"Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі"
Тәрбиеші! Тәрбиеші болу үшін, тәрбиеші өзі тәрбиелі болу керек деп ойлаймын. Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Менің мамандығым - Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу. Бұл тәрбиеші мамандығы өте қызықты мамандық. Менің алғашқы мамандығым электронды есептеу машинасы. Бұл мамандықта керек деп ойлаймын. Екінші мамандығым биология мұғалімі. Тәрбиеші - бұл менің үшінші мамандығым. Бірақта тәрбиеші мен мектепте жұмыс жасайтын ұстаздардың айырмашылығы жер мен көктей екендігі көрінді. Мен армандап келген ұстаздық мамандығы әлдеқайда тәрбиешіден басқа екендігіне көзім жетті. Тәрбиеші мамандығын оқи келе, осы мамандыққа кіре келе бұл мамандықтың менің жүрегіме жақын екендігін сездім. Себебі мектептегі ұстаздық басқа, ал балабақшадағы тәрбиеші мүлде басқа әлем екендігін сезе бастадым. Осы сәттен бастап мен армандап, жүрегімнің қалаған мамандығы – тәрбиеші мамандығы екендігіне көзім жетті. Тәрбиеші – ол, баланың- екінші анасы. Оның жан дүниесі әрдайым бала болып қала береді. Олай болмаған жағдайда, балалар оны өз әлеміне өткізбейді. Біздің мамандығымыздың басты талабы – тәрбиеленушілерді кез-келген жағдайда да жан дүниемен жақсы көру және тәрбиеленушілердің өмір қауіпсіздігіменен денсаулығына басты назар аударамыз. Әсіресе, тәрбиеші мамандығының мәнін, әр сөзіңмен іс-қимыл әрекеттеріңді, жәудіреген мөлдір көздерімен қарай отырып өздерін ересектер әлеміне жеткізу кезінде, ерекше байқалады. Осындай тәрбиеленушілерге қарап сен олар үшін ерекше бір әлем екеніңді және олардың келешектегі қалыптасар мінез-құлқының негізін сен қалайтыныңды түсіне отырып оларға бар сүйіспеншілігін мен жан жылуыңды бересің.
Мен жаһандану теңізіне желкенін жайған мемлекетіміздің ертеңгі алға бастайтын мықты ескегі болатын балабақша тәрбиеленушілерін тәрбиелеумен оқу-білім қайнарымен сусындататын осынау абыройлы мамандығымды мақтан тұтамын. Біз балабақша тәрбиеленушілерін тәрбиелеп жатырмыз деген мақтаныш кеудемді кернейді. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін тәрбиеленушілерге сіңіріп, тер төгеді. Тәрбиеленушілердің балабақшадан жақсы тәлім тәрбие алғанын қалаймын, аянбай сол үшін еңбек етемін. Тәрбиеленушілердің-еркін сезінуі оның бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы бар.
Тәрбиеші – әрдайым үздік тәжірбиелер мен педагогикалық ғылыми жетістіктерді қолдана жүріп, өз іскерлігін дамытып жүру керек. Тек алға ұмтылып, жаңа технологияларды меңгере отырғанымыз жөн. Қазіргі заман тәрбиеленушілерге қоршаған ортаны тануды көмектесуге, танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін, тәрбиешіге білімі мен шеберлігін түрлендіріп отыруы тиіс. Технология қарқынды дамып жатқан қазіргі біздің заманда, педагог заман талабына сай сөзсіз техникалық құралдарды меңгере білуі керек. ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. Елбасының мақаласында ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы толғамдары халықтың ел болып заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірге қадам басуға жетелейді. Қазіргі дамып келе жатқан қоғамның өмір сүру қағидасының жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.
Тәрбиешілердің ерекше қабілет пен асқан біліктілік, тәрбиеленушілерге деген сүйіспеншілік қажет. Өз педагогикалық тәжірибемде, қандай білім беру саласында болмасын әр жұмыстың тартымды, сәтті шығуы тәрбиешінің тәрбиеленушілердің назарын еріксіз оқу іс – әрекетіне аударту, қарым – қатынасты шебер ұйымдастыра білуіне байланысты екеніне көзім жетіп жүр. Халқымызда «Жас келсе – іске» деген керемет сөз бар. Демек, мен бойымдағы жастық жігерімді, күш-қуатымды, жаңашылдығымды талапты әрі талантты шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңа мақаласын оқып, болашаққа бағдарланған өзгерістермен таныстық. Жаңғырудың маңыздылығы мемлекет пен ұлттың саналы түрде жаһандық үрдістерге бейімделуіне септігін тигізетіндігіне сенім білдіреміз. Елбасымыздың рухани жаңғыруының әрбір тармақтарының өзектілігіне мән бере отырып, алға басатын қадамымызды үш ойлап, бір басуымыз керек деп ойлаймыз. Мақалада көтерілген латын әліпбиі туралы келсекте ой да елді жаңа өзгерістер белесіне бастары анық. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы.
Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы Елбасын да аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар Елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» дегені. Ал кейінгі «Қазақстан 2050» жолдауында айтылған «Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген сөзі мені өте қуантады. Балабақшамызда ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттерімізде белгілі бір заттарды орыс тілі, ағылшын тілінде атауын қайталатамыз, үштілді меңгерту барысында сөздік жұмыстың алар орыны ерекше. Тәрбиеленушілеріміз тілдерді неғұрлым ерте меңгере бастаса,соғұрлым өзінің ана тілімен тең түрде қабылдаулары жеңіл болады. Балабақшаға үштілділікті меңгерту біздің тәрбиеленушілеріміздің болашағына өте қуантарлық жағдай. Қазақстан - әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына енуі үшін азаматтарымыз қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек дегім келеді. Әрине әрбір оқу іс — әрекетіме жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін.Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау,жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып тәрбиеленушілерді дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай жұмыс жүйесі біздің балабақшамызда қалыптасқан.
Қорыта айтқанда, әрбір тәрбиеші ақын Абайдың «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға.Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген қасиетті қағидасын әрдайым жүрегінің түкпірінде ұстайтын ұстанымы етіп алса, өз мамандығының нағыз шебері болары анық. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін маман иесі болғанымды мақтан тұтамын.
Достарыңызбен бөлісу: |