51) жеке медициналық кітапша - жұмысқа жіберілу туралы белгі қойылып,
міндетті медициналық тексеріп-қараулардың нәтижелері енгізілетін, халықтың
декреттелген тобының
өкіліне берілетін жеке құжат;
52) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) - адамның иммун жүйесінің
АИТВ-дан қатты зақымдануынан болған патологиялық белгілер байқалатын АИТВ-
инфекциясының соңғы сатысы;
53) инвазиялық әдістер - адам организмнің ішкі ортасына ену жолымен жүзеге
асырылатын диагностикалау мен емдеу әдістері;
54) инновациялық медициналық технологиялар - медицина (биомедицина) саласына,
фармацияға және денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыруға енгізілуі
экономикалық тұрғыдан тиімді және (немесе) әлеуметтік мәні бар болып табылатын
ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің әдістері мен құралдарының жиынтығы;
55) инфекциялық және паразиттік аурулар - мекендеу ортасы биологиялық
факторларының адамға әсер етуі және аурудың науқас адамнан, жануардан сау адамға
берілу мүмкіндігі әсерінен болатын және таралатын адам аурулары;
56) йод тапшылығы аурулары - организмге йодтың жеткіліксіз түсуіне және онда
жеткіліксіз қорытылуына байланысты қалқанша без функциясының бұзылуынан болатын
организмнің
патологиялық процесі;
57) кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына
байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы
немесе қатты ауру;
58) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеу - адамның денсаулығына ерекше
әсер етуін және (немесе) қауіпсіздігін зерделеу мақсатында сыналатын затты немесе
физикалық әсерді, аурулар профилактикасының, оларды диагностикалау мен емдеудің
құралдарын, әдістері мен технологияларын зерделеу жөніндегі химиялық,
физикалық,
биологиялық, микробиологиялық, фармакологиялық, токсикологиялық және басқа да
эксперименттік ғылыми зерттеулер немесе зерттеулер сериясы;
59) клиникалық зерттеу - субъект ретінде адамды қатыстыра отырып, аурулардың
профилактикасы, оларды диагностикалау мен емдеу құралдарының, әдістері мен
технологияларының қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтау немесе растау үшін
жүргізілетін зерттеу;
60) консилиум - кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу
тактикасын айқындау және ауруды болжау
мақсатында адамды зерттеу;
61) контрацепция - қаламаған жүктіліктің алдын алу әдістері мен құралдары;
62) Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясы - дәрілік заттардың
сапасы мен қауіпсіздігін нормалайтын ұлттық стандарттар мен ережелердің жинағы;
63) қоғамдық денсаулық - азаматтардың дұрыс тамақтануын қоса алғанда,
салауатты өмір сүруіне, аурулар мен жарақаттардың профилактикасына, сондай-ақ
мекендеу ортасының қолайсыз факторларының әсерін болғызбауға қоғамның күш-жігер
жұмсауын көрсететін, халықтың психикалық, тәни және әлеуметтік салауаттылығының
кешенді сипаттамасы;
64) құпия медициналық зерттеп-қарау - дәрігерлік құпияның және тексерілетін
адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негізделген зерттеп-қарау;
65) маман сертификаты - жеке тұлғаға нақты мамандық бойынша медициналық
қызметті жүзеге
асыруға құқық беретін, белгіленген үлгідегі құжат;
66) мәжбүрлеп емдеу - сот шешімінің негізінде жүзеге асырылатын, науқасты
емдеу;
67) медицина қызметкерлері - кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық
қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
68) медициналық-әлеуметтік оңалту - жұмысқа араластыруға, отбасылық және
қоғамдық өмірге қатыстыруға арналған медициналық, әлеуметтік және еңбек іс-
шараларын кешенді пайдалану арқылы науқастар мен мүгедектердің денсаулығын қалпына
келтіру;
69) медициналық иммундық-биологиялық препараттар - инфекциялық және иммундық
(аллергиялықты қоса алғанда) аурулардың өзіндік ерекшелігі бар профилактикасына,
оларды диагностикалау мен емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлерді
иммунологиялық әдістердің көмегімен диагностикалауға арналған, сыртқы орта
объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға
арналған препараттар, иммундық жүйе арқылы емдік
және профилактикалық әсерін
тигізетін қан (алу тәсіліне қарамастан) препараттары;
70) медициналық көмек - халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге
бағытталған медициналық қызметтер көрсетудің дәрілік көмекті қамтитын кешені;
71) медициналық көмектің сапасы - көрсетілетін медициналық көмектің уәкілетті
орган бекіткен және медициналық ғылым мен технологияның қазіргі заманғы даму
деңгейі негізінде белгіленген стандарттарға сәйкестік деңгейі;
72) медициналық куәландыру - жеке тұлғаны онда ауруының болу немесе болмау
фактісін анықтау немесе растау, оның денсаулық жағдайын, сондай-ақ еңбекке уақытша
жарамсыздығын, кәсіптік және өзге де жарамдылығын айқындау мақсатында зерттеп-
қарау;
73) медициналық қызмет - жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған
жеке
тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға
бағытталған кәсіптік қызметі;
74) медициналық қызметтер көрсету - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты
адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар іс-
қимылы;
75) медициналық мақсаттағы бұйымдар - профилактикалық, диагностикалық және
емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар:
медициналық
құрал-саймандар, стоматологиялық, шығындық, таңу және тігу
материалдары, бекітетін таңғыштар мен құрылғылар, медициналық оптика бұйымдары;
76) медициналық оңалту - науқастар мен мүгедектер организмінің бұзылған және
(немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге
бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;
77) медициналық оптика бұйымдары - көздің көру қабілетін түзеу және жарықпен
емдеу үшін медицинада және фармацевтикалық қызметте пайдаланылатын бұйымдар мен
материалдар;
78) медициналық техника - аурулардың профилактикасы, оларды диагностикалау,
емдеу, оңалту, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшін
медициналық мақсатта
жеке түрде, кешеннің немесе жүйенің құрамында қолданылатын аппараттар, аспаптар мен
жабдықтар;
79) медициналық ұйым - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып
табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
80) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау - халықтың
денсаулығын, мекендеу ортасын және өнімдердің, процестердің, көрсетілетін
қызметтердің қауіпсіздігін қорғау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет
органдарының Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау,
олардың жолын кесу жөніндегі қызметі, сондай-ақ халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және
гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылау;
81) никотин - темекі жапырақтары мен темекі түтінінде болатын алкалоид;
82) нутрицевтиктер - құрамында эссенциалдық (ауыстырылмайтын) тағам
компоненттерінің (кейбір
амин-қышқылдар, витаминдер, минералдық заттар мен