Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет6/58
Дата07.02.2020
өлшемі0,79 Mb.
#28564
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

 
өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарлылығы;
 
      16) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесу;
 
      17) халықтың денсаулығын, дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен 
сапасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу принциптері 
негізінде жүргізіледі.
 
      5-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу
 
              негіздері
 
      1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеуді:
 
      1) Қазақстан Республикасының Президенті;
 
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
 
      3) уәкілетті орган;
 
      4) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан 
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде 
белгіленген құзыреті шегінде өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар 
жүзеге асырады.
 
      2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу:
 
      1) медициналық, фармацевтикалық қызметті мемлекеттік бақылау және мемлекеттік 
санитариялық-эпидемиялогиялық қадағалау;
 
      2) медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау;
 
      2-1) адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан 
мен оның компоненттерін Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының 
аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді 
лицензиялау;
 
      3) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу;
 
      4) денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау;
 
      5) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканы, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген 
түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректемесіне 
өзгерістер енгізу;
 
      6) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканы қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, 
көрсетілетін қызметтердің) техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі 
нормативтік құжаттарда және шарттар талаптарында белгіленген талаптарға сәйкестігін 
растау;
 
      7) дәрілік заттардың және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін 
медициналық қызметтердің бағаларына мемлекеттік реттеу жүргізу жолымен жүзеге 
асырылады.
 
      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 
бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 
N 34-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен 
бастап қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 
№ 107-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан 
кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
 
      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
 
      1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын 
әзірлейді;
 
      2) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық 
актілерді, санитариялық қағидаларды, гигиеналық нормативтерді шығарады;
 
      3) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін 
бекітеді;
 
      4) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу тәртібін айқындайды;
 
      5) медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік 


 
талаптарын бекітеді;
 
      6) орталық және жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау мәселелері 
жөніндегі қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
 
      7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің  тізбесін 
 бекітеді;
 
      8) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын 
қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
 
      9) төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде халыққа 
медициналық көмек көрсетудің тәртібін, түрлері мен көлемін айқындайды;
 
      10) денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген 
көлемін және ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысанын бекітеді; 
 
      11) денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекітеді;
 
      12) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету 
бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен  медициналық 
техниканы, медициналық және фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен 
өткізу тәртібін айқындайды;
 
      12-1) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық 
мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізу 
қағидаларын бекітеді;
 
      13) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін 
аурулардың тізбесін бекітеді;
 
      14) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге 
емделуге жіберу қағидасын бекітеді;
 
      15) денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу 
тәртібін айқындайды;
 
      16) кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың 
енуіне және таралуына санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асырудың және 
Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз 
етудің тәртібін айқындайды;
 
      17) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) 
өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді Қазақстан 
Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдану мен өткізуге тыйым 
салу тәртібін айқындайды;
 
      18) оларға қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды 
жүргізу тәртібін, мерзімдерін және жоспарлы егілуге жатқызылатын халықтың топтарын 
айқындайды;
 
      19) Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде 
карантинді, сондай-ақ халық тұрмысының және кәсіпкерлік және (немесе) өзге де 
қызметті жүргізудің ерекше шарттары мен режимдерін жүзеге асыру 
тәртібін белгілейді;
 
      20) туындау және таралу қатері төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде 
карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін белгілейді;
 
      21) иондандырушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, 
сақтау және пайдалану тәртібін бекітеді;
 
      22) азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды;
 
      23) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, 
медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы гуманитарлық көмек 
ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындайды;
 
      24) клиникалық базалар тізбесін бекітеді;
 
      25) анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру тәртібі 


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау