Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет14/58
Дата07.02.2020
өлшемі0,79 Mb.
#28564
түріКодекс
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58

 
      4) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың медициналық 
қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып 
табылады.
 
      5. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге 
асыратын мемлекеттік органдар мен медициналық ұйымдар басшылары лауазымдарына 
Қазақстан Республикасының жоғары медициналық білімі бар азаматтары тағайындалады.
 
      6. Қазақстан Республикасының Медициналық қызметтер көрсету саласындағы 
бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы тексеру нәтижесі негізінде 
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды 
мемлекеттік басқарудың жергілікті органының басшысына нұсқама беруге құқылы.
 
      7. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге 
асыратын лауазымды адамдар:
 
      1) денсаулық сақтау субъектілеріне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау 
туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беруге;
 
      2) денсаулық сақтау субъектісінен халыққа медициналық көмек көрсету 
мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
 
      3) медициналық қызметтер көрсету саласында бақылауды жүргізу үшін қажетті 
құжаттардан көшірмелер түсіруге;
 
      4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына 
сәйкес аккредиттелу туралы куәліктің қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата 
тұруға және одан айыруға бастамашылық жасауға;
 
      5) өз құзыретінің шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға 
және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасын бұзғандығы үшін 
әкімшілік жаза қолдануға;
 
      6) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына 
сәйкес медициналық қызметке арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға 
бастамашылық жасауға;
 
      7) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына 
сәйкес медициналық қызметке арналған лицензиядан айыруға бастамашылық жасауға;
 
      8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен маман 
сертификатының қолданылуын тоқтата тұруға және одан айыруға бастамашылық жасауға;
 
      9) жеке және заңды тұлғалар заңды талаптарды немесе уәкілетті органның 
лауазымды адамдары берген нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше 
орындамаған кезде сотқа жүгінуге;
 
      10) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына 
сәйкес дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген 
түрлерін тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдауға құқылы.
 
      8. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге 
асыратын лауазымды адамдар шығарған шешімдер денсаулық сақтау субъектілерінің 
орындауы үшін міндетті және оған жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртібімен 
шағым жасалуы мүмкін.
 
      
Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 
N 378-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      21-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
 
               қадағалау
 
      1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау Қазақстан 
Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы 
заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ 
халықтың денсаулығын сақтау және мекендеу ортасын қорғау мақсатында халықтың 
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық 
актілер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылауға бағытталады.
 


 
      2. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілері жеке және 
заңды тұлғалар, жайлар, ғимараттар, өнеркәсіп орындары, өнім, жабдық, көлік 
құралдары, су, ауа, тамақ өнімдері және қызметі, пайдаланылуы, тұтынылуы, 
қолданылуы мен іске қосылуы адамның денсаулық жағдайы мен қоршаған ортаға зиян 
келтіруі мүмкін өзге де объектілер болып табылады.
 
      Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер 
мен өнімдер тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
 
      3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы 
саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге 
асырылады.
 
      Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау 
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
 
      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы бақылаудың 
өзге де нысандары, мынадай:
 
      бару объектінің (субъектінің) орналасқан жері бойынша құқықтық статистика 
органдарын барғанға дейін бір тәулік бұрын міндетті түрде хабарлама жасай отырып, 
рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты болған кездегі;
 
      жеке тұлғалардың (үйдегі ауру ошағы) инфекциялық және паразиттік аурулар, 
тамақтан улану жағдайларында, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-
шараларды ұйымдастыру және жүргізу үшін эпидемиологиялық бақылау жүргізу кезіндегі 
жағдайларды қоспағанда, бақылау объектілеріне (субъектілеріне) бармай-ақ қажеттілік 
және жеткіліктілік қағидаттарына сәйкес жүргізіледі.
 
      4. Осы Кодекске сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды 
жүзеге асыруға уәкілетті санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды 
адамдары:
 
      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және оның 
орынбасарлары;
 
      2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы 
мемлекеттік органның басшылары мен мамандары;
 
      3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы 
мемлекеттік органының тиісті аумақтардағы және көліктегі аумақтық бөлімшелерінің 
басшылары - тиісті аумақтардағы және көліктегі бас мемлекеттік санитариялық 
дәрігерлер, олардың орынбасарлары және мамандар;
 
      4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті 
жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар бөлімшелерінің басшылары мен мамандары 
болып табылады.
 
      5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті 
жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар бөлімшелерінің басшылары Қазақстан 
Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен келісім бойынша Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен 
босатылады.
 
      6. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының 
басшылары лауазымына Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық 
бейіндегі жоғары медициналық білімі бар азаматтары тағайындалады.
 
      7. Уәкілетті органның лауазымды адамдарының мыналарға:
 
      1) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) 
өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді Қазақстан Республикасының 
аумағына әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге Қазақстан Республикасының 
Үкіметі бекітетін тәртіппен тыйым салуға;
 
      2) адам денсаулығына зиянды әсер ететін балалар тамағы өнімдерін, тағамға 
тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген 


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау