Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет1/58
Дата07.02.2020
өлшемі0,79 Mb.
#28564
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58


 
 
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы 
Мұрағаттық версия
 
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексі
 
МАЗМҰНЫ
 
      РҚАО-ның ескертпесі!
 
       Кодекстің қолданысқа енгізілу тәртібін 186-баптан қараңыз.
 
   ЖАЛПЫ БӨЛІМ 
   1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
   1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР 
      1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
 
      1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
 
      1) адамның мекендеу ортасы (бұдан әрі - мекендеу ортасы) - адамның тыныс-
тіршілігі жағдайын айқындайтын табиғи, антропогендік және әлеуметтік факторлардың, 
ортаның (табиғи және жасанды) жиынтығы;
 
      2) АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы;
 
      3) анонимдік тексеріп-қарау - адамды жеке басын сәйкестендірмей ерікті түрде 
медициналық тексеріп-қарау;
 
      4) апаттар медицинасы - әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше 
жағдайлардың (бұдан әрі – төтенше жағдайлар) медициналық-санитариялық салдарларының 
алдын алуға және оларды жоюға бағытталған, халық ауруларының алдын алуды және 
оларды емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды, 
төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды және қалпына 
келтіруді, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне медициналық 
көмек көрсетуді қамтитын медицина және денсаулық сақтау саласы;
 
      5) әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар - белгілі бір 
жағдайларда және белгілі бір шоғырлануы кезінде адамның немесе болашақ ұрпақтың 
денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін, қолданылуы мен пайдаланылуы халықтың 
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық 
актілермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетін заттар;
 
      6) әскери медицина - ғылыми білімдердің жүйесін (ғылыми-практикалық пәндер 
кешені) және әскери-медициналық қызметтің әскерлерді бейбіт уақытта және соғыс 
уақытында жан-жақты медициналық қамтамасыз етуді өзіне мақсат тұтатын практикалық 
қызметінің жүйесін білдіретін медицина және денсаулық сақтау саласы;
 
      7) әскери-медициналық көмек - әскери қызметшілерге және әскери қаруды қолдану 
салдарынан зардап шеккен адамдарға әскери-медицина қызметінің мамандары көрсететін 
медициналық көмек;
 
      8) әскери-медициналық қызмет - Қазақстан Республикасының заңдарында осы 
органдардың қызметін медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери немесе арнаулы 
қызметтің болуы көзделген әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің жиынтығы;
 
      9) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер:
 
      орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың әскери-
медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар) қызметін ұйымдастыруды және 
үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;
 
      әскери-медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар) және орталық атқарушы 
органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың тиісті контингентке әскери-
медициналық және медициналық көмек көрсетілуін қамтамасыз ететін өзге де 
бөлімшелері;
 


 
      10) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету - материалдық-техникалық 
жабдықтау жөніндегі іс-шаралар кешені, сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік 
қабілеттілігі мен еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында әскерлерде, 
бөлімшелерде және ведомстволық ұйымдарда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
 
      11) бала - он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
 
      12) бас миының біржола семуі - бас миының бүкіл қатпарының семуімен қатар 
жүретін, бас миы жасушаларының интегралдық функцияларын толық жоғалтуы;
 
      13) бейінді маман - жоғары медициналық білімді, белгілі бір мамандық бойынша 
сертификаты бар медицина қызметкері;
 
      14) биологиялық активті заттар - жануарлар мен адам организмінің патологиялық 
өзгерген функцияларын қалыпқа түсіретін, дәрілік заттар алудың ықтимал көздері 
болып табылатын, әртүрлі жолмен алынатын заттар;
 
      15) биологиялық активті қоспалар - тұрақты тұтынған кезде денсаулықтың жай-
күйін жақсартуға арналған және адамның тамақтану рационын табиғи немесе табиғимен 
бірдей биологиялық активті заттармен байыту мақсатында олардың компоненттерін 
қамтитын өнімдерге қоспалар;
 
      16) бірегей дәрілік зат - жаңа активті заттарды білдіретін немесе қамтитын 
дәрілік зат;
 
      16-1) гемопоэздік дің жасушалары – адамның сүйек кемігінің саралана алатын 
қабілеті бар жасушалары;
 
      17) генетикалық түрлендірілген объектілер - гендік инженерия әдістері 
пайдаланылып алынған, өсімдіктен және (немесе) жануардан алынатын шикізат пен 
өнімдер, оның ішінде генетикалық түрлендірілген көздер, организмдер;
 
      18) дәрілік заттар - аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды 
емдеуге, сондай-ақ организмнің жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған 
фармакологиялық активті заттарды білдіретін немесе оларды қамтитын заттар: дәрілік 
субстанция, табиғаттан алынатын дәрілік шикізат, дәрілік ангро- және балк-өнімдер, 
дәрілік препараттар, медициналық иммундық-биологиялық препараттар, 
парафармацевтикалар;
 
      19) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және 
олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор - тегін медициналық көмектің 
кепілдік берілген көлемі шеңберінде сатып алуды ұйымдастыруды, оның нәтижелері 
бойынша өнім берушілермен өнім беру шарттарын жасасуды, сондай-ақ дәрілік заттарды
медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тапсырысшыларға жеткізіп беру 
жөніндегі қызметтерді қамтамасыз етуді, ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
 
      20) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканы бөлшек саудада өткізу - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 
қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, сатып алумен (әкелуден басқа), сақтаумен, 
бөлумен, түпкі тұтынушыға өткізумен (әкетуден басқа), жойып жіберумен байланысты 
фармацевтикалық қызмет;
 
      21) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканы көтерме саудада өткізу - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 
қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, көлемін шектемей сатып алумен, сақтаумен, 
әкелумен, әкетумен, өткізумен (халыққа дәрілік заттарды өткізуді қоспағанда), жойып 
жіберумен байланысты фармацевтикалық қызмет;
 
      22) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканың айналысы - қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарды, медициналық 
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзірлеушіден және (немесе) 
өндірушіден тұтынушының қолдануына дейін жеткізу процесінде жүзеге асырылатын 
қызмет;
 
      23) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау