Бағдарламасы > Кәсіптердің халықаралық болашағы



жүктеу 3,22 Mb.
Pdf просмотр
бет15/22
Дата30.12.2019
өлшемі3,22 Mb.
#25535
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22

> Ымырасыз ортадағы

   әлеуметтану

Қ

оғамдыҚ



 

әлеуметтану

 

лабораториясы



, с

анкт


етербург


, р

есей


>>

Қ

   



оғамдық әлеуметтану лабораториясы – Санкт-

Петербургтегі  солшыл  центристік  ғалымдар 

мен  белсенділердің  тәуелсіз  зерттеу  тобы. 

Кейбіріміз  2007-2008  жылдары  Мәскеу 

мемлекеттік  университеті  әлеуметтану  факультетінде 

жемқорлық пен ғылымның қарабайырлануына, білімнің 

коммерциализациясына  қарсы  студенттік  шерулерге 

қатыссақ,  басқаларымыз  түрлі  университеттерде 

әлеуметтік  ғылымдарды  зерттеуде  солшыл  центристік 

саяси  және  шығармашылық  бірлестіктерде  болдық. 

2011 жылы саясатсызданған қоғамда саяси процестерді 

зерттейтін  жауапты  ғалымдардың  ұжымын  құруды 

шештік.  2011-2012  жылдары  Ресейде  «Әділ  сайлау» 

қозғалысы аясында жүргізілген көлемді зерттеуден кейін 

Тәуелсіз  әлеуметтанулық  зерттеулер  орталығымен 

(ТӘЗО)  бірге  украин  Майданы  және  Киевтегі  анти-

Майдан  қозғалысын  зерттей  бастадық.  Мұнда  үш 

мәселе  көтеріледі:  бірінші,  жобаның  даму  контексі; 

екінші,  «қоғамдық  әлеуметтануға»  қатысудың  біз  үшін 

маңызы;  үшінші,  институттық  ортаның  қызметімізді 

шектеуі және осы шектеулерді қалай жеңуге болады?!

> Ресей әлеуметтануы: құралдық пен кәсібиліктің 

ортасында

Ресейде кәсіби әлеуметтену процесінде осы пән аясында 

ымыраның  үш  түрі  қалыптасты.  Бұл  әлеуметтанулық 

білімнің  екі  түріне  алып  келеді:  құралдық  және 

кәсібилік. Біріншісі, саяси бейтарап адамдардың отаны 

бола  отырып,  құрылымдық  автономиясы  жоқ  Ғылым 

академиясы  әлеуметтану  интитуты  мен  университет 

әкімшілігі  астыртын  жекешелендірген  әлеуметтанулық 

факультеттерде орныққан. Бұл мекемелерде ғалымдар 

не  нарық  логикасымен  (коммерциялық  мұқтаждық  пен 

дипломдарды  сатуға  арналған  қолданбалы  зерттеулер 

нарығы),  не  «орта  тап»,  «өтпелі  кезең»,  «Ресейдегі 

аласапыран кезеңі» және т.б. тақырыптарға жүргізілетін 

жалған  ғылыми  зерттеулермен  айналысуы  қажет.

Әлеуметтанудың  осы  «ресми»  немесе  «құралдық» 

түріне  жауап  ретінде  «автономды»  фракция  құрылды. 

Олардың  пікірінше,  «нағыз»  кәсіби  әлеуметтанулық  

ғылым  саяси  көзқарастан  бас  тартуы  керек,  яғни 

құралдық  әлеуметтанудың  екі  түрі  де  Бурдье  ұсынған 

мағынадағы «тәуелсіздіктің» жоқтығынан емес, тапсырыс 

берушілерге (клиент) тәуелді болудан ада емес.

Мәскеу  мемлекеттік  университеті  әлеуметтану 

факультетінің 

саясатына 

қарсылықтың 

негізін 


құрылымдық 

ымыраға 


оппозициялық 

ниетіміз 

қалады,  дегенмен  біз  «кәсібилердің»  саясаттан  тыс 

консенсусымен  де  келіспейміз.  Кәсіби  ғалымдарға 

қарағанда,  рефлексивті  белсенділермен  әріптестік 

 24


GD 

5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК

Қоғамдық әлеуметтанудан Санкт 

Петербург зертханасының мүшелері. 

Жоғарғы қатар, солдан оңға қарай 

Максим Алюков, Ксения Ермошина, 

Светлана Ерфильева, Илья Матвеев; 

Төменгі қатар, солдан оңға қарай: 

Андрей Невский, Наталья Савельева

Диляра Валеева, Олег Журавлев


бізді  доктриналықтан  және  элитарлық  болашақтан, 

әдістемелік  догматизмнен  алшақтатты.  «Автономды» 

болашақты жақтаушылардың бірі Виктор Вахштайнның 

айтуынша, Ресейдегі «ғылыми» тіл «неокеңестік» және 

«антикеңестік»  тілдермен  алмастырылды,  ал  Ресей 

әлеуметтануының кәсібиленуі үшін «тәуелсіз» ғылымды 

құру  маңызды.  Вахштайн  әлеуметтанудың  миссиясы 

–  «білімді  білім  үшін  өндіру»,  ал  қоғамдық  ғылымның 

саясаттануы ғылыми рационалдықты бұзады деп біледі.

Біздің пікірімізше, бұл бағыт Вахштайн айтқан «тәуелсіз/

еркін»  болып  табылмайды.  Керісінше,  посткеңестік 

неолибералды тәртіптегі идеалдандырылған заңдылық: 

жеке  өмірге  «қашуды»  түсіндіретін  саясатсыздану 

идеологиясы  және  саясатқа  «қапа  болу»,  қоғамдық 

ортаның  стигматизациясы.  Вахштайн  құрдастары 

«таза  білім»  идеалын  «буржуазиялық  әлеуметтануды 

сынаушылар», 

әлеуметтанулық 

білімнің 

табан 


тірескен  күресі  Кеңес  империясы  құлдырауының 

себептерін  анықтау  қажеттілігімен  шабыттандырылған 

ұстаздарынан  мұра  етіп  алды.  Олар  әлеуметтануды 

қоғамның  өзін-өзі  тану  құралы  ретінде  қарастырады. 

Алайда,  саясатсыздану  контексінде  теориялық  «таза 

білім» фетишизміне ауыстырылды.

Антипутиндік  шеру,  Майдан  және  2011-2012 

жылдарда  Украинадағы  соғыстан  кейін  Ресей  қоғамы 

саясаттана  бастағанда  кәсіби  әлеуметтанушылар 

аудиториясының  ыңғайына  қарай  зерттеулерін  осы 

бағытта  жүргізе  бастады.  Алайда,  саясатта  ғылыми 

рефлексия  тәжірибесі  жоқ  әлеуметтанушылар  немесе 

идеологиялық  қалыптардың  ұдайы  өндірісін,  немесе 

қарсылық  ақиқатын  алдын-ала  бекітілген  теориялық 

шеңбер аясына ауыстыруға мәжбүр болды.

> Қоғамдық әлеуметтануды қалай түсінеміз?

Егер  «кәсібилерді»  даярлаған  оқытушылар  ұрпағы 

1980-ші жылдары орын алған әлеуметтік қайта құрумен, 

ал «кәсібилер» жеке өмір саласына шегінуге итермелеген 

қоғамның  экзистенциялық  мәселелерімен  шабыттанса, 

достарымыз, ғылыми орта және қоғам белсенділігімізді 

сынай  бастаған  кезде  саясатсызданудың  өзі  біз  үшін 

экзистенциялық мәселеге айналды. Осылайша, қоғамдық 

және жеке өмір саласы арасындағы қарым-қатынастың 

аясында саясатсыздануды зерттей бастадық.

Сонымен қатар, қоғамдық ортаны зерттеуді оны зерттеп 

отырған  адамдар,  яғни  қалыптасу  үстіндегі  қоғамның 

зерттеу  нәтижелерін  талқылауы  басталды.  Ендігі 

кезекте 2011-2012 жылдардағы қарсылық кезінде пайда 

болған белсенділердің жергілікті азаматтық топтарымен 

бірлесіп, конференция өткізу жоспарлануда. Мақсаты – 

белсенділерге  зерттеуді  таныстыра  отырып,  пікірталас 

аймағын қалыптастыру және топтар арасында желі құру.

Біздің пікірімізше, әлеуметтік және саяси мәселелермен 

жұмыс  әлеуметтік  теорияларды  жаңа  қырынан 

қарастыруды талап етеді. Аномияны қарастырмас бұрын 

Дюркгеймнің  жобасын  түсінуге  бола  ма?  Жеке  өмір 

саласымен  шектелген  өмір  кедейлігі  (мардымсыздығы) 

туралы айтпай, Арендт пен Хабермастан бастап Фрейзер, 

Негда және Клюге сипаттаған қоғамдық теорияны зерттей 

аламыз  ба?  Біздің  манифест:  «Лабораторияның  басты 

міндеті – әлеуметтік зерттеулерді кәсіби әдіс пен қоғамды 

сабақтастыра  отырып  жүргізу.  Қоғамдық  әлеуметтану 

лабораториясы көтеретін ғылыми мәселелер Ресей мен 

әлемде орын алып отырған саяси жағдаймен байланысты 

өзекті әлеуметтік мәселелерге қатысты. Сонымен қатар, 

лаборатория  миссиясы  –  әлеуметтік  мәселелерді 

эмпириялық зерттеу арқылы «Гранд-теория» мәселесін 

шешу  үшін  теориялық  және  экзистенциялық  терең 

әлеуметтік  белсенділік  пен  азаматтық  жауапкершілікті 

сабақтастыру. Мысалы, соңғы қарсылық кезіндегі саяси 

мобилизацияны зерттеу жалғыздық пен ынтымақтастық, 

индивидуализм мен ынтымақтастық мәселесін көтеруге 

мүмкіндік береді».

> Ресейде қоғамдық әлеуметтануды қалыптасыру-

дағы кедергілер

Қазіргі  Ресейде  осы  позицияны  ұстап  қалу  оңай  ма? 

Жобаға  қауіп  төндіретін  бірнеше  кедергі  бар.  Біз  тек 

«кәсібилер» мен «инструменталистер» арасында емес, 

ірі  университеттер  мен  гранттар  нарығының  арасында 

қалып  қойдық.  Ғылым  академиясының  қалашығынан 

бастап  «алдыңғы  қатарлы»  университеттер  құратын 

ғылыми мекемелер қатаң иерархия мен жұмыс бабымен 

жоғарылау  жолдарын  қалыптастырады,  яғни  ұдайы 

өндіру арқылы өз-өздерін қамтамасыз етуге бағытталған. 

Бұл  логика  зерттеушілерді  бөлу  және  бағындыру 

жолымен  әріптестік  пен  ынтымақтастықты  жояды. 

Сондықтан  Ресейдің  тәуелсіз,  бұқаралық  және  кәсіби 

әлеуметтанулық  орталығымен  –  ТӘЗО,  жұмыс  жасауға 

тырыстық.  Ғалым-диссиденттерге  қарсы  мемлекеттік 

репрессиялардың  нәтижесінде  грант  нарығының  аясы 

тарылды.  Мысалы,  2011-2012  жылдардағы  саяси 

қарсылық  сипатталған  «Политика  Аполитичности» 

томының  баспадан  жарық  көруі  шенеуніктердің  ТӘЗО-

на  «шетелдік  агент»  ретінде  жала  жабуының  себебіне 

айналды.

Осылай,  ымырасыз  ортаға  тап  болды.  Осы  уақытқа 

дейін  біз  топ  ішіндегі  мықты  мораль  және  саяси 

ымыраның 

шектеулі 

ресурстарына, 

жан-жақты 

байланыс  пен  бейресми  көшбасшылыққа  тәуелді 

болдық.  Бұл  жобаны  ары  қарай  жалғастыру  үшін 

жеткіліксіз.  Аймақтың  жауапты  ғалымдары  мен 

зияткерлерін және шетелдік әріптестерімізді біріктіретін 

ғалымдар  мен  жасампаздардың  «Интернационалын» 

құруымыз қажет. 

Хаттарды 

publicsociologylab@gmail.com

 жолдаңыз

1

 

В. Вахштайнның Жаһандық Диалог, 2.3 мақаласын және оған Н.В. Романовский 



мен Ж.T.Тощенконың Жаһандық Диалог,,2.5. жауаптарын қараңыз.

 25


GD 

5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК


жүктеу 3,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау