22
GD
5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК
> Оңтүстік Африкада
көмек көрсету
Елена Мур, Кейптаун және Джереми Сикинг университеті, Кейптаун университеті (Оңтүстік Африка)
және МАС аймақтық және қалалық даму комитетінің вице-президенті (RC21),
Кедейлік, әлеуметтік ахуал және әлеуметтік саясатты зерттеу комитетінің мүшесі (RC19).
>>
О
ңтүстік
Африкаға
халыққа
көрсетілетін
қаржылық көмек пен дене тәрбиесінің маңызы
жоғары және осы әлеуметтік көмек жүзеге
асып отыр. Жұмыссыздықтың, кедейліктің
және АҚТҚ/ЖҚТБ жоғары деңгейі елдегі 50 млн халықтың
шамамен төрттен үш бөлігіне, оның ішінде 20 млн балаға, 3
млн жұмыс жасамайтын қарттарға, 1 млн еңбекке жарамсыз
мүгедек әйел мен ерге, 12 млн жұмыссызға қаржылық көмек
немесе әлеуметтік көмектің басқа да түрі қажет.
1920-шы жылдары Оңтүстік Африка ақ нәсілді азаматтары
үшін әлеуметтік мемлекет құра бастады. Әлеуметтік
мемлекетті құру халықтың «лайықты» категориясына –
әйелдер мен балалар (кей жағдайда, ерлер) бағытталған
салық есебінен мемлекеттік қызметтерді, әлеуметтік
көмек пен қолдауды қаржыландырудың британдық
үлгісіне негізделді. Сондай-ақ, Оңтүстік Африкада
«лайықты» азаматтар нәсілдік тегіне қарай анықталды:
Оңтүстік Африканың «африкалықтары» және қара нәсілді
халық (алдымен барлығы, кейін жартысы) әлеуметтік
мемлекет пен әлеуметтік азаматтықтан, франшиза мен
саяси азаматтықтан алыстатылды. Жұмыс пен тұратын
мекенжайға қойылған шектеу нәсілдік миграцияның
еңбек жүйесін күшейтті және жұмыс жасайтын ата-
аналар балаларын ата-әжесінің тәрбиесіне беруге, оларға
еңбекақыларының бір бөлігін аударуға мұқтаж етті. Тек
1970-ші жылдары орын алған экономикалық өсу мен саяси
тұрақтылық императивтері апартеид мемлекетін қоғамдық
ресурстарды ақ нәсілділерге жатпайтын халық арасында,
бірінші үндістерге, кейін африкалықтарға қайта бөлуге
итермеледі, яғни бүкілхалықтық әлеуметтік көмек көрсету
жүйесі қалыптаса бастады және 1994 жылы Оңтүстік
Африкадағы алғашқы демократиялық сайлаудан кейін ғана
аяқталды.
Нәсілшілдікке қарсы мемлекеттік саясат, әсіресе
әлеуметтік көмек, халыққа білім беру және денсаулық сақтау
бағдарламалары экстенсивті және әлеуметтік көмегі қайта
бөлінген әлеуметтік мемлекетке алып келді. Бұл мемлекет
нарықты қамтамасыз етудің артуымен және үздіксіз (азайып
отырғанына қарамастан) жабдықталуымен қатар өмір сүріп
отыр.
Балалардың көбі қазіргі уақытқа дейін кеңейтілген
отбасында, кейде бір немесе екі ата-анасыз да өмір сүреді.
Оңтүстік Африкадағы үш баланың біреуі ғана биологиялық
әкесімен өмір сүрсе, 5,5 млн жуық бала биологиялық ата-
анасының бірімен де тұрмайды. Күтім жасау барысында
басты рөл туыстарға тиесілі. Сонымен қатар, жұмыс күшінің
феминизациясы және туыстық қарым-қатынастың өзгеруі
медициналық қызмет көрсету нарығының өсуіне алып келді.
0-4 жастағы балалардың шамамен 30% бөбекжай мен
күндізгі стационарларға орналастырылған.
Мемлекет балаларға күтімді мектептер мен тәрбиешілерге
арналған қаржылық гранттар (асырап алушыларға да)
бөлу арқылы қамтамасыз етеді. 2000 жылдардың басында
мектепке дейінгі мекемелердің саны артты. Тәрбиешілерге
арналған қаржылық гранттардың көлемі – қамтылуы
және қаржыландырылуы жағынан (ЖІӨ салыстырғанда)
бразилиялық Болса Фамилиа сынды әлемге әйгілі
бағдарламалармен салыстырғанның өзінде ерекше.
Мемлекет Оңтүстік Африканың қарттарына, бірінші
кезекте жинақталмаған зейнетақы арқылы қолдау көрсетеді.
ЖІӨ-нің 1% басым бөлігі шамамен үш миллион зейнеткер
арасында қайта бөлінеді. Зейнетақы жасы жеткен кісілерге
қажеттілігі бойынша беріледі, бірақ кіріс пен байлық
арасындағы шекараны жоғарыдағылар бекітеді, сондықтан
шектеулер тек оңтүстік африкалық байларға қатысты.
Постапартеид мемлекеттерінде қарттарға қаржылық көмек
көрсету аясының кеңеюі – мемлекет тарапынан қамқорлық
жасау жүйесінің жетілмегенінде. Демократияға өту кезеңіне
қарттарға арналған интернат түріндегі мекемелерді
мемлекеттің тікелей (қарттарға арналған мемлекеттік
үйлер) немесе қосалқы (қарттарға арналған субсидия
бөлінген үйлер) қамтамасыз ету жүйесі төтеп бере алмады.
Қарттарға берілетін артықшылығы бар зейнетақының үй
шаруашылығының қаржылық жағдайы мен медициналық
көмек көрсетуде ері әсері де бар. Елдегі қарттардың төрттен
үш бөлігі еңбекке жарамды мүшесі бар отбасында өмір
сүрсе, аз бөлігі еңбекке жарамды мүшесі жоқ отбасында
балалармен өмір сүреді. Қарттар жасы кіші туыстарына
қаржылық көмек көрсетіп жатқанымен, отбасының жас
мүшелері қарттарға қарауға тым аз уақыт жұмсайды.
АДАМ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН XАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ
23
GD
5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК
Еңбекке жарамды жастағы бір миллионға жуық науқастар
мен мүгедектер еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы
алады. ЖҚТБ еңбекке жарамды халық арасында қаржылық
қолдау мен әлеуметтік көмекке мұқтаж ауру адамдар санын
көбейтті. Сапалы зерттеулердің нәтижелеріне сүйенер
болсақ, ЖҚТБ тек алыс емес, сондай-ақ жақын туыстар
арасындағы туыстық қарым-қатынасты әлсіретіп, туыстық
көмекке сенім арта алмайды. Туыстар тарапынан ауру
адамға қарау гендерге тікелей байланысты және ЖҚТБ осы
заңдылықты күшейтуде.
Оңтүстік Африка еңбекке жарамды жұмыссыздарға
қоғамдық жұмыс бағдарламасынан тыс қоғамдық қолдау
мардымсыз. Мемлекет қолдауынсыз және нарық арқылы
қолдауға қолжетімдіктің болмауынан жұмыссыздар туыстық
қарым-қатынасқа тәуелді. Ал туыстар жағынан көрсетілетін
қолдау белгілі бір шарттарға негізделеді. Шамамен 40
жыл бұрын Мейер Фортес сынды антропологтар қуана
сипаттаған мықты туыстық байланыс пен қарым-қатынас
өз күшін жоғалтқан, себебі туыстық байланыстың жақындық
критерийіне қарамастан туыстар арасында дискриминация
орын алған.
Оңтүстік Африканың әлеуеті мен қамқорлық жасау
жүйесі жаһандық Солтүстік әлеуетінің либералды
режиміне ұқсайды. Мемлекеттік ресурстар кедейлердің
мұқтаж категорияларына арналған әлеуметтік көмек
бағдарламаларына негізделген. Жинақтау зейнетақы жүйесі
мен медициналық сақтандыру, жеке меншік бөбекжайлар
арқылы көрсетілетін көмек нарығының кеңеюін мемлекет
қолдайды.
Жаһандық Солтүстік әлеуетінің либералды режиміне
қарағанда, Оңтүстік Африканың әлеуметтік көмек
бағдарламалары халықтың басым бөлігін қамтиды. Үлкендер
мен балалардың үштен бір бөлігі қандай да бір әлеуметтік
қолдауға ие болса, халықтың үштен екі бөлігі отбасының
бір мүшесі Грант алатын үй шаруашылығында өмір сүреді.
Осылай, гранттар барлық үй шаруашылығының, оның ішінде
ең кедейлеріне, жартысына беріледі. Бұл бағдарламалар
жаһандық солтүстіктің әлеуметтік-демократиялық режиміне
ұқсас.
Туыстық қарым-қатынастар өзгеріп, қолдау көрсету
адамның іс-әрекеті мен қатынасына тәуелді бола
бастағанымен оңтүстік африкалықтардың көбі отбасы
мүшесінің біріне қаржылық немесе қолкөмегіне мұқтаж.
Сипатталған жағдай оңтүстік еуропалық елдердің отбасында
көрсететін көмегіне ұқсас.
Соңғы онжылдықта әлеуметтік гранттарды нәсілшілдік
принциппен бөлудің төмендеуі және туыстық қолдаудың
азаюы әлеуметтік мемлекеттің оңтүстік африкалық
үлгісін әлеуметтік-демократиялық бағытқа бұрғанымен,
адамдарды туыстық қарым-қатынасқа тәуелді ете отырып,
қолкөмекті көрсетуде (кейбір қарттар үшін) мемлекет рөлі
шектеле бастады.
Хаттарды Елена Мур
elena.moore@uct.ac.za
мен Джереми Исканияға
jeremy.seek-
ings@gmail.com
жолдаңыз
АДАМ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН XАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ
“
Оңтүстік Африкадағы әлеуметтік көмек
бағдарламаларының Жаһандық Солтүстіктегі
қолайлы либералдық қоғамдардан айырмашылығы
ауқымының кеңдігіне байланысты”