мен шарттарын бекітеді;
26) Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік
сараптама органдары туралы ережені бекітеді;
27) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және
олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьюторды айқындайды;
27-1)
алып тасталды - ҚР 03.07.2013
№ 124-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
27-2) медициналық көмек көрсету тәртібін бекітеді;
28) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және
Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды
орындайды.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30
№ 297-IV
(2011.07.01
бастап қолданысқа енгізіледі) 2011.01.19
N 395-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15
N 461-IV
(2012.01.30 бастап
қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10
N 34-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013
№ 121-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Конституциялық заңымен; 03.07.2013
№ 124-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
1. Уәкілетті орган:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2)
алынып тасталды - ҚР
13.01.2014
N 159-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми әзірленімдердің басымдықтарын
айқындау;
4)
алынып тасталды - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13 бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
5) денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және есепке
алу мен есептілік құжаттамасының нысандарын әзірлеу және өз құзыреті шегінде
бекіту;
6) стандарттарды әзірлеу және бекіту;
7) денсаулық сақтау саласындағы мониторингті жүзеге асыру;
7-1) денсаулық сақтау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру және
оларға әдістемелік басшылық жасау;
8) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіру;
9) денсаулық сақтау саласында ведомстволық статистикалық байқауды қамтамасыз
ету;
10) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен
ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс
істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан
Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес қол жеткізуін
ұйымдастыру;
11) денсаулық сақтау саласындағы салалық көтермелеу жүйесін және құрметті
атақтар беру тәртібін әзірлеу мен бекіту;
12) медицина және фармацевтика ғылымының дамуын қамтамасыз ету және денсаулық
сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіру;
13)
алынып тасталды - ҚР
13.01.2014
N 159-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
14) профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа
әдістерін енгізу, сондай-ақ оларды бақылау;
15) медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша даярлауға арналған,
сондай-ақ медицина және фармацевтика кадрларының денсаулық сақтау саласындағы
біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бойынша мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру;
16) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшыларын
тағайындауды келісу;
17) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен денсаулық сақтау саласындағы
қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар жасасу;
18)
алынып тасталды - ҚР
13.01.2014
N 159-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
19)
алынып тасталды - ҚР
13.01.2014
N 159-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
20) дәрілік заттардың және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін
медициналық қызметтердің бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
21) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру жөніндегі іс-
шараларды жүзеге асыру;
22) әкімшілендірілетін бюджеттік бағдарламалар бойынша тегін медициналық
көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және
оның шығындарын өтеу;
23)
алынып тасталды - ҚР
13.01.2014
N 159-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
24) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарын
мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
25) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының,
республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын және олардың орынбасарларын
кәсіптік құзыреттілікке аттестаттауды жүргізу, сондай-ақ денсаулық сақтау
саласындағы аттестаттауды жүргізудің тәртібін айқындау;
26) денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүргізуді ұйымдастыру;
27) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу
үшін жеке тұлғаларды аккредиттеу;
28) денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізуді ұйымдастыру;
29)
алып тасталды - ҚР 13.06.2013
N 102-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
29-1) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық
мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізу қағидаларын
әзірлеу;
29-2) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және
бөлшек саудада өткiзуді хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын денсаулық сақтау
субьектілерінің тізілімін жасау тәртібін бекіту;
29-3) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме
саудада өткiзуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субьектілерінің тізілімін
жүргізу;
29-4) адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан
мен оның компоненттерін Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді
лицензиялау;
29-5) туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің
жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық
мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған
жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның
Достарыңызбен бөлісу: |