47
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әңгімелесу сәті.
– Қыс түскенде біздің айналамызда қандай өзгерістер
болады?
– Қыста адамның өмірінде қандай өзгерістер болады?
– Қыстық киімдерді атап беріңдер.
– Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
(Ө) Ойын-жаттығу: «Суретші неден қателесті?»
Балалар жыл мезгілдері мен адамдардың киімдерін
салыстырып, суретшінің қателерін табады.
(Ұ) Проблемалық жағдаят:
– Топта қандай ойыншықтар бар?
Ой қорыту.
– Біздің топта қыстық киім киген ойыншық қуыршақ
жоқ.
Педагог балаларға қыстық киім киген қуыршақ жасап,
оған Айсұлу деген әдемі есім беруді ұсынады.
(Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс.
Үлгіні қарап шығу.
Тәрбиеленушілер мүсіндеудің түрі мен тәсілін
анықтайды.
Мүсіндеу алгоритмін түсіндіру.
1. Мүсінді жасау үшін түрлі түсті ермексаз қажет.
2. Ермексаздан тонға арнап конус жасаймыз. Жеңіне
азырақ ермексаз қалдырамыз.
3. Ақ түсті ермексазды жіңішкелеп шиыршықтаймыз.
Оны тонның жағасына «елтірі» ретінде пайдаланамыз.
4. Жеңдерін жасайтын
бөлшектердің өлшемі бірдей
болуы тиіс. Оның түсі тонның түсімен бірдей болуы
қажет. Ақ түсті ермексаздан жасалған шиыршықтар
жалпақ, жіңішке болуы шарт.
5. Дайындалған бөлшектерден қолғап киген қолды
жасап, тонның жоғарғы жағына жапсырамыз.
Ермексаз мықтап жабысуы үшін біріккен жерін
қаттырақ басамыз.
6. Қуыршақтың алмадай қызарған бетін қызғылт түсті
ермексаздан жасаймыз.
7. Ермексаздан кішігірім шар жасап аламыз. Бұл –
қуыршақтың басы. Оған мұрын, көз бен кішкентай
ауыз бекітеміз.
8. Баскиімін де конус түрінде жасаймыз.
9. Сіріңкені пайдаланып басын денесіне біріктіреміз.
Қара түсті ермексаздан
жасалған шашты бас киімге
біріктіреміз.
10. Енді мүсінімізді аяқтаймыз. Ол үшін аяғына ақ
түсті ермексаздан жасалған байпақ кигіземіз.
Саусақтарға арналған жаттығу: «Ақ ұлпа қар».
(Ө, Т) Ойын-жаттығу: «Не жақсы – не жаман».
Ойын барысында балалар ермексазбен, кескішпен
жұмыс істеу ережелерін пысықтайды.
Қатесі бар сурет.
Әліппе-альбом.
Музыкалық
сүйемелдеу.
48
(Ө) Ойын-жаттығу: «Ермексазбен достас».
Ермексазды жұмыс істеуге дайындау.
(Ө) Балалардың өзіндік жұмысы, жеке сүйемелдеу.
(Ұ) Шығармашылық минуты.
Айсұлудың тонын қазақтың ою-өрнектерімен
безендір.
Ермексаз, кескіш,
тақтайша, қағаз
майлық.
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26 – 30 минут
(Ұ) Балалар жұмыстарының көрмесі. «Шебер
қолдар» көрмесін дайындау.
Педагог
балаларды жұмыстарды талқылап,
бұйымдарға баға беруге шақырады.
Ермек балаларға ҰОҚ кезінде өздері жасаған
жұмысқа баға берулерін ұсынады:
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түспен
бояйды.
2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.
Балалардың
жұмыстарына
арналған көрме.
Әліппе-альбом,
қарындаштар.
№14 ҰОҚ. Аққала және оның достары
Мектеп / МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды даярлық сыныбы / топ:
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.2.1. Басқа балалармен топтасып немесе жекелей біртекті заттардан
образдар мен сюжеттік композициялар жасау (мысалы, ертегі, әңгіме,
балаларға арналған халық әндері, санамақ, мазақтамалар, аңыздар желісі-
мен).
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен
жұмыс барысында қауіпсіздік
техникасын және еңбек гигиенасын сақтау.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• бұйымның сапасы мен әрлеу жұмыстарына қойылатын талаптарды
орындай алады;
• мүсіндеудің негізгі тәсілдері мен технологияларын орындай алады;
• техника қауіпсіздігі ережелерін сақтайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• мүсіндеудің тегістеу, созу сынды тәсілдерін орындайды;
• жекелеген элементтерден композиция құрай алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• сюжеттік композиция жасаған кезде ой-қиялын ойната біледі;
• түстерді бір-бірімен үйлестіре біледі.
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту:
• ҰОҚ алған ақпаратты пайдалана отырып, толық және жан-жақты
жауап беру;
• сұрақтарға жауап беру, өзі жасаған бұйым туралы айтып беру қабілеті.
Көптілділік: аққала – снеговик – snowman.
49
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• ермексаз, пышақ, майлық, техника қауіпсіздігі, мұқияттылық, тегістеу,
созу.
ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар:
– Аққаланы жасау үшін қандай пішінді пайдаланамыз?
– Шарды ермексаздан қалай жасаймыз?
– Көлемі жағынан әртүрлі шарларды қалай орналастырамыз?
Өткен ҰОҚ-нен алған
білім, білік
Мүсіндеудің дәстүрлі тәсілдері.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
І. Жұмыс істеуге
жағымды көңіл
күй қалыптастыру
0-1 минут
II. Өмірлік
тәжірибені белсен-
діру. Мақсатты
тұжырымдау.
2-5 минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ-де жұмыс істеуге қолайлы жағдай
жасайды.
(Ұ) Мүсінші Ермектің жұмбағы:
Шелек
қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны. (Аққала)
Балалар жұмбақтың шешуін тауып, өз жауаптарын
түсіндіріп береді.
(Ұ) Қорытынды.
Қыс – өте көңілді мезгіл. Қарда сырғанауға, аққала
жасап, қар атысып ойнауға болады.
Сен кіммен
ойнағанды ұнатасың?
(Ұ) Проблемалық жағдай тудыру.
Сәуле есімді қыздың жасаған аққаласын тентек ба-
лалар қиратып тастапты.
Балалар Сәулеге көмектесу үшін ермексаздан аққала
жасауға бел буады.
(Ұ) Тәрбиеленушілер ҰОҚ-де не жайлы әңгіме
болатынын болжап, зерттеудің тақырыбы мен
мақсатын айқындайды.
Музыкалық сүйемелдеу
Әліппе-альбом, жұмбақ
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Проблемалық жағдайдың шешімі. Аққаланы
зерттейміз.
– Аққала қандай бөліктерден тұрады?
– Аққаланың дене мүшелерінің пішіні қандай?
– Аққаланың басына не кигіземіз?
– Оның қолында не бар?
– Жұмысты орындау үшін ермексаздың қандай түсін
пайдаланамыз?
– Аққаланың бөліктері қалай орналасады?
Ойыншық аққала.
Әліппе-альбом.