"Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де
бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау)
белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі №
337, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі №
635, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 534 және Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 331 бірлескен бұйрығы
. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 қыркүйекте № 15821 болып
тіркелді.
"Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар"
тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу
жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017
жылғы 31 тамыздағы № 519
сәйкес
:
қаулысына
БҰЙЫРАМЫЗ
1. Қоса беріліп отырған "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар
және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау)
белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы
қағидалары
бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.
Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде
оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау
және оған енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық
ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына
жiберілуін;
3) осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде
оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;
4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
____________ Д. Абаев
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі
____________Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
___________Т. Сүлейменов
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банк Төрағасы
____________ Д. Ақышев
"___" ________ 2017 жыл
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы "Атамекен"
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
Төрағасы
_________ А. Мырзахметов
"___" __________ 2017 жыл
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2017 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 337,
Қазақстан
Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 635,
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 534,
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 331 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
"Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де
бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау)
белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де
бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен
таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "
Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар
позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу
жөніндегі пилоттық жобаны 2015–2016 жылдары іске асыру туралы Келісімді ратификациялау
туралы" 2016 жылғы 29 ақпандағы Қазақстан Республикасы
және "Табиғи теріден жасалған
Заңының
киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша
тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық
жобаны 2015–2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы
Хаттаманы ратификациялау туралы" 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы
Заңының
орындалуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді және "2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Табиғи
теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы
бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі
пилоттық жобаны 2015–2016 жылдары іске асыру туралы келісімде көзделген жеке құжаттарды
бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 70
шешімімен (бұдан әрі – 2015 жылғы 23 қарашадағы № 70 Шешім) бекітілген Бақылау (
идентификациялау) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлардың тізбесіне (бұдан әрі –
тауарлар тізбесі) енгізілген "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар
және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау)
белгілерімен таңбалауды (бұдан әрі – тауарларды таңбалау) енгізу жөніндегі пилоттық жобаны
іске асырудың тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың күші:
1) алып қойылған, тыйым салынған, тәркіленген не орындалмаған міндеттемелер есебіне
өндіріп алуға қойылған, мемлекет кірісіне айналдырылған тауарларды сатып алуға, сақтауға,
пайдалануға, тасымалдауға және сатуға;
2) жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелінген және бөлшек сауда шеңберінде
сатып алынған тауарларды жеке тұлғалардың тасымалдауына, сақтауына және пайдалануына;
3) кедендік бақылау аймақтарында, уақытша сақтау қоймаларында және кеден қоймаларында
кедендік бақылаудағы тауарларды сақтауға;
4) кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауға;
5) кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың (
бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге әкету кезінде оларды тасымалдауға;
6) шетелдік өтеусіз (гуманитарлық) көмек болып табылатын тауарларға;
7) мемлекеттік және қорғаныс тапсырысының құрамына кіретін әскери және екі бағыттағы (
қолдану) тауарлар;
8) осындай тауарларды сатуға ұсынғанға дейін, оның ішінде оларды сату орнына қойғанға,
олардың үлгілерін көрсеткенге немесе сату орнында олар туралы мәліметтерді бергенге дейін
дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған шарттар негізінде тауарлармен