35
(Ұ, Ө) «Мүсіндеу алгоритмін түсіндіру және
көрсету»
1-топ: «Түйе».
2-топ: «Тышқан».
3-топ: «Жылқы».
4-топ: «Әтеш» (әліппе-альбомдағы мүсіндеу алго-
ритміне назар аударады).
(Ұ, Ө) Ойын қорытындылау.
– Мүсіннің барлық мүшелері көлемі жағынан бір-
біріне сәйкес болуын қадағала.
– Мүсіндеудің қандай тәсілдерін пайдаланамыз?
(Үзіп алу, домалақтау, жаю, біріктіру).
– Бөлшектерді қандай тәсілдермен біріктіреміз?
(Жағу арқылы).
(Ұ) Саусақтарға арналған жаттығу: «Жануар-
лар».
(Ө) Өзіндік жұмыс.
Балаларға жеке көмек көрсету.
(Ұ) Сергіту сәті.
Музыкалық жаттығу: «Жануарлар».
(Ұ, Т, Ө) «Шығармашылық минуты».
Кішкентай аниматорлар студиясы.
Ы. Алтынсариннің «Жануарлардың айтысы» ерте-
гісін оқы және ойнап көрсет (сахналанатын ертегі
ойыншықтармен толықтырылады).
Түрлі түсті ермексаз,
пышақ, тақтайша, қағаз
майлық.
Сиыр, ит, т.б.
ойыншықтар
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26 – 30 минут
(Ұ, Ө) Балалар жұмыстарының көрмесі.
Педагог балаларды жұмыстарды талқылап,
бұйымдарға баға беруге шақырады.
Ермек балаларға ҰОҚ-де жасаған жұмысқа баға
беруін ұсынады:
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл
түспен бояйды.
2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.
Балалардың
жұмыстарына арналған
көрме.
Әліппе-альбом,
қарындаштар.
№9 ҰОҚ. Ақ дастарқан үстіне, әдемі
табақ сән берген (ою өнері)
Мектеп / МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды даярлық сыныбы /
топ:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар
саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.3.1. Пластикалық, конструктивтік және мүсіндеу техникаларын
қолданып, түрлі пішіндегі кескіштерді пайдалана отырып, Қазақстанның
және әлемнің халық кәсіпшілігі негізінде ойыншықтар, ыдыс-аяқ жасау.
0.1.2.2. Бұйымды тұғырға орнату техникасын пайдалану, бір тұғырға
бірнеше бұйымды орналастыру.
36
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• өз бетімен ұлттық бұйымдар негізінде түрлі ойыншықтар, ыдыс-аяқтар
жасап, оларды ою-өрнектермен, қолтаңбалармен безендіре алады;
• табақты безендіру ерекшеліктерін табады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• образды қалай жасау қажеттігін өз бетінше айқындай алады;
• ою-өрнектерді орналастырғанда симметрияны сақтай алады;
• өткір және кескіш құралдармен жұмыс істегенде техника қауіпсіздігі
талаптарын сақтайды.
• Кейбір тәрбиеленушілер:
• ыдыс-аяқты безендіру техникасын пайдалана алады;
• түстерді бір-бірімен үйлестіріп пайдалана алады.
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту:
• өзгелермен сөйлескенде құрылымы әртүрлі сөйлемдерді пайдалану
қабілеті.
Көптілділік: табақ – блюдо – dish.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• ою-өрнек өнері, ою-өрнек.
ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар:
– Ою-өрнек дегеніміз не?
– Шеңбердегі ою-өрнек элементтері қалай орналасады?
Өткен ҰОҚ-нен алған
білім, білім
Ою-өрнектің түрлерімен танысу.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
І. Жұмыс істеуге
жағымды көңіл
күй қалыптастыру
0-1 минут
II. Өмірлік
тәжірибені
белсендіру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2-5 минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ жұмыс істеуге қолайлы жағдай
жасайды.
(Ұ) Күрделі жағдай тудыру: Ермек топқа жуғаннан
(тазартқаннан) кейін ою-өрнегі кетіп қалған табақ алып
келеді.
(Ұ) Пікір.
Табақ – қазақтың ұлттық ыдыстарының бірі. Ет
салатын жайпақ ыдыс. Бас табақты ақсақалдар мен
сыйлы кісілерге тартады.
Ермек: Анам үйге қонақ шақырғанда етті осындай
табаққа салып береді.
Музыкалық
сүйемелдеу.
Безендірілмеген
табақ.
Әліппе-альбом.
37
(Ұ) Балалардың өмірден көрген-түйгенін анықтау:
– Күн сайын дастарқанның басында сенімен бірге
кімдер жиналады?
– Отбасы мүшелерін атап көрсет.
– Табақтағы өрнектер қалай аталады? (Ою-өрнек)
– Табақтағы ені әртүрлі жолақтардан, басқа да
үйлесімді элементтерден көмкеріп жасалған ою-
өрнектер қалай аталады?
(Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс. Иллюстрацияларды
қарап шығады, ою-өрнек элементтерін және олардың
орналасу реті туралы айтып береді.
(Ұ) Тәрбиеленушілер ҰОҚ-інде не туралы
айтылатынын болжап, зерттеудің тақырыбы мен
мақсатын айқындайды.
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
Ситуациялық жағдайдың шешуі.
(Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс істеу: Мүсінші Ермек
қазақ ою-өрнегінің түрлерін мұқият қарап шығып,
олардың атауын атап беруге және сипаттап беруге
шақырады.
(Ұ) Сызбамен танысу: «Ою-өрнекті шеңберге
орналастыру».
Тәрбиеленушілер ою-өрнек элементтерінің орналасу
ретін есте сақтайды.
(Ө) Ермектің сұрағы:
Ермексаздан жасалған дайын бұйым үстіне ермексаздан
жасалған ұсақ бөлшектерін (оюды) жапсырып
әшекейлеу дегенді қалай түсінесің?
(Ұ) Табақтың бетіне ұсақ бөлшекті жапсыру
арқылы әшекейлеу тәсілін түсіндіру:
1. Алдымен ермексаздан жайпақ ыдыс жасап аламыз.
Бұл – табақ.
2. Бір үзік ермексазды ширатамыз.
3. Оны кескішпен ұсақ дөңгелектерге бөліп, сопақша,
ромб, үшбұрыш немесе шаршы пішіндер жасаймыз.
Содан ою құрастырамыз.
4. Кертпелер жасап, бөлшектерді қылқаламның
көмегімен сулаймыз. Оларды тиісті орнына
орналастырамыз.
Саусақтарға арналған жаттығу: «Жабысқақ
саусақтар…»
(Т) Ойын: «Болады – болмайды».
Ойын барысында балалар ермексазбен жұмыс істеу
ережелерін пысықтайды:
1. Жұмысқа қажетті ермексаздың түсін таңдап ал.
2. Ермексаздан өзіңе қажеттісін пышақпен кесіп ал.
3. Кесіп алған ермексазды қолыңмен жылытып,
жұмсарт.
Әліппе-альбом.
Достарыңызбен бөлісу: |