10- параграф. ӘК үлгісінескере отырып даярлау бағдарламасы
668. Үлгісін ескере отырып даярлау бағдарламасы теориялық және тәжірибелік оқытуды тиісті тренажерда немесе қолданыстағы ӘКжәне келесі модульдік оқытуды қамтиды:
1) ӘК сипаттамсы (кабиналық экипаждың бөлігіне қатысты).
2) Авариялық-құтқару жабдықтары және ӘК жүйелері бортында орнатылған.
3) Кабиналық экипаждың әрбір мүшесі штаттық және авариялық режимдерде ӘК модификациясының немесе әрбір үлгісінің негізгі және авариялық шығу жолдарын нақты ашу және пайдалану.
4) Басқа да шығу жолдарын пайдалануды көрсету, авариялық шығу жолдарына ұшқыштар кабинасының терезесін де қосу.
5) Өртке қарсы және түтіннен қорғайтын жабдықтар.
6) Эвакуациялау әдістерін оқыту.
7) Ұшқыштар кабинасындағы олардың іс-әрекет қабілеттілігінен айырылған жағдайда белбеулер байланған креслолар және оттегі жүйесін пайдалану.
669. Әрбір кабиналық экипаж мүшесі ӘК үлгісін ескере отырып барлық авариялық-құтқару жабдығын пайдалану және орналастыру, сондай-ақ ӘК түріне тиісті орналастырылған жүйелер бойынша теориялық және практикалық даярлықтан өтеді.
670. Есіктерді және шығу жолдарын пайдалану бойынша тәжірибелік оқыту арнайы оқу тренажерында немесе қолданыстағы ӘК-де автоматты жүйе орнатылған есіктер автоматты түрде ашылмай қалған жағдайда авариялық траптарды дербес ашу үшін тез арада әрекет етіп шешім қабылдап сценария арқылы өтеу қажет. Даярлық, сондай-ақ ұшу экипажы кабинасының брондалған есіктерін ашу және пайдалану бойынша оқытуды да қамтиды.
671. Әрбір кабиналық экипаж мүшесі өртке қарсы және түтіннен қорғайтын жабдықтарды пайдалану бойынша теориялық және практикалық даярлаудан өтеді.
672. Оқытудың эвакуациялау әдістері мыналарды қамтиды:
1) әрбір кабиналық экипаж мүшесі авариялық траппен ӘК палубының негізгі шегі арқылы биіктіктен түседі;
2) трап оқу тренажерында немесе қолданыстағы ӘК орналастырылады;
3) ӘК үлгісіне кабиналық экипаж мүшесі рұқсат алу мақсатында траппен эвакуациялық түсіру жасайды, бұрынғы кез-келген ӘК-нің пайдаланылатын үлгісінен палуб шегінің биіктігінің айырмашылығы едәуір.
673. ӘК үлгісін ескере отырып даярлау ұшқыштар әрекет ету қабілеттілігінен айырылған жағдайда кабиналық экипаж іс-әрекеттеріне қатысы барлық факторлар мен жағдайларды қамтиды. Әрбір кабиналық экипаж мүшесі ұшқыштар әрекет ету қабілеттілігінен айырылған жағдайда олармен пайдаланылатын кез келген жабдықтарды пайдалану бойынша оқудан өтеді.
674. ӘК үлгісін ескере отырып кабиналық экипаж даярлау кезінде әрбір кабиналық экипаж мүшесі экипаждың жұмысын оңтайландыру бойынша осы Бағдарламалардың 60-Қосымша кестесінің белгілі бір тиісті бағанасындағы денгейге қолданылатын даярлау элементтері қамтылған оқудан өтіп жатыр.
675. ӘК үлгісін ескере отырып, кабиналық экипаж даярлығына кіретін міндетті пәндердің ең төменгі тізбесі осы Бағдарламалардың 61-қосымшасында ұсынылған .
11-Параграф. Пайдаланушының даярлау бағдарламасы
676. ӘК-нің әрбір пайдаланылатын үлгісіндегі пайдаланушының даярлау бағдарламасы мыналарды қамтиды:
1) тиісті тренажерда немесе қолданыстағы ӘК-ні теориялық және практикалық оқыту;
2) алғаш тағайындалған пайдаланушы өзінің қызметтік міндеттерін орындауда кабиналық экипаждың мүшелері үшін пайдаланушының қалыпты жұмыс рәсімдерін оқыту;
3) ұшулар орындалатын ӘК үлгісіне қатысы бар пайдаланушынының арнайы оқыту элементтері:
кабина конфигурациясының сипаттамасы;
бортта барлық жылжымалы авариялық-құтқару жабдықтарын пайдалану және алу, орналасқан жері;
барлық стандартты, стандартты емес және авариялық рәсімдер;
жолаушыларды басқару және тасымалдау;
өртке қарсы даярлау, бортта тасымалданатын өртке қарсы және түтіннен қорғайтын жабдықтардың барлық үлгілерін пайдалану;
эвакуациялау рәсімдері пайдаланушының дайындалған немесе дайындалмаған эвакуацияға қолданылатын барлық рәсімдері (жерге қону/суға қону), сондай-ақ қажет болған жағдайда кабиналық экипаж мүшелерінен талап етілетін қосымша әрекеттер, эвакуация кезінде қолданылатын жабдықтарды немесе шығу/есіктерінің жарамсыздығын және екі жақты шығу/есіктерді анықтауға жауаптылар;
ұшқыштардың әрекет ету қабілеттілігінен айырылған жағдайына байланысты рәсімдер;
авиациялық қауіпсіздік талаптары және қолданылатын рәсімдер;
экипаж жұмысын оңтайландыру (CRM).
677. Даярлау кезінде нұсқау және көпшілікпен басқару (Crowd Control) ӘК кабинасының конфигурациясына сәйкес әр түрлі авариялық жағдайларда осы пайдаланушы үшін өзгеше теориялық және тәжірибелік аспектілері оқытылады.
678. Әрбір кабиналық экипаж мүшесі ӘК бортында қолда бар барлық өртке қарсы жабдықтарды, сонымен қоса түтіннен қорғайтын жабдықтарды пайдалану бойынша барынша жақындатылған жағдайында шынайы тәжірибелік оқудан өтеді.
679. Әрбір кабиналық экипаж мүшесі егер ұшу экипажының құрамы ең аз құрам екі ұшқыштан тұрса, ұшқыштар әрекет ету қабілеттілігінен айырылған жағдайда қолданылатын рәсімдер бойынша даярлықтан өтеді. Егер пайдаланушының стандартты операциялық рәсімдеріне сәйкес қажетті оқыту ұшу экипажының бақылау-тексеру парақтарын пайдалану бойынша болса, онда ол тәжірибелік көрініс ретінде өткізіледі.
680. Пайдаланушыны даярлау кезінде кабиналық экипаждың әрбір мүшесі экипаждың жұмысын оңтайландыру бойынша, деңгейге қолданылатын оқу модулі қамтылған даярлықтан өтеді, осы Бағдарламаларға 60-Қосымша кестесінің белгілі бір тиісті бағанасында көрсетілген.
681. Пайдаланушыны даярлауға кіретін міндетті пәндердің ең төменгі тізбесі осы Бағдарламалардың 62-қосымшасында келтірілген.
12-Параграф. Модификацияларды ескере отырып даярлау
682. Үлгісін ескере отырып даярлау және пайдаланушыны даярлау, кабиналық экипаж мүшесін жұмысқа жіберу алдында құрамына барлық ерекшеліктерді оқыту кіретін (егер ондай бар болса), тиісті даярлау және кабиналық экипажды тексерумен аяқталады.
Экипаж мүшесін жұмысқа жіберу алдында:
1) пайдаланатын әуе кемесінің үлгісіне модификациясына сол кезеңдегі пайдаланушысы;
2) пайдаланатын сол кезеңдегі әуе кемесінің үлгісі немесе оның модификациясы келесі айырмашылықтармен:
қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жабдық;
қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жабдықтардың және авариялық жабдықтардың орналасқан жері;
стандартты және авариялық рәсімдер.
683. Модификацияларды ескере отырып даярлау бағдарламасы:
1) сәйкес келетін ӘК үлгісі үшін, пайдаланушының даярлау Бағдарламаларын және ӘК үлгісін ескере отырып даярлау Бағдарламаларымен салыстыру негізінде қажеттілігіне қарай әзірленеді;
2) ерекшеліктерді оқыту элементтері енгізілгенде тиісті қолданыстағы ӘК және оқу тренажерында теориялық және тәжірибелік даярлықты қамтиды.
684. Пайдаланушы даярлау бағдарламасынәзірлеу кезінде модификацияларды ескеріп және оқу жоспарына тиісті ӘК үлгісі және оның модификациялары үшін осы Бағдарламаларда белгіленген міндетті элементтерді енгізеді.
685. Модификациясын ескере отырып даярлауға кіретін пәндердің тізбесі осы Бағдарламалардың 62- қосымшасында келтірілген.
13-параграф. ӘК қарап танысу
686. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта (FCOM) белгілі бір кабиналық экипаждың құрамы және саны бойынша талаптарға сәйкес, әрбір кабиналық экипаж мүшесі ӘК үлгісімен тиісті танысудан, ең аз құрамдағы кабиналық экипаждың мүшесі ретінде ұшуды орындауға тағайындалғанша нұсқаушының бақылауынан өтеді.
687. ӘК модификациясымен немесе жаңа үлгісімен танысу келесі тәртіппен өтеді, әрбір кабиналық экипаж мүшесі қатысады:
1) тиісті ӘК-ні қарап танысу;
2) таныстыруұшулары
688. ӘК қарап таныстыру тиісті білікті персоналмен жүргізіледі және ӘК ескере отырып жүйесін тексеру және ӘК-нің іші мен сыртын қарау да қамтылады:
1) ішкі және сыртқы байланыс жүйесін:
2) сигнализация жүйесінің эвакуациялау;
3) авариялық жарықтандыру:
4) түтін табу жүйелері;
5) авариялық-құтқару жабдықтары:
6)ұшу экипажының кабинасы;
7) кабиналық экипаждың жұмыс орындары (қайырмалы орындықтар);
8) дәретхана бөлмесі;
9) борттық ас үй үй-жайлардың қауіпсіз жағдайын белгілеу және суағар жүйесін жабу;
10) ұшу кезінде жолаушылар кабинасынан багаж бөліктері, егер олар қол жетімді болса;
11) жолаушылар салонында электр сақтандырғыштармен орналасқан панельдер;
12) экипаж үшін демалыс орындары;
13) шығу/есіктерінің орналасуы.
689. ӘК қарап танысу осы Бағдарламалардың 8-параграфына сәйкес ӘК үлгісін ескере отырып даярлау курсымен немесе пайдаланушы даярлығымен біріктірілуі мүмкін.
14-Параграф. Таныстыру ұшулары (рейстік тағылымдама)
690. бастапқы даярлау курсын аяқтағаны немесе басқа ӘК үлгісіне қайта үйрену туралы құжатты алған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей кабиналық экипаждың әрбір мүшесі ұшуды орындауға тағайындалғанға дейін кабиналық экипаж мүшесі ретінде нұсқаушы/емтихан алушының бақылауымен рейстік тағылымдамадан өтеді. Олай болмаған жағдайда алдыңғы даярлықтың жарамдық мерзімі біткенге дейін кәсіптік деңгейін қолдау бағдарламасы бойынша даярлықты қайта өткізіледі.
691. Рейстік тағылымдаманың мақсаты кабиналық экипаж мүшелерінің ұшу қауіпсіздігін жәнетөмендегі ұшу сатыларында орындалатын функциялары мен міндеттерін атқару кезіндегі дағдыларын қамтамасыз етуге байланысты теориялық білімдерін бекіту болып табылады:
1) жердегі және ұшу алдындағы операциялар;
2)тіркеп сүйреу мен рульдеу;
3) ұшу;
4) биіктікке көтерілу;
5) крейсерлік ұшу;
6) төмендету және қонуға бет алу;
7) қону;
8) қонудан кейінгі және ұщудан кейінгі операциялар (соның ішінде транзиттік операциялар).
692. Рейстік тағылымдамада кезінде білім алушы кабиналық экипаж мүшесі кабиналық экипаж мүшелерінің ең аз жұмысшы санына қосымша тағайындалады.
693. Тағылымдама бөлімше басшысының бұйрығы негізінде әрбір тағылымдамадан өтушіге тағылымдама басшысы бекітіледі (нұсқаушы), мақсаты, объектісі, басталу және аяқталу мерзімі белгіленеді. Бір нұсқаушыға тағылымдамадан өтушілердің саны төрт адамнан артық болмауы тиіс.
694. Рейстік тағылымдама кабиналық экипаж мүшесі білім алушының қатысымен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұшу алдындағы, ұшу кезіндегі, қону алдындағы және ұщудан кейінгі міндеттерін орындайды. Ұшумен танысу деректері әрбір кабиналық экипаж мүшесінің даярлауды есепке алу карточкасына тіркеледі.
695. Таныстыру ұшулары:
1) кабиналық экипаж нұсқаушысының бақылауымен жүргізіледі;
2) кабиналық экипаж мүшелері ӘК бортында ұшу алдында, ұшу кезінде және ұшудан кейін кабиналық экипаждың қауіпсіздігіне қатысты міндеттерді орындауға жүйелі түрде тартылуы тиіс;
3) кабиналық экипаждың мүшелері пайдаланушы тағайындаған кабиналық экипаждың униформасыменорындайды.
4) кабиналық экипаж даярлау туралы есебінде таныстыру ұшуының деректері тіркеледі.
696. Таныстыру ұшулары жаттығуларының жалпы саны тағылымдамадан өтушілер үшін:
1) бастапқы оқытуда көп мүшелі экипажбен ӘК-де ұшу 10-нан кем болмау керек, тағылымдама кезінде ӘК бір мүшелі экипажбен ӘК-де ұшу 15-тен кем болмау керек;
2) әуе кемесінің үлгісін, модификациясын ескере отырып, пайдаланушының ерекшеліктерімен даярлау кемінде екі ұшу жасалады, бірінші ұшу таныстыру ретінде, екіншісі біліктілік алу үшін.
697. Кабиналық экипаж мүшесінің ұшуын бақылау–тексеру бортсерікпен – емтихан алушымен тағылымдамадан өтушінің жоспарда көрсетілген көлемде және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес міндеттерін орындауға тәжірибелік дайындығын және білімін тексеру мақсатында орындалады.
698. Егер тағылымдама жетекшісінің қорытындысы бойынша тағылымдамадан өтуші тиісті жұмыс орнында дербес жұмысқа дайын емес болса, тағылымдама мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ бастапқы белгіленген көлемнен аспайтын болу керек.
699. Егер тағылымдамадан өтуші қосымша тағылымдамадан кейін шеберлігін, шешім қабылдау қабілетін және лауазымдық міндеттеріне сәйкес қызметін жүзеге асыра алмаса, қызмет басшысына(пайдаланушыға) қортынды ұсына отырып тағылымдама тоқтатылады, ол бұл қызметкерді кабиналық экипаж мүшесі ретінде пайдалану туралы орынды шешім қабылдайды.
700. Кабиналық экипаж мүшесі ретінде дербес жұмысқа рұқсат тағылымдама басшысының (нұсқаушы) ұсынымы негізінде жүргізіледі, тағылымдамадан өтушінің кәсіптік қызметке дербес жұмысқа жіберу мүмкіндігі туралы және қызмет басшысының (немесе нұсқаушының) ұсынымы бойынша, қызмет басшысының(немесе пайдаланушының) бұйрығымен рәсімделеді.
701. Персоналды кәсіптік қызметке дербес жұмысқа рұқсат мүмкіндігі туралы дәлелді шешімге жауапкершілікті аттестаттаудан және тағылымдамадан өткізген тұлға алады.
15-Параграф. Кәсіптік деңгейді қолдау: Жыл сайынғы кезеңдік даярлық
702. Кәсіптік деңгейін қолдау мақсатында жүргізіледі:
1) кәсіптік біліктілік деңгейін қолдау;
2) авариялық және штаттан тыс жағдайлардағы іс-әрекеттер бойынша білімдерін және дағдыларын қолдау;
3) жұмыста 6 айдан 12 айға дейін үзіліс кезінде мамандардың кәсіптік дағдыларын қалпына келтіру;
703. Әрбір кабиналық экипаж мүшесі жыл сайын кезеңдік даярлықтан және тексеруден өтіп, белгіленген үлгідегі құжат алады немесе беру және тіркеу арқылы расталған басқа да түрлерін (электронды жүйе, пайдаланушының ішкі рәсімдерін құжаттандыру немесе құжаттандырудың белгіленген рәсімдеріне сәйкес кәсіптік даярлау туралы жазба).
704. Кезеңдік даярлау қалыпты және авариялық жағдайларда және ӘК-нің әрбір пайдаланылатын үлгісі мен модификациясына сәйкес рәсімдерді әрбір кабиналық экипаж мүшесі орындай алатын іс-әрекеті қамтиды.
705. Кезеңдік даярлау ӘК-нің әрбір пайдаланылатын үлгісі мен модификациясы авариялық шығу жолдарын және әр кабиналық экипаждың мүшелерімен негізгі симуляцияларды пайдалану және іс-әрекеттерді пысықтау бойынша жыл сайынғы тәжірибелік сабақтарды қамтиды.
706. Оқыту кезінде пайдалану бойынша және авариялық-құтқару жабдықтарын орналастыруда тиісті оттегі жүйелерін зерделеуді қосады, сондай-ақ кез келген осындай жабдықтарды, мысалы, егер бортта бар болса дефибриллятор.
707. Даярлау кезінде авариялық рәсімдер бойынша көпшілікпен басқару және ұшқыштар әрекет ету қабілетінен айрылған жағдайда қолданылатын рәсімдер қамтылады.
708. Экипаждың жұмысын оңтайландыру бойынша даярлау (CRM) кезеңдік даярлауға кіретін келесі талаптардан тұрады:
1) тиісті даярлау модульдері 60-Қосымшаның бағанында көрсетілген "Жыл сайынғы кезеңдік даярлау" 3 жазғы цикл шегі қамтылады.
2) анықтау және бағдарламаны енгізу CRM бортсерігімен-нұсқаушысымен жүргізіледі.
709. Кәсіптік деңгейді қолдау, сондай-ақ рейстік жағдайларда тұрақты тексерулермен қамтамасыз етіледі, пайдаланушының нұсқаушы құрамымен кезеңділікпен жүргізіледі:
1) алғашқыда 6 айда бір рет дербес жұмысқа рұқсат алғаннан кейін 12 айда;
2) дербес жұмыстың бірінші жылынан кейін 12 айда бір рет;
710. Жыл сайынғы кезеңдік даярлау бағдарламасының мазмұны осы Бағдарламалардың 63-қосымшасында ұсынылды.
16-Параграф. Әрбір 36 ай сайын кезеңдік даярлау
711. Үш жылдық кезеңдік даярлау бағдарламасының мазмұны сондай-ақ осы Бағдарламалардың 63-қосымшасында ұсынылды.
712. Әрбір 36 ай сайын өткізілетін кезеңдік даярлау бағдарламасының қосымша элементтеріне мыналар кіреді:
1) қалыпты және авариялық шығу/есіктерін пайдалану бойынша оқыту есіктердің автоматты ашылуы және олардың істен шығуы, траптарды ашу және пайдалану кезінде кабиналық экипаждан талап етілетін іс-әрекеттері мен күш-жігерін, сондай-ақ қажет болған жағдайда кабиналық экипаж мүшелері үшін екі жақты шығу/есіктеріне жауаптыға қосымша даярлау жүргізуді қамтиды;
2) бортта үлгісі бар өртке қарсы, түтіннен қорғайтын жабдықтарды пайдалану бойынша оқыту мыналарды қамтиды, салонында әр кабиналық экипаж мүшесі жанудың барлық түрлерін сөндіру бойынша практикалық сабақтар, сонымен қатар оқу мақсатында галонды өрт сөндіргіштердің орнына балама құралдарды пайдалану ұсынылады.
713. Өрт немесе түтіннің нақты көзінен анықтауға бағытталған өрт сөндіру бойынша оқыту.
17-Параграф. Кезеңдік даярлаудың әрекет ету кезеңі
714. Жыл сайынғы кезеңдік даярлаудың әрекет ету мерзімі күнтізбелік 12 айды құрайды, алдыңғы тексеру жүргізілген айдың аяғынан бастап.
715. Егер талап етілетін кезеңдік даярлау және тексеру осы Бағдарламаның жоғарыда көрсетілген тармағына сәйкес даярлау мерзімінің аяқталуына соңғы үш күнтізбелік ай ішінде жүргізіледі, дегенмен, бастапқы қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жаңа қолданылу мерзімі басталады.
716. Үшін қосымша элементтер үшін 3-жылдық даярлау мерзімі күнтізбелік 36 айды құрайды, алдыңғы тексеру жүргізілген айдың аяғынан бастап.
717. Кейбір жағдайларды және шұғыл қажет болғанда кезеңдік даярлау және тексеру жоспардан тыс жүргізілуі мүмкін, бірақ кезекті кезеңнен кеш емес.
18-Параграф. Қалпына келтіру даярлығы
718. Қалпына келтіру даярлығы егер кабиналық экипаж мүшесімен соңғы тиісті кезеңдік даярлау және тексеруден бастап алты ай бойы қатарынан мынандай жағдайлар болғанда жүргізіледі:
1) ұшу қызметінде үзілісі бар. Мұндай жағдайда міндеттерді орындауға қайта тағайындау алдында кабиналық экипаж мүшесі өзі тағайындалатын әрбір ӘК үлгісінен қалпына келтіру даярлығынан және тексеруден өтеді.
2) ӘК-нің белгілі бір үлгісінде ұшу қызметінен үзілісі бар. Мұндай жағдайда міндеттерді орындауға қайта тағайындауда кабиналық экипаж мүшесі сол ӘК үлгісінен қалпына келтіру даярлығынан және тексеруден немесе осы Бағдарламалардың 28-бөлімінің 14- параграфына сәйкес екі таныстыру ұшуынан өтеді.
719. Қалпына келтіру даярлығы Бағдарламаларының мазмұны келесі модульдерді зерделеуді қамтиды:
1) Авариялық рәсімдер;
2) Эвакуация рәсімдері;
3) ӘК-нің әрбір пайдаланылатын үлгісі мен модификациясы нақты пайдалану емес негізгі және авариялық шығу жолдарын пайдалануды көрсету.
4) Барлық басқа да шығу жолдарын, ұшу экипажы кабинасының терезесін де қоса пайдалануды көрсету.
5) Орналасқан жері және барлық тиісті бортта орналастырылған немесе тасымалданатын авариялық - құтқару жабдықтарын пайдалану.
720. Пайдаланушыға қалпына келтіру даярлығын, жыл сайынғы кезеңдік даярлауға таңдап ауыстыруға рұқсат етіледі, егер кабиналық экипаж мүшесінің қолданылу мерзімі шегінде болса міндеттерін қайта жаңарту тексеру және жыл сайынғы кезеңдік даярлауды бастайды. Егер аталған қолдану мерзімі өтіп кетсе, қалпына келтіру даярлығы, тек үлгісін ескере отырып, әуе кемесінің модификациясы және пайдаланушы ерекшеліктері даярлығымен ауыстырылады.
721. Ұшу қызметінде бір жылдан астам үзіліс болса, бірақ кабиналық экипаж мүшесі бес жылға дейін үлгісін ескере отырып, әуе кемесінің модификациясы және пайдаланушы ерекшеліктерін, сондай-ақ қажетті көлемде рейстік тағылымдама даярлығынан өтуге міндетті.
722. Ұшу қызметінде бес жылдан астам үзіліс болса, кабиналық экипаж мүшесі бастапқы даярлауды толық көлемде өтеді.
19-Параграф. Кабиналық экипаждың аға мүшесін даярлау
723. Аға бортсеріктерді даярлауды тәжірибелік даярлау нысанында пайдаланушының өзі жүзеге асырылуы мүмкін, сондай-ақ авиациялық оқу орталығында жеке курс түрінде (тренинг). Уәкілетті органда даярлау бағдарламасын бекіту талап етілмейді, бірақ осы Бағдарламаларға сәйкес пайдаланушы міндетті элементтерді зерделеуді қамтамасыз етеді.
724. Тәжірибелік даярлау көлемі кемінде екі ұшу, біріншісі таныстыру ұшуы ретінде, екіншісі біліктілік алу үшін.
725. Кабиналық экипаждың аға мүшесін даярлау бойынша курс кабиналық экипаждың аға мүшелерінің жауапкершілігінің және міндеттерінің барлық түрін қамтиды және келесілерді қосады:
1) ұшу алдындағы брифинг;
2)экипажбен өзара әрекет;
3) пайдаланушы талаптарымен және заң талаптарымен танысу;
4) инциденттер мен оқиғаларды шолу;
5) адами фактор және экипаж жұмысын оңтайландыру (CRM);
6) ұшу және жұмыс уақытын шектеу және экипаж демалысына қойылатын талаптар.
726. Осы Бағдарламалардың 64- қосымшасында кабиналық экипаждың аға мүшесін даярлау бағдарламасының мазмұны толық ұсынылған.
20-Параграф. Жеке түрде ұшуды орындайтын кабиналық экипажды даярлау
727. Кабиналық экипаж мүшелерін даярлауда ұшуларды жеке орындауда тағайындайтын ерекше қосымша элементтер мыналарды қамтиды:
1) ӘК командирі алдында қалыпты және авариялық рәсімдерді жүргізудегі жауапкершілігі;
2) бортта тыңдамайтын немесе деструктивті жолаушылар болған жағдайда, үйлестіру маңыздылығы және ұшу экипажымен өзара қарым-қатынас;
3) пайдаланушы талаптарын және заң талаптарын шолу;
4) ұшу құжаттамасын жүргізу тәртібі;
5) инциденттер мен оқиғалар бойынша есеп;
6) ұшу және жұмыс уақытын шектеу және экипаж демалысына қойылатын талаптар.
21-Параграф. Даярлау бағдарламаларын бекіту, тексеру және тиісті құжаттама
728. Даярлау бағдарламасы және кабиналық экипаж мүшелерін тексеру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі және ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың D "Training/Даярлық" бөлініне енгізіледі.
729. Оқу курсын кабиналық экипаж сәтті аяқталғаннан кейін және пайдаланушы тиісті тексеру жүргізеді:
1) кабиналық экипажды даярлау туралы есебінде жазуларды жаңартады;
2) даярлық өткен ӘК үлгіде немесе модификациясында ұшуды орындауға біліктілік рұқсатнамаларының қолданылу мерзімдері көрсетілген, кабиналық экипаж мүшесіне тізім ұсынады.
22- Параграф Даярлау бағдарламалары, тексеру және тиісті құжаттама. ӘК үлгісіне/модификациясына біліктілік рұқсатын беру тізімі
730. Кабиналық экипаж мүшелерінің оқу курсын сәтті аяқтағандарына тексеруге сәйкес ӘК үлгісіне немесе модификациясына біліктілік рұқсатнамаларының қолданылу мерзімдерімен жаңартылған тізім ұсыну кезінде пайдаланушы келесі форматты пайдаланады:
Кабиналық экипаждың ӘК үлгісіне/модификациясына біліктілік рұқсаты
|
(a)
|
Кабиналық экипаж куәлігінің нөмірі:
|
(b)
|
Кабиналық экипаж куәлігін ұстаушының толық аты:
Жоғарыда айтылғанған тұлға бортта кабиналық экипаж мүшесі ретінде әрекет етуі мүмкін, егер оның төменде аталған ӘК үлгісіне немесе модификациясына біліктілік рұқсатында күні көрсетілген болса DD/MM/PR, осы Бағдарламаларда көрсетілген әрекет ету шарттарына сәйкес келеді.
|
(c)
|
Берген орган:
(аты, почталық мекенжайы, анықтамалық нөмірі AOC (СЭ) және мақұлдауға, мөр немесе логотипі)
|
(d)
|
Берген күні: (DD/MM/YYYY)
|
(1)
|
(2)
|
(3)
|
(4)
|
(5)
|
(6)
|
(7)
|
(8)
|
|
Біліктілік рұқсатының жарамдылығы дейін:
|
ӘК түрін ескере отырып даярлау
|
Пайдаланушыны даярлау
|
Модификациясын ескере отырып даярлау
|
Рейстік тағылымдама
|
Соңғы және кезеңдік даярлау
|
Қалпына келтіру даярлығы (егер қолданылса)
|
ӘК 1 үлгісі
|
|
|
|
|
|
|
|
Модификация
|
|
|
|
|
|
|
|
ӘК 2 үлгісі
|
|
|
|
|
|
|
|
Модификация
|
|
|
|
|
|
|
|
ӘК 3 үлгісі
|
|
|
|
|
|
|
|
Модификация
|
|
|
|
|
|
|
|
731. Біліктілік рұқсатының қолдану мерзімін белгілеу үшін, басқа форматты пайдалану кезінде көрсетіледі, ең аз элементтер (а)-дан, (d) – дейінгі бағаналарда көрсетілген, сондай-ақ мәліметтер (1) және (2) бағандарда көрсетілген.
27 тарау. Әуежайлардағы ұшуларды әуеайлақтық қамсыздандыру бойынша мамандар, инженерлік-техникалық қызметкерлерді кәсіби дайындаудың үлгілік бағдарламалары
«Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұшуларын әуеайлақпен қамтамасыз ететін қағидалармен» қызметі реттелетін әуеайлақтардың техникалық пайдаланумен айналысатын мамандардың (басшылар, инженерлер, әуеайлақ қызметінің шебері, ұшуларға әуеайлақ элементтерінің дайындық жағдайын бақылайтын мамандар), кәсіби дайындаудың үлгілік қағидалары, өзіне «Ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиациялық қызметкерлерді кәсіби дайындау қағидалары» сәйкес жүзеге асырылатын оқыту бағдарламаларының минималды көлемін қосады.
Қажеттілік бойынша азаматтық авиация кәсіпорынның шешімімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласында нормативтік-құқықтық актілермен анықталатын кәсіби дайындыққа жаңа немесе қосымша талаптарды ендіргенде қосымша және арнайы курстар мен тренингтер өткізіледі.
Әуежайларда ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз ету бойынша мамандарды алғашқы дайындық міндетті түрде кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін алғашқы рет қабылданған тұлғалар үшін өткізіледі. Сонымен бірге азаматтық авиация саласында бірдей мамандық бойынша бұрын жұмыс істегендер үшін алғашқы дайындық қажет етілмейді.
Алғашқы дайындық көлемсі оқыту уақытына байланыссыз 72 сағаттан кем емес сағатты құрайды.
Өз бетімен жұмыстарды орындауға рұқсат алу үшін ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз ету бойынша мамандар тәжірибелі маман басшылығымен (әуеайлақ ерекшеліктерімен, әуеайлақтағы қауіпсіздік талаптарын, әуеайлақтағы қозғалыс ережесімен, радио байланыс жүргізу тәртібімен, әуеайлақ ұстау бойынша технологиялармен, басқа да қызметтер мен ұйымдармен өзара әрекет тәртібімен, қызмет мамандарының жұмыс технологияларымен, ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттармен танысу және игеру, тағылымдамадан өтіп, тағылымдама аяқталуы бойынша меңгерген білім мен дағдылар бойынша тиісті сынақтар тапсырылады.
Әуежайдың бірінші басшысының бұйрығымен өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат жүзеге асырылады.
Ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз ету бойынша мамандарды қайта дайындау әуежайларды пайдаланушылар бағдарламасы бойынша жаңа ресімдер мен технологияларды енгізу, сондай-ақ АА АОО бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ бағдарламалар азамсаттық авиация саласындағы уәкілетті органның міндетті келісімін қажет етпейді.
Ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз ету бойынша мамандардың кәсіби деңгейін қолдау кемінде үш жылда бір реттен өткізіледі. Кәсіби деңгейді қолдау бойынша курстың көлемі 24 сағаттан кем емес уақытты құрайды.
Кәсіби деңгейді қолдау өзіне курстарды, тернингтерді және семинарларды, оның ішінде көрсетілген алғашқы дайындық тақырыптық үлгілік бағдарламаларына сәйкес қашықтықтық оқудан өтуді қосады.
Жүзеге асырылатын кәсіби дайындықтың түріне байланыссыз оқытудың аяқталуы бойынша оқытылатын маман білімінің қорытынды бақылауы өткізіледі, оның нәтижесі бойынша тиісті құжат беріледі.
Осы Үлгілік бағдарламалардың 103 қосымшасында келтірілген, минимум келесі салаларда қажетті білімдерді игеруді алғашқы дайындық өзіне қосады.
Алғашқы дайындықтың Үлгілік бағдарламасы Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 14 қосымшасының және азаматтық авиация саласындағы ұлттық заңнама негізінде әзірленді.
мамандық бойынша кәсіби деңгейді аралық қолдау мақсатымен кәсіби деңгейді қолдау өткізіледі;
реттелетін құжаттарда жаңа талаптар мен өзгерістерді игеру;
жұмыста 6 айдан артық үзілістен кейін мамандардың кәсіби дағдыларын қалпына келтіру.
28 тарау. Ұшуларды орнитологиялық қамсыздандыру бойынша мамандарды кәсіби дайындаудың үлгілік бағдарламалары
«Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұшуларын орнитологиялық қамтамасыз ететін қағидалармен» қызметі реттелетін ұшуларды орнитологиялық қамсыздандыру бойынша мамандардың кәсіби дайындаудың үлгілік қағидалары, өзіне «Ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиациялық қызметкерлерді кәсіби дайындау қағидалары» сәйкес жүзеге асырылатын оқыту бағдарламаларының минималды көлемін қосады.
Қажеттілік бойынша азаматтық авиация кәсіпорынның шешімімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласында нормативтік-құқықтық актілермен анықталатын кәсіби дайындыққа жаңа немесе қосымша талаптарды ендіргенде қосымша және арнайы курстар мен тренингтер өткізіледі.
Әуежайларда ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз ету бойынша мамандарды алғашқы дайындық міндетті түрде кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін алғашқы рет қабылданған тұлғалар үшін өткізіледі. Сонымен бірге азаматтық авиация саласында бірдей мамандық бойынша бұрын жұмыс істегендер үшін алғашқы дайындық қажет етілмейді.
Алғашқы дайындық көлемі оқыту уақытына байланыссыз 24 сағаттан кем емес сағатты құрайды.
Өз бетімен жұмыстарды орындауға рұқсат алу үшін ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз ету бойынша мамандар тәжірибелі маман басшылығымен (әуеайлақ ерекшеліктерімен, әуеайлақтағы қауіпсіздік талаптарын, әуеайлақтағы қозғалыс ережесімен, радио байланыс жүргізу тәртібімен, әуеайлақ ұстау бойынша технологиялармен, басқа да қызметтер мен ұйымдармен өзара әрекет тәртібімен, қызмет мамандарының жұмыс технологияларымен, ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттармен, үркіту құралдарын пайдалану, әуеайлақта қоршаған ортаның өзгеруі, көші-қон аралығы, өмір сүру ортасы, әуежайдағы жабайы табиғат облысындағы соңғы жаңалықтар, әуежайда қолданылатын шаралар мен басқа да сұрақтармен танысу және игеру) тағылымдамадан өтіп, тағылымдама аяқталуы бойынша меңгерген білім мен дағдылар бойынша тиісті сынақтар тапсырылады.
Әуежайдың бірінші басшысының бұйрығымен өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат жүзеге асырылады.
Ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз ету бойынша мамандарды қайта дайындау әуежайларды пайдаланушылар бағдарламасы бойынша жаңа ресімдер мен технологияларды енгізу, сондай-ақ АА АОО бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ бағдарламалар азамсаттық авиация саласындағы уәкілетті органның міндетті келісімін қажет етпейді.
Ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз ету бойынша мамандардың кәсіби деңгейін қолдау кемінде үш жылда бір реттен өткізіледі. Кәсіби деңгейді қолдау бойынша курстың көлемі 12 сағаттан кем емес уақытты құрайды.
Кәсіби деңгейді қолдау өзіне курстарды, тернингтерді және семинарларды, оның ішінде көрсетілген алғашқы дайындық тақырыптық үлгілік бағдарламаларына сәйкес қашықтықтық оқудан өтуді қосады.
Жүзеге асырылатын кәсіби дайындықтың түріне байланыссыз оқытудың аяқталуы бойынша оқытылатын маман білімінің қорытынды бақылауы өткізіледі, оның нәтижесі бойынша тиісті құжат беріледі
Осы Үлгілік бағдарламалардың 104 қосымшасында келтірілген, минимум келесі салаларда қажетті білімдерді игеруді алғашқы дайындық өзіне қосады.
Кәсіби деңгейді қолдау келесі мақсатпен өткізіледі:
мамандық бойынша кәсіби деңгейді аралық қолдау мақсатымен кәсіби деңгейді қолдау өткізіледі;
реттелетін құжаттарда жаңа талаптар мен өзгерістерді игеру;
жұмыста 6 айдан артық үзілістен кейін мамандардың кәсіби дағдыларын қалпына келтіру.
29 тарау. Әуежайлардағы әуе ЖЖМ қамсыздандыратын мамандарды кәсіби дайындаудың үлгілік бағдарламалары (ЖЖМ қызметінің басшысы, инженерлік құрам мен сақтауға, құюға беруге дайындыққа және авиациялық жанар-жағармай материалдарының сапасын бақылауды өткізуге жауапты мамандар)
«Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтардың сапасын бақылауды өткізу мен құюға дайындау, сақтау қағидаларымен» қызметтері реттелетін әуежайлардағы ЖЖМ қоймасының басшылығы және техникалық пайдаланумен, авиациялық жанар-жағармай материалдарының сапасын бақылаумен айналысатын мамандардың(басшылар, инженерлер, ЖЖМ қызметінің мамандары) кәсіби дайындығының осы үлгілік ережелері, өзіне «Ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиациялық қызметкерлерді кәсіби дайындау қағидалары» сәйкес жүзеге асырылатын оқыту бағдарламаларының минималды көлемін қосады.
Қажеттілік бойынша азаматтық авиация кәсіпорынның шешімімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласында нормативтік-құқықтық актілермен анықталатын кәсіби дайындыққа жаңа немесе қосымша талаптарды ендіргенде қосымша және арнайы курстар мен тренингтер өткізіледі.
Әуежайларда әуеЖЖМ-мен қамтамасыз ету бойынша мамандарды алғашқы дайындық міндетті түрде кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін алғашқы рет қабылданған тұлғалар үшін өткізіледі. Сонымен бірге азаматтық авиация саласында бірдей мамандық бойынша бұрын жұмыс істегендер үшін алғашқы дайындық қажет етілмейді.
Алғашқы дайындық көлемі оқыту уақытына байланыссыз 72 кем емес сағатты құрайды.
Өз бетімен жұмыстарды орындауға рұқсат алу үшін әуежайларда әуеЖЖМ-мен қамтамасыз ету бойынша мамандар тәжірибелі маман басшылығымен (ЖЖМ қоймасының технологиялық жабдығымен, өрт қауіпсіздігі талаптарымен, қауіпсіздік техникасымен, қойманың технологиялық жабдықтарының ресімдері мен пайдалану технологияларымен, әуеЖЖМ сапасын бақылау, әуе жанармайын қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттармен танысу және игеру) тағылымдамадан өтіп, тағылымдама аяқталуы бойынша меңгерген білім мен дағдылар бойынша тиісті сынақтар тапсырылады.
Әуежайдың бірінші басшысының бұйрығымен өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат жүзеге асырылады.
ӘуеЖЖМ қамтамасыз ету бойынша мамандарды қайта дайындау әуежайларды пайдаланушылар бағдарламасы бойынша жаңа ресімдер мен технологияларды енгізу, сондай-ақ АА АОО бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ бағдарламалар азамсаттық авиация саласындағы уәкілетті органның міндетті келісімін қажет етпейді.
ӘуеЖЖМ қамтамасыз ету бойынша мамандардың кәсіби деңгейін қолдау кемінде үш жылда бір реттен өткізіледі. Кәсіби деңгейді қолдау бойынша курстың көлемі 24 сағаттан кем емес уақытты құрайды.
Кәсіби деңгейді қолдау өзіне курстарды, тернингтерді және семинарларды, оның ішінде көрсетілген алғашқы дайындық тақырыптық үлгілік бағдарламаларына сәйкес қашықтықтық оқудан өтуді қосады.
Жүзеге асырылатын кәсіби дайындықтың түріне байланыссыз оқытудың аяқталуы бойынша оқытылатын маман білімінің қорытынды бақылауы өткізіледі, оның нәтижесі бойынша тиісті құжат беріледі.
Осы Үлгілік бағдарламалардың 105 қосымшасында келтірілген, минимум келесі салаларда қажетті білімдерді игеруді алғашқы дайындық өзіне қосады.
Кәсіби деңгейді қолдау келесі мақсатпен өткізіледі:
мамандық бойынша кәсіби деңгейді аралық қолдау мақсатымен кәсіби деңгейді қолдау өткізіледі;
реттелетін құжаттарда жаңа талаптар мен өзгерістерді игеру;
жұмыста 6 айдан артық үзілістен кейін мамандардың кәсіби дағдыларын қалпына келтіру.
30 бөлім. Әуежайларда ұшуларды апаттық-құтқарумен қамтамасыз ету бойынша мамандарды кәсіби дайындығының үлгілік ережелері (ҰАҚҚІҚ басшылық қызметкерлері)
«Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуларды апаттық-құтқарумен қамтамасыз етудің кәсіби дайындық қағидаларымен» қызметтері реттелетін әуежайлардағы ұшудың апаттық-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыратын және үйрету басшылығымен айналысатын мамандардың кәсіби дайындығының үлгілік бағдарламалары (басшылар, ҰАҚҚІҚ басшыларының орынбасарлары, ҰАҚҚІҚ АҚК басшылары, ҰАҚҚІҚ нұсқаушылары) кәсіби дайындығының осы үлгілік ережелері, өзіне «Ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиациялық қызметкерлерді кәсіби дайындау қағидалары» сәйкес жүзеге асырылатын оқыту бағдарламаларының минималды көлемін қосады.
Қажеттілік бойынша азаматтық авиация кәсіпорынның шешімімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласында нормативтік-құқықтық актілермен анықталатын кәсіби дайындыққа жаңа немесе қосымша талаптарды ендіргенде қосымша және арнайы курстар мен тренингтер өткізіледі.
Ұшуларды апаттық-құтқару бойынша қамтамасыз ететін мамандарды алғашқы дайындық міндетті түрде кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін алғашқы рет қабылданған тұлғалар үшін өткізіледі. Сонымен бірге азаматтық авиация саласында бірдей мамандық бойынша бұрын жұмыс істегендер үшін алғашқы дайындық қажет етілмейді.
Алғашқы дайындық көлемі оқыту уақытына байланыссыз 72 кем емес сағатты құрайды.
Өз бетімен жұмыстарды орындауға рұқсат алу үшін ұшуларды апаттық-құтақару бойынша қамтамасыз ететін мамандар тәжірибелі маман басшылығымен (апатттық-құтқару жабдықтары, өрт техникалары, әуеайлақ сызбалары, әуеайлақ қауіпсіздігі талаптары, әуеайлақтағы қозғалысының ережесі, радио байланыс жүргізу тәртібі, басқа қызметтермен өзара әрекеттесу технологиялары, нормативтік құжаттармен танысу және игеру) тағылымдамадан өтіп, тағылымдама аяқталуы бойынша меңгерген білім мен дағдылар бойынша тиісті сынақтар тапсырылады.
Әуежайдың бірінші басшысының бұйрығымен өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат жүзеге асырылады.
Ұшуларды апаттық-құтқару бойынша мамандарды қайта дайындау әуежайларды пайдаланушылар бағдарламасы бойынша жаңа ресімдер мен технологияларды, жаңа жабдықтарды енгізу, сондай-ақ АА АОО бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ бағдарламалар азамсаттық авиация саласындағы уәкілетті органның міндетті келісімін қажет етпейді.
Ұшуларды апаттық-құтқару бойынша қамтамасыз ететін мамандардың кәсіби деңгейін қолдау кемінде үш жылда бір реттен өткізіледі. Кәсіби деңгейді қолдау бойынша курстың көлемі 24 сағаттан кем емес уақытты құрайды.
Кәсіби деңгейді қолдау өзіне курстарды, тернингтерді және семинарларды, оның ішінде көрсетілген алғашқы дайындық тақырыптық үлгілік бағдарламаларына сәйкес қашықтықтық оқудан өтуді қосады.
Жүзеге асырылатын кәсіби дайындықтың түріне байланыссыз оқытудың аяқталуы бойынша оқытылатын маман білімінің қорытынды бақылауы өткізіледі, оның нәтижесі бойынша тиісті құжат беріледі
Осы Үлгілік бағдарламалардың 106 қосымшасында келтірілген, ең аз деген келесі салаларда қажетті білімдерді игеруді алғашқы дайындық өзіне қосады.
Кәсіби деңгейді қолдау келесі мақсатпен өткізіледі:
мамандық бойынша кәсіби деңгейді аралық қолдау мақсатымен кәсіби деңгейді қолдау өткізіледі;
реттелетін құжаттарда жаңа талаптар мен өзгерістерді игеру;
жұмыста 6 айдан артық үзілістен кейін мамандардың кәсіби дағдыларын қалпына келтіру.
31 бөлім. Іздестіру және құтқаруды үйлестіру орталығы қызметкерлерін кәсіби дайындауға арналған үлгілік бағдарлама
1 Параграф. Жалпы ережелер
1.Іздестіру және құтқаруды үйлестіру орталығы (ары қарай-ІҚҮО) қызметкерін кәсіби дайындауға арналған берілген үлгілік бағдарлама ІҚҮО диспетчерлерінің, ауысым бастығының (аға диспетчерлердің), нұсқаушылардың, бастықтың кәсіби дайындығы мен өз бетімен жұмыс істеуінің қағидаларын, реттілігін, ең төменгі көлемін анықтайды.
2. ІҚҮО қызметкерлерін (ары қарай-мамандарды) кәсіби дайындау қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті біліктілік талаптарына сай болуды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
3. Берілген бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылатын кәсіби дайындық ІҚҮО мамандарының кәсіби іс-әрекетінде қолданылатын мамандандырылған білім мен дағдыларды алуды және тереңдетуді қамтамасыз етеді.
4. Берілген бағдарлама негізінде жүзеге асырылатын ІҚҮО мамандарын кәсіби дайындау кәсіпті меңгеру (мамандықты немесе мамандандыруды), қызмет аясын өзгерту немесе кеңейту, бұрынырақ алған білімді жаңарту барысында, сондай-ақ апатты және штаттан тыс жағдайларда әрекеттерді жүзеге асырумен байланысты шаралар барысында орындалатын қызметтік міндеттерге сәйкес келу үшін жүргізіледі.
5. Бастапқы дайындық сәйкес санат мамандарына қойылатын біліктілік талаптарына сай болу үшін бастапқы, біліктіліктік білімді, дағдылар мен қабілеттерді алуды, сондай-ақ дамытуды қамтамасыз етеді.
6. ІҚҮО мамандарын қайта дайындау жұмыс сипаты мен шарты , жүйе құрылымы (жаңашаландыру немесе алмастыру), мамандықтар, мамандандыру, жұмыс профилі өзгерген кезде, сондай-ақ біліктіліктік баға алу үшін жүргізіледі.
7. ІҚҮО мамандарының кәсіби деңгейін сақтау ұжымдық жұмыс дағдыларын, жүйе немесе құрылғы өзгерістерімен танысуды, жаңа шаралар мен тәжірибелерді зерттеуді, апатты, қауіпті және штаттан тыс жағдайларда әрекет етуді, сондай-ақ жұмыстағы 6 айдан көп үзілістен кейін кәсіби дағдыларын қалпына келтіруді қоса отырып, қазір меңгерген білімі мен дағдыларын кеңейтуді, қайта қарастыруды, бекітуді қамтамасыз етеді.
8. Қосымша және мамандандырылған курстар мен тренингтер қажет болған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және стандарттармен және де Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ары қарай-ИКАО) ұсынатын тәжірибемен анықталатын кәсіби дайындыққа қосымша және жаңа талаптар енгізген кезде жүргізіледі.
9. Ағылшын тілі аясындағы элементтер белгілі бір қызметті немесе жұмыс орнын орындау үшін маманды дайындау қажет болған кезде кәсіби дайындық бағдарламасына қосымша енгізіледі.
10. Және де ағылшын тілі аясындағы бағдарламалар тыңдаушыларды біліммен және дағдыларын ИКАО шкаласы бойынша жұмыс деңгейінде өз қабілеттерін өздігінен қалыптастыру үшін дағдыларын пайдаланумен қамтамасыз етуі керек:
1) жалпы, нақты және жұмыспен байланысты мәселелер бойынша тиянақты және анық түсінісу;
2) хабарламалар алмасу үшін, түсініспеушіліктерді анықтау және алдын алу үшін байланыстың сәйкес әдісін қолдану (мысалы, тексеру арқылы ақпаратты растау немесе нақтылау);
3) штаттық жұмыс жағдайы кезінде немесе белгілі байланыс тапсырмасын орындау үдерісінде оқиғалардың алдын ала болжанбаған шиеленісуі немесе күрделенуі барысында пайда болатын лингвистикалық мәселелерді жемісті және біршама оңайырақ шешу;
4) авиациялық қоғамдасытққа түсінікті диаклектті немесе екпінді пайдалану.
11. ІҚҮО мамандарын оқыту, тағылымдамадан өткізу және оларға міндеттелген қызметті орындауға рұқсат беру, сондай-ақ олардың біліктілігін анқтау Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен ИКАО 12 қосымшасы мен Халықаралық авиациялық және теңіздік іздестіру мен құтқару бойынша нұсқаулықтар (ары қарай-ХАТІҚН) талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
12. Жүзеге асырылған кәсіби дайындық түріне тәуелсіз оқыту аяқталған соң оқушы маман білімінің қорытынды бақылауы жүргізіледі, нәтижесі бойынша «ІҚО (SMS) үйлестіруші», «ІҚО(Р) (SAR) нұсқаушысы», біліктілігін берумен қатар 4 тараудың 1 параграфымен 2011 жылдың 4 қарашасынан Қазақстан Республикасы Басқармасы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республиасы аймағында ұшуды іздестіру-құтқару қызметімен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша № 1296 Ережеге (ары қарай-ҰІҚҚ Ережесі) сәйкес оқуды аяқтағандығын куәландыратын құжат (диплом, куәлік, сертификат, төлқұжат) беріледі.
13. Берілген үлгілік бағдарлама стандарттарға және ИКАО ұсынатын тәжірибеге, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері талаптарына сәйкес келеді және ІҚҮО мамандары кәсіби дайындығының барынша аз көлемін белгілейді.
2 параграф. ІҚОҮ мамандарының бастапқы дайындығы және қайта дайындау
14. ІҚОҮ мамандарының бастапқы дайындығы берілген салада кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыру үшін алғаш рет қабылданған (тағайындалған) тұлғалар үшін жүргізіледі. Және де бұрынырақ рұқсаты болған және азаматтық авиация саласында ІҚОҮ маманы ретінде жұмыс істеген тұлғалар үшін бастапқы дайындық талап етілмейді.
15. ІҚОҮ мамандарын бастапқы дайындауға авиациялық білімге немесе азаматтық авиация маманының кез-келген санаты (кәсіп, мамандық, мамандандыру және т.б.) бойынша кәсіби дайындыққа ие, сондай-ақ азаматтық авиацияның пайдаланушылық кәсіпорындарында үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесіне ие (диспетчер, штурман, ұшқыш) тұлғалар жіберіледі.
16. ІҚОҮ мамандарын бастапқы дайындау оқытудың жалпы көлемін құрайтын келесі сатылардан тұрады:
1) теориялық дайындық;
2) тәжірибелік дайындық.
17. Теориялық дайындық оқытудың келесідей негізгі түрлері барысында жүзеге асырыла алады:
1) тұрақты түскі (кешендік, үлгілік);
2) модульдік;
3) сырттай;
4) қашықтық;
5) біріктірілген;
6) тұрақты түскі (кешендік, үлгілік) (авиациялық оқиғалар барысында әрекеттерді сарапқа салу)
18. Бастапқы дайындық бағдарламасы келесі өлшемдерге сәйкес келеді:
1) диспетчерлік немесе жаззғы құрамадан ІҚОҮ мамандарын бастапқы дайындау барысында дайындық көлемі 80 оқу сағатынан төмен болмауы керек (берілген Үлгілік бағдарламаларға 106 Қосымша);
2) авиациялық білімі жоқ тұлғалардан ІҚОҮ мамандарын бастапқы дайындау барысында дайындық көлемі 160 оқу сағатынан аз болмау керек (берілген Үлгілік бағдарламаларға 106 Қосымша);
3) ІҚОҮ мамандарын бастапқы дайындау бағдарламасы сәйкес тағылымдаманы өткеннен кейін талап етілетін біліктілік бағасын алу үшін жеке алынған, және де барлық мүмкін болатын жұмыс орындарын оқытуды қосуы мүмкін.
19. ІҚОҮ мамандарын тәжірибелік дайындау бастапқы дайындықтың міндетті бөлігі болыа табылады және өндірістік бөлімшеде, өздігінен жұмыс істеуге рұқсат беру алдында, жұмыс орнындағы тағылымдама түрінде, теориялық дайындық аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады (іздестіру және құтқару бойынша оқу жаттығуларын өткізу немесе авиациялық оқиғалар барысындағы әрекеттерді сараптау).
Авиациялық оқиғалар барысындағы әрекеттерді сараптау кезінде мүмкіндігінше ІІБ диспетчерлерін (мамандарын) қатыстыруға тырысады, соның ішінде әуедегі сияқты жағдай жасайтын арнайы диспетчерлік жаттығу құрылғыларында жүргізеді.
20. Жұмыс орнындағы тағылымдама бастапқы дайындық аяқталғаннан кейін жүргізіледі, тағылымдаманың ең аз көлемі берілген Үлгілік бағдарламаға 107 Қосымшада келтірілген және үміткердің (тағылымгердің) кәсіби іс-әрекетін, сондай-ақ берілген іс-әрекет түрін тағылымгердің меңгеру қабілеті жоспарланып отырған жұмыс орнымен анықталады.
21. ІҚОҮ мамандарын бастапқы дайындау бағдарламасы аясында тәжірибелік дайындық жұмыстарын жүргізу нұсқаушысынң басшылығымен (немесе сәйкес дайындыққа ие және нұсқаушы болып жұмыс істеуге рұқсаты бар ІҚОҮ бастығының) жүзеге асырылады, бірақ бір уақытта дайындалатын оқушылар саны екеуден көп болмауы тиіс.
22. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен және ИКАР талаптарымен, анықталатын ІҚОҮ мамандарын кәсіби дайындауға қойылатын жаңа және қосымша талаптарды енізу барысында оларды кәсіби дайындық бағдарламасында жүзеге асыру міндетті болып табылады, ал оқу жоспарының жалпы саны азаматтық авиация саласындағы өкілетті органның ұсынысы бойынша авиациялық оқу орталықтарында (ары қарай –АОО) түзетіледі.
23. ІҚОҮ мамандарын қайта дайындау біліктіліктік баға (жазба) алу үшін жүргізіледі, ал қайта дайындықтың оқу бағдарламасы (қажет болған жағдайда) бастапқы дайындық барысындағы пайдалану ережелері бөлімін оқыту үшін қарастырылған көлемге тәуелді көлемдегі сәйкес шаралар теориясын оқытудан тұрады, сондай–ақ талап етілетін біліктілік бағасына сәйкес берілген Үлгілік бағдарламаға 106 және/немесе 110 Қосымшаларда келтірілген білім саласын қамтуы керек.
24. ІҚОҮ мамандарын арнайы дайындау келесі жағдайларда жүргізіледі:
1) ережелерді (шараларды) өзгерту немесе енгізу
2) пайдалануға жаңа жүйелерді енгізу;
3) іздестіру және құтқару саласындағы нормативтік құқықтық акті талаптарына сәйкес аэронавигациялық қызметті жеткізушінің шешімі бойынша.
25. ІҚОҮ мамандарының арнайы дайындығы теориялық және тәжірибелік дайындық түрінде аэронавигациялық ұйымның өзімен, сондай–ақ АОО жеке курс, тренинг түрінде жүзеге асырыла алады. Және де дайындық бағдарламалары (жоспарлары) азаматтық авиация саласындағы өкілетті органмен келісілуі мүмкін.
3 параграф. Жұмыс істеуге рұқсат алу үшін тағылымдаманы ұйымдастыру
26. Жұмыс орнында өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат алу үшін тағылымдамадан өтуге сәйкес кәсіби дайындықтан өткен және 4 тараудың 1 параграфындағы ҰІҚҚ Ережесіне сәйкес біліктілікті меңгерудің бекітілген бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтағандығын растайтын құжатқа ие тұлғадар жіберіледі.
27. Тағылымдама, яғни, оқыту және оқуды жүргізу (оқытудың тәжірибелік түрі) нұсқаушы жұмысын атқаруға рұқсаты бар, дайындалған білікті маманның тұрақты бақылауымен және басқаруымен жүзеге асырылады.
Жаңа жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде, берілген жұмыс орнында жұмыс істеуге рұқсаты бар маман жоқ болған кезде тағылымдама ІҚОҮ ұқсату жолымен ұйымдастырылады, немесе 10 сағаттан кем емес көлемде моделдеудің (саралау) басқа да әдістерімен.
28. Бұл жағдайда тағылымдаманы жүргізуді жұмыс істеуге рұқсаты бар, жаңа жұмыс орны ерекшеліктерімен алдын ала танысқан нұсқаушы жүргізеді.
29. Нұсқаушы тағылымгер туралы объективті мәліметтер негізінде және онымен жеке әңгімелесе отырып, тағылымдаманы өткізудің жеке жоспарын құрастырады, онда қажетті құжатнаманы оқыту мерзімі, тәжірибелік дайындық мерзімі және мазмұны, жұмыс орнындағы тәжірибелік әрекеттерді (шараларды) бастау уақыты анықталады. Нұсқаушы тағылымдаманы өткізу жоспарына қажетінше түзетулер енгізеді.
30. Тағылымдаманы жүргізудің жеке жоспарын құрастыру барысында тағылымгерді қосымша тесттен өткізуге рұқсат етіледі.
31. Жұмыс орнындағы тағылымдама жоспары тұрады:
1) берілген жұмыс орнында ІҚОҮ мамандарының жұмыс технологиясын және апаттылықтық әртүрлі деңгейлеріндегі ерекшеліктер оқытылады.
2) жұмыс орнын зерттеу (құрылғылар мен оларды пайдалану);
3) радиоалмау ережелері мен фразеологиясын түсіну (қажет болған жағдайда);
4) іздестіру және құтқару ауданы жоспарын және оның физикалық сипаттамаларын оқыту;
5) аэронавигациялық ұйымның ұйымдастырушылық құрылымын оқыту;
6) ІІО жалпы технологиялық үдерістермен және ауа кеңістігінің құрылысымен таныстыру;
7) берілген жұмыс орнында қолданылатын анықтама материалдарымен таныстыру;
8) іргелес ІҚОҮ, ІІО диспетчерлік бөлімшелерімен, ұшуды бақылау және үйлестіру органдарымен өзара әрекет ету ретін және ерекшеліктерін оқыту;
9) метеорологиялық қамтамасыз етумен таныстыру;
10) байланыс құралдарымен және ұшуды қамтамасыз етудің радиотехникалық жүйелерімен таныстыру;
11) тәжірибелік іс1әрекет (дайындық).
Басқа жұмыс орындарындағы тағылымдама жоспары олардың қызметі мен тапсырмаларына байланысты құрастырылады.
32. Жұмыстан басқа негізгі жұмыс орнында тағылымдама өткізу барысында іргелес (көрші) ІҚОҮ мамандарының, ІІО диспетчерлерінің жұмыстарымен таныстыру қамтамасыз етіледі.
33. Алдын ала дайындықты өткеннен кейін нұсқаушымен тағылымгердің білімін тексеру және тағылымгердің тәжірибелік дайындықты бастауға дайын екендігі туралы шешім қабылдауы жүзеге асырылады.
34. Тәжірибелік дайындық ІҚОҮ диспетчері, ауысым бастығы (аға диспетчер), нұсқаушы ретінде жұмыс орнында тағылымгер жұмысын нұсқаушымен шараларды нұсқаушылық көрсетуден тұрады.
35. Нұсқаушылық көрсетілім ІҚОҮ маманының нұсқаушымен тағылымгерге көрсетілетін тәжірибелік іс-әрекетін қамтиды және келесі жағдайлармен қатар жүреді:
1) авиациялық оқиғалар (апаттық деңгей) мен әуе жағдайына тән мысалдарды түсіндірумен;
2) ІҚО (Р) үйлестіру әдістері мен шараларын, мүдделі ұйымдармен, органдармен және мекемелермен өзара әрекетін түсіндірумен;
3) шешім қабылдау мен шығару себептерін түсіндірумен;
4) ІҚО (Р) үйлестіру барысында назарды аудару бойынша ұсыныстармен;
5) байланыс құралдары мен РТЖ (болса) пайдалану бойынша ұсыныстармен;
6) ІҚОҮ іргелес (көршілес) және ІІҚ диспетчерлік пунктімен өзара әрекет ету реті бойынша ұсыныстармен;
7) нақты жұмыс орнына тән басқа да ерекшеліктерді түсіндірулермен.
Басқа жұмыс орындары үшін нұсқамалық көрсетілім берілген жұмыс орнына тән қызметтерді (технологиялық тапсырмаларды) оырндаудан тұрады.
36. Диспетчер (ауысым бастығы (аға диспетчер), нұсқаушы) ретіндегі тағылымгердің жұмысы нұсқаушының бақылауымен қызметті толық немесе жартылай орындауды қамтиды және қатар жүреді:
1) нұсқаушының жағдайдың дамуын және тағылымгердің әрекетін үсдіксіз бақылауымен;
2) нұсқаушының өз нұсқауларын жойған кезде немесе жаңа нұсқаулар шығарған кезде тағылымгердің әрекетіне уақытында араласуға үнемі дайын болуымен;
3) нұсқаушының түсіндірме, ұсыныстар шығаруымен және тағылымгерде қиындықтар пайда болған кезде көмек көрсетумен.
37. Тағылымдама аяқталғаннан кейін нұсқаушы сәйкес тексеріс жүргізеді және тағылымгердің өздігінен жұмыс істеуге дайындығы туралы шешім шығарады.
38. Ары қарай басқа жұмыс орнында жұмыс істеуге рұқсат алу үшін тағылымдама аэронавигациялық ұйым басқармасының шешімімен жүргізіледі, бірақ бастапқы рұқсатты алғаннан кейін 24айдан ерте болмауы керек.
39. Егер маманның жұмыс істеуге бұрын рұқсаты болса (біліктіліктік бағасы), соның ішінде 6 айдан көп жұмыс үзілісінен келсе, маманның кәсіби деңгейін сақтау және кәсіби дағдыларын қалпына келтіру курстарынан өткен болса, тағылымдама көлемін азайтуға рұқсат етіледі, бірақ 50% көп емес.
40. ІҚОҮ бірнеше жұмыс орындарында жұмыс істеуге рұқсат (соның ішінде уақытша) тағылымдаманы өткеннен кейін және берілген жұмыс орнында жұмыс істеуге рұқсат алғаннан кейін рәсімделеді.
4 параграф. ІҚО (SAR) нұсқаушыларын, ІҚО (Р) (SMC) үйлестірушілерін (ауысым басшыларын (аға диспетчерлерді) ) дайындау
41. ІҚО (SAR) нұсқаушыларын теориялық дайындау бағдарламасы берілген Үлгілік бағдарламаға 109 Қосымшада келтірілген салаларда қажет болатын білімді меңгерумен қамтамасыз етеді.
42. ІҚО нұсқаушыларын дайындау бағдарламасы бойынша теориялық дайындықтың жалпы көлемі 40 оқу сағатынан аз болмауы керек. ІҚО (SAR) нұсқаушысының оқытуына жіберілген маман шынайы операциялар (немесе оқыту жүргізгенде) барысында ережелерді пайдалану тәжірибесін меңгерген болуы керек.
43. Ауысым басшыларын (аға диспетчерлерді) теориялық дайындау бағдарламасы берілген Үлгілік бағдарламаға 110 Қосымшада келтірілген салаларда қажетті болатын білімді меңгеруді қамтамасыз етеді.
44. Ауысым басшыларын (аға диспетчерлерін) дайындау бағдарламасы бойынша теориялық дайындықтың жалпы көлемі 40 оқу сағатынан кем емес.
45. Теориялық дайындық аяқталғаннан кейін ауысым басшысы (аға диспетчер) лауазымына немесе ІҚО (SAR) нұсқаушысы біліктілігін алуға үміткерлер берілген Үлгілік бағдарламаның 107 Қосымшасында көрсетілген көлемде сәйкес тағылымдаманы өтуі керек.
5 параграф. ҰІҚҚ емтиханын қабылдаушыны дайындау
және кәсіби деңгейін сақтау
46. ҰІҚҚ емтиханын қабылдаушыларды кәсіби дайындау азаматтық авиация саласында авиациялық қызметкердің біліктілік деңгейін анықтау үшін өкілетті органмен тағайындалатын жеке тұлғаларға қойылатын талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
47. ҰІҚҚ емтиханын қабылдаушыларды кәсіби дайындау қолданушыларды немесе авиациялық қызметкер куәлігін (диспетчер, штурман, ұшқыш) иеленген тұлғаларды қайта дайындау және ҰІҚҚ емтихан қабылдаушыларының азаматтық авиация саласындағы өкілетті органдармен бекітілген кәсіби деңгейді сақтау ретінде жүзеге асырылады.
48) Қайта дайындау келесі жағдайлар қазір қолында бар немесе бұрынырақ болған тұлғалар үшін жүргізіледі:
1) нұсқаушының (диспетчер, штурман, ұшқыш) жарамды біліктілік бағасы ;
2) нұсқаушылардың (диспетчерлер, штурмандар, ұшқыштар) бастапқы дайындығын;
3)оқыту алдындағы кезеңде нұсқаушы ретінде үздіксіз жұмыс өтілі, 3 жылдан аз емес;
4) шынайы операциялар барысында ережелерді пайдалану тәжірибесіне ие және өз білімін бқ а) және b) ХАТІҚН 3.2.20 1 томы ИКАО
12 Қосымшасына сәйкес басқаларға бере алатын, іздестіру және құтқару мәселелерінде білікті болу үшін.
49. Сондай-ақ қайта дайындау берілген оқытудан бұрынырақ өткен, бірақ ҰІҚҚ емтихан қабылдаушысы ретінде іс-әрекетті жүзеге асырмаған, немесе оқуды аяқтаған мерзімнен бастап 5 жыл ішінде ҰІҚҚ емтиханын қабылдаушы ретінде азаматтық авиация саласындағы өкілетті органмен бекітілмеген тұлғалар үшін жүргізіледі.
50. Қайта дайындау дайындықтың теориялық және тәжірибелік түрлерінен тұрады.
51. ҰІҚҚ емтиханын қабылдаушыларды теориялық дайындау АОО тұрақты оқыту түрінде жүзеге асырылады және берілген Үлгілік бағдарламаға 111 Қосымшада берілген жөнелтулерге сәйкес білім беруден тұрады. Және де теориялық дайындықтың жалпы көлемі 36 оқу сағатынан төмен болмауы керек.
52. Тәжірибелік дайындық жұмыс орнында және/немесе аудиторияда немесе АОО зертханасында ұқсастыру (саралау) әдісімен жүзеге асырылады және азаматтық авиация саласындағы өкілетті органның бекітілген ҰІҚҚ емтиханын қабылдаушымен немесе аэронавигациялық қызметті жеткізушімен, немесе осындай қкілдіктер табысталған жағдайда АОО жүргізіледі.
53. ҰІҚҚ емтиханын қабылдаушыларды тәжірибелік дайындау тұрады:
1) нұсқама, емтихан қабылдаушыға үміткердің білім, дағды және қабілет деңгейін тексерісті жүргізу;
2) ҰІҚҚ емтиханын қабылдаушыға үміткерге бағалаудың барлық шараларын көрсету: ұйымдастыру, дайындау, жүргізу, құжатнаманы рәсімдеу және т.б.
3) ҰІҚҚ емтиханын қабылдаушы үсіткерге бағалаудың барлық рәсімдерін көрсету: ұйымдастыру, дайындық, өткізу, құжаттамаларды рәсімдеу және т.б.;
Және де тәжірибелік дайындық көлемі реттелмейді және бекітілген ҰІҚҚ емтиханын қабылдаушымен өздігінен анықталады.
54. ҰІҚҚ емтиханын қабылдаушылардың кәсіби деңгейді ұстаудың (бұдан әрі - ҚДУ) құрамына дайындықтың теортетикалық және практикалық түрлері кіреді.
55. ҚБП курстарында ҰІҚҚ емтихандарын қабылдаушыларды теориялық дайындау АОО жүзеге асырылады немесе клеесі бағыттар бойынша аэронавигациялық қызметті жеткізушілермен жүзеге асырылады:
1) тесттер және тестік тапсырмалар (жасау, сүйемелдеу, сақтау, мысалдар және т.б.);
2) нормативтік құжатнамалар (емтихан қабылдаушылардың, үміткерлердің және куәлік иелерінің іс-әрекет аясын қозғайтын заңнаманың, реттеуші құжаттардың өзекті өзгерістері және т.б.);
3) құжатнамалар жүргізу (рәсімдеу, сүйемелдеу, сақтау, рәсімделетін құжатнамалардың бекітілген түрлері үшін тұтастылықты қамтамасыз ету және т.б.);
4) адамзаттық фактор: мүмкіндіктер мен адамдарды шектеу (қабылдау, алынған ақпаратты өңдеу және түсіндіру, алынған ақпаратқа жауап қайтару, демалыс, ұйқы, жұмыс жүктемесі, күйзеліс, қауіп және қателік факторы және т.б.).
56. ҚБП курстарында ҰІҚҚ емтиханын қабылдаушыларды теориялық дайындау бағдарламасының жалпы көлемі 16 оқу сағатынан кем болмауы керек.
57. ҚБП барысында ҰІҚҚ емтиханын қабылдаушыларды тәжірибелік дайындау ҰІҚҚ үздік емтихан қабылдаушысының азаматтық авиация саласында өкілетті органмен бекітілген қадағалауы арқылы жұмыс орнында және/немесе аудиторияда немесе АОО зертханасында жүзеге асырылады.
58. ҚБП барысында ҰІҚҚ емтиханын қабылдаушыларды тәжірибелік дайындау тұрады:
1) біліктілік жүйесі қағидаларымен және емтихан қабылдаушы іс-әрекетінің негізге алынатын аспектілеріне байланысты мәселелер бойынша оқытудан өткен ҰІҚҚ емтиханын қабылдаушылардың біліктілігін бағалаудан;
2) анықтылық және сенімділік қағидаларына сәйкестікті анықтау үшін тест тапрсымаларын құрастыру және талдау;
3) ҚБП бағдарламасы бойынша оқытудан өткен ҰІҚҚ емтиханын қабылдаушыларға тест тапсырмаларының түгелділігін қамтамасыз етумен, құжатнаманы жүргізумен және сақтаумен байланысты шараларды көрсету;
4) тәжірибелік дайындық жетекшісі қарап шешуге арналған басқа да мәселелер.
6 параграф. ІҚҮО диспетчерлерінің, ауысым бастықтарының (аға диспетчерлерінің), нұсқаушылардың кәсіби деңгейін сақтау
59. ІҚҮО мамандарын қайта дайындау келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
1) стандарттардың және ИКАО және/немесе басқа да халықаралық ұйымдар ұсынатын тәжірибенің, ұшуды іздестіру-құтқару қызметімен қамтамасыз ету бөліміндегі талаптары өзгерген кезде;
2) ұшуды іздестіру-құтқару қызметімен қамтамасыз ету іс-әрекетін реттемелейтін ұлттық нормативтік құқықтық акті талаптары өзгерген кезде;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа да жағдайларда.
60. ІҚҮО мамандарын қайта дайындау ақпараттық білім беру және түзету шаралары аясында жүзеге асырылатын ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиациялық қызметкерді кәсіби дайындау Ережелерімен анықталған курстар, қызметтік жиналыстар, семинарлар мен басқа да білім беру түрлері аясында АОО жүргізіледі.
61. Кәсіби деңгейді сақтау курстар, тренингтер мен семинарлар, сонымен қатар берілген үлгілік бағдарламадағы бастапқы дайындық тақырыбына сәйкес келетін қашықтықтық сабақтар өткізуден тұрады және 3 жылда бір реттен сирек емес жиілікте жүзеге асырылады. Және де білім беру үш жылда бір рет жүргізілетін біріккен курс түрінде, сондай-ақ үш жыл бойы жүзеге асырылатын жеке модулдер түрінде ұйымдастырыла алады.
62. Құзіретті бағалау элементтерін қоса отырып, кәсіби деңгейді сақтау бойынша АОО бағдарламасының мазмұны бастапқы дайындық барысында алынған және қайта меңгерілген білім мен дағдыларды растауды қамтамасыз етеді.
63. Кәсіби деңгейді сақтау бойынша курс көлемі 40 сағаттан кем болмайды.
64. Ұшуды іздестіру-құтқару қызметімен қамтамасыз ету және тәжірибе алмасу мақсатында басқару құрамы мен ІҚҮО мамандарын ИКАО, Мемлекетаралық авиациялық комитет (МАК) және басқа да халықаралық ұйыммен өткізілетін семинарларға қатыстыру ұсынылады.
7 параграф. Іздестіру және құтқаруды үйлестіру орталығы мамандарының біліктілігі және кәсіби дайындығы туралы мәліметтерді тіркеу және сақтау
65. Сапаны қамтамасыз ету жүйесі талаптарына сәйкес келу мақсатында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету қызметін (ұйымдарды, органдарды және т.б.) басқаратын тұлғалар ІҚҮО мамандарының біліктілігін растайтын сәйке мәліметтерді жинақтау мен сақтауды жүзеге асырады.
66. Біліктілік пен кәсіби дайындыққа қатысты қызметкер туралы барлық ақпарат азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес сақталады, бірақ 5жылдан кем емес, және келесі ақпараттардан тұрады:
аты-жөні, әкесінің аты;
туған күні; білімі;
біліктілігі; лауазымы;
кәсіби дайындық туралы ақпарат (түрлері, кезеңдері, және оқыту орны, аяқтағандығы туралы куәліктің (сертификаттың) уақыты мен нөмірі).
67. Мәліметтерді тіркеу және сақтау баспа түрінде (мамандар, сауалнамалар, файл және т.б.) және электронды мәліметтер базасы түрінде жүзеге асырылады.
68. Есеп құжатнамасына өзгерістерді уақытында енгізу ІҚҮО басшысына (жетекшісіне) тапсырылады.
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламасына
1-қосымша
ҚЫСҚАРТУЛАР
Осы Типтік бағдарламалардың бөлімдері мен кіші бөлімдерінде келесі қысқартулар пайдаланылады:
ҰРТҚ – ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету;
ATSEP – CNS/АТМ, ҰРТҚ және байланыс жүйелерін пайдаланумен және орнатумен айналысатын мамандар ішінен әуе қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған электронды құралдар жөніндегі персонал;
CBT (computer-based training) – бекітілген стандарттар мен өңделген бағдарламаларды жүзеге асыру барысында есептеу техникасының мүмкіндіктерін пайдалануға негізделген кәсіптік дайындық элементі;
CNS/ATM –әуе қозғалысын ұйымдастыру мүддесіндегі байланыс, навигация және бақылау;
NOTECHS – техникалық емес ерекшеліктерді бағалау (тәртібі, қатынасы);
SARPs – стандарттар және ИКАО кеңес берген тәжірибе;
SOP – Standard Operation Procedures (Стандартты жұмыс әдісі).
A Ұшақ
AC Ауыспалыток
ACAS Қақтығысуды ескертетін борттық жүйе
ADF Автоматтырадиопеленгтеу
ADS Авиациялық жобалау стандарттары
AFCS Ұшуды басқарудың автоматты жүйесі
AFM Әуе кемесін ұшырып пайдалану жөніндегі нұсқау
Ag Автожир
AGL Жер үсті деңгейінен жоғары
AIC Аэронавигациялық ақпарат өкімі
AIP Аэронавигациялық ақпарат жинағы
AIRAC Аэронавигациялық ақпаратты регламенттеу және бақылау
AIS Аэронавигациялық ақпарат қызметі
AMC Сәйкестілікті бекітудің қабылданған әдістері
AeMC Авиамедициналық орталық
AeME Авиамедициналық сарапшы
AOM Әуе кемесін пайдалану жөніндегі нұсқау
APU Көмекші күш қондырғысы
As Дирижабль
ATC Әуе қозғалысын басқару
ATIS Әуеайлақ ауданында мәліметтерді автоматты тарату қызметі
ATO Бекітілген бағдарлама бойынша даярлық курсын ұйымдастыру
ATP Әуекомпанияның желілік ұшқышы
ATPL Авиажелілер ұшқышының лицензиясы
ATS Әуе қозғалысына қызмет көрсету
AUM Толық ұшу салмағы
B Аэростат
BCAR Азаматтық ұшақтардың ұшу жарамдылығының Британдық нормалары
BEM Бос әуе кемесінің бастапқы салмағы
BITD Жаттығуға арналған негізгі аспаптық құрылғы
BPL Аэростат ұшқышының лицензиясы
CAS Индикаторлық жер әуе жылдамдығы
CAT Ашық аспан кезіндегі турбуленттілік
CDI Берілген бағыттан ауытқу индикаторы
CFI Ұшу даярлығы бойынша бас нұсқаушы
CG Ауырлық орталығы
CGI Жер үсті құралдарын пайдалану жөніндегі аға нұсқаушы
CP Екінші ұшқыш
CPL Коммерциялық авиация ұшқышының лицензиясы
CRE Әуе тасымалдау тарифін классқа бөлу жөніндегі сарапшы
CRI Әуе тасымалдау тарифін классқа бөлу жөніндегі нұсқаушы
CRM Экипаж қорларын басқару
CS Сертификаттау стандарттары
CQB Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар
DC Тұрақты ток
DF Радиопеленгтеу
DME Алыстықты өлшейтін радиошамшырақ
DPATO Ұшып көтерілуден кейінгі реперлік нүкте
DPBL Қону алдындағы реперлік нүкте
DR Жолды есептеп шығару әдісімен аэронавигация
EFIS Электронды пилотаждық аспаптар жүйесі
EOL Ажыратылған қозғалтқышпен қону
ERPM Бір минут ішндегі қозғалтқыш айналымының саны
ETA Ұшып келудің есептік уақыты
ETOPS Бағыт-бағдары аз берілген жерде көпқозғалтқышты ұшақпен ұшуларды орындауға қойылатын ерекше талаптар
FAF Қонуға кірудің ақырғы кезеңінің бақылау нүктесі
FAR Федералды авиациялық ережелер
FCL Ұшу экипажын лицензиялау
FE Ұшу емтихан қабылдаушысы
F/E Бортинженері
FEM Ұшу даярлығы бойынша сарапшының нұсқауы
FFS Кешенді пилотаждық жаттығу құрылғысы
FI Ұшу нұсқаушысы
FIE Ұшу нұсқаушысы емтихан қабылдаушы
FIS Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету
FMC Ұшуды басқару жүйесінің борттық ЭЕМ
FMS Ұшуды басқару жүйесі
FNPT Навигациялық операциялар және ұшуды басқару техникасын өңдеуге арналған жаттығу құрылғысы
FS Авиациялық жаттығу құрылғысы
FSTD Ұшу әрекетін имитациялауға (ұқсатуға) арналған құрылғы
ft Футтар
FTD Ұшу даярлығына арналған құрылғы
G Тартылыс күші
GLONASS Жаһандық навигациялық спутниктік жүйе
GM Нұсқау беретін материал
GNSS Жаһандық навигациялық спутниктік жүйе
GPS Жаһандық навигациялық жүйе
H Тікұшақ
HF Жоғары жиілік
HOFCS Жоғары тәртіптегі ұшу аппаратын басқару жүйесі
HPA Жоғары ұшу ерекшеліктері бар ұшақ
hrs Сағат
HUMS Борттық бақылау және диагностика жүйесі
HT Оқыту басшысы
IAS Аспаптық әуе жылдамдығы
ICAO Халықаралық азаматтық авиация ұйымы
IGE Жер ықпалы аймағында
IFR Аспаптар бойынша ұшулар ережелері
ILS Аспаптар бойынша қону жүйесі
IMC Аспаптар бойынша ұшуға метеорологиялық жағдайлар
IR Ұшқыштың аспаптар бойынша ұшуына рұқсаты
IRE Аспаптар бойынша ұшу техникасын тексеру жөніндегі инспектор
IRI Аспаптар бойынша ұшу техникасы бойынша нұсқаушы
ISA Халықаралық стандартты атмосфера
kg Килограммдар
LAPL Жеңіл ұшақ ұшқышының лицензиясы
LDP Қону кезіндегі шешім қабылдау нүктесі
LMT Орташа жергілікті уақыт
LO Оқыту мақсаттары
LOFT Шынайы жағдайға келтірілген жағдайда ұшу даярлығының бағдарамасы
m Метрлер
MCC Көпмүшелі экипаждың өзара әрекеттесуі
MCCI Көпмүшелі экипаждың өзара әрекет етуі жөніндегі нұсқаушы
ME Көпқозғалтқышты ұшу аппараты
MEL Қажетті борт жабдығының тізімдемесі
MEP Көпқозғалтқышты мікбасты ұшу аппараты
MET Көпқозғалтқышты турбобұрамалы ұшақ
MHG Мотодельтаплан
METAR Ауа райының жүйелі авиациялық мәліметі
MI Таулы жерде ұшуды бағалау жөніндегі нұсқаушы
MP Экипаж мүшелерінің көп саны
MPA Экипаж мүшелерінің саны көп ұшақ
MPL Көпмүшелі экипаж ұшқышының лицензиясы
MPH Экипаж мүшелерінің саны көп тікұшақ
MTOM Рұқсат етілген ең ауыр ұшып көтерілу салмағы
NDB Бағытталмаған радиошамшырақ
NM Теңіз милі
NOTAM Ұшқыштарға арналған хабарлама
NOTAR Тірек бұрама мен жолды басқарудың реактивті сәтін теңестірудің ағысты жүйесі
OAT Сыртқы ауа температурасы
OBS Барлық жаққа бағытталған бағыт бергіш
OEI Жалғыз істен шыққан қозғалтқышпен
OGE Жер ықпалынан тыс аймақта
OML Ұшқыштар санын пайдаланып шектеу
OSL Көмекші ұшқыштарды пайдаланып шектеу
OTD Оқытудың өзге құрылғылары
PAPI Қонуға дәл ену траекториясының көрсеткіші
PF Ұшып жүрген ұшқыш
PIC Әуе кемесінің командирі
PICUS Бақылауға алынып ұшатынәуе кемесінің командирі
PL Энергетика жүйесін пайдалану барысындағы көтеру күші
PNF Ұшпайтын ұшқыш
PPL Жеке ұшқыш лицензиясы
QDM Гиромагниттік курс
QFE ҰҚЖ табалдырығы деңгейіндегі атмосфералық қысым
QNH Стандартты атмосфера үшін орташа теңіз деңгейіне келтірілген атмосфералық қысым
RNAV Радионавигация
RPM Бір минут ішіндегі айналым саны
RRPM Бір минут ішіндегі ротор айналымының саны
R/T Радиотелефония
S Планер
SATCOM Спутниктік байланыс
SE Бірқозғалтқышты ұшу аппараты
SEP Бірқозғалтқышты мікбасты ұшу аппараты
SET Бірқозғалтқышты турбовинтті ұшақ
SFE Кешенді жаттықтыру ұшу оқуы жөніндегі сарапшы
SFI Кешенді жаттықтыру ұшу оқуы жөніндегі нұсқаушы
SID Әуе кемесінің аспаптар бойынша шығуының стандартты сұлбасы
SIGMET Әуе кемелері ұшуының қауіпсіздігіне әсер ете алатын маршруттағы ауа райының жағдайы туралы ақпарат
SLPC Біриінтіректі басқау
SOP Стандартты жұмыс әдісі
SP Бір ұшқышты әуе кемесі
SPA Бір ұшқышты ұшақ
SPH Бір ұшқышты тікұшақ
SPIC Нұсқаушымен бірге ұшу барысындағы әуе кемесі командирі ретінде әрекет ететін студент-ұшқыш
SPL Планер ұшқышы лицензиясы
SSR Екінші шолу радиолокаторы
STI Кешенді ұшу даярлығының нұсқаушысы
TAF Әуеайлақ бойынша болжам
TAS Ақиқат әуе жылдамдығы
TAWS Жермен соқтығысуды ескерту жүйесі
TDP Ұшып көтерілу барысындағы шешім қабылдау нүктесі
TEM Қауіптер мен қателерді жою
TMG Туристік мотопланер
TORA Тиесілі екпін алу ұзындығы
TODA Тиесілі ұшып көтерілу қашықтығы
TR Типтік классификация
TRE ӘК типі бойынша ұшу емтихан қабылдаушысы
TRI ӘК типі бойынша ұшу нұсқаушысы
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламасына
2-қосымша
LAPL(MGH)– мотодельтапланында жеңіл әуе кемесі ұшқышының теориялық даярлығы бойынша пәндердің тақырыбы
№
|
Сабақтар атауы
|
Оқу пәндерінің қысқаша мазмұны
|
1
|
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер және әуе құқығы негіздері
|
ИКАО конвенциясы. Конвенция қосымшалары, Ұлттық және халықаралық ұйымдар және ассоциациялар, халықаралық стандарттар және кеңес етілген тәжірибе, ұлттық және халықаралық құқық, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау, ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналға қатысты ережелер мен қағидалар. Азаматтық авиацияның ұлттық өкілетті органы: орналасқан орны және ұйымы; азаматтық авиацияқызметін ретке келтіретін қаулылар мен ережелер, ұлттық заңдар. Аса жеңіл авиация ұшқышы куәлігі иесінің құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі. Көзбен шолып ұшу ережелері.
Ұшулар қауіпсіздігі және авиациялық уақиғаларды тексеру. Негізгі анықтамалар. Мақсаттар мен тапсырмалар. Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қызметті ретке келтіретін нормативтік база.
Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ӘК командирінің міндеттері. Авиациялық уақиғалардың негізгі себептері және оларды зерттеу мақсаты. Іздеу және құтқару ережелері.
|
2
|
Авиациядағы адам факторы
|
Авиациялық физиология және денсаулықты қалыпта ұстау негіздері. Авиациялық психология негіздері. Авиациядағы адам факторының мәселесі. Терминдер және анықтамалар. Адам қателігі. Авиациялық көлік жүйесінің қызмет ету барысында және ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде адам ролін зерделеу. Қауіптерді және қателіктерді басқару. Экипаж қорлары. Авиация персоналы қызметіндегі адам факторы туралы білімді қолдану.
|
3
|
Авиациялықметеорология
|
Негізгі метеорологиялық құбылыстарды және аэросиноптикалық процесстерді зерделеу, метеорологиялық элементтердің ұшуларды орындауға әсер етуі. Әдістерге оқыту: авиацияға қауіпті ауа райы құбылыстарын анықтау, ұшу алдында және ұшу барысында метеорологиялық ақпаратты зерделеу және ұшуды орындау мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделерінде білімін пайдалану.
|
4
|
Әуенавигациясы
|
Әуе навигациясының теориясы, ұшуларды аэронавигациялық қамтамасыз ету және штурмандық қатынаста ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізгі ережелерін зерделеу.
|
5
|
Аэродинамика негіздері және иілгіш қанат тәжірибелік аэродинамикасы
|
Аэродинамиканың және иілгіш қанат тәжірибелік аэродинамикасы теориялық негіздерін, ұшып көтерілу, көлденеңінен ұшу, маневрлер орындау, төмендеу, қону уақытында ауамен өзара әрекет ету барысында ұшу аппаратымен болатын процесстерді зерделеу.
|
6
|
Мотодельтаплан конструкциясы және оны ұшып пайдалану
|
Мотоарба конструкциясын, иілгіш қанаттың бекіту түйіндері мен агрегаттарын және ұшып пайдалану ережелерін зерделеу.
|
7
|
Қозғалтқыш конструкциясы және оны ұшып пайдалану
|
Консрукцияны және қамтамасыз ету жүйелерін, ішкі жану авиациялық мікбасты қозғалтқышты ұшып пайдалану ережелерін оқып білу.
|
8
|
Электротехникалық, аспаптық және радиоэлектрондық жабдықтар және оларды ұшып пайдалану
|
Аспаптық, электротехникалық және радиоэлетрондық жабдықтарды зерделеу, олардың қандай қызмет атқаратынын, жиынтығын, ЖДП-да орналасуын, қызмет ету принциптерін, аспаптар мен жүйелердің, қуат құрылғыларының жұмысын бақылайтын аспаптар қызметін, ұшып пайдалану ережелерін зерделеу.
|
9
|
Пайдалану процедуралары. Ұшып пайдалану жөніндегі нұсқау.
|
Пайдалану және шектеулер ережелерін зерделеу және ұшу барысында ерекше жағдайлар орын алған жағдайда ұшқыш әрекеті.
|
10
|
VFR байланыс құралдары. Фразеология және радиоалмасуды жүргізу ережелері
|
Терминдерді, белгілерді зерделеу, ұшқыш және ӘҚҚ органдары арасындағы радиоалмасуды жүргізу ережелерін оқу.
|
11
|
Апаттық-құтқару құралдары және оларды қолдану
|
Әуе кемесінің апаттық-құтқару жабдығы бойынша даярлық, еріксіз қону бойынша процедуралар. Қону орнында дербес аман қалу бойынша жаттығу.
|
12
|
Мотодельтапланды техникалық пайдалану және қолданылатын ЖЖМ
|
Ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету процедуралары, оперативті және кезеңдік қызмет көрсету, жөндеу, техникалық құжаттаманы жүргізу. Пайдалану барысында қолданылатын авиациялық жанар-жағар материалдарының және арнайы сұйықтықтардың негізгі түрлері.
|
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламасына
3 қосымша
LAPL(АG) – автожирдағы жеңіл әуе кемесі ұшқышының теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыптары
№
|
Сабақтар атауы
|
Оқу пәндерінің қысқаша мазмұны
|
1
|
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер және әуе құқығы негіздері
|
ИКАО конвенциясы. Конвенция қосымшалары, Ұлттық және халықаралық ұйымдар және ассоциациялар, халықаралық стандарттар және кеңес етілген тәжірибе, ұлттық және халықаралық құқық, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау, ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналға қатысты ережелер мен қағидалар. Азаматтық авиацияның ұлттық өкілетті органы: орналасқан орны және ұйымы; азаматтық авиацияқызметін ретке келтіретін қаулылар мен ережелер, ұлттық заңдар. Аса жеңіл авиация ұшқышы куәлігі иесінің құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі. Көзбен шолып ұшу ережелері.
Ұшулар қауіпсіздігі және авиациялық уақиғаларды тексеру. Негізгі анықтамалар. Мақсаттар мен тапсырмалар. Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қызметті ретке келтіретін нормативтік база.
Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ӘК командирінің міндеттері. Авиациялық уақиғалардың негізгі себептері және оларды зерттеу мақсаты. Іздеу және құтқару ережелері.
|
2
|
Авиациядағы адам факторы
|
Авиациялық физиология және денсаулықты қалыпта ұстау негіздері. Авиациялық психология негіздері. Авиациядағы адам факторының мәселесі. Терминдер және анықтамалар. Адам қателігі. Авиациялық көлік жүйесінің қызмету барысында және ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде адам ролін зерделеу. Қауіптерді және қателіктерді басқару. Экипаж қорлары. Авиация персоналы қызметіндегі адам факторы туралы білімді қолдану.
|
3
|
Авиациялықметеорология
|
Негізгі метеорологиялық құбылыстарды және аэросиноптикалық процесстерді зерделеу, метеорологиялық элементтердің ұшуларды орындауға әсер етуі. Әдістерге оқыту: авиацияға қауіпті ауа райы құбылыстарын анықтау, ұшу алдында және ұшу барысында метеорологиялық ақпаратты зерделеу және ұшуды орындау мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделерінде білімін пайдалану.
|
4
|
Әуенавигациясы
|
Әуе навигациясының теориясы, ұшуларды аэронавигациялық қамтамасыз ету және штурмандық қатынаста ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізгі ережелерін зерделеу.
|
5
|
Аэродинамика негіздері және автожир тәжірибелік аэродинамикасы
|
Аэродинамиканың және көтрілу күшін роторлық жүйемен жасайтын әуе кемесі тәжірибелік аэродинамикасы теориялық негіздерін, ұшып көтерілу, көлденеңінен ұшу, маневрлер орындау, төмендеу, қону уақытында ауамен өзара әрекет ету барысында ұшу аппаратымен болатын процесстерді зерделеу.
|
6
|
Автожир конструкциясы және оны ұшып пайдалану
|
Конструкциясын, ротор және қозғалтқыштың бекіту түйіндері мен агрегаттарын, отын және май жүйесін, ұшып пайдалану ережелерін зерделеу.
|
7
|
Қозғалтқыш конструкциясы және оны ұшып пайдалану
|
Консрукциясын және қамтамасыз ету жүйелерін, ішкі жану авиациялық мікбасты қозғалтқышты ұшып пайдалану ережелерін оқып білу.
|
8
|
Электротехникалық, аспаптық және радиоэлектрондық жабдықтар және оларды ұшып пайдалану
|
Аспаптық, электротехникалық және радиоэлектрондық жабдықтарды зерделеу, олардың қандай қызмет атқаратынын, жиынтығын, автожирде орналасуын, қызмет ету принциптерін, аспаптар мен жүйелердің, қуат құрылғыларының жұмысын бақылайтын аспаптар қызметін, ұшып пайдалану ережелерін зерделеу.
|
9
|
Пайдлану процедуралары. Ұшып пайдалану жөніндегі нұсқау.
|
Пайдалану және шектеулер ережелерін зерделеу және ұшу барысында ерекше жағдайлар орын алған жағдайда ұшқыш әрекеті.
|
10
|
VFR байланыс құралдары. Фразеология және радиоалмасуды жүргізу ережелері
|
Терминдерді, белгілерді зерделеу, ұшқыш және ӘҚҚ органдары арасындағы радиоалмасуды жүргізу ережелерін оқу.
|
11
|
Апаттық-құтқару құралдары және оларды қолдану
|
Әуе кемесін апаттық-құтқару жабдығы бойынша даярлау, еріксіз қону жөніндегі процедуралар. Қону орнында дербес аман қалу бойынша жаттығу.
|
12
|
Автожирды техникалық пайдалану және қолданылатын ЖЖМ
|
Ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету процедуралары, оперативті және кезеңдік қызмет көрсету, жөндеу, техникалық құжаттаманы жүргізу. Пайдалану барысында қолданылатын авиациялық жанар-жағар материалдарының және арнайы сұйықтықтардың негізгі түрлері.
|
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламасына
4-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |