7
емхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Отбасы денсаулығы орталығы халыққа амбулаториялық жағдайларда, үйде,
күндізгі стационарда, үйдегі стационарда (дәрігерге дейінгі, білікті):
1) пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақаттанулар, уланулар кезінде
немесе басқа шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі және білікті медициналық
көмек көрсетуді;
2) үйде шұғыл медициналық көмек көрсетуді;
3) ауруларды ерте айқындау мақсатында пациенттерді зертеп-қарауды;
4) пациенттерді емдеуді;
5) пациенттерді № 492 бұйрыққа сәйкес емдеуге жатқызуға жіберуді;
6) функцияларының бұзылулары бар, тіршілік әрекеті және жұмысқа қабілеттілігі
шектелген науқастарды жалғастырушы және кеш медициналық оңалтуды;
7) диспансерлеу мен профилактикалық тексеріп-қарауды;
8) осы Ережеге № 2-қосымшаға сәйкес ТМККК медициналық қызметтерінің
көлемін көрсетуді;
9) тіркелген халықты № 786 бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмектермен қамтамасыз
етуді;
10) инфекциялық аурулар ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилак-
тикалық) іс-шаралар жүргізуді;
11) науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама жүргізуді,
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
аумақтық органдарына еңбекке жарамдылық қабілетін тұрақты түрде жоғалту
белгілері бар адамдарды жіберуді;
12) № 907 бұйрыққа сәйкес статистикалық есеп және есептілікті, оның ішінде
электрондық форматта жүргізуді;
13) бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана, стендтер мен көрнекі материал-
дарды ресімдей, сондай-ақ ауруларды профилактикалау және салауатты өмір сал-
тын қалыптастыру бойынша аудио-бейнематериалдарды тұрақты түрде холлдар-
да және күту орындарында прокатқа бере отырып ауруларды профилактикалау
және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде халық арасында түсіндірме
жұмыстарын жүргізуді;
14) шұғыл және дағдарыстық ахуалдар орын алғанда өзіндік-өзара көмек көрсету
әдістеріне тұрғындарды оқыту жолымен халықты азаматтар денсаулығын
қорғау үдерісіне тартуды, мектептерді, клубтарды, қолдау топтарын, қоғамдық
кеңестерді ұйымдастыра, еріктілерді және озаттарды дайындай отырып өзін-өзі
қорғау мінез-құлықтар дағдыларына баулуды;
15) халықты гигиеналық, оның ішінде отбасы мен аналықты, әкелікті және
балалық шақты қорғау мәселелері бойынша оқытуды;
16) қауіпсіз сумен жабдықтау және тұрғындардың оңтайлы тамақтануы жөнінде
түсіндірме жұмыс жүргізуді;
17) иммундық профилактикалауды ұйымдастыру мен жүргізуді;
18) № 630 бұйрыққа сәйкес профилактикалық және скринингтік бағдарламаларды
8
іске асыруды;
19) тіркелген халыққа психологиялық көмек және арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуді;
20) онкологиялық сақтық, туберкулезді және жыныстық жолмен берілетін ауру-
ларды анықтау, тиісті медициналық ұйымдарға анықталған науқастар жөніндегі
ақпаратты уақытылы беру бойынша емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізуді;
21) емдеудің қолдау фазасында туберкулезбен сырқат науқастарға химиотерапия
жүргізуді қосатын МСАК көрсетеді;
Отбасы денсаулығы орталығының құрамында:
1) бөлімше меңгерушісінің кабинеті;
2) жалпы практика, участкелік қызмет (терапевт/педиатр дәрігері) дәрігерлерінің
қабылдау бөлмесі, мектепке дейінгі балалар мекемелерімен және оқу орындары-
мен жұмыс жөніндегі педиатр дәрігерінің кабинеті;
3) акушер-гинеколог дәрігердің кабинеті;
4) күндізгі стационар;
5) қосымша бөлімшелер: медициналық статистика, талдау және ақпараттандыру
бөлмелері, зарарсыздандыру кабинеті;
6) тіркеу орны;
7) дәрігерге дейінгі кабинет (сүзгі);
8) емшара кабинеті;
9) егу кабинеті;
10) зертхана;
11) физиотерапиялық емдеу кабинеттері;
12) химизатор кабинеті;
13) қақырық жинау кабинеті бар;
14) профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің
құрамында:
- бөлімше меңгерушісінің кабинеті;
- дәрігерге дейінгі кабинет;
- акушерлік қабылдау (қарау) кабинеті;
- әлеуметтік қызметкер/психолог кабинеті;
- салауатты өмір салты кабинеттері/диабет, демікпе, артериялық гипертензия,
босануға дайындау, жас ана және т.б. бейіндегі мектептер;
- жастар денсаулығы орталығының кабинеттері бар.
Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі МСАК
шеңберінде профилактикалық қызметтер, сондай-ақ әлеуметтік және
психологиялық қызметтер Отбасылық денсаулық орталығының құрылымдық
бөлімшесі болып табылады.
Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің маманда-
ры МСАК шеңберінде халыққа амбулаториялық жағдайда, үйде:
1) № 685 бұйрыққа сәйкес профилактикалық және скринингтік бағдарлама-
ларды іске асыруды;
9
2) салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметімен сабақтастықты
ұйымдастыруды;
3) қызмет көрсетілетін аумақтық учаскелер бөлігінде скринингтік тексеріп-
қарауға жататын тіркелген халық арасынан адамдар тізімін әзірлеуді;
4) тіркелген халық арасынан нысаналы топ адамдарын қажетті көлемді
белгілеу арқылы профилактикалық тексеріп-қараулар мен скринингтік зертте-
улерден өту қажеттігі жөнінде (тұрғылықты жері бойынша және жұмыс орны
бойынша) мекенжайлық хабардар етуді. Профилактикалық тексеріп-қараулар мен
скринингтік зерттеулерге шақыртуы бар мекенжайлық хабарлама тұрғылықты
жеріне, сондай-ақ жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс берушіге тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметкерлердің
профилактикалық тексеріп-қараулар мен скринингтік зерттеулерден өту қажеттігі
туралы хабардар ете отырып жұмыс орны бойынша жеткізіледі;
5) зерттеулер көлеміне сәйкес, оның ішінде бейінді мамандармен
профилактикалық тексеріп-қарауға және скринингтік тексеруден өткізілуге жата-
тын тұлғаларды тексеріп-қарау уақытын және графигін айқындауды;
6) жүргізілген профилактикалық тексеріп-қараулар мен скринингтік зерттеу-
лер нәтижелері бойынша аурулардың қауіп факторлары бар халықтың нысаналы
топтарын қалыптастыруды және мониторингілеуді;
7) МСАК деңгейінде салауатты өмір салтын қалыптастыру алгоритміне сәйкес
аурулардың қауіп факторлары бар адамдар және науқастардың профилактика мен
салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістеріне оқытуды;
8) бейіндері бойынша денсаулық мектептерінің, жастар денсаулығы
орталығының, қарттар клубының қызметін ұйымдастыруды;
9) аурулардың созылмалы нысандары бар адамдардың патронажын тұрақты
негізде өткізуді;
10) № 630 бұйрыққа және уәкілетті орган бекіткен әдістемелік
ұсынымдарға сәйкес тіркелген халыққа психологиялық көмек пен арнаулы
әлеуметтік қызмет көрсетуді;
11) № 907 бұйрыққа сәйкес статистикалық есепті және есептілікті, оның
ішінде электрондық форматта жүргізуді, сондай-ақ статистикалық деректерді тал-
дауды қосатын әлеуметтік және психологиялық қызметтер көрсетеді.
Бөлім қызметі үш: профилактикалық, психологиялық, әлеуметтік бағытта
жүргізіледі.
Профилактикалық бағыт қызметі дәрігерге дейінгі кабинет (сүзгі); акушерлік
қабылдау (қарау) кабинеті;салауатты өмір салты кабинеттері; отбасын жоспарлау
кабинеттері; дені сау бала кабинеттері; диабет, демікпе, артериялық гипертензия,
босануға дайындау, жас ана және т.б. бейіндегі мектептер; жастар денсаулығы
орталығының кабинеттері құзыретіне кіреді.
Психологиялық қызметтер көрсету бойынша бағыттар қызметі
психологтың құзіретіне жатады және оған:
1) әлеуметтік қызмет көрсетудің бекітілген стандарттарына сәйкес
Достарыңызбен бөлісу: |