5
1 ТАҚЫРЫП.
ФИЛОСОФИЯ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
- ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ САЛАСЫ
Дəріс мақсаты: Ғылымның анықтамасын жəне ғылымның əлеуметтік-
мəдени құбылыс ретінде əр түрлі анықтамаларын беру. Ғылымның пəнін жəне
нақты ғылымдардың пəндерін көрсету. Ғылымның қызметтері: мəдени-
көзқарастық, əлеуметтік, өндіріс күш ретінде көрсету. Ғылымды зерделеуде əр
жақтың эволюциясына шолу. Ғылымның қазіргі тұжырымдамаларының
жіктелуі: неопозитивизм, ғылыми
зерттеудің
логикасы, ғылымның
онтологиясы, ғылымның постпозитивистік бейнесін ашу. Ғылым тарихы мен
философиясы пəнінің мəртебесі мен мəселелерін қарастыру. Ғылым тарихы мен
философиясының пəн ретінде дамуының бағасын беру. Ғылым философиясы,
ғылым тарихының жəне ғылым методологиясы байланысының өзгешелігін
көрсету. Ғылым методологиясын ғылыми пəн ретінде көрсету. Методология
əдіс туралы ілім ретінде қазіргі кезде қандай мəселелерді көтеретінін анықтау.
Ғылыми əдістер типологиясын ашу. Эмпириялық жəне теориялық танымның
əдістерін көрсету.
Ғылым философиясының пəні мен негізгі мəселелері
Адамзат қоғамының қалыптасуы, одан əрі өсіп-өркендеуінде, тарихи
сатылармен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын рөлі ерекше екені белгілі.
Екінші жағынан, ғылым - қоғамның өзін дүниеге келтірген, оның өркендеуіне
жағдай туғызған құбылыс. Біз ғылымның дүниесін танып, игерудің,
данышпандық пен зерделіліктің қайнар көзі екенін жақсы білеміз.
Ғылым дегеніміз не? Ғылым мен білім деген түсініктерін
синоним ретінде
қарастыруға болады ма?
Адамның айналасындағы дүниені танып-білуі күрделі қайшылыққа,
ұзаққа созылатыны жəне де оның адамның жаңа əрі тың білімді игерумен
байланысты екені алғашқыдан мəлім.
Білім дегеніміз - материалдық жəне рухани құбылыстар туралы шынайы
əрі нақты мəліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, объективті
бейнелеуі.
Жалпы білім қорын ғылымға дейінгі, яғни күнделікті өмірде туындаған
қарапайым білім жəне ғылыми білім деп екіге ажыратуға болады. Ғылымға
дейінгі қарапайым білім тіршілік барысында, іс-əрекет үстінде, тəжірибе
ауқымында жинақталады. Ол бар болған құбылысты сипаттайды, оқиғаның
қалай өтіп жатқанын пайымдайды.
Ал ғылыми білім терең де мазмұнды. Ол құбылысты, оқиғаны жай
сипаттаумен ғана шектелмейді. Құбылысты неге мұндай, оқиға неліктен
басқаша емес, дəл осылайша өтіп жатыр, себебі бар ма, алда не күтіп тұр деген
сұрақтарға дəйекті жауап қайтарады. Басқаша айтқанда, ғылыми білім
оқиғаларды, құбылыстар мен фактілерді бейнелеп, сырттай сипаттап қана
6
қоймайды сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғаттың, мəнді жақтары
мен маңызды байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму заңдылықтарын
айқындап түйіндейді. Осы негізде ғылыми білім оқиғалардың, құбылыстардың
бұдан былай даму бағдарына болжам жасайды.
Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда
жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен жəне теориялық
сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтар мен
қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс-əрекеттің барысында
туындап, жинақталып жүйеленеді. Ол таным процесінің əрі күрделі нəтижесі
болып табылады.
Сөйтіп, ғылым дегеніміз - заттардың, құбылыстар мен процестердің ішкі
болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын,
байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы ақиқат, жүйеленген,
қисынға келтірілген білім жəне объективті шындық.
Тарихи тұрғыдан ғылым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір
сатысында, өзі туғызатын қажеттіліктерге байланысты, ой еңбегі мен дене
еңбегі бөлініп, қауымдық қоғам ыдырап, таптық қоғам қалыптаса бастаған
кезеңде пайда болған. Алғашқы ғылым жүйелі ой пікірлер мен түжырымдар
ертедегі Шығыста, Египетте, Вавилонда, Грекияда т.б. қарапайым білім
негізінде дүниеге келген. Тарихи ең алғашқы ғылыми жүйе - философия.
Ғылымның шынайы шарықтап дамуы қайта өрлеу дəуірімен жəне Жаңа заман
кезеңімен байланысты. Капиталистік өндіріс тəсілінің орнығуы, өндіргіш
күштердің күрт дамуы, техника саласындағы табыстар. Орасан зор
географиялық ашылымдар жаңа дəуір ғылымының өркендеуіне негізгі себеп
болып табылды.
Ғылыми таным мен ғылымның пайда болуына өндірістік жəне əлеуметтік,
логикалық факторлар əсер етті. Практикалық қызмет, қоғамдық қатынастар,
қоғамдық еңбек бөлінісінің өндірістік, техникалық талаптар - əлеуметтік
ғылымдардың өмірге келуіне түрткі болған факторларға, ал ғылыми таным
дамуының ішкі логикасының қажеттері - логикалық ғылымдарды талап ететін
факторларға жатады. Сондай-ақ əрбір ғылымның дамуының ішкі логикалық
заңдылығы бар. Ол - бір жаңалық бір жаңалыққа түрткі болып, бірінен-бірінің
туындауы. Ғылымның əлеуметтік мəні, негізгі ерекшеліктері мен
заңдылықтарын ашуда əлеуметтік жəне логикалық факторлардың бірлігі қажет.
Осы тұрғыдан алғанда ғылым дегеніміз қоғамдық-тарихи практика
дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айырықша əлеуметтік
институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат
мəдениетінің жоғарғы саласы.
Ғылымның негізгі ерекшеліктеріне тоқталсақ: табиғат пен қоғамның
объективі, адам санасынан тəуелсіз заңдарын ашу - ғылымның негізгі мақсаты.
Ғылым - тарихи- заттық жəне рухани дүниенің объективті заңдарын ашу жəне
қарастырып
отырған құбылыстарды, процестерді солардың негізінде түсіндіріп,
жаңа
бағыттармен
бағдарларын
болжай
білу
құралы. Ғылымды
математикаландыру, ғылым мен техниканың дамуында есептеу техникасы мен
информатиканы кеңінен қолдану, адам қызметінің көптеген саласына