10
әлеуметтік көмекке, қорғауға және қызмет көрсетуге жеке мұқтаждықтары мен
қажеттіліктерін айқындау үшін жекелеген адамдар мен топтарға көмек көрсету;
2) әлеуметтік қызмет көрсетудің шегінде әртүрлі секторлармен жұмыс істеу
(балалар, отбасылар, қарттар және т.б.);
3) әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдармен (үкіметтік және
үкіметтік емес ұйымдармен) әріптестікте жұмыс істеу;
4) қызметті жүзеге асыру және оның сапасын арттыру үшін қажетті оқыту мен
тренингтерді өткізу;
5) әлеуметтік жұмысты басқару, жоспарлау бойынша әкімшілік функциялар-
дыорындау кіреді.
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 114-ІV Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірдегі қиын жағдайға
душар болған тұлғаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бой-
ынша бағыттар қызметі денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер
құзіретіне жатады және оған:
1) науқастардың психикалық денсаулығын қалпына келтіруге және тұлғалық
дамуының ауытқуларын түзетуге бағытталған жұмысты жүргізу;
2) психопрофилактика, психотүзету, науқастарға психологиялық кеңес беру
бойынша жұмысты жүзеге асыру;
3) науқастарға және олардың туыстарына, жеке, кәсіби және тұрмыстық
психологиялық проблемаларды шешуге көмек көрсету;
4) медицина қызметкерін медициналық, әлеуметтік психология және деонто-
логия мәселелеріне оқыту бойынша жұмыс жүргізу кіреді.
Профилактика және әлеуметтік-психологиялық қызмет бөлімінің қызметін
үш бағыт бойынша бөлім ұжымының жұмысын ұйымдастыруды іске асыратын
бөлім меңгерушісі басқарады: әр бағыттың қызметін олардың арасындағы өзара
әрекет тиімділігі арқылы жауапкершілік аймағын айыруды қамтамасыз етеді; дер
кезінде және сапалы профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек
көрсету бойынша бақылау мен мониторингілеу; бөлім қызметін анықтау мен
оның негізінде бөлім қызметін жақсарту бойынша шаралар қабылдайды.
«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы құжаттама нысандарын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін
атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес статистикалық
есеп беру мен есеп алуды жүргізеді.
Әлеуметтік-бағдарлы медициналық-санитарлық алғашқы көмекті енгізу
тиімділігінің өсуі медициналық ұйымдарды басқаруыдң кешенді тәсілдері арқылы
қамтамасыз етілуі мүмкін, оған:
- медициналық ұйым жұмысының сипаты мен көлеміне жауап беретін тиімді
ұйымдастырушылық құрылым;
- қызметті қайталамай қызметтік міндетті нақты бөлу;
- ұйым ішіндегі, сондай-ақ сыртқы ұйымдармен және ведомстволармен жөнге
келтірілген өзара әрекеттестік;
11
- әлеуметтік-бағдарлы МСАК-тың дайындалған кадрлық ресурстары мен
оларға үздіксіз білім беру:
- белгіленген стандарттар, шаралар, қызмет алгоритмдері;
- нақты нәтижені көрсететін қол жеткізілген, өлшемді индикаторлар кіреді.
Сондықтан Қазақстандағы МСАК-тың әлеуметтік-бағдарлы үлгісін одан әрі
дамыту халықтың аурушаңдылығының алдын алуға, диагностикалауға және ем-
деуге мүмкіндік береді және медициналық қызмет сапасының кезең-кезеңімен
жақсаруына әкеп соғады.
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУ
2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру технологиялары
Салауатты өмір салтын қалыптастыру халыққа профилактикалық көмек
көрсетудің барлық, яғни бастапқы және қайталама профилактика кезеңдерінде
де жүргізіледі.
МСАК деңгейінде салауатты өмір салтын қалыптастыру технологияла-
рына мыналар жатады:
1. Мінез-құлықтық қауіп факторларын, қауіптілік топтарын қалыптас-
тыру мақсатында өмір салтын бағалау технологиясы:
2) сұрастыру, тексеру;
3) көшпелі патронаж;
4) қауіптілік топтарын анықтау.
2. Халықты жалпылама, топтық және жеке деңгейлерде хабардар ету тех-
нологиясы:
Жалпылама деңгейде:
1) халықты кең ауқымды акцияларға (айлықтарға, аурулардың алдын алу
және қауіп-қатер факторлармен күрес жөнінде өткізілген Халықаралық күндерге)
қатыстыру;
2) бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс;
3) ақпараттық-білім беру материалдарын тарату.
Жеке және топтық деңгейлерде:
1) әңгіме;
2) дәріс;
3) ақпараттық-білім беру материалдарын тарату;
4) Интернет-байланыс, қысқа хабарламаларды жеткізу қызметін пайдалану,
телефон байланысы.
3. Халыққа жеке және топтық деңгейде салауатты өмір салты дағдылары
мен аурулардың алдын алуды үйрету технологиясына мыналар кіреді:
- жеке деңгейде - профилактикалық кеңес беру
- топтық деңгейде - пациенттер мен қауіп-қатер факторы бар тұлғалар үшін
денсаулық мектептерін ұйымдастыру.
12
3. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдістері
Сұрастыру – пациенттермен жұмыстың дербес тәсілдерін анықтау мақсатын-
да әдеттерді, мінез-құлық модельдерін, мінез-құлықты қалыптастыру шарттарын
айқындайтын диагностика әдісі. Әңгімелесу ұзақтығы – 3 минутқа жуық.
Көшпелі патронаж – пациенттің өмір салтын және оның өмір сүретін орта-
сын бағалау мақсатында нақты ақпаратты жинақтау.
Тексеру – мінез-құлықтық қауіп факторларының мөлшерлік сипаттамасын
бағалау үшін пайдаланылатын қосымша диагностикалау әдістері.
Дәріс – медициналық профилактикалық тексеру кезінде ұйымдасқан
ұжымдарда қолданылады. Дәріс өткізу барысында ақпараттың тек 5% ғана
меңгерілетіндігін ескерген маңызды. Сондықтан дәріс оқыған кезде басқа
әдістерді (әңгіме, көрнекі құралдарды, бейне материалдарды, пікірталасты) пай-
далану қажет. Дәрістің ұзақтығы – 20 минут, тыңдаушылардың оңтайлы саны –
20- 40 адам.
Профилактикалық консультация (жеке және топтық) – медициналық
қызметкер мен пациенттің/пациенттердің сауығуы бойынша нақты ұсыныстарды
қабылдай отырып, бар проблемаларды өзара талқылау. Консультация беру
ұзақтығы – 10 минут.
Ақпараттық – білім беру материалдары. Бұл құралдарға салауатты өмір
салты мен аурулардың профилактикасы туралы буклеттер, брошюралар, жадна-
малар және тағы басқалары жатады. Материалдарды меңгеру тиімділігі – 20%.
Сонымен қатар бұл блокты бұқаралық ақпарат құралдарымен (теледидар, ра-
дио, баспасөз) жұмыс жүргізу де қажет – аудиторияны кеңінен қамтумен сипатта-
латын салауатты өмір салтын насихаттау әдісін пайдалану.
Денсаулық мектептері, пациенттер және қауіп-қатер факторы бар
тұлғаларға арналған мектептер – нақты топ үшін денсаулықты нығайту және
сақтаудың басым мәселелері бойынша халықтың мақсатты топтарын оқытудың
ұйымдастырылған формасы.Түрлі мақсатты топтарға арналған денсаулық
мектептері (науқастар және олардың отбасы мүшелері, қауіп-қатер факторы
бар тұлғалар және тағы басқалар) тұрақты интерактивтік қарым-қатынас жасау
түрінде ұйымдастырылады, мысалы: «коронарлық клубтар», «қант диабетімен
ауратың науқастардың мектебі», «демікпемен ауратын науқастардың мектебі»,
«артериялдық гипертониямен ауратын науқастардың мектебі» және тағы
басқалар. Денсаулық мектептері оқытушылар мен оқушыларды дайындаудың
бірыңғай бағдарламаларының, тиісті ақпараттық қамтамасыз етілуінің бар болу-
ын көздейді. Мектептерде сабақ өткізудің жиілігі – 50-100 минуттан аптасына 1
рет, циклде оқыту ұзақтығы – 1-2 ай. Топта оқитындардың оңтайлы саны – 10
адам.
Сабақтарды ойдағыдай өткізу үшін оқытудың интерактивтік әдістері
қолданылады. Топтардағы жұмыс пациенттерге олар оқшауланбай, өз
қиындықтарымен оңаша қалмайтындарын сездіреді, әркімнің өз күшіне сенуіне
көмектеседі, оқушылар идеяларымен, ақпараттармен өзара алмаса алады,
Достарыңызбен бөлісу: |