Тақырып: Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



жүктеу 223,54 Kb.
бет1/25
Дата27.03.2023
өлшемі223,54 Kb.
#41872
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
лекциялар 2




Тақырып: Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану


Әлеуметтануға кіріспе. Индивид және қоғам. Әлеуметтік орта және әлеуметтік мінез-құлық. Әлеуметтік қарым-қатынас пен әлеуметтік институттар. Әлеуметтану және бірегейлену. Әлеуметтік нақтылық және дұрыс мағына. Әлеуметтанулық ойлау. Әлеуметтанулық елестету. Әлеуметтанулық келешек.


Басты терминдер: әлеуметтану, әлеуметтану пәні, әлеуметтану нысаны, қоғам, әлеуметтену, әлеуметтанулық елестету.

«Әлеуметтану» термині екі сөзден келіп шығады: латынша societos-қоғам және грекше logo-сөз, түсінік, ілім. Бұдан шығатыны-этмиологиялық түрде әлеуметтану-қоғам туралы ғылым. Әлеуметтанудың пайда болуы Огюст Конттың есімімен байланысты, ол қоғам туралы жоғарғы ғылымды білдіру үшін әдеттегіден өзгеше латын-грекше сөз тіркесі «әлеуметтану» сөзін ойлап тапты.


Әлеуметтану мынадай функцияларды орындайды: эвристикалық (танымдық) және праксеологиялық (қолданбалы). Эвристикалық (грекше heurisko-іздеп табамын, ашып беремін) функция әлеуметтануда бұл ғылым адами қарым-қатынастар әлеміне деген жаңа, кәсіби көзқарасты, қатынастырудан тұратынын көрсетеді. Праксеологиялық (грекше praxis-іс-әрекет) функция әлеуметтануда осы ғылымды адам іс-әрекетінің көптеген аймақтарында зерттеушілік құрал сапасында қолдануға мүмкіндік береді.
Әлеуметтанулық танымның обьектілері (нысандары) мыналар болып табылады: жаһандық әлемдік қауымдастық; дәстүрлі ұлттық қоғам; микро қоғам (әлеуметтік топ, отбасы және с.с); жеке адам.
Әлеуметтануды негіздеуші француз ойшылы О.Конт әлеуметтану – бұл қоғам туралы позитивтік (жағымды) ғылым деп санады. Көрнекті француз әлеуметтанушысы-Э.Дюркгейм әлеуметтанудың пәнін-әлеуметтік айғақтармен атады. Неміс әлеуметтанушысы М.Вебердің көзқарасы бойынша, әлеуметтану-бұл осы ғылым түсінуге және түсіндіруге тырысатын, әлеуметтік мінез-құлық туралы ғылым.
Әлеуметтанудың пәні-бұл адамдардың арасындағы әлеуметтік өзара әрекеттестік және де осы өзара әрекеттестіктің барысында пайда болатын заңдылықтар. Әлеуметтану қатардағы үдерістерге немесе тиістік құбылыстарға қызығушылық танытады.
Әлеуметтік орта-өмір сүрудің материалдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани шарттарының жиынтығы және адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттері мен қалыптасушылығы.
Әлеуметтік институттар (латынша institutum-құрылым) деп қоғамдық өмірді ұйымдастыру мен реттеушіліктің тұрақтанған формаларын білдіретін қоғамның элементтерін атайды. Негізгі әлеуметтік институттарға дәстүрлі түрде отбасы, мемлекет, білім беру, дін, ғылым, құқық жатқызылады.
Мемлекет, білім беру, отбасы және с.с. қоғамның институттары әлеуметтік қатынастарды ретке келтіреді, адамдардың қызметтері мен олардың қоғамдағы мінез-құлқын реттеп отырады. Әлеуметтік институттардың негізгі мақсаты-қоғамның дамуы барысындағы тұрақтылыққа қол жеткізеді.
Қоғам – барлық бастапқы ұяшықтар тығыз байланыста болатын және олардың әрқайсысының іс-әрекеттерінен толықтай алғандағы қоғамның өмірлік іс-әрекетінің тиімділігі байланысты болатын күрделі ағза.
Жеке тұлға тиесілі болатын қоғамның әлеуметтік нормаларын, мәдени құндылықтарын және мінез-құлық үлгілерін үдерісі әлеуметтену деп аталады.
Әлеуметтік сәйкестену – бұл өзін нақтылы әлеуметтік топпен ортақ мәселелері, өмірлік мүдделері және әлеуметтік симпатияларымен ұқсастыруы.
Әлеуметтік нақтылық – өзіне жалпыға бірдей қабылданған қағидаларды, заңдар мен әлеуметтік түсініктерді қосатын, жеке адамдар арасындағы өзара әрекеттестік қорытындысы.
Дұрыс ойлау – сыртқы және ішкі әлемнің бақыланатын құбылыстарының түсіндіру және бағалануының жалпылама түрде қабылданған, жиі пайымдалмайтын тәсілдерінің жиынтығы. Дұрыс ойлау көбінесе қоғамда мінез-құлықты, оқып-үйрену үдерісінде оны түсінудің қайнар көзі де бола алады.
Әлеуметтік ойлау – бұл ең алдымен ғылыми түрдегі ойлау. Әлеуметтану тұрғысынан ойлаушылық обьективті ақиқатқа әлеуметтік өмірдің логикасына ілесе отырып ойлау деген сөз.
Әлемге деген әлеуметтік көзқарас қарапайым түсініктерден ерекшеленеді. Питер Бергер жазып көрсеткендей, әлеуметтанулық амал – бұл жеке нәрседегі жалпыны байқай алу қабілеті.
Әлеуметтанулық елестету (бұл ұғымды Чарльз Райт Миллс енгізген) – бұл қоғамдағы қандай да бір оқиғаны құрылымдық, мәдени және тарихи контекстте және де қоғам мүшелерінің дербес және ұжымдық әрекеттерімен де байланыстыру қабілеті. Әлеуметтанушы ақпараттың қандай да бір дереккөздерінен оқиғалардың құрылымдық байланысын табуға, олардың қазіргі заманғы тарихқа қосылғандығын нақтылауға, адамдардың бытыраңқы әрекеттерінен жасырын ұжымдасушылықтың болуын табу қабілетіне ие болады.
Әлеуметтанушылық келешек – әлеуметтік ортаның міндетті көрінісі ретінде жиі жоққа шығарылатын немесе қабылданатын аспектілерін оқып-үйренуге деген жаңа амал табуды ұсынады. Адами тәжірибе солай көрінетін көптеген мағыналық деңгейлер мен заттарға қашанда осылай болып көрінбейтін болып шықты. Әлеуметтік келешек қоғамға одан жасырын адами, өмірдің аспектілерін пайымдауға, әлеуметтік ортаны көре және дұрыс түсіндіріп талдауға үйренуіне мүмкіндік береді.



жүктеу 223,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау