Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет24/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92

53
Дэвидсоном, Патнэмом и др. - М., 1998.
5. Шлик  М. Поворот  в  философии // Хрестоматия  по  философии. - М.,
1997.
6. Никифоров А.Л. Философия науки: история и методология. - М., 1998.
7. Современная западная философия. Словарь. - М., 1991.
8. Карнап Р. Философские основания физики. - М., 1971.
9. Гемпель К.Г. Логика объяснения. - М., 1998.
10. Хинтикка  Я., Ниинилуото  И. Теоретические  термины  и  их  Рамсей-
элиминация: Очерк по логике науки // Философские науки. 1973. № 1.
11. Гемпель К.Г. Логика объяснения. - М., 1998.
12. Брутян  Г. А. Письмо  Курта  Геделя // Вопросы  философии. - 1984. -
№ 12.


54
4 ТАҚЫРЫП. ҒЫЛЫМИ БІЛІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Дəріс  мақсаты:  Ғылыми  білімнің  табиғатына  тоқтау. Ғылыми  білімнің
алуантүрлігін  жəне  одан  тыс  білімнің  түрлерін  көрсету. Ғылыми  білімнің
құрылысы: эмпириялық  негіз; ғылыми  теория, оның  құрылысы  жəне
қызметтері; ғылыми  білімнің  құрылысының  философиялық  негізін  ашу.
Эмпириялық  білімнің  құрылысына  назар  аудару. Теориялық  білімнің
құрылысына тоқтау.
Ғылым білім жүйесі ретінде. Ғылыми білімнің алуан түрлілігі
Ғылыми  білім  қиын  құрылыстан  тұратын, дамуға  бейімделген  біртұтас
жүйе. Құрылыс болған соң жүйенің элементтерінің арасында тұрақты байланыс
бар  екендігі анық. Ғылыми  білімнің  құрылымы  оның  əр  түрлі  қырында, соған
қатысты - өзгеше элементтерінің жиынтығында көрінеді.
Алдын  ала  ескерту  қажет, ғылыми  білімнің  құрылымында  дəстүрлі
ғылымдылық  өлшемінен  тыс  элементтер  кездеседі: вербализация  мен
рефлексияға  бағынбайтын  философиялық, діни, магиялық, интеллектуалдық
жəне сенсорлық қабілеттер; əлеуметтік-психологиялық стереотиптер, пайдалар
мен  қажеттіліктер; нақты  конвенциялар, метафоралар, қайшылықтар  мен
парадокстар; тұлғалық  құмартушылық  пен  сүйкімсіздіктер, əдеттер  мен
қателіктер т.б. В.И. Вернадскийдің пікірінше, «ғылыми нəтижелер мен ғылыми
қорытындыларды  философия  мен  дінңің  тұжырымдарынан  ажырататын  бір
құбылыс  бар - дұрыс  жасалған  ғылыми  тұжырымдар, ғылыми  пікірлер,
қорытындылар  жалпы  бəріне  қажетті  жəне  талассыз». Осымен  ғылым
адамзаттың басқа рухани іс-əрекеттерден ерекшеленеді.
Ғылыми  білімнің  негізгі  құрылысын  қарастырғанда  В.И. Вернадский
былай деген: «талассыз ғылымның негізгі жəне мəңгі керегесі (қатал түпнегізі)
келесі элементтерді біріктіреді:
1) бүкіл математикалық ғылымдарды;
2) логикалық ғылымдарды;
3) ғылыми  фактілерді  өздерінің  жүйелі  құрылыс  түрінде, эмпириялық
жалпылау мен ғылыми аппараттарды тұтас.
Ғылыми  білімнің  осы  жақтары - бірлік  ғылымның - дамуда, жəне  басқа
аймақтарды  қамтиды». Осыған  қарай, В.И. Вернадскийдің  пікірінше,
«біріншіден, жаңа  ғылымдар  осы  элементтерден  тұрады, солармен  жасалады.
Екіншіден, ғылыми  жұмыстардың  нəтижесінде  фактілердің  ғылыми
аппараттары  мен  жалпылау  үздіксіз  геометриялық  прогрессия  бойынша  өседі.
Үшіншіден, алғашқы  мен  қазіргі  уақытты  біріктіретін  ғылым  болмысының
динамикалық  процесі  адам  өміріне  стихиялық  түрде  əсер  етеді, өсуге
бейімделген  геологиялық  күш  болған  соң  биосфераны  ноосфераға - ақыл
аумағына - айналдырады».
Ғылыми  таным  объект  пен  субъекттің  тығыз  байланысы  болған  соң,


55
соңғы келесі компоненттерден тұрады:
а) Ғылым  субъектісінің - негізгі  элементтері: өзгеше  зерттеуші, ғылыми
ұжым, ғылыми топ, т.б. - түбінде тұтас қоғам. Ғылым субъекттері объекттердің
қасиеттерін, қатынастарын, жақтарын жəне объекттердің топ (материалдық пен
рухани) түріндегі  қатынастарын  осы  жағдайда  жəне  осы  уақытта  зерттейді.
Ғылыми  қызмет  танушы  субъекттен (ғалым-зерттеушіден) ерекше  дайындық
талап  етеді, яғни, ол  алғашқы  жəне  қазіргі  кезде  жиналған  концептуалдық
материалды  меңгереді, қалыптасқан  тану  тəсілдер  мен  əдістерді, оны  өзіндік
қаруға  айналдырады, жəне  ғылыми  танымға  сай  құндылық, көзқарастық,
адамгершілік бағыттарды ұстанады.
b) Объект (пəн, пəндік  аймағы), яғни  ол, ғылым  немесе  ғылыми  пəнде
танылатын  дүние. Басқаша  айтқанда, зерттеушінің  ақылы  бағытталған,
суреттелген, сипатталған, анықталған, оймен қорытылған. Жалпы түрде, «пəн»
дегеніміз, біріншіден, адамзат қызметі мен танымында объект əлемінен ерекше
бөліп  шыгарылған  шектелген  тұтастық, екіншіден, танымның  субъектісіне
қарсы тұратын объект, өзінің жақтары, қасиеті, қатынасымен бірге.
«Пəн» деген  ұғым  объектілерді  түсіндіретін  заң  жүйесін  көрсетуге
арналған (мысалы, дамудың  жалпы  заны – диалектика). Объект  туралы  білім
дамығанда  оның  жаңа  қырлары, жақтары, байланыстары  айқын  болады. Əр-
түрлі  ғылымдар  бір  объект  бойынша  өзгеше  танымдық  пəнді  шығарады
(мысалы, анатомия ағзаның құрылысын зерттейді, медицина - оның ауруларын
т.б.). Танымның  пəні - материалды  болуы  мүмкін (атом, тірі  ағзалар,
электромагниттік  өріс, галактика  т.б.) немесе  идеалды (таным  процессі,
тұжырымдамалар, теориялар, ұғымдар  т.б.). Солай, гносеологиялық  тұрғыдан
субъект  пен  объекттің  айырмашылығы  ықтималды  жəне  пəндікке  объектің
қасиеті мен белгілері кіреді.
c) Пəндік  ерекшелікпен  негізделген, осы  пəнге  немесе  ғылыми  пəнге
лайық əдіс пен тəсіл жүйесі.
d) Өзіне  лайық  өзгеше  табиғи  жəне  жасамды  тіл (таңбалар, рəміздер,
математикалық шешімдер, химиялық формулалар т.б.).
Басқа «кескін» бойынша  ғылыми  танымның  құрылысында  келесі
элементтерді шығаруға болады:
- эмпириялық тəжірибеден алынған фактілер материалы;
- анықтама  немесе  басқа  түрінде  көрсетілген  алғашқы  концептуалды
жалпылаудың нəтижелері;
- фактіге негізделген мəселелер мен ғылыми болжаулар;
- олардан «өсетін» заңдар, принциптер, теориялар, дүние бейнесі;
- философиялық негіздер;
- əлеуметтік-мəдени, құндылық, дүниеге көзқарас негіздері;
- ғылыми  танымның  əдістері, идеалдары, нормалары, үлгілері,
реттеушілері мен императивтері;
- ойлау тəртібі мен басқа элементтері (мысалы, иррационалдық). Ғылыми
танымның  идеалы  мен  нормалары - ғылымға  əр  нақты-тарихи  даму  кезеңіне
лайық, нақты  концептуалды, құндылық, методологиялық, жəне  басқа
ұстанымдар  бірлестігі. Олардың  негізгі  қызметі - ғылыми  зерттеуді


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау