Әдістемелік ұсынымдар алматы 2014



жүктеу 0,73 Mb.
Pdf просмотр
бет9/26
Дата19.02.2018
өлшемі0,73 Mb.
#10085
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26

25

Дені сау адамның тағамында ақуыз мөлшері жеткілікті болуы қажет. Ақуыз 

ағзаны құрайтын негізгі материал, гормондар, ферменттер, дәрумендер, антиде-

нелер түзілісінің көзі болып табылады. Ақуыз мөлшері 1 кг салмаққа 1 граммнан 

тең келуі қажет. Ақуыздың жартысы (30-40 грамм) жануар, ал жартысы (30-40 

грамм) өсімдік текті болуы қажет. Сондықтан ақуызы көп жануар өнімдері – ет, 

балықтар,  ірімшік,  жұмыртқа,  сүзбе,  тағамда  20%-ға  жуық  ақуыз  мөлшері  бар 

өнімдер күніне 200 грамды құрауы қажет. Етті  (сиыр, қой, шошқа етін) аптасына 

2 реттен жиі қолданбау қажет, одан да оны тауық, күркетауық, жақсысы – балық 

етімен алмастырған жөн. Балық құрамындағы май қышқылдары қан құрамындағы 

холестерин деңгейі мен қанның ұйығыштығына жағымды әсер етеді. Ал «етті», 

әсіресе майлы етті жиі қолдану ішек ісігінің қауіпті факторы болып табылады. 

Өсімдік ақуызының көзі жарма және макарон өнімдері, күріш пен картоп болып 

табылады. Бұл өнімдер ақуыздың ғана емес, көмірсулар, тіндер мен минералды 

заттектердің (калий, кальций, магнийдің) және  дәрумендер (С, В, каротиноидтар, 

фоли қышқылының) көзі болып табылады.

Өсімдік  өнімдері  құрамында  судың  көптігінен  құнарлылығы  төмен  болып 

табылады. Ет және ет өнімдерімен, сондай-ақ кейбір сүт өнімдерімен, нан мен 

картоппен  салыстырғанда энергетикалық мөлшері (оған сары май, өсімдік майы 

және басқа майдың түрлері немесе энергияға бай дәм сапасын жақсартатын со-

устар қосылмаған жағдайда) төмен азық-түліктер тобына жатады.

Майлар құрамында майды ерітетін (А, Д, Е, К) дәрумендерінің, стериндердің, 

жартылай қанықтырылмаған май қышқылдарының,  фосфолипидтердің болуының 

арқасында энергетикалық қана емес, пластикалық та құндылығы бар, сондықтан 

олар ағзаға қажет. Дені сау адамға олар ақуыз сияқты мөлшерде (1 кг салмаққа 

1 грамм қажет, жануар және өсімдіктікітең дәрежеде) қажет. Майлылығы аз сүт 

және сүт өнімдерін (айран, сүт қышқылды өнім, сүзбе, йогурт) пайдаланған жөн. 

Олар ағзаны көптеген нәрлі заттектермен қамтамасыз етеді, ақуыз бен кальций-

ге  бай,  оларды  күнделікті  қолдану  қажет.  Майлылығы  төмен  өнімдерді  тұтына 

отырып, ағзаны толықтай кальциймен қамтамасыз етуге және майды аз тұтынуға 

болады. 

Көмірсулар  екі  топқа  бөлінеді:  қант  (моно-  және  дисахаридтер)  және 

құрамында крахмал бар көмірсулар мен тіндер. Негізгі моносахарид – глюкоза. 

Тағам құрамындағы көптеген көмірсулар ас қорыту кезеңінде глюкозаға айнала-

ды. Жемістердің құрамында кездесетін моносахарид түрі фруктоза болып абыла-

ды.


Аталған  қанттардың  әр  түрі  ағзаны  тең  мөлшерде  энергиямен  қамтамасыз 

етеді.  Оған  толық  сіңбейтін  сорбитол  и  ксилит  жатпайды.  сорбитол,  ксилит, 

сахарин  и  аспартам  секілді  қантты  жасанды  алмастырушылар  түрлі  емдәм 

өнімдерінің ингредиенті болып табылады. Олардың кейбіреулерінде энергия көзі 

жоқ және қант диабеті мен семіздікпен ауыратын науқастар үшін пайдалы болуы 

мүмкін. Құрамында көп тазартылған қанты бар өнімдер энергия көзі болып та-

былады, бірақ оның құрамында нәрлі заттектер болмайды және емдәмнің қажетті 



26

компоненттері болып табылмағандықтан ересектердің ас үлесінен алып тастауға 

болады. 

Ас тұзын жалпы тұтыну нандағы, консервідегі және тағы басқа азық-түліктердің 

құрамындағы тұзды есепке алғанда күніне 1 шай қасықтан (5-6 граммнан) аспауы 

қажет. Йодталған тұзды тұтыну ұсынылады. Қайнатылған ас тұзы әдетте табиғи 

түрде мөлшері аз азық-түлікте кездеседі. Тұз азық-түліктерді арнайы өңдеу және 

консервілеу үшін қолданылады. Көптеген адамдар үстел үстінде тамаққа тұз са-

лып отырады. Тұз арнайы (жалпы тұтынылатын тұздың 80%-на жуығы) өңдеуден 

өткен  азық-түліктермен  тұтынылады.  Сондықтан  консервіленген,  тұздалған, 

кептірілген азық-түліктер (ет, балықты) аз мөлшерде және күнделікті қолданбау 

ұсынылады.

Йодтың тапшылығы ерте жастағы балалар мен әйелдер арасында кең таралған 

ақау  болып  табылады.  Қазіргі  замануи  йод  тапшылығының  алдын  алудың  бірі 

әмбебап йодталған тұздарды тұтыну болып табылады. 

Сұйықтық  (су)  қажеттілігі  сусындар  мен  өнімдермен  қанағаттандырылады, 

ағза  тіндері  өздігінен  майларды,  ақуыз  бен  көмірсуды  алмастыру  арқылы  суды 

құрайды.  Азық-түліктер  ағзаны  жартысынан  көп  сумен  қамтамасыз  етеді. 

Газдалған сусындардан гөрі суды, шырындарды, минералды суларды тұтынуды 

ұсыну  қажет.  Сұйықтықты  қажетті  мөлшерде,  әсіресе  ыстық  кезде  және  дене 

белсенділігі жоғарылаған кезде тұтыну қажет. Барлық аталған сұйықтықты орта-

ша тұтыну күніне 1,5-2,0 литрге тең болуы керек.

Тамақтану мезгіл-мезгілімен (тәулігіне кемінде 3-4 рет), тұрақты (бір уақытта) 

және бір қалыпты, соңғы қабылданған тамақ ұйықтар алдында 2-3 сағаттан кеш 

болмауы қажет. 

ДДҰ-ның  мәліметінше  адамға  күніне  балғын,  консервіленген  немесе 

мұздатылған  түрде  кемінде  400  г  көкөністер  мен  жеміс  тұтыну  керек.  70-80% 

көкөніс  пен  жемісті  балғын  күйінде,  ал  тек    20-30%-ын  —  өңделген  күйінде 

қолдануға  болады.  Жергілікті  өсірілген  өнімдерді  қолданған  жөн.  Көкөністер 

мен  жемістер  дәрумендердің,  минералды  заттардың,  құрамында  крахмал  бар 

көмірсудың, органикалық қышқыл мен тағамдық талшықтардың көзі болып та-

былады. Көкөністерді тұтыну жемістерді тұтынудан шамамен 2:1 есеге артық бо-

луы қажет. Тағамдық қауіп-қатер факторының бірі жүрек қан-тамыр ауруы мен 

ісік аурушаңдылығының артуына үлес қосады, көкөністермен және жемістермен 

толықтырылатын антиоксиданттардың (каротиноидер, С және Е дәрумендерінің) 

тапшылығы болып табылады.

Антиоксиданттардың 

жетіспеушілігі 

тамырлардың 

атероматоздық 

түйіндіктерінің  дамуына  ықпал  етеді.  Әсіресе  ол  шылымқрларда  байқалады, 

себебі шылым шегу бос радикалдар көлемінің көбеюін тудырады. Көкөністер мен 

жемістермен антиоксиданттарды көп мөлшерде тұтыну ағзаны зиянды заттардан 

қорғауға көмектеседі.

Бұршақтар,  жержаңғақ,  нан,  саумалдық,  қырыққабат  және  брокколи  секілді 

көкөністер фоли қышқылының көзі болып табылады. Ол жүрек-қан тамыр ауру




жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау