Әдістемелік ұсынымдар алматы 2014



жүктеу 0,73 Mb.
Pdf просмотр
бет14/26
Дата19.02.2018
өлшемі0,73 Mb.
#10085
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26

37

• Біз нені қалаймыз? -  Біз ұрысқаннан не табамыз, анықтаңыздар? Дауласудың 

себебі неде? Мен нені қалаймын? Қарсыласым нені қалайды?

•  Біздің  пікіріміз–Сізді  де,  қарсыласыңызды  да  қанағаттандыратын  пікірге 

келіңіздер, яғни екеуі де нені қаласа соны алатындай

•  Біздің  жоспарымыз–Екеуін  де  қанағаттандыратын  шешім  таба  отырып,  ол 

шешімді  бірге  іске  асыруды  бастаңыз,  қарым-қатынастарыңызды  жақсартып, 

достықтарыңызды нығайтыңыздар.



3.3. Даулы оқиғаны реттеу. Д.Карнеги 9 базалық ережені ұсынады:

1.  Өзіңіз  туралы  сыни  пікіріңіз  болсын;  оны  объективті  түсіну  дауласуды 

конструктивті реттеуге ықпал етеді.

2. Өзін-өзі төмен бағалайтын адамдар ұрыс пен даулы оқиғаға жиі тап болады.

3. Өзін-өзі жоғары бағалайтын адамдар сирек дауласады және оған жол бермеу 

үшін әрқашан ортақ тіл табысады, ал дау туған жағдай болса, оны оңынан шешеді.

4. Әр дауда нақты бір оң мүмкіндік бар. Бұл екінші адамның қажеттілігі мен 

қалауын  білуге  және  түсінуге  болатынын  түсіндіреді.  Бұл  бір-біріңнің  қарым-

қатынасыңды  түсінуге,  жақсартуға  және  қарсыласыңның  жағдайын  түсінуге 

көмектеседі.

5. Оң өзара әрекетсіз  дауды дұрыс шешу мүмкін емес.

6.  Өзара  түсіністік  пен  жақсы  қарым-қатынасты  дауласудың  алдын  алуға 

мүмкіндік  беретін  арнайы  қарым-қатынас  дағдыларын,  көнгіштік,  сендіруді 

игеруді оқыту не үшін қажет.

7.  Араласудың  конструктік  дағдылары  мен  дауды  реттеуге  уйренуге  және 

оларды қажет болған жағдайда қолдануға болады.

8. Дауласуды реттеу стратегиясы тиімді болу үшін ол әр түрлі деңгейде және 

қоғам  өмірінде  біріктірілген  болуы  қажет.  Дауласуды  реттемелеуді  біріктіруді 

маңызды деңгейі отбасы, ұжым, ЖОО-лар, өңірлер, мемлекет болып табылады. 

9.  Кез  келген  дауды  шешу  кезіндегі  оң  тәсілдер  мен  өзара  әрекеттер 

денсаулықтың психологиялық және әлеуметтік деңгейін сақтау кепілгері болып 

табылады. 



4. Қатысушыларға арналған кеңестер. Қарым-қатынас дағдыларын игерген 

адамдардың басымдылығы сөзсіз. Демек, бұқаралық қарым-қатынас дағдылары 

туралы мәселе туындайды, қазіргі кезде көптеген әлеуметтік-психологиялық тре-

нингтер бар. 



Әлеуметтік-психологиялық  тренинг–жетекші  психологтың  көмегімен  ар-

найы  құрылған  кіші  топтарда  тұлғааралық  қарым-қатынасты  құрудың  қазіргі 

уақытта тиімдірек және дамыған елдерде кеңінен қолданылатын психологиялық 

дағдыларды оқыту тәсілдері. 

Топта  психологиялық  жаттығу  мен  ойындардың  арнайы  жүйесімен 

қатысушыға  көптеген  рөлдерді  ойнап  көру  үшін  қауіпсіз  басқа  адамдардың 

көзімен өз қиындығын көруге, отбасында ала алмаған қарым-қатынаста қажетті 

дағдыларды үйренуге, мінез-құлықтың жаңа түрін бойына сіңіруге, түсінуге және 

өз мәселесін шешіп, бақытты болуға мүмкіндік туады. 



38

4.1. Қатысушыға қойылатын талаптар:

4.1.1. Белсенділік ережесі. Топтық жұмысқа бәрі қатысады.

4.1.2.  Шыншылдық  ережесі.  Топта  сенімді  қарым-қатынасты  бекітуге  ықпал 

ететін әр қатысушының шынайылығы. 

4.1.3. Тең бағалау ережесі. Топта бәрі бірдей. Мәртебелік деңгей жоқ. 

4.1.4. «Қазір және енді» ережесі. Топта талқылауға тікелей тренинг барысында 

болған оқиғалар ғана жатады.

4.1.5.  Құпиялық  ережесі.  Топта  талқыланатын  және  әр  адамның  жеке  өміріне 

қатысты мәлімет шектен шықпайды. 

4.1.6. Конструктивті кері байланыс ережесі. Қатысушылар тұлғалық жалпы баға 

бермеуге, тек мінез-құлық пен болып жатқан оқиғаны сипаттауға келіседі. 



6. Жастар денсаулық орталығы (ЖДО)

Жастар  денсаулық  орталығы  –МСАК  ұйымдарында  жасөспірімдер  мен 

жастарға кешенді медициналық-психологиялық-әлеуметтік көмек көрсететін ар-

найы қызмет.



Өзектілігі.

Соңғы он жыл ішінде барлық әлемдегідей біздің елімізде де қиындық тудыра-

тын жас адамдардың жыныстық мінез-құлқы тез өзгерді:

• күтпеген жүктілік;

• жыныстық жолмен жұғатын жұқпалар (ЖЖЖИ), оның ішінде ЖИТС;

жыныстық зорлау;

• Психологиялық ауытқу.

ҚР  ДСМ  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  проблемалары  ұлттық 

орталығының мәліметінше 2012 жылы жүргізілген 15-29 жастағы жасөспірімдер 

мен  жас  адамдардың  репродуктивтік  денсаулық  жағдайларына,  олардың 

хабарлылығы мен қауіпсіз мінез-құлық дағдыларының деңгейіне профилактикалық 

бағдарламалардың әсерін сипаттайтын ұлттық көрсеткіштерді әзірлеу бойынша 

жүргізілген зерттеу нәтижесінде Қазақстанда 15-29 жастағы жасөспірімдер мен 

жастардың  сақтандыратын  мінез-құлық  туралы  жеткіліксіз  ақпаратты  екендігі 

және қауіпсіз жыныстық мінез-құлық қолданатыны белгілі болды. Сонымен, 14 

жаста  жыныстық  қатынасқа  түскен  жасөспірімдер  -  8,4%.  15  жаста  жыныстық 

қатынасқа 33,1% жасөспірім, ал 19 жаста әр екінші жас адам (49,2%) түседі екен. 

Жасөспірімдер  мен  жастардың  айтарлықтай  бөлігін  қауіптілік  деңгейі  жоғары 

бей-берекет  жыныстық  қатынасқа  түсу  мазаламайды.  41,0%  15-29  жастағы 

жасөспірімдер мен жастардың бір серіктестен көп жыныстық байланысы бар. 

Жасөспірімдер  мен  жастар  арасында  контрацептивті  қолдану  олардың 

репродуктивтік мінез-құлқы үшін әлі тән емес. Соңғы жыныстық қатынас кезінде 

мүшеқапты қолданбаған немесе тұрғылықты мекен-жайына байланыссыз котра-

цепция құралын пайдаланғаны туралы есінде жоқ жасөспірімдер мен жастардың 

пайызы жоғары (22,4%) болып шықты.

Қазақстанда жасөспірімдік жүктілік деңгейінің жоғарылығы байқалады. 15-29




жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау