Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет4/58
Дата07.02.2020
өлшемі0,79 Mb.
#28564
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

 
микроэлементтер, жартылай қанықтырылған май қышқылдары, дисахаридтер мен тағам 
талшықтары) ұсынылған тәуліктік тұтынудан аспайтын әртүрлі берілген үйлесімі бар 
биологиялық активті қоспалар;
 
      83) орфандық препараттар - орфандық (сирек кездесетін) ауруларды емдеуге және 
диагностикалауға арналған препараттар;
 
      84) орфандық (сирек кездесетін) аурулар - адамның өміріне қауіп төндіретін 
немесе мүгедектікке әкеп соғатын, болу жиілігі ресми айқындалған деңгейден 
аспайтын, сирек кездесетін ауыр аурулар;
 
      85) парафармацевтиктер - фармакологиялық әсері бар және аурулардың 
профилактикасына, көмекші терапияға, ағзалар мен жүйелердің функционалдық 
активтілігін реттеуге бағытталған табиғи жолмен алынатын, емдік мөлшерлемедегі 
биологиялық активті қоспалар немесе олардың синтетикалық баламалары;
 
      86) патенттелген дәрілік заттар - Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік 
саласындағы заңнамасына сәйкес құқықтық қорғалатын дәрілік заттар;
 
      87) пациент - медициналық қызметтер көрсетудің тұтынушысы болып табылатын 
(болып табылған) жеке тұлға;
 
      88) профилактика - аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің 
алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін 
бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
 
      89) психикаға белсенді әсер ететін заттар - бір рет қабылдағанда адамның 
психикалық және дене функцияларына, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт 
қабылдаған кезде психикалық және тәни тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе 
табиғаттан алынатын заттар;
 
      90) психиканың бұзылуы (ауру) - адамның бас миы жұмысының бұзылуына 
байланысты психикалық қызметінің бұзылуы;
 
      91) реципиент - донорлық қан немесе одан бөлінген компоненттер және (немесе) 
препараттар құйылатын, еркектің немесе әйелдің донорлық материалы (шәует немесе 
аналық жасуша) енгізілетін не донордан алынған тіндерді және (немесе) ағзаны 
(ағзаның бөліктерін) транспланттау жасалатын пациент;
 
      92) санитариялық-карантиндік бақылау - адамдар мен жүктердің кеден одағының 
кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
шекарасы арқылы өтуі кезінде ел аумағына инфекциялық және паразиттік ауруларды, 
сондай-ақ адам денсаулығына әлеуетті қауіпті заттар мен өнімді кіргізуге жол бермеу 
мақсатында өткізілетін, жүктердің санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін және адам 
денсаулының жай-күйін бақылау;
 
      93) санитариялық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ 
елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және 
қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық 
мақсаттағы жайлар мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін 
әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;
 
      94) санитариялық-эпидемиологиялық жағдай - белгілі бір аумақтағы халықтың 
денсаулығы мен мекендеу ортасының белгілі бір уақыттағы жай-күйі;
 
      95) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар - мекендеу 
ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе азайтуға, инфекциялық және 
паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының, жаппай уланудың алдын алуға және 
оларды жоюға бағытталған шаралар;
 
      95-1) спорттық медицина – спортшыларды даярлауды медициналық-биологиялық 
қамтамасыз етуге жауап беретін және спорттағы дәрігерлік және функционалдық 
бақылауды, спортшыларды функционалдық және медициналық оңалтуды, спорттық жұмыс 
қабілетін арттыруды, спортшылардың соматикалық ауруларының терапиясын, спорттық 
травматологияны, спорттағы жедел жәрдемді және спорт гигиенасын қамтитын медицина 


 
мен денсаулық сақтау саласы;
 
      95-2) сүйек кемігі – сүйектің кеуекті затында және сүйек-кемік қуыстарында 
орналасқан орталық қан өндіру органы;
 
      96) тамақ өнімін байыту (фортификациялау) - тамақ өнімін өндіру немесе қайта 
өңдеу процесінде оған витаминдерді, минералдарды және басқа да заттарды тағамдық 
және биологиялық құндылығын арттыру, сондай-ақ адамда олардың тапшы болуына 
байланысты аурулардың профилактикасы мақсатында енгізу;
 
      97) тәуекелді бағалау - инфекциялық және паразиттік ауруларды қоздырғыштардың 
немесе жұқтырғыштардың ену және таралу ықтималдығына, сондай-ақ қоршаған орта 
факторларының халықтың денсаулық жағдайына кері әсеріне және осыларға байланысты 
ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарларға ғылыми негізделген 
баға беру;
 
      98) тәуелсіз сарапшы - денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз 
сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке тұлға; 
 
      99) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі - Қазақстан 
Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер 
көрсетудің Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбесі бойынша бірыңғай 
медициналық көмектің көлемі;
 
      100) темекі - темекі бұйымдарын өндіру үшін пайдаланылатын никотині бар 
өсімдік;
 
      101) темекі бұйымы - никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, 
құрамында темекі бар кез келген бұйым;
 
      102) темекі бұйымының ингредиенті - темекіден, судан немесе темекі 
жапырағынан басқа, өндіріс процесінде не темекіге, не темекі бұйымдарының темекі 
емес компоненттеріне қосылатын кез келген зат;
 
      103) темекі бұйымының қаптамасы - темекі бұйымының белгілі бір қорап санын 
қамтитын топтап тұтыну ыдысының бірлігі;
 
      104) темекі бұйымының қорабы - картоннан немесе қағаздан немесе өзге де 
материалдан жасалған, темекі бұйымының белгілі бір санын қамтитын тұтыну ыдысының 
бірлігі;
 
      105) темекі шегушілік - темекі шегуші организмінің никотинге тәуелденуін 
тудыратын, оның денсаулығына, сондай-ақ темекі шекпейтіндердің денсаулығына кері 
әсер ететін және қоршаған ортаны ластайтын темекі бұйымын тұтыну процесі;
 
      106) транспланттау - тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) 
организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу, сіңістіру;
 
      107) туберкулездің жұқпалы түрі - науқас адамның сыртқы ортаға туберкулез 
бактерияларын бөліп шығаруына байланысты айналадағы адамдарға қауіп төндіретін 
ауру;
 
      107-1) уақытша бейімдеу – адамды масаң күйінен шығару және оны қоршаған орта 
жағдайларына бейімдеу жөніндегі процесс;
 
      108) улану - мекендеу ортасының химиялық, биологиялық және өзге де 
факторларының адамға қатты (бірмезгілді) немесе созылмалы (ұзақ) әсер етуі кезінде 
туындайтын ауру (жай-күй);
 
      109) ұрпақты болу денсаулығы - адамның толымды ұрпақты өмірге келтіру 
қабілетін көрсететін денсаулығы;
 
      110) фармакологиялық зат - белгіленген фармакологиялық активтілігі мен 
уыттылығы бар, клиникалық сынақ объектісі және әлеуетті дәрілік зат болып табылатын 
зат немесе заттардың қоспасы;
 
      111) фармацевтика қызметкерлері - фармацевтикалық білімі бар және 
фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
 
      112) фармацевтикалық қызмет - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы 


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау