Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет25/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   92

56
ұйымдастыру  мен  бақылау, тиімді  жолмен  ақықат  нəтижеге  жету  əдістер  мен
түрлерге  бағыттандыру. Ғылыми  зерттеу  өзінің  басқа  кезеңіне  көшкенде
идеалы  мен  нормаларын  өзгертеді (мысалы, классикалықтан  классикалық
емеске  көшу). Олардың  қасиеттері  танылатын  пəндікпен, зерттелетін
объектілердің  ерекшелігімен  анықталады, ал  олардың  мазмұны  нақты
əлеуметтік-мəдени  аясында  қалыптасады. Нақты  ғылымның  даму  кезеңінде
ғылыми  танымның  идеалы  мен  норамалар  тұтастығы «ойлау  стилі» деген
ұғымды белгілейді. Ол ғылыми танымда реттеушілік функцияны атқарып, көп
қатпарлы, нұсқаулы  жəне  құндылық  қасиеттерге  ие  болады. «Ғылымның
философиялық негіздері» деген ұғым нақты ғылымның философиялық идеялар
мен  принциптерін, жəне  танымдық  қызметке  жалпы  бағытты  береді.
Қалыптасқан  білімді  негіздеумен  бірге  ғылымның  философиялық  негіздері
эвристикалық (жаңа  теорияны  шығару) жəне  методологиялық  қызметтерді
атқарады.
Дүниенің ғылыми бейнесі - ол фундаменталды ғылыми анықтамалар мен
қағидаларды  жалпылау  жəне  синтездеудің  нəтижесінде  құрылған  нақты
дүниенің қасиеттері мен заңдары туралы тұтас жүйе. Негізіне қарай бүкіл дүние
туралы дүниенің жалпы ғылыми бейнесімен (табиғат, қоғам мен таным туралы)
дүниенің табиғаттану бейнесі деген екі түрі бар. Соңғысы - таным пəніне қарай
- физикалық, химиялық, астрономиялық, биологиялық  т.б. бөлінеді. Дүниенің
жалпы  бейнесі  түрінде  анықтаушы  ретінде  ғылымның  нақты  даму  кезеңінде
үстемділік алатын ерекше ғылыми білімнің дүние бейнесі болуы мүмкін.
Əр  дүниенің  ғылыми  бейнесінің  негізінде  бір  фундаменталды  теория
жатады, тəжірибе  мен  танымның  дамуына  қарай  бір  бейне  келесі  бейнеге
ауысады. Мысалы, табиғаттану (ХVІІ  ғ.) классикалық  механиканың  негізінде
қалыптасты, ал  ықтималды  теория (ХХ  ғ.) келесі  түрін  ұсынды, қазір -
синергетиканың негізінде жаңа бейне қалыптасты.
Дүниенің  ғылыми  бейнесі  фундаменталды  теорияны  құру  шеңберінде
эвристикалық  рөлді  атқарады. Олар  дүниеге  көзқараспен  тығыз  байланыста
болған соң қалыптасуында содан негіз алады.
Ғылым  өзінің  аспектілерінің  біртұтастығында  көп  түрлі  ғылымдармен
зерттеледі: ғылым  тарихымен, ғылым  логикасымен, когнитологиямен, ғылым
əлеуметтануымен,
ғылыми 
шығармашылықтың
психологиясымен,
ғылымтанумен. ХХ ғ. ортасынан бастап осылардың бəрін толық, жүйелі, кешен
түрге  біріктіріп, зерттеуге  бағытталған  жаңа  ғылыми  сала - ғылым
философиясы  пайда  болды. Қорыта  айтқанда, ғылыми  білім  нақты  заңдар
бойынша  дамуға  бағытталған  қиын, көп  бұтақтан  тұратын, көп  түрлі
процедуралардың жүйесі.
Ғылыми  білімнің  құрылысы: фактілер, ұғымдар, теориялар, заңдар,
əдістер, дүниенің ғылыми бейнесі, құндылықтар, негіздер т.б. Ғылыми білімнің
басқа  күрделі  құрылысы  бойынша: мəселелер, мақсаттар, тəжірибе  фактілер,
экспериментальді  фактілер, зерттелетін  объект  туралы  жалпы  білімдер
жиынтығы, онтологиялық  схемалар  мен  суреттер, модельдер, құралдар (тіл,
ұғым, категориялар), əдістер мен методикалар.
Ғылым  философиясында  дəстүрлі  түрде  таным  мен  білімді  эмпириялық,


57
теориялық деңгейлер мен типтерге бөледі.
Ғылымда теориялық пен эмпириялық, фундаментальдық пен
қолданбалы түрлері
Əр  ғылыми  таным  мен  білімнің  деңгейлері  мен  типтеріне  тоқтаудың
алдында ғылымның жіктелуіне тоқтайық. Қазіргі ғылымның классификациясы:
1) таным əдісі мен пəні бойынша:
a)  табиғаттану - табиғат туралы ғылымдар;
b) қоғам туралы білімдер (гуманитарлық пен əлеуметтік ғылымдар);
c) таным  мен  ойлау  туралы (логика, гносеология, диалектика,
эпистемология жəне т.б.);
d) техникалық ғылымдар;
e) қазіргі  математика - табиғаттану  ғылымдарға  қатысы  жоқ, бірақ
олардың ойлауының күрделі элементтеріне жатады.
2) практикадан «қашықтау» бойынша:
a) фундаменталды, яғни, нақты əлемнің негізгі заңдары мен қағидаларын
анықтайды, практикаға тікелей қатысы жоқ;
b) қолдану - фундаменталды  ғылымдармен  орнатылған  заңдылықтарға
негізделіп  ғылыми  танымның  нəтижелерін  тікелей  нақты  өндірістік  пен
əлеуметтік-практикалық мақсаттарды шешуге арналады.
3) табиғаттану  ғылымдарының  негізгі  аумақтары  бойынша (материя,
өмір, адам, Жер, Ғарыш):
a) физика - химиялық физика - химия;
b) биология - ботаника - зоология;
c) анатомия - физиология - эволюциялық ілім - тектілік туралы ілім;
d) геология - минералогия - петрография - палеонтология - физикалық
география жəне Жер туралы басқа ғылымдар;
e) астрономия - астрофизика - астрохимия  жəне  Ғарыш  туралы  басқа
ғылымдар.
4) гуманитарлық  ғылымдар  өз  ішінде  де  бөлінеді: тарих, археология,
экономикалық  теория, саясаттану, мəдениеттану, экономикалық  география,
əлеуметтану, өнертану жəне т.б.
Қанша ғылымдар бөлінседе, бірақ «ғылым өзі біреу, бірыңғай, ғылымның
өсу  санына  қарамай, жаңа  түрлері  пайда  болады, - олар  бəрі  тұтас  ғылыми
құрылысты құрастырады жəне логикалық тұрғыдан бір-біріне қайшы емес».
Əр  ғылыми  білім  ойлаудың  рационалды  кезеңдегі  іс-əрекеттің  нəтижесі
болған  соң  ұғымдық  түрде  айқын. Бұл  ереже  тікелей  тек  теориялық  емес,
эмпириялық  деңгейге  де  қатысты. В.А. Смирнов  осы  мəселеге  бойынша,
«сезімдік-рационалдылық» жəне «эмпириялық-теориялық» оппозицияға
қажетті назар аударуға шақырды. Сезімдік пен рационалдылықтың қайшылығы
сананың жалпы гносеологиялық айырмашылығы, бір жағынан, сезімдік таным
іс-əрекетінің  нəтижесі (сезу, қабылдау, елес), екінші  жағынан, ойлаудың
қызметі (анықтама, пікір, ойқорытынды). Ал «эмпириялық-теориялық»


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау