41
ҰОҚ-нің соңы
Рефлекция
26 – 30 минут
(Ұ) Балалар жұмыстарының көрмесі. «Шебер
қолдар» бұрышын жасау.
Педагог
балаларды жұмыстарды талқылап, бұйымдарға
баға беруге шақырады.
Ермек балаларға өздері жасаған жұмысқа баға
берулерін ұсынады:
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түспен
бояйды.
2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.
Балалардың
жұмыстарына
арналған көрме.
Әліппе-альбом,
қарындаштар.
№11 ҰОҚ. Құлдыр-құлдыр, құлыншақ
Мектеп / МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды даярлық сыныбы / топ:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар
саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.2.2. Бұйымды тұғырға орнату техникасын пайдалану, бір тұғырға бір-
неше бұйымды орналастыру.
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• жылқының пішінін жасай алады;
• көлемі мен өлшемі әртүрлі цилиндрлер жасай алады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• бөліктердің тиісті пішінін қатесіз жасайды, оларды бір-бірімен бірікті-
реді;
• образ жасай алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• мүсіннің ашық, өзіне тән белгілерін ашып көрсете алады.
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту:
• ауызекі сөйлеу қабілеті, сұрақтарға жауап беру;
• үш тілдегі сөздерге тілін жаттықтыру.
Көптілділік: ат – конь – horse.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
ермексаз, пышақ, майлық, тегістеу, созу, қауіпсіздік техникасы.
ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар:
– Жылқы қандай жануар?
– Жылқының денесі қандай бөліктерден құралған?
– Мүсіндеудің қандай тәсілдерін білесің?
Өткен ҰОҚ-нен алған
білім, білік
Ермексазбен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері, бұйымды құрастыру
тәсілімен жасау.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
42
І. Жұмыс іс-
теуге жағымды
көңіл күй
қалыптастыру
0 – 1минут
II. Өмірлік
тәжірибені
белсендіру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ жұмыс істеуге қолайлы жағдай
жасайды.
(Ұ, Ө) Ермек: фонограммаға құлақ түруге шақырады.
(
Ұ) Жұмбақ жасыру. Педагогтің қалауы бойынша.
(Ұ, Ө) Проблема: Ата мен
әженің жылқысы жоғалып кет-
ті. Оларға көмектесу қажет.
– Ата мен әженің жылқысын қалай қайтаруға болады?
(Т) Ой қорыту.
Балаларға ермексаздан жылқының мүсінін жасауды
ұсынады.
(Т, Ө) Миға шабуыл.
– Жылқы малы қандай болады?
– Мінезі қандай?
– Жылқы немен қоректенеді?
– Олардың адамға көмегі қандай?
– Сен қандай үй жануарларын білесің?
– Олар туралы әңгімелеп бер?
Фонограмма:
Жылқының кісінеуі.
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы
бойынша
жұмыс
6 – 25 минут
(Т) Талқылау.
Мүсінші Ермек: Жылқы – таңғаларлық жануар. Олар
туралы көбірек білу үшін жылқы өсіретін шаруашылыққа
барайық.
(Т, Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Мүсінші Ермек:
Үлгілермен танысып шығыңдар.
Жұмысты қандай тәсілдермен орындауға болатынын
анықтаңдар. Біз қандай материал мен құралдарды
пайдаланамыз?
(Ұ, Ө) «Мүсіндеу алгоритмін түсіндіру және көрсету»
Мүсінші Ермек: Ермексазды бөліктерге бөлеміз.
Денесін цилиндр пішіндес етіп жасаймыз.
Сирақтары – конус тәріздес,
денеге жапсыруға ыңғайлы
болуы үшін әр конустың бір шетін кесіп тастаймыз.
Басы, құлақтары иілген конус пішіндес.
Құлақ, құйрығы мен жалы, айдары сынды ұсақ
бөлшектерін әзірлейміз.
Барлық фигураларды бір-бірімен біріктіріп, біріккен жер-
лерін мұқият тегістеп шығамыз.
(Ұ) Ойын-жаттығу: «Сен білесің бе?»
Ермексазбен және кескішпен жұмыс істеу тәртібі:
1. Ермексазды пайдаланғанда мұқият болу, үстелді, киімді
бүлдірмеу, арнайы тақтайша үстінде мүсіндеу,
ермексазды
ауызға салмау.
2. Пластмасса кескішпен (стек) жұмыс істегенде абай
болу; құралды ұстап тұрып қолыңды ары-бері сермеуге
болмайды – бұл біреуді жарақаттауы мүмкін.
Проектор
«Асау жүйріктер».
Әліппе-альбом.
Музыкалық
сүйемелдеу.
Әліппе-альбом.
Түрлі түсті ермексаз,
пышақ, тақтайша,
қағаз майлық.
43
3. Ермексазбен (сазбалшықпен) жұмыс істегеннен ке-
йін жұмыс орнын реттеу;
тақтайшаны ермексаздан
(сазбалшықтан) тазартып, үстелді дымқыл шүберекпен
сүрту.
4. Жұмысты аяқтағаннан кейін қолды қағаз майлықпен
мұқият сүртіп, содан соң жылы сумен сабындап жуу
қажет. Артынша сүлгімен немесе майлықпен құрғатып
сүртеміз.
(Т) Саусақтарға арналған жаттығу: «Жылқы».
(Ө) Өзіндік жұмыс.
Балаларға жеке көмек көрсету.
ҰОҚ-нің соңы
Рефлекция
26–30 минут
(Ұ, Ө) Балалар жұмыстарының көрмесі.
Педагог балаларды жұмыстарды талқылап, бұйымдарға
баға беруге шақырады.
Ермек балаларға ҰОҚ-де
жасаған жұмысқа баға беруді
ұсынады:
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түспен
бояйды.
2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.
Балалардың
жұмыстарына
арналған көрме.
Әліппе-альбом,
қарындаштар.
№12 ҰОҚ. Сәукеле (модульді мозаика)
Мектеп / МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды даярлық сыныбы / топ:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар
саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.3.2. Әлем халықтарының ұлттық ойыншықтары мысалында затқа
қарап, елестетіп және ойдан құрастырып жапсырып мәнерленген образды
сәндеу әдістерін пайдалану (рельеф, илеу, кескішпен ойып алу немесе
қырып із салу).
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен жұмыс барысында қауіпсіздік
техникасын және еңбек гигиенасын сақтау.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• халықтың қолөнер бұйымдарының желісі бойынша түрлі
ойыншықтарды өз бетімен жасап, ою-өрнекпен,
көркем жазулармен без-
ендіре алады;
• жұмыс орнын, құралдарды ретке келтіреді.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• образды ерекшелендіру жолын өз бетінше таба алады;
• модульді мозаика техникасын пайдалана біледі.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• композицияны өзінің ой-қиялымен толықтыра алады;
• сәндік жапсыру тәсілдерін қолданады.