Бағдарламасы > Кәсіптердің халықаралық болашағы


GD  5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК



жүктеу 3,22 Mb.
Pdf просмотр
бет13/22
Дата30.12.2019
өлшемі3,22 Mb.
#25535
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

 20

GD 

5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК

АДАМ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН XАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ

>>

>>



> Чили, Коста-

   Рика және

   Испанияда

Моника Будовски - Фрибург (Швейцария) университеті, экономика мен қоғам бойынша ХСА зерттеу комитетінің 

мүшесі (RC02), кедейлік, әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік көрсеткіштер (RC55) және әлеуметтік саясат жөніндегі 

ғылыми-зерттеу комитетінің мүшесі (RC19); Себастьян Сшиеф, Фрибург (Швейцария) университеті; В. Дэниел Вера 

Рохас, Вальпараисо Папа католик университеті (Чили).

1

Коста–Рикадағы қиын өмір



Суретті түсірген В. Дэниэль Вера 

Рохас

К

        



үтім процесі қоғамда әртүрлі ұйымдастырылады. Отбасы 

және отбасы мүшелері, оның ішінде әсіресе әйелдер ең көп 

күтім көрсетеді; бірақ күтімді ұйымдастыру мәселелерінің 

шешімі  –  мемлекеттің  бағдарланған  қызмет  көрсетуіне 

және  қоғам  тарапынан  қолдау  табуына  да  байланысты.  Біз 

жүргізген сауалнаманың нәтижесін қарастырсақ, Чили, Коста-Рика 

және Испанияда әлеуметтік көмек көрсету жүйесінің принциптері 

күтім көрсету процесінің қалай қалыптасатынын көрсетеді.

Чилидің  әлеуметтік  көмекті  ұйымдастыру  принциптері  – 

либералдық,  яғни  нарықтың  және  жеке  жауапкершіліктің 

маңызды  рөлін  анықтайды.  Осылайша,  егер  еңбек  нарығында 

қол  жетімді  бірнеше  қызмет  түрі  бар  екендігіне  сенетін  болсақ, 

онда  үй  шаруашылықтары  тұрмыстық  шаруашылық  міндеттерді 

гендерлік  негізде  бөле  отырып,  күтім  мәселелерін  жеке  өз 

күштерімен  шешуге  тырысуын  күтеміз.  Коста-Рика  принциптері 

әлеуметтік  демократиялық  болып  табылады:  мемлекеттік  саясат 

маңызды  бола  отырып,  үй  шаруашылығы  саласында  қажеттілік 

туындағанда  мемлекеттік  қызметтер  мен  бағдарламаларға 

айналады. Испанияның әлеуметтік саясаты негізінен консервативті 

принциптерді қамтиды: мемлекет күтімді үй шаруашылықтарының 

өздері  ұйымдастыруына  қалдырған  (бірінші  кезекте  әйелдердің 

өзіне)  және  ресми  жұмыспен  қамтылғандарды  (ең  алдымен 

ерлерді)  бұл  міндеттерден  қорғайды.  Сонымен,  Испанияда  бала 

күтімі  бойынша  ұйымдастыру  міндеттері  үй  шаруашылығы  және 

отбасы мүшелерінің бақылауында болады, тек осыдан кейін ғана 

мемлекеттік  саясаттың,  қауымдастықтың  немесе  достарының 



күрделі жағдайдағы күтім


 21

GD 

5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК

АДАМ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН XАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ

араласуына жол беріледі. Үш мемлекетте де күтімді үйымдастыруда 

үй шаруашылықтарының гендерлік еңбек бөлінісі – негізгі мәселе. 

Оның үстіне үш мемлекетте бүгінгі күнге дейін жалғасып отырған 

қаржы дағдарысы күтім мәселесіне өз ықпалын тигізуде.

> Күрделі жағдайдағы үй шаруашылықтарында бала күтімін 

ұйымдастыру

Үш мемлекетте де «Тұрақсыз әлеуметтік-экономикалық жағдайда 

(әлеуметтік-материалдық жағдайы төмен немесе кедейлікке жақын) 

үй  шаруашылықтары  күнделікті  өмірін  қалай  ұйымдастырады» 

тақырыбында сауалнама жүргізілді. Осындай үй шаруашылықтары 

кедейлерге  көмектесуге  бағытталған  әлеуметтік  саясатта 

қарастырылмаған және олардың шектеулі қаржы ресурстары күтім 

қызметін,  аутсорсингті  қолдануға  мүмкіндік  бермейді,  мысалы, 

бала  күтіміне  байланысты  қызмет  үшін  ақы  төлеу.  2008-2010 

жылдар аралығында үй шаруашылықтарында отбасы мүшелерінің 

бала  күтімі  мәселе  туралы  не  ойлайтынын  білу  үшін  алдымен 

үлгіде  көрсетілгендей  үш  қаланың  үй  шаруашылықтарында 

сауалнама  жүргіздік  (әр  мемлекеттің  бір  қаласында  24  пен  31 

үй  шаруашылықтарының  арасында).  Чилиде  қанағаттанарлық 

бала  күтімінің  ақысы  төленбейтін  ресми  емес  отбасылық  қолдау 

мен  бала  күтіміне  арналған  ақылы  қызметке  байланысты.  Жеке 

(субсидияланатын)  ресми  бала  күтімі  негізінен  баланың  дамуы 

үшін  пайдалы  деп  танылғанда  немесе  ата-анасының  табысы  үй 

шаруашылығының  тұрмысы  үшін  және  болашаққа  жоспар  құру 

үшін қажетті деп саналғанда қолданылады. Респонденттер еңбек 

нарығында күтім саласы қызметінің өзіндік артықшылықтары бар 

екендігіне сенімсіздікпен қарайды: бірқалыпты реттелмеген жұмыс 

күні,  еңбек  жағдайларының  нашарлығы,  төмен  жалақы  және 

уақытша  жұмыс  түсініктері  табыс,  қанағаттану,  қауіпсіздік  және 

идентификация  түсініктерімен  салыстырылды.  Респонденттердің 

басым бөлігі «ана рөлі» ақылы қызмет пен күтім арасында шиеленіс 

орын  алатынын  меңзеп,  еңбектің  дәстүрлі  гендерлік  бөлінуін 

көрсетті. Нарық та, мемлекет те, азаматтық қоғамдық ұйымдар да 

осы шиеленісті жеңілдетуге мүмкінкіндік жасай алмады.

Коста-Риканың 

үй 

шаруашылықтарында 



бала 

күтімін 


ұйымдастыруды талдау үшін гендерлік принциптер және ұрпақтар 

арасындағы  еңбек  бөлінісі  ескеріле  отырып  сұхбат  жүргізілді. 

Сондай-ақ,  осы  сұхбатта  жұмыс  және  бала  күтімі  мәселесі 

үй  шаруашылығындағы  әртүрлі  ұрпақ  әйелдері  арасында 

талқыланды.  Әдетте  осындай талқылаулар шын мәнінде кім үздік, 

табысты ұйымдастырушы дегенге негізделеді. 

Бала  күтімі  процесінде  әйелдер  кейде  бір-біріне  көмектеседі:  

егер  әйел  адамның  жұмысы  толық  жұмыс  күнін  қамтыса,  онда 

жұмыссыз  не  жартылай  жұмыспен  қамтылған  отбасының  басқа 

мүшелері  -  әже,  қарындас  немесе  басқа  туыстар  -  бала  күтіміне 

тікелей  қатысады.  Егер  де  бала  күтіміндегі  қажеттіліктер  үй 

шаруашылығының  ішкі  қаражаты  мүмкіндіктері  шеңберінен  шыға 

бастаса, онда мемлекет осы олқылықтың орнын еңбек нарығында 

жағдай  жасау  арқылы  толтыратынына  респонденттер  сенімді. 

Чили мен Испанияға қарағанда, Коста-Риканың еңбек нарығында 

бала  күтіміне  байланысты  мәселеде  қиындықтар  аз.  Алайда, 

Коста-Рикада ерлер бала күтіміне араласа қоймайды, ал әйелдер 

олардың көмегін талап етпейді де.

Испан үй шаруашылығында бала күтімі жауапкершілігін әйелдер 

өз мойнына алу тенденциясы болды. Қаржы дағдарысы жұмысқа 

орналасу  мүмкіндігін  шектеп,  мемлекет  қолдауындағы  қоғамдық 

күтімді  қысқартты.  Бұл  жағдай  әлеуметтік  қорғаудың  басқа 

салалары    жұмысына  кері  ықпалын  тигізді.  Зерттеу  барысында 

таңдап  алынған  испан  отбасыларының  басым  бөлігінде  бала 

болмады. Бірақ, үй шаруашылығындағы гендерлік еңбек бөлінісін 

сынау  және  жұмысқа  орналасудағы  шектеулі  мүмкіндіктерге 

байланысты  шағымдар,  жеке  меншік  және  қоғамдық  күтім 

ресурстарына  қолжетімділіктің    жоқтығы  –  қаржы  дағдарысынан 

болып  отыр.  Сондықтан  қоғамдағы  бала  күтіміне  байланысты 

жағдайдың  шегінен  шығып  бара  жатқанын  ескере  отырып,  жеке 

адамдар  және  қауымдастық  өз  мүмкіндіктерін  қолдана  отырып 

осы  мәселені  шешуге  тырысты.  Осылайша,  респонденттер 

отбасындағы    гендерлік  еңбек    мәселесінің    шешімін    әйелдер 

қарастыру керек деген ойда.



> Мемлекеттерді салыстыру

Еңбек  табысы  төмен  үй  шаруашылықтарында  бала  күтімін 

ұйымдастыруда  екі  негізгі  ерекшелік  анықталады:  біріншісі  –  ол 

бала күтімінде отбасы мен үй шаруашылығының маңызы зор екенін 

көрсете  отырып,  гендерліктің  сақталуы  және  үй  шаруашылығы 

ішіндегі  ұрпақтар  арасындағы  еңбек  бөлінісінің  анықталуы; 

екіншіден  –  үй  шаруашылығында  бала  күтімін  ұйымдастыруда 

мемлекеттік  әлеуметтік  жүйе  мен  экономикадағы  әлеуметтік  әл-

ауқат ерекше.

Күрделі жағдайдағы үй шаруашылықтарында (кедей емес, бірақ 

кедейлікке  жақын)  гендерлік  еңбек  бөлінісі  және  материалдық 

табыс  көрсеткіші  бала  күтімінде  маңызды.  Сонымен  қатар,  бала 

күтімін ұйымдастыруда және оның тәжірибесінде гендерлік рөлдің 

әлеуметтік  қабылдануы мен мемлекеттің қолдау мүмкіндігі ықпал 

етеді.  Үй  шаруашылығында  бала  күтімін  жеңілдету  үшін  Коста-

Риканың    отбасылық  саясаты  үй  шаруашылығындағы  үш  ұрпақ 

сабақтастығының тәжірибесінен көрініс тапты. Чилидің еңбек ету 

жағдайындағы күрделі шарттар, жұмыс табу мүмкіндігінің төмендігі 

және  бала  қарау  мекемелерінің  аздығы  мен  дәстүрлі  гендерлік 

идеология  бала  күтімін  ұйымдастыруға  едәуір  ықпал  етуде. 

Сондықтан  Испанияда  бала  саны  аз  болса,  әйелге  жүктелетін 

міндеттің  тұрмыстық  қиындығы  да  аз  болады.  Сондай-ақ  қаржы 

дағдарысы нәтижесінде ақылы жұмыс табу мен қоғамдық қызмет 

ету мүмкіндігінің қысқаруы әйелдің бала күтімі мен жұмысты қатар 

атқаруына жетелейді. 

Ал,  Коста-Рикадағы  бала  күтімін  ұйымдастыру  жеңіл  жүзеге 

асты. Мұнда әйелдер, отбасы мүшелері және мемлекеттік көмектің 

бірге әрекет етуі арқылы қиындықтар жеңілдеді. Чилиде еңбек ету 

жағдайы  мен  қоғамдық  күтімнің  төмендігі,  жеке  меншік  ұйымның 

бала күтіміндегі қақтығысы, дәстүрлі гендерлік еңбек бөлінісі мен 

дәстүрлі  гендерлік  идеология  бала  күтімін  ұйымдастыруды  аса 

қиындатты. Мұндай процестер Испанияда да көрініс тауып отыр. 

Испанияда гендерлік еңбек бөлінісі және баланы мектепке дейінгі 

дайындық  мекемелерінің  қысқаруы,  жұмыс  табу  мүмкіндігінің 

төмендігі бала күтімін ұйымдастыруды қиындатты. 

Барлық хат-хабарларды Моника Будовскиге 

monica.budowski@unifr.ch

 бағыттау.

1

 Жобаны швейцариялық ұлттық ғылыми қор қаржыландырған. Фрибург Университеті 



(Швейцария) Памплона қоғамдық университеті (Испания), Темуко католик университеті 

(Чили) және Коста Рика университетімен (Коста Рика) ынтымақтастықта жүзеге асырды.




жүктеу 3,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау