Әдістемелік ұсынымдар алматы 2014



жүктеу 0,73 Mb.
Pdf просмотр
бет5/26
Дата19.02.2018
өлшемі0,73 Mb.
#10085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

13

бұл  денсаулықты  нығайту  және  аурулардың  профилактикасы  бойынша  дұрыс 

дағдыларды қалыптастыру үшін сенімді негізді қамтамасыз етеді.

Семинар-тренинг  –  білімді,  танымды  игерудің,  машықтар  мен  дағдыларды  

қалыптастырудың  белсенді  түрі.  Ол  топтық  оқытудың  түрлі  әдістерін  пайдала-

на  отырып  бірнеше  дәйекті  жаттығулардан  тұрады.  Тренингтің  ұсынылатын 

ұзақтығы – 20 минут.



Топтардағы  талқылау.  Бұл  әдіс  ақпаратты  зерделеу  кезінде  пайда  болған 

проблемаға, ойға және идеяға өзі көзқарасын талқылауға, басқа қатысушылардың 

проблемасына көзқарасын анықтауға мүмкіндік береді.

Әрекеттер  тәжірибесімен  оқыту.  Әдіс  рөлдік  ойындарды,  ахуалды 

орындағанды, практикалық сабақтарды, яғни, қатысушы бір құбылыс нәтижесінде 

болатын объектінің өзгеру үдерісін бастан өткізетін жұмыс түрлерін пайдалануды 

көздейді.



4.Уәждемелік сұхбаттасу әдісі

Профилактикалық  медицинаның  заманауи  даму  кезеңінің  ерекшелігі  мінез-

құлықты өзгертетін транс-теориялық үлгіні тірек ететін халықаралық сарапшы-

лармен  ұсынылған  Уәждемелік  сұхбаттасу  үлгісі  болып  табылады.  Пациент-

ке  әсер  етуге  бағытталған  көптеген  әрекеттердің  клиницист  оқыған  дәріс,  оны 

түсіндіруі,  үндеуі,  сыны,  таңқалдыруы  немесе  оның  қорқынышты  салдарымен 

қорқытуы  тек  «итермелеумен»  шектелгені  белгілі  болды.  Дегенмен  реактанс 

(реактивті  қарсыласу)  нәтижесінде  өзгеруге  кедергі  келтіретін  өзгеріс  болған 

жоқ, себебі адамдар тәуелсіздікті сезінуді қолдау мен басқалардың мәжбүрлеуіне 

қарсы тұруға уәждемеленген. 



Уәждемелік  сұхбаттасу  —кеңесшінің  адамды  өзгерту  кезінде  көмекші  бо-

латын және клиентті қабылдауды білдіретін ерекше кеңес беру технологиясы.

Бұл  техника  клиентті  қабылдауға  негізделген  қысқа  мерзімді  және  дау  мен 

сендіруден аулақ бола отырып біреуге мінез-құлқын өзгертуге көмектесу тәсілі 

ретінде әзірленген. 

Уәждемелеу  —  адамды  әрекетке  немесе  әрекетсіздікке  итермелейтін  ынта-

ландыру  (уәждер)  жүйесі.  Уәж  —  қандай  да  бір  әрекетті  немесе  әрекетсіздікті 

жасауға түрткі болу.

Уәждер  адамның  неліктен  әрекет  ете  бастайтынын,  басқаны  емес  дәл  сол 

әрекетті неге істейтінін және кейбір әрекетті істемеуге өзін-өзі неге ұстайтынын 

түсіндіреді.  Әрекет  пен  әрекетсіздік  уәждемелері  ретінде  мұқтаждық  пен 

қызығушылықты, құштарлық пен сезімді, мақсат пен мұратты айта аламыз. Қалау, 

қолынан  келу  мен  іске  асыру  өзгерісі  уәждемелерден  тұрады.  Бұл  уәждемелер 

түрлі және кейде бір-біріне қарама-қайшы келуі мүмкін. Клиентпен өзгеру пікірін 

қарастыра отырып, оны ескеру қажет.

Уәждемелік  сұхбаттасу  қолдану  кезінде  әдістің  негізгі  қағидалары  мен 

міндеттерін  анықтайтын  тиімді  және  сонымен  қатар,  қарапайым  әңгімелесу 

тәсілдерінен (сұрақ қою, тыңдау, нәтиже шығару мен қолдаудан) тұрады. Тәсілдер 




14

қағидаларға  сәйкес  қолданылып  және  жұмыстың  әр  кезеңіне  қойылған  нақты 

тапсырмаларға  жетуге  бағытталса,  ол  стратегия  деп  аталады.  Түрлі  стратегия-

ларды қолдана отырып, клиентке оның мінез-құлқы туралы шешім қабылдауына 

әкелуге болады.

Мінез-құлықты өзгерту кезеңі екі компоненттен тұрады:

1) мінез-құлықты өзгерту жөнінде ойлану;

2) шын мәнінде мінез-құлықты өзгерту. 

Мінез-құлықты өзгерту жөнінде ойлануға:

• қиындықты түсіну (адам өзін ойлануға мәжбүрлейтін есірткіні тұтынудың сал-

дары туралы жаңа ақпарат алады);

• Басына түскен қиындықты уайымдау (есірткіні тұтынуға байланысты оқиғалар 

шін қатты уайымдау, мысалы, аса көп мөлшерде тұтынғанын үшін досының не-

месе  есірткіні  бірге  қабылдап  жүрген  танысының  өлімге  душар  болуы,  АИТВ 

жұқпасының анықталуы);

•  басқа  адамдарға,  әсіресе  жақындарына  (баласы  бар  адам  балалар  алаңында 

иненің жатқанын байқай бастайды) қиындықтың (мәселенің) әсер ету деңгейін 

түсіну;


• өзін-өзі қайта бағалау (өзі және өзінің қиындығы жөнінде ойлау мен сезіну, мы-

салы,  өзін  есірткіні  тұтыну  тыныштандырмайтыны  туралы  ойлану,  не  болмаса 

өзін есірткіні тұтынбайтын адам секілді сезінуге талпыну)

• әлеуметтік ресурстарды (өзгеруді қолдау ретінде қолдануға болатынын, мысалы 

терапевтік бағдарламаға қатысуға қандай мүмкіндіктер барлығын) бағалау.

Уәждемелік сұхбаттасу қағидалары

Уәждемелік  сұхбаттасудың  көмегімен  клиентке  өз  мінез-құлқын  түсінуіне 

көмектесуге тырыса отырып, кеңес беруші мынадай негізгі қағидаларға жүгінеді:

• клиентпен бірге уайымдау; 

• қарсылық білдіру (қиындық жөнінде тұрақсыздық пен сенімсіздік) және онымен 

жұмыс істеу;

• дауласудан, тура сендіру мен дәлелдеуге тырысудан аулақ болу;

• қарсылықты азайту;

• шешім қабылдау мен іске асыруда клиенттің дербестігін қолдау, дамыту.

Бұл  араласудың  ерекшелігі  пациенттен  зиянды  әдеттерден  бірден  бас  тар-

туын  талап  етпейтіндігінде.  Адамның  мінез-құлқын  жақсы  жаққа  өзгертуге 

уәждемелуді қалыптастыруға айтарлықтай уақыт бөлінеді. Барлық әсер ету тех-

нологиялары пациенттің өзгеруінің қай сатысында екендігіне байланысты. 

Зиянды  әдеттен  зардап  зегуші  адамның  қай  сатыда  екендігін  анықтауға 

сұрақтардың көмегімен қол жеткізуге болады.



15

1 кесте – Зиянды әдеттерге қатысты мінез-құлықты өзгерту сатылары:

Мінез-құлықты өзгерту кезеңдері.

16 


 

Өзгеру кезеңдері 

мен сатыларды 

сипаттау 

Əлеуметтік 

қызметкердің міндеті

Тапсырманы орындау үшін 

нені қолдану қажет (келесі 

бөлімдерде əлеуметтік 

қызметкердің міндеттері 

туралы нақтырақ) 

Талаптану 

алдындағы саты 

Адам өзгерудің 

қажеттілігі 

туралы 


ойланбайды. 

Тұтынудың 

жағымдылығын 

сезіну 


жағымсыздықты 

сезінуден артық 

 

Күмəн тудыру  -  



тəжірибедегі мінез-

құлық үлгісіне 

байланысты қауіптер 

мен қиындықтарды 

түсінуге ықпал ету  

Өзара түсіністік орнату. 

Дайындықтың жетіспеушілігін 

қабылдау. 

Басынан жағдайды түсіндіру: 

шешімді клиент өзі 

қабылдайды. 

Бейтарап жəне мінсіз тəсілмен 

ақпарат беру. 

Қауіпті түсіндіру жəне 

клиентке қатысты оны 

қарастыру Зиянды 

төмендетуге ықпал ететін 

ақпаратты ұсыну. 

Мінез-құлық үлгісі қайта 

бағалауды ынталандыру. 

Əрекетті емес, өзін-өзін 

тануды ынталандыру. 



Талаптану 

сатысы 

Мінез-құлқын 

өзгерту кезінде 

адам екі 

жақтылықты 

сезінеді. 

Батылсыздық 

танытады. Жақын 

арада өзгеруді өз 

жоспарына 

қоспайды  

 

Өзгерудің жоқтығына 

байланысты өзгеру 

мен қауіп үшін себепті 

анықтау жəне жою. 

Дербестік пен мінезді 

өзгертуге қатысты өз 

күшіне сенімділікті 

нығайту 

 

Дайындықтың жетіспеушілігін 



қабылдау. Басынан жағдайды 

түсіндіру: шешімді клиент өзі 

қабылдайды. 

Клиентпен есірткіні 

тұтунудың жақсылығы мен 

жамандығын айыру. 

Əдеттегі күн тəртібі кестесін 

анықтау. 

Мінез-құлықты өзгертуге 

барлық «иə» жəне 

«қарсылықты» бағлауды 

анықтауға ынталандыру. 

Клиенттің өзгеру жөнінде 

тұрақсыздығы мен күдігін 

түсіну, талдап қорыту мен өз 



жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау