71
I. Жұмыс істеуге
жағымды көңіл
күй қалыптастыру
0 – 1минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ-де жұмыс істеуге қолайлы жағдай
жасайды.
(Ұ, Ө) Мүсінші Ермек балаларды ойын ойнауға
шақырады.
(Ұ) «Сандықта не бар?» ойыны.
Балалар бір-біріне жетекші сұрақтар қояды, содан
соң сандықта не жатқанын табады. ҰОҚ не жайлы
сөз
болатынын болжап, зерттеудің тақырыбы мен
мақсатын айқындайды.
«Сандық», жамалған
қамзол.
II. Өмірлік
тәжірибені
белсендіру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Ұ, Т, Ө) Ойын: «Жуан және жіңішке». (Сұрақтар
«Айлакер Алдаркөсе», «Сараң бай мен Алдаркөсе»
ертегілері бойынша әзірленеді).
Сыни ойлауды дамытуға арналған ойындардың
ережесі: Кім? Не? Қандай? Қайда? Қашан? сынды
оңай репродуктивтік сипаттағы сауалдар бір сөзбен
жауап беруді талап етеді.
Күрделі
сауалдар ойлануды, қосымша білімін
пайдалануды, талдауды талап етеді.
Жеңіл сұрақтар:
– Алдаркөсе деген кім? (ертегі кейіпкері)
– Ол қандай? (қу, айлакер)
– Ол не істейді? (әлсіздерді қорғайды және т.б.)
Күрделі сұрақтар:
–
Алдаркөсе неліктен көсе атанған? Көсе деген
сөзді қалай түсінесің?
Балалар қойылған жеңіл сұрақтарға қысқаша,
күрделі сұрақтарға толық жауап береді.
(
Ұ, Т) Талқылау: Біз не үшін қазақ халқының салт-
дәстүрлерін білуіміз керек?
Қорытынды: қазақ
халқы өзінің ата-бабаларын
мақтан тұтады және құрметтейді.
Әліппе-альбом.
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ, Ө) Проблемалық жағдай.
Мүсінші Ермек қазақ ертегілеріндегі фольклорлық
кейіпкер – Алдаркөсенің мүсінін жасау туралы
ұсыныс жасайды.
(Ұ) Талқылау.
«Алдарды неліктен көсе дейді?»
(
Ұ, Ө) Әліппе-альбоммен жұмыс.
Әліппе-альбомдағы үлгімен танысу.
– Адамның фигурасын жасау үшін қандай
пішіндерді пайдаланамыз?
– Мүсіндеу тәсілі қалай аталады?
– Мүсіндеудің қандай тәсілдерін пайдаланамыз?
– Қандай ерекшеліктерін байқадыңдар?
Әліппе-альбом.
72
(Ұ, Ө) Қорытынды.
Денесі
цилиндр пішінінде, аяқтары мен қолдары
кішігірім цилиндрден, басы домалақ пішінде
жасалады. Басына киетін қалпағы конус пішіндес
болып келеді.
Кейіпкердің образын жасау үшін мүсіндеудің
құрастыру тәсілін пайдаланамыз.
(Ұ, Т, Ө) «Болады – болмайды» ойыны. Балалар
ермексазбен жұмыс істеу ережелерін естеріне
түсіреді және талқылайды.
(Ұ, Ө) «Мүсіндеу алгоритмін балалармен бірге
талқылау»
1. Домалақ шардан бас киімін жасаймыз. Оның
жиегін жасыл түсті ширатылған ермексазбен
көмкереміз.
2. Тіктөртбұрыш пішінді ермексазды екіге бөліп,
қолдарын жасаймыз.
3. Пішіндерді рет-ретімен орналастырамыз.
4. Содан соң басы мен мойнын жасаймыз. Бірі шар,
бірі цилиндр түрінде жасалады.
5. Тіктөртбұрыштың төменгі жағын жалпайтамыз.
6. Аяғын жасаймыз. Тегістеу тәсілін пайдаланамыз.
Адамның мүсінін құрастырамыз.
7-9. Жіңішке ширатылған ермексазбен безендіреміз.
(Ұ) Жаттықтыру құралының (грек жаңғағы)
көмегімен жасалатын саусақтарға арналған
«Жаңғақ» жаттығуы.
(Ө) Ойын-жаттығу: «Ермексазбен достас»
Ермексазды жұмыс істеуге дайындау.
(Ө) Өзіндік жұмыс.
Балаларға жекелей көмек көрсету.
Мүсінші Ермек балаларға жұмыс барысында
барынша мұқият,
зейінді болу қажеттігін, жұмыс
орнында тазалық пен тәртіп сақтау керектігін
ескертеді.
(Ұ, Ө) Шығармашылық минуты.
Алдаркөсенің қатысуымен өтетін режиссерлік
ойын.
«Сараң бай және Алдаркөсе» ертегісін есіңе түсір
және ойнап көрсет.
Түрлі түсті ермексаз,
кескіш, тақтайша, қағаз
майлық.
73
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26 – 30 минут
(Ұ) Балалар жұмыстарының көрмесі.
Педагог балаларды жұмыстарын талқылауға
шақырады.
Ермек балаларға ҰОҚ-де
өзі жасаған жұмысқа баға
беруді ұсынады:
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл
түспен бояйды.
2. Қиналғандар – қызыл түспен бояйды.
Балалар
шығармашылығына
арналған көрме.
Әліппе-альбом,
қарындаштар.
№24 ҰОҚ. Сырмақ (ермексаз немесе
қамырмен мүсіндеу, есу әдісімен жұмыс)
Мектеп / МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды даярлық сыныбы / топ:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар
саны:
ҰОҚ-нің оқыту
мақсаттары
0.1.3.2. Әлем халықтарының ұлттық ойыншықтары мысалында затқа
қарап, елестетіп және ойдан құрастырып жапсырып мәнерленген образды
сәндеу әдістерін пайдалану (рельеф, илеу, кескішпен ойып алу немесе
қырып із салу).
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен
жұмыс барысында қауіпсіздік
техникасын және еңбек гигиенасын сақтау.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• мүсіндеудің негізгі тәсілдерін, орындау технологияларын пайдалана
алады;
• безендіруге қажетті ою-өрнекті таңдай алады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• мүсіндеудің жою, созу сынды тәсілдерін орындай алады;
• жекелеген элементтерден композиция құрастыра алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• сәндік композицияларды жасаған кезде қиялын мейлінше пайдалана
алады;
• түстерді бір-бірімен үйлестіре біледі.