Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет26/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   92

58
оппозициясы  дегеніміз, рационалды  білімнің  ішіндегі  айырмашылыққа
қатысты. Бұл  деген, сезім  нəтижелері  қанша  көп  түрлі  жəне  үйреншікті-
маңызды болсада əлі ғылыми білім деп аталмайды. Толық түрде ол тек ғылыми
бақылау мен эксперимент нəтижелеріне, қоса олар ойлау қортудан  өтіп, тілдік
түрде жарияланғанда қана ғылыми деп аталады. Ғылыми білім пəндік сананың
нəтижесі. Эмпириялық  танымды  алсақ, бұл  ереже  күмəнсіз, себебі, ол  сезім-
түйсік  арқылы  қабылданған  заттар  мен  сананың  қатысы. Теориялық  танымда
пəнділікке  жақын (идеалды-пəндік). Эмпириялық  танымның  нəтижелері
рационалды  танымның  операционалды  деңгейімен - ақыл-парасатпен  тығыз
байланысты. Соңғы, сезім  материалдарын  абстракциялау, анализ, салыстыру,
жалпылау, индукция, эмпириялық  заңдардың  болжауын  ұсыну, дедуктивтік
қорытынды, дəлелдеу немесе жоққа шығарудан өткізеді.
Яғни, эмпириялық білімнің табиғатын түсіну үшін, оның үш түрлі сапалы
тұрғыдан пəндік типін көрсету қажет:
1) заттар өзгеше («объекттер»);
2) олардың 
сезімдік 
түрдегі («сезімдік 
объекттері») елестері
(репрезентациялар);
3) эмпириялық (абстрактілі) объекттер.
Санамен «сезімдік  объектілердің» мазмұнның «өзіндік  заттармен»
сенсорлық  байланыс  негізі  арқылы  шығару  көп  факторлармен
байланысты:
1) танылып жатқан объектілердің мазмұнына;
2) зерттеудің  мақсаттық  ұстанымынан (психологияда  дəлел  алған);
(мақсаттық ұстаным - ол бір өзгеше фильтр, «мендікке» қажетті бағдарламаны
таңдап, «өзіндік заттың» сана арқылы көруі);
3) ғылыми 
танымның 
эмпириялық 
деңгейінде 
фильтр 
ролін
атқаратындарға келесі жатады:
а) танымдық пен практикалық ұстанымдар;
b) ойлаудың (ақыл-парасаттың) операционалдық мүмкіндіктері;
с) тілдің қажеттіліктері;
d) эмпириялық білімнің жиналған қоры;
е) ғылыми теориялардың интерпретативті мүмкіндігі.
Эмпириялық білім дегеніміз - абстарктілі эмпириялық объектілер туралы
көп  түрлі  пікірлер. Бірақ  оны  бақылаудың  тікелей  нəтижесі  деп  түсіну  дұрыс
емес, себебі, айналмалы  түрде «өзіндік  заттар» идентификация  мен
интерпретация жолынан өтіп нақты дүние туралы білімді ашады.
Эмпириялық  білімнің  құрылысы. Сезімдік  пен  эмпириялық  білімдердің
онтологиялық  пен  сапалық  түрде  мазмұндарыда  өзгеше  болып  табылады;
біріншісі, көп  түрлі  сезім  бейнелері  болса, ал  екінші, көп  түрлі  эмпириялық
пікірлер; олар  логикалық  тұрғыдан  бір-бірінен  ештеңе  шығармайды. Сонда,
эмпириялық  білімді  бақылау  мен  эксперименттердің  логикалық  нəтижесі  деп
түсіну  ол, қателесу. Олардың  арасында  басқа  да  қатысу  типі  байқалады:
сезімдік  нəтижелерді  бір  тілде  логикалық  түрде  модельдеу (репрезентация).
Эмпириялық  білім  əрқашанда  сезімдік  білімнің  анықтамалық-дискурсивті
моделі.


59
Эмпириялық білімнің өзінің құрылысы да қиын мəселеге жатады. Ол төрт
деңгейден тұратын құрылыс:
1. Ең қарапайым деңгейі - бірлік эмпириялық пікірлер (болу  квантормен
бірге  немесе  онсыз), «хаттамалық  пікірлер»; олардың  мазмұны  нақты
бақылаудың  дискурсивті  қабылдауы; осындай  хаттаманы  құрастырғанда
бақылаудың нақты уақыты мен орны анықталады.
2. Эмпириялық  білімнің  екінші, күрделі  деңгейі - фактілер. Ғылыми
фактілер  хаттамалардың  индуктивтік  жолмен  жалпылау, олар  міндетті  түрде
жалпы  статистикалық  немесе  əмбебапты  болып  табылады. Олар  зерттелетін
пəндік  аймақтың  жағдайларын, қасиеттерін, қатынастарын  жəне  олардың
сандық  жағын  байқайды. Олардың  символикалық  елестеріне  графиктер,
диаграммалар, кестелер, классификациялар, математикалық модельдер жатады.
3. Келесі одан жоғары эмпириялық білімнің деңгейі - заңдардың түрлері
(функционалды, себептілік, құрылымдық, динамикалық, статистикалық  т.б.).
Ғылыми заң дегеніміз - уақыттық пен кеңістік тұрғысынан тұрақты, жағдайлар,
оқиғалар  немесе  қасиеттер  арасындағы  қатынастардың  өзгеше  түрі. Фактілер,
заңдар  сияқты  ортақ  квантормен
"x(a(x)Eb(x)  жалпы (универсалды  немесе
статистикалық  пікірлер), мысалы, («Барлық  заттарды  қыздырғанда, олар
кеңейеді», «Барлық  планеталар  Күнді  айналады» т.б.). Ғылыми  эмпириялық
заңдар  түбінде  əр  түрлі  процедулармен  алынған: индукция, элиминативтік
индукция, дедукцияға  керісінше  индукция, дəлелдеу  индукция  арқылы
жасалған  жалпы  болжаулар. Нақтыдан  жалпыға  жету, индуктивті  жолмен
көтерілу тек болжау, мүмкіндік білімді береді. Эмпириялық білім сол тұрғыдан
негізінде  гипотетикалық  болып  табылады. Табиғаттану  ғылымдарға  қатысты
Ф. Энгельс  байқаған, «ойлаған  соң, табиғаттанудың  да  даму  формасы
гипотеза».
4. Жалпы, төртінші  деңгейі - феноменологиялық  теориялар. Олар
эмпириялық  заңдар  мен  фактілерді  логикалық  тұрғыдан  құрастырады
(феноменологиялық  термодинамика, Кеплердің  аспан  механикасы  т.б.). Өзінің
жоғары деңгейіне  қарамай, шығу  мен  қасиеттеріне  қарай олар гипотетикалық,
мүмкін білімі. Индукция, яғни, жалпы білімді нақты арқылы дəлелдеу (бақылау
мен  экспериментердің  деректері), логикалық  дəлелдеу  күшсіз  болса  да,
жағымды түрде - тек растау болып табылады.
Эмпириялық  деңгейлердің  арасында  сапалық  емес, сандық  тұрғыдан
айырмашылық  бар, бір  елесті  жалпылау  күш  тұрғысынан  ерекшеленеді. Ал
эмпириялық  пен  теориялық  білімдердің  сапалық  айырмашылығы  айқын,
онтологиялық  тұрғыдан  өзгеше. Эмпириялық  пен  теориялық  білімдердің
арасындағы  айырмашылық  эмпириялық  пен  сезім  білімдеріне  қарағанда
күрделі.
Теориялық  білім, ғылыми  теорияның  құрылысы. Теориялық  білім
сананың 
конструктивті 
бөлігі - ақылдың 
іс-əрекетінің 
нəтижесі.
В.С. Швыревтің  пікірінше, ақылдың  қызметі  сананың  сыртқы  жағына  емес,
яғни  сыртқы  болмысқа  емес, сананың  ішкі, өзіндік  мазмұнын  ашуға
бағытталады. Ақылдың  қызметінің  мəнін  өзінде, өзі  үшін  еркін  когнитивті
шығармашылық. Интеллектуалды  интуициямен  бірге  теориялық  ойлаудың


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау