Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет20/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   92

45
келесілер  жатады: дəулет  пен  бос  уақыт, университеттердің  таралуы,
кітаптарды  басып  шығаруы, Константинопольды  қармау, Коперниктің, Васко
да  Гаманың, Колумбтың  шығуы, телескопты  құрастыру  т.б. А. Уайтхедтің
хронологиясы бойынша: ХVІІ ғ. басында, 1605 ж. Бэконның «О достоинстве и
приумножении  наук», Сервантестің «Дон  Кихоты»; 1604 ж. Шекспирдің
«Гамлеті», 1616 ж. 23 ақпанда  Сервантес  пен  Шекспир  дүниеден  кетті, сол
жылы  Гарвей  Лондонның  дəрігерлік  колледжде  қан  айналым  теориясын
ұсынды, Галилей  өлген  жылда  Ньютон  дүниеге  келді (1642), Коперниктің
шығармасының  шығуынан 100 ж. кейін, 1641 ж. Декарт «метафизикалық
ойларды» шығарған, 2 жыл  кейін - «Философияның  бастамасын».
Жаңаеуропалық  ғылымның  басында  тұрғандар: Бэкон, Гарвей, Кеплер,
Галилей, Декарт, Паскаль, Гюйгенс, Бойль, Ньютон, Локк, Спиноза, Лейбниц.
А. Уайтхед  өзінің  ғылыми  ізденісін  былай  тұжырымдайды: «Қазіргі
ғылым Еуропадан шыққан, бірақ оның үйі - бүкіл əлем».
5-і  болжауда  ғылымның  тарихи  жасын  анықтау  мəселені  талдауда
классификацияны қолданып екі сатыға бөледі: ғылымға дейін жəне ғылымның
өзі  деген. Қалыптасқан  ғылым  көбісінде  практикалық  тəжірибеге, бақылауға,
қарапайым  білімге  т.б. арқа  сүйейді. Нақты  заттармен  шұғылдану  танымның
идеалды  бағдарламасына, идеалды  объектілермен  іс-əрекет  жасауға  негіз
болды.
Ғылымның  өз  кезеңінде  ғылымдар  заттардың  бейнесі  деп  санамайды.
Олар өзгеше рəміздік объекттер ретінде. Теориялық мүмкіндіктер эмпириялық
практикадан  жоғары, ал  теориялық  постулаттың  салдары  ретінде  эмпириялық
фактілер  болса - осыны  таза  ғылымның  белгісі  дейді. Білім  практикалық
нəтижелердің  қосындысы  емес, жалпы  мен  қажеттіліктен  басталатын  іс-
əрекеттің  рецепті  болған. Білім  жəне  білім  емес  арасындағы  демаркация
ғылыми-теориялық  зерттеу  əдісін  құрастырудың  сызығы  бойынша  өтеді.
Ғылым - математика  мен  экспериментті  біріктіретін  ғылыми  əдістің  пайда
болуы. Ғылым емес - эмпириялық жағдайларды сипаттау, практикалық нұсқау.
Ғылыми  зерттеудің  эвристикалық  жəне  болжау  компоненттері  ғылымның
туылуының белгісі.
XX ғ. ғылым философиясының дамуы
(постпозитивистік пен классикалық емес кезеңдері)
ХХ  ғ. үштен  екі  жартысы - ғылым  философиясының  дамуында
эпистемологиялық  мəселелердің  өзектілігінің  белгісі. Ғасырдың  басында
ұсынылған ғылыми білімнің унификациясы оның əлеуметтік-мəдени қалыптасу
себептерімен жоққа келтірілген, верификация мен фальсификация принциптері
бір-бірімен  қайшылықта, түбінде  логикалық  ойлау  өзектілігін  жоғалтты. Осы
ғылым  философияның  үшінші  кезеңінен  тіл  туралы  танымның  бейтараптық
қаруы  деген  ұстаным  пайда  болды; сөйлемдер  мен  терминдер  экспериметтің
нəтижелеріне  барабар (бірдей) деп  қабылданды. Осы  позицияны  керемет
тұжырымдаған, ғылым  философиясының  постаналитикалық  кезеңінің  өкілі


46
Ричард Рорти: «Тілдің ерекшелігі оның тəжірибенің нəтижесін өзгерту де емес,
немесе  біздің  санамызға  жаңа  келешекті  ашуда  емес, немесе  бейсаналықты
синтездеу де емес, немесе ішкі өзгерістердің жаңа түрін шығару да емес. Тілмен
бірге біз бір-бірімен дəлелделген тұжырымдар мен пікірлермен алмасу арқылы
қоғамға кіруге рұқсат аламыз».
Ғылым  философиясының  үшінші  кезеңі  оның  рефлексивтік  талдаудың
жаңа тақырыптары мен қоса:
1) ғылымның 
мағыналық 
талдаудан 
А. Пуанкаренің 
ұсынған
конвенциализм  принципімен  бірге  ғылым  тілін  талдауға  қадам  жасалды, жəне
тілге бір ортақ өлшем - унификация - яғни символикалық логиканың күшімен,
физика тіліне негізделіп бəріне лайық тіл қалыптастыру;
2) неопозитивистермен  ұсынылған  ғылым  тілінің  анализі  ғылым
философиясының  үшінші  кезеңінде  үстемді  болды, сол  себепте  осы  кезең
аналитикалық  атау  алды. Ғылым  тілінен «ғылыми  емес  пікірлер» жойылып,
ғылым  өзі  физика  тілінің  негізінде  қатал  нормативті, унификациядан  өткен
зерттеулер жасайтын болды;
3) өзекті түрде ғылыми зерттеудің логикасы туралы мəселе қосылған соң,
Поппердің ғылыми білімнің өсуі деген концепция маңызды орын алды. Ғылым
тілінің  талдау  бағдарламасы, «лингвистикалық  бұрылыс» Вена  ұжымының
қызметінде айқын көрсетілген; бұл ұжым 1922 ж. Вена университетінде Мориц
Шликпен (1882-1936 жж.) индуктивтік  ғылымдардың  философиясы  атты
кафедраның  шеңберінде  өткізілген  ғылыми  семинардың  негізінде  құрылды.
Зерттеушілердің пікірінше, Вена ұжымы үшін қасиеттілік аргументке берілген
(ағыл. «қатал  пікір  талас»). Осында  біз  фальсификация  қағидасының  бейнесін
табамыз.
Осы  кезеңде  бақылаудың  нəтижелері  əлі  бірінші  орынды  сақтап  қалды;
таным  процесі  фактілерді  жинау  мен  аңғарудан  басталады; ол  логикалық
позитивизмнің дискурсында хаттамалық пікір (ұсыныс) деп аталған.
Вена  ұжымы  деген  атау  М. Шликпен  Г. Рейхенбах  арасындағы
А. Эйнштейннің  ықтималды  теория  туралы  дискуссияның  нəтижесінде  пайда
болды. Людвиг Витгенштейннің «Логикалық-философиялық трактатын» (1921)
талдауы да осыған үлес қосты.
М. Шликтің  позициясы. Оның  позициясы  бір  пікірде  жиналған:
жүйелердің  хаосы  мен  философиялық  көзқарастардың  анархиясы  түбінде
алғашқы  философияны «нағыз» мəселені  қоялмайтын  жағдайға  əкелді.
Философиядағы бұрылыс тек əдіс мəселесімен шешілуі мүмкін; «Бақылау мен
эмпириялық ғылымдардан басқа ақиқатты дəлелдейтін тəсілдер жоқ. Əр ғылым
танымдық  пікірлердің  жүйесі, яғни  ақиқатты  тəжірибенің  көрсеткіші. Барлық
ғылымдарды  тұтас  түрде  қарапайым  өмірдің  нəтижелерін  қоса  танымдық
жүйелер деуге болады. Осыған философиялық ақиқаттарды да қосудын қажеті
жоқ. Философия бекітілген пікірлер жүйесі емес: бұл ғылым емес».
Философияны алғашқыдағыдай «ғылымның патшасы» деп атауға болады,
бірақ  оған  ғылым  болуы  міндет  емес. Философия  пікірлерді  шығару  мен
анықтауға  негізделген  қызмет. Философия  арқылы  пікірлер  түсіндіріледі, ал
ғылым  арқылы  олар  верификацияландырылады. Ғылым  пікірлердің


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау