қолдауды алу мүмкіндіктері бойынша қажеттіліктер мен ұсынымдарды бағалау;

      5) АИТВ инфекциясын таратпау жөніндегі сақтық шараларын сақтаудың қажеттілігі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біле тұра бір адамға жұқтыру немесе жұқтыру қаупін тудыруға жауапкершілік туралы ескерту.

      231. Жасы 18 дейінгі АИТВ жұқтырған адам анықталса, оның ата-анасы мен заңды өкілдері хабарландырылады.

      232. АИТВ инфекциясының болуына тексерілуге хабарласқан адамдарға кеңес беру үшінші адамның болмауы жағдайында еріктілік пен құпиялылық қағидаларын сақтай отырып жүргізіледі.

      233. АИТВ инфекциясына қан алу меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан медициналық ұйымдарда жүргізіледі.

      234. Құпия зерттеп-қарау кезінде сынама алу кезеңінде пациентті верификациялау жеке басын куәландыратын құжат бойынша жүзеге асырылады.

      235. АИТВ инфекциясының болуына анонимдік медициналық тексерілу қызметін алған кезде құжаттар талап етілмейді, тексерілетін адамға код беріледі.

      236. Зерттеудің талдауалды кезеңі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 758 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12207 болып тіркелген) Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлері туралы ережемен қамтамасыз етіледі.

      237. Қан үлгілерімен бірге № 907 бұйрықпен бекітілген № 264/е нысан бойынша жолдама жүреді.

      238. АИТВ инфекциясына теріс нәтижесі бар зерттеу туралы нәтиже тексерілетін адам тестілеуден өткен жерден алады.

      239. АИТВ антиденелеріне тексерілу туралы анықтама-сертификатты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11145 болып тіркелген) бекітілген АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидаларының нысаны бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда тексерілетін адамның талабы бойынша АИТВ/ЖИТС-тің денсаулық сақтау ұйымдары береді. Әрбір анықтама – сертификатты беру № 907 бұйрықпен бекітілген № 272/е нысан бойынша АИТВ антиденелерге тексерілгені туралы сертификаттарды беру журналына тіркеледі. Анықтама – сертификат тексерілген сәттен бастап үш ай бойы жарамды.

      240. Жедел тесттерді қолдану арқылы АИТВ жұқтырған адамдарды анықтауға, кейіннен қанның сол порциясын иммунологиялық әдістердің біреуімен (ИФТ, ИХЛТ, ЭХЛТ) зерттеуге мыналар жатады:

      1) АИТВ инфекциясына екі рет тексерілу нәтижелерінсіз босануға келгендер немесе бір рет тексерілгендер - босанатын әйелдерге перинаталдық орталықтарға (босаны бөліміне) түскенге дейін үш аптадан асқанда келген жүкті әйелдер, негізгі топқа жататын босануға келгендер немесе жыныстық серіктесі АИТВ жұқтырған болса, немес инъекциялық есірткі тұтынатындар болған жағдайда – перинаталдық орталыққа (босану бөліміне) келгенге дейін тексерілгендігіне үш аптадан асқандар;

      2) жұқтырылған биологиялық сұйықтықпен байланыс кезінде апатты жағдайларда зардап шеккендер;

      3) тұрғындардың негізгі топтары.

      241. АИТВ инфекциясына жедел тестілеудің оң нәтижесі АИТВ жұқтырған адамның мәртебесін белгілеу үшін негіз болып табылмайды. Ерекше иммунологиялық әдістермен және ПТР әдісімен зертханалық зерттеу жүргізу арқылы АИТВ инфекциясы диагнозын растау талап етіледі.

      242. АИТВ-ны жұқтыру, таралушылығы, С вирустық гепатиті, мерезді жұқтыру қаупінің факторларын зерттеу үшін АИТВ/ЖИТС-тің денсаулық сақтау ұйымдары халықтың негізгі топтары арасында (ИЕТ, СЖ, ЕЖЕ) био мінез-құлықтық зерттеулерді жүргізеді.

      243. Санитариялық-эпидемияға қарсы іс шараларға АИТВ инфекциясының берілуінің алдын алу жөніндегі шаралар жатады:

      1) анадан балаға табиғи жолмен (вертикальды) перинатальді (жүктілік кезінде анасының қаны арқылы);

      2) интранатальді (босану кезінде қан арқылы немесе анасының вагинальді сөлі), емшек сүтімен тамақтандыру кезінде;

      3) жыныстық қатынастар кезінде қатынасты-гемоқатынасты жолмен (қан, шәует, вагинальді сөл арқылы), зақымдалған тері беті және (немесе) шырышты қабатының қанмен тікелей байланысы арқылы;

      4) жұқтырылған донорлық қан және оның компоненттері, адамның органдары (органдардың бөліктері) және (немесе) тіндері (тіндердің бөліктері), арқылы артифициальді (жасанды), есірткі құралдары немесе оның ұқсас заттарын парентеральды пайдаланғанда, тері бетінің және шырышты қабаттың зақымдалу кезінде медициналық және медициналық емес араласушылықтар кезінде.

      244. АИТВ инфекциясы анықталған жағдайда эпидемиологиялық тексеруді АИТВ/ЖИТС-тің денсаулық сақтау ұйымдарының эпидемиологтары жүргізеді. Медицина қызметкерлерінің ауруханаішілік жұқтыруына, кәсіби жұқтыруына, пенитенциарлық мекемелерде жұқтыруға күмән туындағанда эпидемиологиялық тексеру АИТВ/ЖИТС-тің денсаулық сақтау ұйымдары аумақтық бөлімшелері мамандарымен бірлесе жүргізіледі.

      245. Эпидемиологиялық тексеру нәтижелерінің негізінде ықтимал жұқтыру көзі, жолдары және аурудың туындауына негіз болған берілу факторлары туралы қорытынды беріледі. Сол қорытындыны назарға ала отырып, АИТВ жұқтырған адамдар мен байланыстағы адамдарды оқытуды қамтитын алдын алу және эпидемияға қарсы кешенді іс-шаралар әзірленеді және іске асырылады.

      246. Пенитенциарлық мекемелерде жұқтыру, пациенттің ауруханаішілік жұқтыруы, белгісіз жолдармен, балаларда, жүкті әйелдерде, донорларда, реципиенттерде, медқызметкерлерде анықталған АИТВ инфекциясының берілу жағдайларына АИТВ/ЖИТС-тің денсаулық сақтау ұйымдары ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығына хабарлама береді.

      247. АИТВ инфекциясының анықталған көзіне қатысты АИТВ/ЖИТС-тің денсаулық сақтау ұйымдары мынадай іс-шаралар қолданылады:

      1) АИТВ-инфкциясын уақтылы анықтау және диагнозын қою;

      2) дәрігердің тағайындауы бойынша антиретровирустік препараттарының ерекше терапиясы (соның ішінде жүкті әйелдерде, АИТВ жұқтырған аналардан жаңа туылған балаларда);

      3) АИТВ жұқтырған адамды ЖЖБИ-ға қаралу және емдеуге жіберу жыныстық жолмен берілетін тәуекелді азайтады;

      4) инъекциялық есірткі қолданатын адамдарды алмастырушы терапияны қолдайтын залалды төмендету бағдарламасына, қызмет және әлеуметтік қолдау алуға арналған үкіметтік емес ұйымдарға есірткіге тәуелділіктен емдеуге жіберу есірткілерді пайдалану кезінде вирустың берілу көзінің белсенділігін төмендетеді.

      248. Берілу механизмдері, жолдары және факторларына қатысты іс-шаралар:

      1) медициналық мекемелерде медициналық құрылғылар мен жабдықтарды залалсыздандыруды жүргізу, сондай-ақ, шаштараз, косметологиялық салондарда, пирсинг пен татуаж жасайтын салондарда, бір рет қолданылатын құралдарды пайдаланатын құралдарды залалсыздандыру;

      2) медициналық араласушылықтар практикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қадағалау және қорғанудың тосқауылды әдістерін пайдалану;

      3) әрбір донорлық материалды тапсырған кезде АИТВ антиденелерінің болуына қан донорларын және донорлық материалдарды тексеру, қан препарттарын карантинизациялау және жұқтырылған донорлық материалдың жарамсызын шығару. Референс-зерттеу кезінде АИТВ жұқтырғандар мен ИФТ оң адамдарды қан, плазма, органдарды және тіндерді тапсырудан өмірлік шектеу;

      4) кеңес беру мен тұрғындарды оқыту – тез қабылдаушы контингентті де, инфекция көздерін де – қауіпсіз және немесе қауіптілігі төмен мінез-құлыққа үйрету;

      5) тұрғындардың негізгі топтарымен профилактикалық жұмыс жасау (ИЕТ, СЖ, ЕЖЕ, тергеліп сотталғандар және қамалғандар);

      6) баланың анасының биологиялық сұйықтығымен байланысының алдын алу үшін АРВ препараттары тағайындалады және қол жеткізіледі:

      АИТВ-ны жұқтырған әйелде босану кезінде операцияны кесарь тілігімен жоспарлы жасауды жүргізу;

      босанудан кейін АИТВ-ны жұқтырған анасы емшекпен тамақтандыруды жасанды тамақтандыруға ауыстыру жолы арқылы.

      АИТВ жұқтырған әйелдің қалауы бойынша қаламаған жүктіліктің алдын алу бойынша көмек көрсетіледі.

      249. АИТВ/ЖИТС-тің денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын тез қабылдағыш контингентке қатысты шаралар:

      1) АИТВ инфекциясы кезінде байланысқан адамдар болып инфекция қоздырғышының белгілі механизмдері, жолдары, факторларынан ала отырып жұқтыру мүмкіндігінде болған адамдар есептеледі. АИТВ-ны жұқтырған адаммен байланысқандардың толық тізімін барынша анықтау тестілеуге дейінгі кеңес беру мен АИТВ инфекциясына тексеру барысында АИТВ-дан сақтану жолдары мен әдістері туралы ақпараттандырады;

      2) АИТВ инфекциясын жұқтыру тұрғысынан қауіпсіз мінез-құлыққа оқыту;

      3) превентивті химиялық-профилактиканы жүргізу. АИТВ инфекциясын жұқтыру тәуекеліне ұшыраған адамдардың ауруының шұғыл алдын алу үшін, соның ішінде: АИТВ жұқтырған әйелдерден туылған нәрестелерге, медқызметкерлерге және АИТВ жұқтырғандарға көмек көрсету кезінде зардап шеккен адамдарға, АИТВ-ны жұқтыру тәуекелін тудырып, байланыста болды деп болжанған негізі бар азаматтарға антиретровирустық препараттар тағайындайды.

      250. Профилактикалық іс-шаралар әрбір пациент гемобайланыс инфекциясының (B, C гепатиттері, АИТВ) әлеуетті көзі ретінде бағалануы ережесіне қарай жүргізіледі.

      251. АИТВ инфекциясының ауруханаішілік берілуінің алдын алу мақсатында:

      1) дезинфекциялауға, алдын ала залалсыздандыру арқылы тазартуға, медициналық мақсаттағы бұйымдарды залалсыздандыруға, сондай-ақ, медициналық ұйымдарда пайда болатын медициналық қалдықтарды жинауға, уақытша сақтауға, залалсыздандыруға және тасымалдауға қойылатын талаптарды сақтау;

      2) медициналық және санитариялық техникалық жабдықтармен, заманауи атравматикалық медициналық, дезинфекциялау, залалсыздандыру және жеке бастың қорғану құралдарымен жабдықтау қамтамасыз етіледі.

      252. АИТВ инфекциясын ауруханаішілік жұқтыруға күдіктену кезінде медициналық ұйымдарда кешенді профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі.

      253. Эпидемиологиялық тексеру жұқтыру көзін, берілу факторларын, ықтимал жұқтыру қаупін есепке алғанда тең жағдайларда болған персоналдар арасында да, пациенттер арасында да байланысқан адамдар тізімін белгілеу мақсатында жүргізіледі және медициналық ұйымдар жағдайында жұқтырудың алдын алу жөніндегі профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.

      254. АИТВ жұқтырған адаммен байланыста болғандарды тексеруді ұйымдастыруды АИТВ/ЖИТС-тің денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады. АИТВ инфекциясын анықтауға байланыста болғандарды зертханалық тексеру нәтижелері диспансерлік есепте тұратын (дискордантты жұптар) АИТВ жұқтырғанның амбулаториялық картасында жазылады.

      255. Байланыста болған адамдарды бақылау ұзақтығы контингентке байланысты болады және мыналар белгіленеді:

      1) АИТВ жұқтырған аналарда туылған балалар үшін – он сегіз ай;

      2) нозокомиальді көзден шыққан адамдар үшін – медициналық ұйымнан пациенттің шыққанына үш айдан асса, жұқтыру көзінің адамдар байланыста болғандар ретінде АИТВ инфекциясының болуына бір рет тексерілуден өтеді және теріс нәтиже кезінде бақылау тоқтатылады;

      3) апатты жағдайлар кезінде медициналық жұмысшылар үшін – апаттан кейін үш ай;

      4) донорлық биоматериалдың реципиенттері үшін – үш ай. АИТВ инфекциясының ИФТ, ИХЛТ, ЭХЛТ нәтижелері теріс болғанда – бір айдан соң және үш айдан соң гемотрансфузия немесе трансплантациядан кейін бақылаудан алынады;

      5) АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың серонегативті жыныстық серіктестері үшін және есірткілерді бірге тұтыну бойынша байланыста болғандар үшін бақылау мерзімі шектелмеген. АИТВ инфекциясына тексерілу жиілігі – кемінде жылына екі рет.

      256. АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша тұрғындардың хабардарлығын арттыру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі: аумақтық бөлімшелер, АИТВ/ЖИТС-тің денсаулық сақтау ұйымдары, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар.

      257. Ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-әрекетті үйлестіруді АИТВ/ЖИТС-тің денсаулық сақтау ұйымдары мен аумақтық бөлімшелер жүзеге асырады.

      258. Тұрғындардың хабардарлығын арттыру мыналарды қамтиды: АИТВ инфекциясы туралы толық ақпаратты тұрғындарға ұсыну, АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары, аурудың негізгі белгілері, ауырған адамдарды уақытылы анықтаудың маңыздылығы, оларды диспансерлік есепке алудың қажеттілігі және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып іс-шараларды жүргізу, парақшалар, плакаттар, кітапшалар тарату, заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, әлеуметтік желілерді қоса алғанда тірі журналдар, ұялы телефон көмегімен мәтіндік хабарламалар, АИТВ-ны жұқтыруға қатысты қауіпсізі мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған жеке жұмыстарды жүргізу.

      259. Тұрғындарды оқыту АИТВ инфекциясын жұқтыру тұрғысынан қауіпсіз және қауіптілігі төмен мінез-құлықтың барлық тәсілдерімен таныстырудан тұрады: қауіпсіз сексуалдық мінез-құлық, парентеральды араласушылықтардың қауіпсіздігі, кәсіби қауіпсіздік.

      260. Медициналық ұйымдарда келушілер үшін қолжетімді орындарда АИТВ-ны жұқтыруды болдырмау, есірткіні тұтынудың алдын алу, қауіпсіз секс, денсаулық сақтау ұйымдарында тұрғындардың негізгі топтарына, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көмек көрсететін қосымша медициналық-әлеуметтік көмек туралы ақпараттар, сенім телефондарының нөмірлерінің болуы.

      261. Білім беретін мекемелердің оқу бағдарламалары (жоғарғы оқу орындары, орта арнайы білім беретін мекемелер, жалпы орта мектептер) АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелерінен тұрады.

      262. Жұмыс істейтін тұрғындар арасында АИТВ инфекциясы бойынша профилактикалық бағдарламаларды енгізуді қамтамасыз ету қажет.

      263. Денсаулық сақтау ұйымдарында, сенім пункттерінде, достық кабинеттерінде тұрғындардың негізгі топтарына медициналық көмек көрсету кезінде мыналарды қамтитын консультация жүргізіледі:

      1) АИТВ инфекциясын ерте анықтау үшін және АИТВ-ны жұқтырған жағдайда емдеуді уақытылы бастау үшін АИТВ инфекциясына тестілеуден өтудің қажеттілігі туралы пациентті ақпараттандыру;

      2) пациент үшін АИТВ-ны жұқтыру қаупін төмендету жолдарын, жыныстық серіктесімен өзара қарым-қатынастың ашықтығын, медициналық көмекті алу мүмкіндіктерін талқылау;

      3) денсаулық сақтау ұйымдарында қосымша медициналық-әлеуметтік көмекті алу мүмкіндіктері туралы, үкіметтік емес ұйымдар базасында психологиялық-әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қолдауды алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру.

      264. АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын сенім пункттері мен достық кабинеттері мыналарды қоса алғанда халықтың негізгі топтарының арасында АИТВ-ның берілу қаупін төмендету жөніндегі іс-шараларды жүргізеді:

      1) тестілеуге дейінгі және тестілеуден кейінгі кеңес берумен қоса жедел-тестілеуді қолдана отырып АИТВ-ға ерікті тестілеуді жүргізу;

      2) парентеральды гепатиттер, ЖЖБИ-ға жедел тестілеуді қолданумен қоса ерікті тестілеуді жүргізу;

      3) туберкулез инфекциясы ауруының жеке тәуекелін бағалай отырып, консультация беру (сауалнама көмегімен), флюорографиялық тексерілуден өтуге уәждеме беру, қажеттілігі болған жағдайда денсаулық сақтау ұйымына бірге бару;

      4) АИТВ-ға, парентеральды гепатиттерге, ЖЖБИ-ға жедел тестілердің оң нәтижелері бар адамдарды медициналық көмекті алуға, емдеуге жатқызуға уәждемелеу, қажет болған жағдайда денсаулық сақтау ұйымдарға олармен бірге бару;

      5) АИТВ инфекциясына, туберкулезге, ЖЖБИ-ға тестілеуден тұрақты түрде ерікті өтуге уәждемелеу (әрбір алты ай сайын);

      6) қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыратын уәждемелеуші шығын материалдарын берумен қоса есірткіні, психологиялық-ынталандырушы заттарды пайдаланған кезде қауіптілігі төмен мінез-құлықтар, қауіпсіз сексуалдық мінез-құлық мәселелері бойынша, оның ішінде топтық кеңес беру (презервативтер, стерильді шприцтер мен инелер, спиртті майлықтар, ақпараттық-танымдық материалдар);

      7) кеңес беру, соның ішінде, инфекционист-дәрігерді, наркологты, фтизиатрды, психологты, тең консультантты тарта отырып кеңес беру, АИТВ-ны, парентеральды гепатиттерді, ЖЖБИ, туберкулезді жеке жұқтыру қаупін бағалау бойынша, сол қауіпті барынша азайту үшін мінез-құлықты өзгерту мүмкіндіктері бойынша баға беру;

      8) сексуалдық серіктестеріне, отбасының мүшелеріне, туысқандарына, жақын адамдарға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету;

      9) психологиялық қолдау топтарының, өзара көмек көрсету топтарының жұмысы10) негізгі топтардың нақты болған орындарындағы жұмыс;   11) АИТВ инфекциясы, парентеральды
жүктеу 33,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау