5
Кіріспе
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-
2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында
кешенді профилактикалық іс-шараларды, скринингтік зерттеуді, Бірыңғай
ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде басты әлеуметтік маңызы бар ауру-
лар мен жарақаттарды диагностикалау, емдеу мен сауықтыруды жетілдіруді
күшейту керектігі анықталған. МСАК-ты ұйымдастырудың кешенді үлгісінің
мақсаты отбасылық дәрігер қызметін, орта медицина қызметкерлер құрамына
дәрігерлік қызметтер құрамын делегаттауды енгізу, МСАК ұйымының штаты-
на медициналық қызмет жасамайтындарды (әлеуметтік қызметкерлер және т.б.)
қосу, МСАК ұйымдарындағы қызметкерлер құрамының қызмет көрсетілетін
халықтың медициналық, әлеуметтік және психологиялық мәселелерін анықтау
саласында дағдылары мен біліктілігін дамыту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу
мен науқастарға кеңес беру арқылы медициналық көмек көрсету тиімділігін арт-
тыру болып табылады.
Шет елдік және қазақстандық ғалымдардың көптеген зерттеулері созылмалы
жұқпалы емес аурулардың (СЖЕА) көбінің алдын алуға болатынын көрсетеді.
Оның дамуында жеке әдет-дағдылар мен әлеуметтік жағдай, мінез-құлық түрлері
мен шылым шегу, дұрыс тамақтанбау, алкогольді тұтыну, дене белсенділігінің
төмендігі және т.б. секілді факторлар, яғни мәдени ортаға әсер етуге бейім фак-
торлар маңызды рөл атқарады. Өмір сүру салтына байланысты бұл ауруларға
бейімділік көбіне әлеуметтік ортаға байланысты болса да жеке адамның мәселесі
болып табылады. Яғни, оны өзгертуге болады, ал аурудың даму қаупі айтарлықтай
төмендейді.
Өлім-жітім үлесі (86%) мен аурулардың ауыртпашылығы (77%) көбінесе жүрек
қан-тамыр аурулары, қатерлі ісіктер, созылмалы респираторлық аурулар, қант
диабеті секілді әлеуметтік маңызы бар аурулар тобына тиесілі. Бұл аурулардың
негізіне шылым шегу, алкогольді тұтыну және т.б. секілді мінез-құлықтық қауіпті
факторлары жатады.
Өткізілген әлеуметтік зерттеулер мен скринингтік тексеріп-қараулар
Қазақстанда 12 жастан жоғары тұрғындар арасында шылымқорлықтың таралуы
22,6%-ды, алкогольді тұтыну – 39,4%-ды, артық дене салмағы – 36,9%-ды, оның
ішінде семіздік – 7,7%-ды, жеміс-жидек пен көкөністерді жеткіліксіз тұтыну –
87,7%-ды, дене белсенділігінің төмендігі – 86,7%-ды құрайтынын көрсетіп отыр.
Қауіпті факторлардың көп таралуы созылмалы жұқпалы емес аурулардың
(СЖЕА) таралуының жоғарылығын қалыптастырды. Дәл осы аурулар, соны-
мен қатар жарақаттар, қайғылы жағдайлар мен улану Қазақстан халқының
аурушаңдылық пен өлім-жітім құрылымын бастап отыр.
Халықаралық тәжірибе профилактикалық шаралардың тиімділігінің
жоғарылығын көрсетіп отыр. Сонымен, артериялық гипертензияны дер кезінде
анықтау мен сапалы емдеу инсульт алу қаупін 30-40%-ға қысқартады. АҚШ-та
6
1972 жылдан бастап 1994 жылдар кезеңінде кең ауқымды профилактикалық шара-
ларды жүргізу кезінде жүрек қан-тамыр ауруларынан болатын өлім-жітімді 2 есе-
ге, ал инфаркттан болатын өлім-жітімді 2,5 есеге төмендетуге қол жеткізілді. Фин-
ляндияда тек холестеринді, шылымқорлықтың таралуы мен жоғары артериялық
қан қысымын орта деңгейден төмендетудің арқасында ишемиялық жүрек ауруы-
нан орын алатын өлім-жітім 1972-1992 жылдары 80%-ға төмендеген. Ирландияда
1985 пен 2000 жылдар кезеңінде жүрек қан-тамыр ауруларынан болатын өлім-
жітімді 48,1%-ға төмендете алды. Бұрынғы КСРО кезеңінде профилактикалық
бағдарламалар жүрек қан-тамыр аруларынан болатын өлім-жітімді 41%-ға
төмендетуге мүмкіндік берген.
Медициналық МСАК ұйымдарында профилактикалық қызметтерді жетілдіру
халықпен жұмыс істеуге арналған әдістемелік материалдармен МСАК ма-
мандарын қамтамасыз етуге шақырған ҚР ДСМ «Салауатты өмір салтын на-
сихаттау, басты әлеуметтік мәні бар аурулардың қауіпті факторларының про-
филактикасы жөнінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек медициналық
қызметкерлердің іс-қимыл алгоритмдері» 2012 жылғы 2 ақпандағы № 89
бұйрығының негізінде іске асырылады. Алғашқы медициналық көмек көрсету
жүйесін тиімді және қолжетімді етіп құру үшін 2011 жылдың 5 қаңтарындағы №7
бұйрық және келесі «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық
сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» 2013 жылғы 17
тамыздағы № 479 бұйрықпен МСАК ұйымдарының құрылымы өзгертіліп, От-
басы денсаулық орталықтары құрылды және профилактика мен әлеуметтік-
психологиялық көмек бөлімі ұйымдастырылды. Кезекте МСАК мамандарына
халық арасында аурулардың алдын алу мен салауатты өмір салтын қалыптастыру
жөнінде заманауи профилактикалық қызмет негіздерін оқыту мәселесі тұр.
Аталған әдістемелік ұсынымдардың мақсаты мінез-құлықтық қауіпті фактор-
ларымен күрес бойынша білім деңгейін арттыру мен халықпен заманауи техноло-
гиялармен жұмыс істеу арқылы МСАК мамандары деңгейінде профилактикалық,
әлеуметтік және психологиялық көмекті жетілдіру болып табылады.
1. Қазақстандағы медициналық-санитарлық алғашқы көмектің
әлеуметтік-бағдарының үлгісі
Қазақстанда МСАК қызметі ҚР ДСМ 2013 жылғы 17 тамыздағы № 479
бұйрығымен регламенттеледі.
МСАК мамандары (жалпы тәжірибелік дәрігері, учаскелік дәрігер-терапевт/
педиатр, учаскелік мейірбике/жалпы тәжірибелік мейірбике, фельдшер, акушер)
медициналық-санитарлық алғашқы көмекті:
1) медициналық пунктте;
2) фельдшер-акушерлік пунктте;
3) дәрігерлік амбулаторияда (отбасы денсаулығы орталығында);
4) емханада көрсетеді.
Отбасы денсаулығы орталығы (бұдан әрі – ОДО) дербес заңды тұлға немесе