№ 1. Дәріс. Алғашқы қоғам өнері
Мезолит жартастағы бейнелерінің палеолит бейнесінен айырмашылығы
Мезолит дәуірінде бейнелеу өнері мүлде өзгерді. Бұл уақытта жазулар мен иероглифтар, қағидаға сәйкес, ашық жерлерде, жартастарда орындалды. Мұндай орындар Испанияда, Кавказда, Орта Азияда, Африкада 50ге жуық табылды. Пале олит дәуіріне қарағанда айырмашылығы адамдарды және олардың қимыләре кеттерін бейнелеу өте жиі кездесті. Жазбалар көппішінді композицияларды: ресімді әрекеттердің көрінісі, аңшы лар және қаруланған қақтығыстар, аңды қуу, жаңбыр шақыру, теміртерсек жинау және т.б. бейнелеп көрсетеді. Адамдар дың және жануарлардың кескінкелбеттері тұтас мүсіншемен, қызыл немесе қара бояумен берілді, олардың өлшемдері де әртүрлі келді, кейде 75 см дейін жетті. Кейбір композициялардың айтарлықтай үлкен өлшемі болды. Мысалы, Испаниядағы «Үлкен фриз» құрамына жүзге жуық адамдардың және ондаған жануарлардың суреті кіргізілген. Суреттерде, әсіресе, адамның суреттері стильде, сызбалы түрде, кейде таңбаларға үйлесімде бейнеленеді. Бұл қарқындылықты, ырғақты күшейтуге мүмкіндік береді. Жеңіл, ұзартылған садақтар жүгіріп бара жатқан бұғыларды атқылайды, тіршілік үшін жанталасқан бейнелер бірбіріне қарай ұмтылады.
Тас дәуірінің кезеңдері
Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең – тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі мынадай 3 кезеңге бөлінеді: Алғашқы адамдардың өндіргіш күші біріншіден, алғашқы адамнан, екінші – оның тас құралынан тұрды. Археология ғылымы зерттеуді осы тас құралдардан бастайды. Жерімізде алғашқы адамдардың құрал-жабдықтарын зерттеуде айтарлықтай еңбек сіңірген ғалым академик Ә.Х.Марғұлан болды. Ғалымның жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан экспедициясы Бетпақдаланың орталық бөлігінен бірнеше жерден тас дәуірінің қонысын тапқан. Әсіресе, ғалымның басты бір көрнекті еңбегі Сарысу бойынан мысты-тас дәуірінің шақпақ тастан құрал жасайтын шеберхананың орнын табуы. Сонымен қатар Ә.Х.Марғұлан алғашқы адамдар мекендеген көптеген қоныстар мен үңгірлер тауып, оларға ғылыми сипаттама жазған. Елімізде тас дәуірінің нағыз ғылыми тұрғыдан зерттелуі 50-жылдардың 2-ші жартысынан басталады. Қазақ Ұлттық академиясы Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері тас дәуірінің маманы Х.Алпысбаевтың жетекшілігімен 1957 жылы құрылған «Қаратау отрядының» жүргізген жұмысы орасан зор болды. 20 жылдан астам мерзімнің ішінде ғалым тас дәуірінің төменгі кезеңінен бастап, оның соңғы кезеңіне дейінгі мезгілдерді дәлелдейтін ескерткіштерді тапты. Бұл жұмыстың нәтижесі «Оңтүстік Қазақстанның төменгі тас дәуірі» атты монография болып жарыққа шықты. Сөйтіп, Қазақстандағы алғашқы адамдардың ескерткіштері біршама зерттеліп, игілікті жұмыс жолға қойылды. Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең – тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі мынадай 3 кезеңге бөлінеді: Палеолит – ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,5 млн. жылдан – 12 мың жылдыққа дейін). Мезолит – орта тас дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар). Неолит – жаңа тас дәуірі (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). Өз кезегінде палеолиттің өзі 3 кезеңге бөлінеді: 1) ерте палеолит (б.з.б. 2,5 млн. – 140 мың жылдықтар); 2) орта палеолит (б.з.б. 140 – 40 мың жылдықтар); 3) кейінгі палеолит (б.з.б. 40 – 12 мың жылдықтар).
Полеолиттік «венералар» стилінде жасалған әйел бейнелері
Костенки венерасы мүсіндегі ертедегі адам жалпылама қарабайыр сомдалып, ешқандай дене мүшелерін анық көрсетпей, абстрактілі түрде бейнеленген. Ал екінші бір мүсін «Савиньяно венерасы» мүсіншесінде әйел бейнесі, оның әйелге тән нәзіктеу дене бітімі, қимыл-қозғалысы әсерлі сомдалуы, «Костенки венерасы» мүсінінен ерекшеленіп тұр. Бірақ шыншыл бейнелеуге жақындағанымен, шарттылық нышаны мұнда да сезіледі. Оны мүсіншенің басы мен аяқ-қолдарының сомдалуынан байқауға болады. Сонымен қатар палеолит әйел мүсіндерінің сомдау ерекшеліктеріне ойлана, тереңдей үңілер болсақ олардың белгілі бір діни наным бойынша немесе табыну символы ретінде жасалған. Сол кезеңдегі мүсіндердің дені- әйел кейіптері, сондықтан да алғашқы қауымдық құрылыста белді қоғам басқарушысы әйелдер болды деген негіз бар. Екінші бір негіз- әйел қоғамның басқарушысы ғана емес, сонымен бірге ошақ басының қамқоршысы, ұрпақ жаюшы ретінде көрініс береді, оны сол артықшылықтары адам табынарлықтай құдай кейпіне дейін көтерген. Сол себептен де олардың бет-әлпетін бейнелеуге суретшілердің дәрменсіздік танытып, батылы бармаған. Сол уақыттағы әйелдердің бей нелері осындай әсіреленген образдармен ғана шектеліп қоймады. Табылған әйел мүсіншелерінің арасында әдемі сымбатты әйелдердің мүсіншелері де кездесті. Олардың кейбіреулерінде көздері, аузы, шаштары және басына былғары капю шонды комбинезонды еске түсіретін киімдері де болды. Ең атақтысы Ангара жағалауындағы Буреть көне орыс ауылының маңынан табылған «Былғары комбинезондағы Венера» мүсіншесі еді. Палеолиттік суреттердің көпшілігі ду алау мақсаттары үшін арналған, алайда, ол олардың өнердің ақиқат туындылары болып табылмайды дегенді білдірмейді. Орындау шеберлігі, образдың пластикасы, аңдардың мінезқұлықтық белгілерін таңдау және жиынтықтау қабілеттігі, қи мылқозалысты жеткізе білуі – осының барлығы кейінгі палеолит дәуіріндегі көркемдік шығармашылық туралы ай туға мүмкіншілік береді. Тамақ табу және ұрпақ жалғастыру туралы қамқорлықпен қатар адамдар сол заманның өзінде сұлу лық сезімдерін меңгерген, оны өздерінің тұрмыстіршілігіне, өздерінің кейінгі өміріне енгізуге тырысқан.
Қолданылған әдебиеттер: Сокольникова Н. М. С597 Бейнелеу өнерінің тарихы : орта кәсіби білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған оқулық / Н.М. Сокольникова, Е.В.Сокольникова. — 3- басылым. : «Академия» баспа орталығы. 10 -19 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |