51
ғылым идеясына қарсы, дедуктивтік-номологиялық түсіндіру теориясын
шығарды; бір құбылысты біз түсіндірдік деп қабылдаймыз, егер оның пікірлері
логикалық түрде алғашқы шарттар мен заңдардан шықса.
«Тарихтың жалпы заңдарының қызметтері» («Функция общих законов
истории») деген шығармасында Гемпель жалпы заңдардың маңыздылығына,
табиғаттану мен тарихта керектігін, əр түрлі процедуралардың негізін
құрастырады деп тұжырымдайды.
Түсіндіру процедурасын метафора, түсіндірудің бастаушы үлгісі, қанағат
түсіндіруге бөледі. Сонымен қатар, қосымша процедурасы, реконструкция
процедурасы, бір немесе бірнеше фактілердің топтарын ажырату (бөлу)
процедурасы (қателікке əкелуі мүмкін) деген түрлері бар.
Гемпельдің негізгі тезисі: тарихта басқа эмпириялық зерттеулерде
сияқты, ғылыми түсінік жалпы болжау немесе теориялар (жүйеленген
гипотезалар) арқылы ашылады; жəне ол оның эмпатиялық (эвристикалық əдіс,
психологиялық гипотезаны ұсынады) ойлау əдісімен қайшылықта екенін
түсінеді. Гемпель «жалпы заң» мен «универсалды түрдің гипотезасы» арасында
теңдік қояды; əр оқиғада П (себеп) түріндегі жағдай бір нақты орында, нақты
уақытта болады; С (салдар) жағдай сол жерде, сол уақытта болады, алғашқы
орынмен уақытпен байланысты.
Гемпель түсіндіру процедурасының анализін ұсынды. Табиғаттану
ғылымдардың қызметі жағдайларды құрылысқа келтіру - түсіндіру немесе
болжау. Түсіндіру дегеніміз себебін, детерминациялаған факторларды көрсету.
Сол уақытты, сол кеңістікте индивидуалды объектің бүкіл қасиеттеріне толық
сипаттау жасау. Бұл мақсатқа ешкім жетпейді, индивидуалды жағдайды
универсалды гипотезалар немесе заңдар арқылы түсіндіру мүмкін емес.
Тарих, физика мен химия сияқты «бірегей дербестікті ұстап алу» мүмкін;
«нағыз түсіндіруді» «өтірік түсіндіруден» (энтелехия, тарихи миссия, жазылған
тағдыр, метафораға сүйенеді, бейнелік, эмоционалдық сезімге негізделген,
интуицияны дедукцияның орнына ұсынады) ажырату қажет.
Ғылыми түсіндіру келесі элементтерден тұрады:
а) пікірлерді эмпириялық тұрғыдан тексеру, нақты шарттарын анықтау;
b) түсіндіру негізделген əмбебап болжауларды тексеру;
c) түсіндіру логикалық тұрғыдан қайшысыздығын зерттеу.
Тарихтағы түсіндіру екіге бөлінеді: себепті пен мүмкінді. Тарихта
көбінесе екіншісі үстемді: тарихта да түсіндіру дегеніміз құбылысты жалпы
заңға келтіру. Түсіну əдістіде қолдамады; интерпретацияны да мағынаға
айналдыру деді; Эмпириялық ғылымдардың тұтастығын келтірген: «таза
түсіндіру» мен «гипотетикалық жалпылау жəне теория құрастыру» арасында
айырмашалық жоқ; ғылыми зерттеу салаларының арасында анық айыру
сызықтар мүмкін емес.
«Түсіндіру логикасы» атты шығармасында Гемпель келесі күрделі
мəселені қояды - əлемдегі құбылыстарды түсіндіру дегеніміз - «неге?» деген
сұраққа жауап беру «не?» дегенге қарағанда. Бұл рационалдық зерттеудің
негізгі мəселесі болып табылады. Ғылым əрқашанда сипаттаудан түсіндіруге
шыққысы келді. Түсіндіру туралы мəселе О. Контпен ұсынылған түсіндіру
52
жəне болжау тезисіне жауап.
Түсіндірудің негізгі қасиеттері мен қызметтері:
- түсіндіру жалпы заңдарға негізделген; бір заңдылықты басқа жалпылау
заңдылық арқылы түсіндіруге болады;
- түсіндіру екі бөлікті құрылыстан тұрады: экспланандум - құбылыстың
сипаттамасы, эксплананс - сол құбылысты түсіндіру үшін ұсынылған пікірлер
тобы; эксплананс келесі кезеңде тағы екі топ астыларына бөлінеді: біреу -
шарттарды түсіндіреді, келесісі - жалпы заңдарды; экспланандум логикалық
тұрғыдан эксплананстан шығу керек, осы эксплананстың адекваттылығының
логикалық шарты; эксплананс эмпириялық материалмен дəлелденіп, ақиқатты
болу қажет, бұл барабарлықтың эмпириялық шарты; түсіндірудің толық емес
түрі эксплананстың жартысын жəй қабылдайды; себептілік заңдар
статистикалық заңдардан ерекше, себебі, екінші болашақта нақты оқиғалардың
пайызын сол шартқа сəйкес нақты құбылыстарда айқын дейді.
Гемпель табиғи жəне қоғамдық заңдардағы себептілік принциптің
жұмысы ұқсас жəне оларға ортақ дейді, «телеологиялық» түсіндіру биология
т.б. ғылымдарда маңызды. Олардың эвристикалық негіздері; антропоморфтік
қасиеті (біз сеземіз сол түсінікті) туралы Гемпель ойларын айтқан; Гемпель
эмердженттік анықтамаға да назар аударады, ол психологиялық тұрғыдан
құбылыстардың «жаңа», андаусыз, ал теориялық тұрғыдан түсінікке
сыимайтын, күдікті қасиеттерінің пайда болуы. Бірақ Гемпель бұл мəселенің
шешімінде қателеседі, себебі, эмердженттік принципиалдық тұрғыдан
күдіктілігі мен шеңберге симайтындығы болмыста бар, əмбебаптың
жойылмайтын атрибуты, вариативті, іс-əрекеттерін де түсіндіру қиын.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Ғылымның қалыптасуында ежелгі Грек кезеңінде қандай мəселелер
көтерілген?
2. Орта ғасырдағы ғылымның негізгі мəселелері?
3. Жаңа заман ғылымының қойылған мəселелері?
4. Қазіргі неоклассикалық ғылымның Вена ұжымына қатысы қандай?
5. Хаттамалық пікір деген ұғымның мағынасы.
6. Радикалдық физикализм деген ұғымның мағынасы.
7. Экспланандум жəне эксплананс деген ұғымдардың мағынасы.
Ұсынылатын əдебиеттер
1. Əлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 10 - том. Ғылым мен
техниканың батыстық философиясы. - Алматы: Жазушы, 2006. - 560 б.
2. Əлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 13 - том. Классикалық
емес батыс философиясы. - Алматы: Жазушы, 2006. - 528 б.
3. Рорти Р. Философия и зеркало природы. - Новосибирск, 1991.
4. Американский философ Джованна Боррадори беседует с Куайном,
Достарыңызбен бөлісу: |