Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің
Адамның адамгерішілік-рухани дамуы бөлімінің
жұмыс тәжірибесінен
Саламатсыздар ма, құрметті әріптестер! Сіздермен ерекше маңызды жыл – БҚҚД бес жылдығында өткізіліп отырған кеңесте кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Мен үшін БҚҚК-нен үлкен құрмет көрсетіліп отыр: бүгін сіздермен өз жұмыс тәжірибеммен бөліспекпін.
Атап өту қажет: ААРД бөліміндей құрылым республиканың бірде бір мемлекеттік мекемесінде жоқ. Менің ойымша, біздің бөлімнің күшімен баланың жеке тұлғасына құрдастары, педагогтар, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ арқылы тәрбиелік әсер етудің мықты жаңа тетігі ашылды. Біздің бөлімдердің негізгі міндеті – басқа білім беру ұйымдарының қызметін қайталау емес, өз жұмысымызды жүргізу. Біздің жұмысымыз не? Ең бастысы, Балалардың құқығы туралы Конвенциямен және Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған құқықтардың сақталуы негізінде тұлғаның гармониялық дамуына жағдай жасау.
Мен осы көрсетілген заңдар негізінде тәжірибеммен бөлісуге тырысамын.
1. ААРД
Балалардың тұлғалық дамуына, шығармашылық қабілеттеріне, әлеуметтік белсенділікке құқығын жүзеге асыру
Департамент, облыс әкімдігі, білі беру ұйымдары, ҮЕҰ, меценаттар.
Біз «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды үйлестірушілер ретінде, бағдарламаның жаппай енгізілуіне өз үлесімізді қостық деп бар сеніммен айтуға болады, біздің облысымыздан 6 студент «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжінде білім алады, биыл үш түлек бар, олардың бірі қызыл дипломмен аяқтады, «Самопознание КЗ», «Қазақстан балалары» атты республикалық журналдарына мақалалар беріледі, «Мен ертегі жазамын» жинағы жарық көрді. Облысымыздың барлық мектеп кітапханалары жинақтармен қамсыздандырылған.
2. Жергілікті атқарушы және өкілді органдармен өзара байланыс
Балалардың жасы, денсаулығы, қажеттіліктеріне байланысты демалу, бос уақытын өткізуге құқығын жүзеге асыру
Департамент, облыс әкімдігі, маслихат.
Жыл сайын біз ААРД бөлімінің жұмысында «жоғарыдан түсірілген жоспарлар», басқа бөлімдердің жұмыс жоспарларынан ерекшеленетін іс-шараның болуын қарастырамыз.
11, кейінірек 15 балалар алаңының орналастырылуы. Мысалы, біздің бөлім былтырғы жылы республика бойынша ең алғашқы рет педагогикалық жасақтардың жұмысын ұйымдастырды.
Кесте: Жергілікті бюджеттен 9 млн. тг. жуық қаражат бөлінді. Жастарға арналған жұмыс орындары - 172. 92 аула алаңдары жұмыс жасады. Нәтижесінде: жазғы кезеңде сапалы демалған балалар саны 9 000 жетті! Үстемақы – 1 автокөлік, 4 ноутбук, Астана қаласына 10 жолдама.
3. БАҚ байланыс
Балалардың Қазақстан халқының тарихына, салт-дәстүріне және рухани құндылықтарына араластыру құқығын жүзеге асыру
Департамент, ішкі саясат басқармасы, «Қазақстан – Ақтөбе» ТРК
2010 жылы - «Өзін-өзі тану сабақтары» бағдарламасы. Бұл үшін біз түсіру тобымен бірге мектептерге, мұражайлар, бассейндерге барып сабақтарды түсірдік. Сол кезде туындаған қиындықтарға байланысты (2 ғана оператордың жұмыс жасауы және балалардың шаршауы) біз 2011 жылы аталған бағдарламаны басқа «Менің қазақстандық отбасым» жобасына ауыстырдық. Отбасыларды біз ұрпақ мирасқорлығына қарай таңдадық, әже-аталары бар отбасыларға артықшылық білдірдік. Негізгі екпін өсіп келе жатқан буынды тәрбиелеуге берілді. Биылғы жылы «Бірлігіміз жарасқан» жобасы бастау алды, бұл жерде біз көп ұлтты отбасылардағы толерантты қарым-қатынасты насихаттаймыз.
«Қазақстан балалары» журналының баспасөз орталығы. Облыстық «Білезік» журналындағы «Сана» айдары. «Керек info» газетіндегі «Ботақан» айдары.
4. Департамент сайтының жұмысы.
Балалардың сөз еркіндігіне, ақпараттану мен қоғамдық өмірге қатысу құқығын жүзеге асыру
Департамент, білім беру ұйымдары, балалар және ата-аналар қауымы.
«Самопознание» айдары. Балалардың шығармашылық жұмыстары, пән туралы пікір-ойлары, сабақтардың жобалары, байқаулардың ережелері, семинар және дөңгелек үстелдердің материалдары
5. ҮЕҰ /үкіметтік емес ұйымдар/ кеңесінің жұмысы.
БҚҚК бастамасымен құрылған ҮЕҰ кеңесі арқылы ҮЕҰ ынтымақтастық жұмысы жүйелі сипат алды.
Балалардың денсаулығын сақтау құқығын жүзеге асыру
Департамент, облыс әкімдігі, ҮЕҰ.
ҮЕҰ бірлесе отырып алғаш реет екі қайырымдылық кеш өткізілді. Жалпы жиналған қаржы – 10 млн.тг. аса.
6. Ата-аналар қауымымен тығыз байланыс
Балалардың отбасында өмір сүруіне және тәрбие алуына құқығын, балаларды тәрбиелейтін отбасылардың мемлекет тарапынан көмек көру құқығын жүзеге асыру
Департамент, білім беру ұйымдары, балалар және ата-аналар қауымы.
1. ата-аналар комитетінің отырыстары 2. Қорғаншылық кеңесінің отырыстары 3. Әкелер слеті
7. Құрметті әріптестер, сіздер үшін! Өз жұмысымызбен барлық азаматтарға мәлімет беру: ААРД – бұл барлығымыздың және әрқайсысымыздың жұмысымыз; ААРД бөлім жұмысының негізгі бағыттарын белгілей отырып жыл сайынғы жоспарды бекіту кезінде стратегиялық көзқарас қажет, бір жолғы іс-шаралардан бас тарту керек. Менеджмент дағдысын дамыту керек. ААРД ақпараттық жарықтануына аса көңіл бөлу керек.
Құрметті әріптестер! Бар жауапкершілігіммен айта аламын: Балалардың құқықтарын қорғау департаменті бұрыннан қызмет ететін басқа мемлекеттік мекемелер арасында ерекше орынға ие болды. Бізді біледі және ата-аналар мен балалар құқықтарын қорғауды сұрайды. Бүгінгі кеңес өз жалғасын тауып, алдағы уақытта Сіздердің жұмыс тәжірибелеріңізді естиміз деп сенемін! Сіздерді аса тығыз байланыс пен ынтымақтастыққа шақырамын!
Достарыңызбен бөлісу: |