техниканың айналысы саласындағы объектілер - Қазақстан Республикасының
Үкіметі бекіткен үлгілік ережелерге сәйкес жұмыс істейтін дәріхана, алғашқы
медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық
сақтау
ұйымдарындағы дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған
жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша сақтау қоймасы, оптика
дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың дүкені,
медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қоймасы, дәрілік
заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру
жөніндегі ұйымдар;
24) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканың айналысы саласындағы субъектілер - фармацевтикалық қызметті жүзеге
асыратын жеке немесе
заңды тұлғалар;
25) Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканың мемлекеттік тізілімі - Қазақстан Республикасында тіркелген және
медициналық қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдар мен медициналық техниканы есепке алу құжаты;
26) дәрілік заттың балк-өнімі - технологиялық процестің соңғы қаптамалаудан
басқа барлық сатысынан өткен, мөлшерленген дәрілік зат;
27) дәрілік заттың жарамдылық мерзімі - уақыты біткеннен кейін дәрілік затты
қолдануға болмайтын күні;
28) дәрілік заттың қаптамасы - дәрілік заттарды бүлінуден және ысырап болудан
қорғау жолымен олардың айналысы процесін қамтамасыз ететін,
сондай-ақ қоршаған
ортаны ластанудан сақтайтын құрал немесе құралдар кешені;
29) дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканың сапасы - дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканың белгіленуі бойынша әсер ету қабілетіне ықпал ететін қасиеттері мен
сипаттамаларының жиынтығы;
30) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы - дәрілік заттың
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы;
31) дәрілік препарат - белгілі бір дәрілік нысандағы дәрілік зат;
32) дәрілік препараттарды дайындау - дәріханаларда дәрілік нысандарды
дайындаумен, сондай-ақ дәрілік субстанцияларды сатып алумен, дайындалған дәрілік
препараттарды сақтаумен, сапасын бақылаумен, ресімдеумен және өткізумен байланысты
фармацевтикалық қызмет;
33) дәрілік формуляр - денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен және
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен келісілген,
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін дәрілік заттардың
жеткілікті мөлшері болуға міндетті денсаулық сақтау ұйымының
бейіні ескеріле отырып
түзілген дәрілік заттардың тізбесі;
34) дәстүрлі медицина - аурулардың алдын алу мен оларды емдеудің қоғамда
жинақталған әдістері мен құралдарына негізделген, медициналық практиканың
көпғасырлық дәстүрлерімен орныққан медицина саласы және медицина қызметкерлерінің
қызметі;
35) денсаулық - аурулар мен дене кемістіктерінің болмауы ғана емес, тұтастай
тәни, рухани (психикалық) және әлеуметтік салауаттылық жағдайы;
36) денсаулық сақтау - аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге, қоғамдық
гигиена мен санитарияны қолдауға, әрбір адамның тәни және психикалық саулығын
сақтап, нығайтуға, оның ұзақ жыл белсенді өмір сүруін қолдауға, денсаулығынан
айырылған жағдайда оған медициналық көмек ұсынуға
бағытталған саяси, экономикалық,
құқықтық, әлеуметтік, мәдени, медициналық сипаттағы шаралар жүйесі;
37) денсаулық сақтау жүйесі - қызметі азаматтардың денсаулық сақтау
құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау
субъектілерінің жиынтығы;
38) денсаулық сақтау саласындағы медициналық сараптама (бұдан әрі - денсаулық
сақтау саласындағы сараптама) - денсаулық сақтау қызметінің әртүрлі аяларындағы
құралдардың, әдістердің, технологиялардың, көрсетілетін қызметтердің деңгейі мен
сапасын анықтауға
бағытталған ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-
шаралардың жиынтығы;
39) денсаулық сақтау саласындағы стандарт (бұдан әрі - стандарт) -
медициналық, фармацевтикалық қызмет, медициналық және фармацевтикалық білім беру
саласындағы қағидаларды, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін
нормативтік құқықтық акт;
40) денсаулық сақтау саласындағы стандарттау (бұдан әрі - стандарттау) -
стандарттарды, талаптарды,
нормаларды, нұсқаулықтарды, қағидаларды әзірлеу, енгізу
және олардың сақталуын қамтамасыз ету арқылы процестердің, медициналық
технологиялар мен көрсетілетін қызметтердің сипаттамаларын ретке келтірудің оңтайлы
дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;
41) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті
орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық
және фармацевтикалық ғылым,
медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы
басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
42) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг – Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған, денсаулық
сақтау саласындағы, оның ішінде
ядролық медицина саласындағы қызметтi жүзеге асыратын
акционерлiк қоғам
;
43) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге
асыратын заңды тұлға;
43-1) детоксикация – адам организмінен алкогольді шығаруға бағытталған
медициналық іс-шаралар кешені;
44) диагностика - аурудың болу немесе болмау фактісін белгілеуге бағытталған
медициналық қызметтер көрсету кешені;
45) диагностикалық реагенттер - пациентке диагноз қою немесе оның
физиологиялық жай-күйін бағалау мақсатында адам организмінен алынған сынамаларды
зерттеуге арналған және олардың параметрлері туралы мәліметтер беруге қызмет ететін
реагенттер, реагенттердің жиынтықтары;
46) динамикалық байқау - халық денсаулығының жай-күйін жүйелі түрде байқау,
сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
47) донор - донорлық қан, оның компоненттері, өзге де донорлық материал (оның
ішінде шәует, жыныс жасушалары, аналық жасуша) алу жүргізілетін, сондай-ақ
реципиентке транспланттау үшін тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың
бөліктерін) алу жүргізілетін адам, адамның мәйіті, жануар;
48) емдеу - ауыруды жоюға, оның бетін қайтаруға және (немесе) барысын
жеңілдетуге, сондай-ақ оның асқынуының алдын алуға бағытталған медициналық
қызметтер көрсету кешені;
49) ерікті емделу - науқастың немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге
асырылатын емдеу;
50) жалған дәрілік зат - құрамы, қасиеттері және басқа да сипаттамалары
бойынша өндірушінің бірегей немесе қайта өндірілген дәрілік затына (генерикке)
сәйкес
келмейтін, құқыққа қайшы және әдейі түрде қолдан жасалған этикеткамен
жабдықталған дәрілік зат;